Сценарий «Тілге құрмет –елге құрмет»

Раздел Другое
Класс -
Тип Другие методич. материалы
Автор
Дата
Формат docx
Изображения Нет
For-Teacher.ru - все для учителя
Поделитесь с коллегами:

«Тілге құрмет -елге құрмет»

1-жүргізуші: Құрметті ұстаздар және оқушылар! Бүгінгі тіл апталығының жабылуына арналған «Тілге құрмет-елге құрмет» атты мерекелік кешімізге қош келдіңіздер! Қазақстан Республикасының мемлекеттік әнұраны орындалады.

2-жүргізуші: Қуан далам! Қуанатын күн бүгін.

Серпіп таста

Мұңды жүрек түндінін

«Тіл туралы» заңым енді күшіне.

Паш еткендей

Кескен жаңа кіндігін.

Қуан далам!

Қуанатын жөнің бар

Деген едің-Тіл бар жерде өмір бар.

1-жүргізуші: Ән шашу. Мектептің домбырашылар оркестрінің орындауында « » күйі.

2-жүргізуші: О, туған ана тілім! Тас бұлақтың тұнығы да сенде, ана сүтінің жұғымы да сенде, райхан гүлдің жұпары да сенде,қыран құстың жанары да сенде,назды сұлудың нәзіктігі де сенде, сахара даланың жазықтығыда сенде... Алимуратова Айшабибі 8 Ә-сынып «Қарағым» М.Жұмабаев.

1-жүргізуші: 7а-сынып оқушысы Тоқтарова Анель «Ана тілі »

2-жүргізуші: Ниязова Дамира

«Туған жер» өлеңі. Қабыл алыңыздар.

1-жүргізуші: Өткірдің жүзі

Кестенің бізі

Өрнегін сендей сала алмас,-деп таңырқап,тағзым еткен тіл.

Енді сіздердің назарларыңызға оқушылардың тілге арналған өлеңдері.

2-жүргізуші: Әбдіхамидов Ердәулет «Тілім- ақын»

1-жүргізуші: Мұратханов Тоқтамыс 6А-сынып оқушысы «Төрт ана»

2-жүргізуші: 6 Б-сынып оқушысы Данебекқызы Үміт: Ұлықбек Есдәулетов «Қазақ тілі»

1-жүргізуші: Тұрсынова Толқын М.Мақатаев «Үш бақытым»

1-жүргізуші: 6 Ә-сынып оқушылары Айтмухамед пен Айшаттың орындауында «Жаса Қазақстан» өлеңін қабыл алыңыздар!

2-жүргізуші: Қымбат маған ана тілім,бал тілім

Қымбат маған дана тілім,ар тілім

Ана сүтімен бірге сіңген бойыма

Ана тілім -ардақ тұтар ар тілім.

1-жүргізуші: 6 В-сынып оқушысы Меделхан Дархан М.Жұмабаев «Ана тілі»

2- жүргізуші: 6 Б -сынып оқушысы Полатов Ерлан.

«Ана тілі» Әлихан Ысқақ.

1-жүргізуші: 6 В- сынып оқушысы Бармакова Аяулым. Марфуға Айтхожина «Ана тілім»

2-жүргізуші: Ана тілім-бақытым мен байлығым

Ана тілім-ардақтым да аяулым,

Ана тілім-өзіңменен дүлділмін

Ана тілім -сенсіз қара жаяумын.

1-жүргізуші: 6 Б-сынып оқушысы Полатов Ерланның орындауында «Ұстазым» әнін қабыл алыңыздар.

2-жүргізуші: Абихаев Алихан 5А-сынып оқушысы Тіл туралы мақал-мәтел

1-жүргізуші: Хасенова Сымбат 6А-сынып оқушысы «Ана тілім»

2-жүргізуші: Қорғанбаева Назерке 6Ә -сынып оқушысы «Қазақ тілі»

Мінуар Хәкімжанова.

1-жүргізуші: «Қазақ тілі » М.Жұмабаев. Алибаева Меруерт 6Ә-сынып оқушысы.

2-жүргізуші: Қазақ тілі - өзінің даласындай кең пішілген жайдары да жалпақ тіл. Қазақ сөзі қашанда даланың қоңыр желіндей аңқылдап еркін есіп тұрады. Қазақ тілінің биязы мақамы - домбыраның күмбір қаққан сазындай. Асқан әуезділігі - шырқап салар әндей... Жүнісбаева Інкәрдің орындауында «Ана тілім » әнін қабыл алыңыздар.

1-жүргізуші: ...Тіл қай ұлттың болмасын тарихы мен тағдыры, тәлімі мен тәрбиесінің негізі, қатынас құралы.Тіл болмаса сөз болмайды. Сөз болмаса адамзаттың тірлігінде мән-маңыз болмайтыны белгілі.

2 - жүргізуші: Демек, тілдің, сөздің орны ерекше. Міне, осы орайда ана тіліміз жайлы терең ойлану әрқайсымыз үшін парыз.Жыл өткен сайын ана тіліміздің мәртебесі өсіп абыройы арта түссін дей отырып қазақ тілі апталығын жабық деп жариялаймыз.Зейін қойып тыңдағандарыңызға

Көп- көп РАХМЕТ!!!



© 2010-2022