Мақала: Тәрбиеге байланысты менің көзқарасым (Баяндама)

Раздел Другое
Класс 11 класс
Тип Другие методич. материалы
Автор
Дата
Формат docx
Изображения Нет
For-Teacher.ru - все для учителя
Поделитесь с коллегами:

Тәрбиеге байланысты менің көзқарасым

Жаңа ғасырдағы мектеп алдындағы міндет-егеменді еліміздің жас ұрпағына жан-жақты дамыта отырып тәрбиелеу. «Елімізді 2030-жылы барысқа айналдыратын күш-мектеп партасында отырған оқушылар мен 15-20 жас аралығындағы жастар»,-деп Елбасымыз бекер айтқан жоқ.өйткені қазақстанның бүгіні мен ертеңі жас ұрпақтың еншісінде.Бұл ұстаздар қауымынан бала тәрбиесіне үлкен жауапкершілікпен қарауды талап етеді. «Мұғалім қандай болса,мекетпте сондай болмақшы.Яғни,мұғалім білімді болса,ол мектептен балалар көбірек білім алып шықпақшы.Солай болған соң,ең әуелі мектепке керегі білімді,педагогикадан,методикадан хабардар,жақсы оқыта білетін мұғалім»,-деген А.Байтұрсынов.Демек мектептегі білім мен тәрбие берудегі негізгі тұлғаның тетігі ұстаз,сондай-ақ оның теориялық білімі мен кәсіби шеберлігі,шығармашылық қызметі деуге болады.Ал,кәсіби шеберліктің жоғары шегі шығармашылық еңбек,оқу-тәрбие үрдісін жаңашылдықпен,өзгеріспен құра білу,яғни инновациялық қызметті жүзеге асыру.оның негізгі көрінісі оқыту мен мен тәрбиелеудің,дамытудың технологияларын,әдіс-тәсілдерін оқу-тәрбие үрдісіне енгізе отырып,жұмысты ұйымдастыру.

Білім беру технологияларын оқу-тәрбие үрдісіне енгізудің төмендегі жолдарын басшылыққа ала отырып,тәрбие жүйесін құрып,жоспарлау қажет деп білемін.

1.Оқушылардың білім,білік,дағдысын қалыптастыру;

2.Ақыл-ойын дамыту;

3.жеке бастың эстетикалық-өнегелілік ортасын құру;

4.Жеке бастың өзіндік басқару механизмын енгізу;

5. Жеке бастың практикалық-әрекет ортасын қалыптастыру

Білім беру технологияларын оқу-тәрбие үрдісне енгізе отырып,жұмыс жүргізу балалардың ой-өрісін дамытуға,тәрбиелеуге мүмкіндік береді.

Білім беру технологияларын оқу-тәрбие үрдісне енгізу,интерактивтік әдістерді кеңінен қолдану оқушылар білімін,біліктілігін,практикалық жұмыс жүргізу машығын қалыптастырудың тиімді жолы.Ол арқылы білім сапасын арттыруға қол жеткізуге болады. Білім сапасы жеке тұлғаның қалыптасуын және даму болашағының қажеттілігін анықтайтын әлеуметтік категория.

Мұғалім қызметін тиімді ұйымдастыру,оған бағыт -бағдар беру мектеп басшысы үшін сапалы еңбекке қол жеткізудің бірден-бір жолы.сынып жетекшісінің еңбегін ғылыми тұрғыда ұйымдастыру,мектеп практикасына оқыту мен тәрбиелеудің,дамытудың жаңа технологияларын,әдіс-тәсілдерін енгізу мақсатында белгілі бір эксперименттік-тәжірибе жұмыстарын ұйымдастыру инновациялық қызметті жүргізудің алғы шарттары болмақ.

Осы жағдаяттарды басшылыққа ала отырып, өзім еңбек ететін мектеп ұжымы оқушыларды тәрбиелеу жұмысын іске асыруда мынадай тәрбиелік мақсатты алға қойып,жұмыс істейді.«Қазіргі әлеуметтік-экономикалық жағдайда өмірге дайындалған және өзін-өзі айқындаған жан-жақты шығармашылықтағы тұлған тәрбиелеу»

Тәрбие жұмысын дамытудың негізгі бағыттарын мектептің алдыға қойған мақсатына сүйене отырып ,мектептегі пед.ұжымның басшылыққа алатын міндетін төмендегідей деп білемін.

Тәрбие жүйесін жандандырудағы педагогикалық ұжымның жалпы міндеті: Балаларды ерекшеліктеріне қарай топтап оқыту,көркемөнерпаздар тобын құру,әкелер тобының жұмысын жандандыру, аналар кеңесі ,ғылым мен өнер қайраткерлерімен кездесу,есірткі,жағымсыз қылықтардың алдын алу шаралары,сыныптан тыс жұмыстарды жандандыру оқушының өзін-өзі басқаруы,өнер және кәсіпкерлікке баулу,имандылық тәрбиесін арттыру,үйірме жұмыстарына баулу,салауаттылыққа бағыттау.

*Тәрбие кездейсоқ емес,ол қоғамның пайда болуына тән қасиет.

*Тәрбие- жеке тұлғаның санасына,мінез құлқының дұрыс қалыптасуына әсер ететін құрал.

*Тәрбие -халықтың ғасырлар бойы жинақтап,ірктеп алған озық тәжірибесі мен ізгі қасиеттерін жас ұрпақтың бойына сіңіру,олардың айналамен қарым-қатынасына,өмірге көз қарасына және соған сай мінез-құлқын қалыптастыру құралы.

