Дарынды балалармен жүргізілетін жұмыстардың әдістері мен түрлерін жетілдіру

Раздел Другое
Класс -
Тип Другие методич. материалы
Автор
Дата
Формат docx
Изображения Нет
For-Teacher.ru - все для учителя
Поделитесь с коллегами:



Қазақ тілі мен әдебиет пәнінің мұғалімі

Ушкулакова Г.Ж.

Қостанай қаласы.



Дарынды балалармен жүргізілетін жұмыстардың

әдістері мен түрлерін жетілдіру

«Дарынды тұлға - халқымыздың ең қымбат байлығы»
Н.Ә.Назарбаев
Қазақстан Республикасының жаңа «Білім туралы Заңына» мемлекеттік саясат негізінде әр баланың жеке қабілетіне қарай интеллектуалдық дамуы жеке адамның дарындылығын дамыту сияқты өзекті мәселелер енгізілген.
Елбасы Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаевтың Қазақстан халқына арнаған жолдауында айтылғандай: «Ғасырдағы экономикалық және әлеуметтік ұмтылыстағы негізгі ерекше күш - адамдар, олардың ерік-жігері, табандылығы, білімі». Олай болса, алға қойған мақсаттарды орындау үшін еліміздегі ақылды, ойлы, дарынды жастарымызды шығармашылық потенциалын жан-жақты өсіру қажеттілігі туындайды.
Дарынды балаларды бір орталыққа іріктеу, айқындау - белгілі бір баланың дамуына талдау жасаумен байланысты ұзақ процесс. Дарындылықты жеке бір әдіске сүйене отырып, мысалы тест арқылы анықтай қою мүмкін емес, дарынды балаларды іздеу- арнайы бағдарламалар бойынша кезеңді түрде іздестіруді қажет ететін процесс.
Ал, дарынды баламен жұмыс жүйесі дегеніміз - мектептік және мектептен тыс сипаттағы тәрбиелік білім беру мекемелерінің өзара байланыс пен қарым-қатынастағы басқару органдарының жиынтығы. Балалардың, мұғалімдердің, ата-аналар мен ұйымдастырушылардың дарынды балалар мен жастарды айқындауға, қолдауға бағытталған іс-әрекетін ұйымдастырудың мақсаты, міндеттері, мазмұны, құралдары, нысандары мен әдіс-тәсілдері кіреді.
Жас ұрпақты тәрбиелеуде, білім беруде мектептің өзіндік сара жолы бар. Талғар ауданы Бесағаш ауылындағы №28 орта мектебінде атқарылып жатқан өнегелі істер өте көп. Мектепте дарынды балаларды оқыту мен тәрбиелеуде алға қойған мақсаты - жан-жақты, білімді, іскер, өзіндік ойлау жүйесі дамыған, адамгершілігі жоғары, дені сау, бәсекеге барынша қабілетті, дарынды жастарды қалыптастыру. Мектепте 967 оқушы қазақ, орыс, ұйғыр тілдерінде оқып, білім алдуа. Білім саласы ұстаздардың сапалық құрамына байланысты болғандықтан, 82 мұғалім еңбек етсе, соның 50 пайызы жоғары тәжірибелі мамандар. Мектептегі атқарылып жатқан игі бастаманың бір саласы - дарынды баламен жұмыс жасау.
Бес жылдық тарихы бар мектепте «Жас Дарын» орталығы жұмыс істеп келеді. Арнайы кабинет жабдықталған, техникалық құралдармен де (магнитолла, музыкалық орталық, ксерокс, фотоаппарат, видеокамера т.б.) қамтамасыз етілген. Кітапханасы бағалы кітаптармен, оқулықтармен, әдістемелік кітаптармен, журнал-газет жинақтарымен қамтылған. Бұл орталықта пән иелерінің көмегімен және оқушылардың өз тілегі бойынша, дарынды оқушылар үш сала бойынша (спорт, өнер, білім) топтастырылды. Білім саласы бойынша, «Жас ғалым» оқушылардың ғылыми қоғамында ғылыми жұмыспен айналысатын оқушылар, әртүрлі өре бәйгелерге, ғылыми жоба жарыстарына қатысатын 40-қа жуық дарынды оқушылар қамтылған. Өнер және спорт салалары бойынша 300-ге тарта бала әртүрлі үйірмелерге, секцияларға қатысады. Шығармашылықпен жұмыс істейтін жаңашыл, баланың бойындағы тылсым дүниені аша білетін 20 ұстаздан құрылған «Дарын» бірлестігі жұмыс істейді. Бірлестіктің алғашқы отырысында жылдық жоспары жасалынып бекітілді. Жылдық жоспар бойынша айлық, апталық жоспарлар құрылып, жұмыс жүйелі түрде жүргізілді. Қазақстан Республикасында дарынды оқушыларды анықтау, қолдау, дамыту концепциясымен таныстырылады. «Дарын» бірлестігінң отырысы айына бір рет болып отырады.
Дарынды балаларды іздеу, оларды оқыту мен тәрбиелеу қоғам үшін бүгінгі күні өте қажет. Әрбір талантты бала еңбекке бейім, шығармашылық тапқырлықпен еңбек етеді. «Дарынды ұстаздан дарынды шәкірт шығады» демекші, дарынды оқушылардың көп болуы дарынды, шығармашылықпен жұмыс жасайтын ұстаздарға байланысты. Шығармашылықпен жұмыс істейтін ұстаз - теориялық жағынан білімді, әлемдік педагогикалық озық үлгілерін жаңашылдықпен дамытып жүрген үнемі кәсіби шеберлікке ұмтылатын, тәлім-тәрбие ісінен жалықпайтын, баланы өзіне тарта алатын, тәлімгер, шығармашылық ізденістегі адам. «Жақсының жақсылығын айт, нұры тасысын» демекші, жүзінен нұры, жүрегінен шуағы төгіліп, әрбір іс-қимылынан өнеге өрбіген ұстаздар туралы көптеп айтуға болады. Болашақ жеткіншектердің бойындағы қайталанбас қанына біткен дарынын аша білген ұстаздар аз емес.
«Дарынды, талантты тұлға - халқымыздың ең қымбат байлығы». Мектептегі ғылыми ізденістер мен шығармашылық танытып, түрлі деңгейдегі сайыстардан абырой биігінен көрініп жүрген ұстаздар мен шәкірттер де аз емес.
Ұлы ойшыл, ағартушы-демократ ақын Абай Құнанбайұлы «Ұстаздық - жүректің асылдығы» деп тегін толғанбаса керек. Расында, мұғалім мамандығын таңдаған адам баласының артына қалдыратын жарқын ізі - өз кәсібіне лайықты еңбек етіп, кейінгіге ғибратқа толы тәлім-тәрбие қалдыру болса керек.
Егеменді еліміздің болашағы бүгінгі жас ұрпақтың білімді де тәрбиелі, жан-жақты дамыған, өрелі азамат болып қалыптасуындағы мектеп ұжымының игі істері өз нәтижесіне алдағы уақыттарда да берері сөзсіз.



© 2010-2022