Ашық сабақ Менің мектебім 4 сынып

Раздел Другое
Класс 4 класс
Тип Презентации
Автор
Дата
Формат docx
Изображения Нет
For-Teacher.ru - все для учителя
Поделитесь с коллегами:

Сабақтың тақырыбы: Менің мектебім

Сабақтың мақсаты:

білімділік:

Мәтін негізінде оқушыларды өз ойын толық жеткізе білуге үйрету.

дамытушылық:

Тілді дамыту жұмыстарын жүргізу барысында мектеп тақырыбы туралы өз ойын түсінікті жеткізуге машықтандыру.

тәрбиелік:Қарапайым сөйлеу үлгілерін қолдану арқылы оқушыларға рухани - мәдени тәрбие беру.

Сабақтың көрнекілігі: Интерактивті тақта,слайдтар, А 3 парағы, маркерлер, плакат, парақшалар,смайликтер, гүлдер (жасыл, қызыл,сары).

Сабақтың түрі: Жаңа сабақ.

Оқыту әдістері: Түсіндіру, сұрақ- жауап, «Қызығушылықты ояту» стратегиясы, «Жүректен жүрекке»тренингі, сергіту жаттығуы, постер жасау, рефлексия.

Сабақтың жүрісі:

I.Ұйымдастыру:

а) оқушылармен амандасу;

ә) оқушыларды түгендеу.

б) Оқушыларға психологиялық ахуал туғызу. «Жүректен жүрекке» тренингін өткізу.

Мұғалім: Балалар, бүгінгі күн қандай тамаша! Ендеше, сіздердің көңіл- күйлеріңіз қандай екен? ( Оқушылар көңілді .Оқушылар шаттық шеңберін құрып, (жасыл, сары, қызыл) гүлдер беріп, бір - біріне тілек айтады).

в) оқушыларды 3 топқа бөлу (жасыл, қызыл, сары гүлдер бойынша үш үстелге топқа бөлінеді).

г) Әр топ басшыларын белгілеу, топтың басшысына «Бағалау парақшасын» үлестіру.

II. Үй тапсырмасын сұрау:

1.Сұрақтар:

* Алматы зоопаркінде қандай хайуанаттар бар?

* Жыртқыш аңдарға қандай аңдар жатады?

* Үй жануарларын атаңдар.

2.Берілген жұмбақтарды шешу.

Балалар, бізге терезені қағып бір суықторғай келіп тұр. Аузында хаты бар екен. (Үш топқа хат үлестіріледі. Оның ішінде үш топқа да аңдар туралы екі- екіден жұмбақтар жасырылған.)

I топқа

1. Айбат берген жалым бар,

Қайрат берген тәнім бар.

Күркіреймін ақырсам,

Қайсы аңмын табыңдар.( Арыстан)

2.Тастамайды бір елі,

Үйін суйреп жүреді. (Тасбақа)

II топқа

1.Үстім жолақ,

Тісім орақ,

Күшім мол-ақ,

Барып тұрған қайсармын.

Өзің айтшы, қайсы аңмын? (Жолбарыс)

2. Қаймықпайды күшті аңнан,
Корқады тек тышқаннан.( Піл)
III топқа

1. Қара ала тоны бар,
Аңдардың ол краны.
Оны сен де танып ал,

Серейіп кеп тұрады. ( Керік)

2.Бейқам елді іздейді,

Малдан күдер үзбейді.( Қасқыр)

Сонымен, балалар, біздер Алматы зоопаркіндегі қандай хайуанаттар бар екенін жақсы білеміз екен.Олардың аттарын, ерекшеліктерін толық біліп алдық. Енді әрі қарай жаңа тақырып қандай екен, соны білейік.

1.Қызығушылықты ояту: Интерактивті тақтада мектептің суреті көрсетіледі.

Суретке қатысты сұрақтар беріледі:

1.Мына суреттегі ғимарат қалай аталады?

2.Иә, мектеп.Ал мектептің алдында кімдер жүр?

3.Иә, оқушылар мен мұғалімдер мектепке не үшін келеді?

4.Иә, оқушылар білім алу үшін, ал мұғалімдер білім беру үшін келеді екен. Дұрыс, ендеше, балалар бүгінгі сабағымыздың тақырыбымен танысайық.

III. Жаңа сабақ: Менің мектебім

Жаңа сөздерді оқушыларға жекелеп оқытып, аудармасымен таныстырамын. Дәптерлеріне жазады.

Жаңа сөздер:

қоңырау кестесі - расписание звонков

ауысым - смена

аялдама - остановка

жиналу - собираться

1-тапсырма: Мәтінді оқы, өз мектебің туралы айт.

Мен Астана қаласында тұрамын. Бұл - біздің мектеп. Мектеп Кенесары көшесінде. Біздің мектеп үш қабатты. Мектепте кабинеттер көп, кітапхана, спорт залы, асхана, акт залы бар.

Біздің мектеп таза, жарық және әдемі.

Мәтін бойынша сұрақтар қойылады:

1.Мәтінде не туралы айтылған?

2.Мектеп қай қалада, қандай көшеде орналасқан?

3.Мектепте нелер бар?

4.Мектеп қандай екен?

Топтық жұмыс

1- топ: Өз мектебің туралы айт.

2-топ: Өз сыныбың туралы айт.

3- топ: Мектеп туралы мақал-мәтел айт.

2-тапсырма. Біліп ал.Қоңырау кестесі.

(Оқушылар өздерінің қай ауысымда оқитынын,сабақ кестесін айтып береді).


3-тапсырма. Өлеңді мәнерлеп оқы. (Мұғалім өзі мәнерлеп оқып көрсетеді және оқушыларға оқытады).

Мектебім

Мектебім - айтар әнім,

Сан рет қайталадым.

Өзіңнен алғанымды,

Өзіңе қайтарамын.

Мектебім қия алмаймын,

Көп нәрсе қиялдаймын.

Мәңгілік оқушың боп,

Қалуға ұялмаймын.

(С.Қалиев)

Сергіту сәті. Балалар, осы өлеңнің әні бар. Мектеп бітірушілер осы әнді орындап та жүр.Қанеки, біз де осы әнді орындап бір сергіп алайық!

(Балалар әуенге қосылып, оқулықтағы өлең мәтінін бірге орындайды).

4-тапсырма. Сөйлеп үйрен.



5- тапсырма.Төрт сөйлем жаз. Дәптермен және тақтамен жұмыс.


IV. Сабақты бекіту. Постер жасау. Оқушылар А 3 қағазына маркермен өз ойларын жазып, қорғайды.

Үш топқа бір тақырып:

Сендер өз мектептеріңнің қандай болғанын қалайсыңдар?

V. Бағалау. Формативті бағалау. Әр топтардың өздерін бағалаған «Бағалау парақшасы» арқылы мұғалім өзі бағалайды.


VI. Үйге тапсырма: 6- тапсырма.

« Мектебім » өлеңін жаттау. Жаңа сөздерді жаттау.

(күнделіктеріне жаздырту)

VII. Рефлексия: «Даналық ағашы» ( Сабақтан алған әсерлері мен ұсыныстарын стикерлерге жазып «Білім ағашына» іледі).





© 2010-2022