Тәрбиелеу-адамдар бойына білімге негізделген этникалық ізгіліктер мен өнерді дамыту»,деген Әл-Фараби

«Тәрбие мағынасымен алғанда ,жан иесіне тиісті азық беріп,сол жан иесінің дұрыс өсуіне көмек көрсету деген сөз.Ал адамзат туралы айтылғанда,адамның баласын кәмелет жасқа толғанша,өзіне-өзі қожа болғанша рухани азық беріп,,өсіру деген мағынада жүргізіледі»-дейді Мағжан Жұмабаев

Тәрбие көптің ісі-тәрбие мәселесімен қоғамдық ұйымдар, мекемелер және жұртшылық болып айналысқан жағдайда ғана нәтижелі болмақ.тәрбие туралы ұғымға,тар мағынада емес,кең мағынасында,бір жақты емес,кең көлемде,яғни табиғат пен әлеуметтік ортаның,мектеп пен ата-ананың жеке тұлғаның дамуы мен қалыптасуына мақсатты түрдегі ықпалы деп білемін.Жалпы тәрбиенің мәнісі, біріншіден қоғам үшін саналы,белсенді,ізгіленген,іскер азаматты қалыптастыру.Екіншіден жеке тұлға үшін,оны өмір сүре білуге,өзін қоршаған ортамен қарым-қатынас жасай білуге үйрету.

Олай болса «тәрбие үрдісі» деп қоғамның талап-тілектеріне сай,жеке адамның ақыл-ойын,сана-сезімін,ерік-жігерін,мінез-құлық ерекшелігін жүйелі түрде қалыптастырып,дамытудағы тәрбиешілер мен тәрбиеленушілердің өзара бірлескен әрекетін айтамыз.

Жалпы баланы күшпен тәрбиелеуге болмайды,баланың өзі қатыспай тәрбие беру де болмайды.Оқушы деген қатынас обьект ретінде емес, оны дамушы тұлға ретінде,қоғамды өзгнртуші субьект екені мойындалып,оны өзі мүмкіндіктерін бойынша іске асыруға жағдай жасаудық қажеттігін тудырады.

Егер біз тұлғаны адамның әлеуметтік қасиеттерінің бірлігі,оның өмірге деген және өзімен-өзі қатынасы,айналадағы қоршаған ортадағы өзінің рөлін сезінуі,оған өзінің қабілетімен шығармашылығы арқылы әсер етуі деп қарайтын болсақ,онда оқушылар мен жүргізілетін тәрбие жұмысының осыған лайық өзгерістерге ұшырайтынын сезер едік.

Осыған орай,мен қазіргі жұмыс істеп жатқан мектебімде тұлғаны қалыптастыруға бағытталған инновациямен технологияны енгізудегі тәжірибем төмендегідей.

Жаңа тұлғаны қалыптастырудағы жаңа әдіс-тәсілдердің маңызы

1.Білімдер: оқушылар рухани жаңа материалдық бағытта ғана тани білсін,адамдардың рухани байлығы,әлемнің мәдениеттің даму кезеңдері,ар-бостандығы,ынтымық пен бірлігі.

2.Біліктер:оқушы әсіресе мәдениетпен халықтың мәдениетін ажыраты білсін,әсемдікті,өнеді,табиғат сұлулығын түсінсін,шынайы силастықты білсін.Өзі де әсемдік жасуға ұмтылсын.

3.Іс-әрекеттер:жетекшілік,саяхат,серуен,кездесулерде Отандық және әлемдік мәдениетімен танысады,тарихи ескерткіштерді қорғауға ат салысады,басқа елдердің мәдениетіне құрметпен қарайды.Ол рухани дүниесін байытады,шығармашылық қасиеттерін жетілдіреді.

Осы әдіс-тәсілдерді пайдалануда

*Оқушының ашылмай жүрген әр түрлі қабілеттерін шығару

*Атқарылатын жұмысты жоспарлап,тез арада іске қосылдыру

*Болашақта атқарылатын істің нәтижелі болып шығуына бағыт-бағдар алулары

*Орындаған ісін қорғата білу дағдылары қалыптасыды.

Мұндағы басты мақсат: Адам болашақ тұлға ретінде дамиды.Жеке адам болып,өз өмірін әрдайым анықтап отыруды алдына мақсат тұтады.12-14 жасар жеткіншектердің өзін-өзі тәрбиелеуі бойынша мұғалімдермен,сынып жетеккшілеріне қажетті құрал беру.Оқушы өз жеке басын талдай білсін, жақсы сапаларын арттырып,оларды көбейтудің жолын іздесін,өзінің жеке басының дамытудың жаңа жаңа бағдарламасын жасасын.

Тек осындай жағдайда ғана ол өзін жетілдіруге,өз мінін табуға жол ашады.

Бүгінгі таңда жеке тұлғаны қалыптастыру ең маңызды болып тұр.Олай болса,оқушыларға өз бетімен іздену билігі мен дағдысын қалыптастыруға оның ізденіп зерттеу жұмыстарына ықпал етіп,бағдар беру-әр ұстаздың басты мақсаты.

Менің де мақсатым тәрбие үрдісін жаңаша ұйымдастыру,оқушылардың өз бетінше тәрбие үрдісінде әрекет ету,креактивтік дағдысын қалыптастыру,яғни жетекшіліктің жеке қабілеті мен белсенділігінің дамуына жол ашу деп білемін.

Алакөл ауданы

«Арқарлы орта мектебі мектеп жасына дейінгі шағын орталығы бар» коммуналдық мемлекеттік мекемесінің директоры

Данабекова С.М.

© 2010-2022