Тәрбие сағаты Қазақ хандығына - 550 жыл

Раздел Другое
Класс -
Тип Конспекты
Автор
Дата
Формат docx
Изображения Есть
For-Teacher.ru - все для учителя
Поделитесь с коллегами:

Каспий өңірінің қазіргі замандағы колледжі

Әлеуметтік - гуманитарлық бөлім





Тәрбие сағаты Қазақ хандығына - 550 жыл

«Бекітемін»

директордың тәрбие ісі жөніндегі

орынбасары:_________А.З.Унаева





Тәрбие сағаты

Қазақ хандығына 550 жыл













Ұйымдастырушылар:

Құқықтану 7/15.21 тобы

Топ кураторы: А.Н.Шайдоллаева





Атырау, 2015 жыл





Мақсаты: Қазақ хандығы құрылуының тарихи оқиғалар тізбегін еске түсіре отырып, танымдарын арттыру; тарихи ұлы тұлғалардың ерліктерін насихаттай отырып, отансүйгіштікке тәрбиелеу; өткенді еске түсіре отырып, болашаққа бағдар беруге баулу.

Міндеттері: Қазақ елінің басты мұраты - «Мәңгілік Ел» идеясын насихаттау; Студенттердің бойына ұлттық рухты қалыптастыру; Отан тарихына деген сүйіспеншілік қалыптастыру.

Көрнекі құралдары: ҚР шекарасы айқындалған плакат, өнегелі сөздер, видеороликтер, шарлар, кішкене шағын ауыл бейнесі, эмблемалар

Оқытушы сөзі: «Қазақтың бүкіл тарихы - бірігу тарихы, тұтастану тарихы. Қазақ тек бірігу, бірлесу жолында келе жатқан халық» - деп президентіміз Н.Ә.Назарбаев айтып өткендей бұл ғасырда өмір сүріп отырған барша ұрпақ ғылым саласында өзіндік жол салар дара ұрпақ болуы тиіс. Олай болса болашаққа нық қадам жасау бүгіннен басталады.

Видео-слайд (Қазақ хандығынан-Егемен Қазақстанға)

1-жүргізуші Дамир: Биылғы жылдың еліміздің тарихындағы, халқымыздың тағдырындағы алатын орын ерекше. Биыл біздің мемлекетіміздің, яғни Қазақ хандығының құрылғанына 550 жыл.

ҚР Әнұраны орындалсын.

2-жүргізуші Аяжан: Қазақ халқының түрлі мемлекеттік бірлестіктерге бытырап, саяси бөлшектенуін жоюға әрекет жасау Жошы ұрпақтары-Керей мен Жәнібек үлесіне тиді.

Рухы мен тілін жанындай сүйген,

Адамдар неге санаулы?

Ұлт үшін дәуір отына күйген,

Аталар болды алаулы.

Армандай асқар,

Жолдарға бастар,

Ісіңнен ұрпақ от алар

Қалмайсыз көштен,

Шыкпайсыз естен,

Тағдыры шыншыл аталар.

1-жүргізуші Дамир: Базар Гүлдананың орындауында Алтын бесік әнін қабыл алыңыздар (Ән шырқалады)

Қазақ жеріндегі бытыраңқылық әсіресе Әбілқайырдың билігі тұсында өзінің шарықтау шегіне жетті.

Көрініс: «Сұлтандар кеңесі»

Керей сұлтан мен Жәнібек сұлтан сұхбат құруда, үйге ақсүйектер келуде (Сұлтандар әңгіме құрып отырады)

-Ассалаумағалейкум, Ағалар

-Уағалейкумассалам, төрлетіңіздер!

Ақсүйектер басшысы (Елдос және Сұлтанбек): -Біз бір маңызды мәселемен келіп тұрмыз. Елді бей-берекетсіздік басып алды. Ханекем соғыстарды үдетіп, салықты көбейтті. Әскери дайындықсыз, батырларды қудалау негізінде ойраттардан жеңілгені өздеріңізге мәлім. Бөлінетін уақыт келді ме деймін?!

Жәнібек(Айдар): -Иә, сөздерің рас, ханның қаһарына жергілікті сұлтандар мен қарапайым халықта ілігіп отыр. Өз алдымызға ел болатын күн келді.

Керей(Азамат): -Бар қазақты біріктіретін уақыт келгенін халықта түсінеді, соңымыздан ереді деп сенемін.

Жәнібек(Айдар): -Елдігімізді сақтау үшін туған жерден жырақтауымызға тура келді. Моғол ханы Есен Бұға туысымыз дулаттардың көмегімен хан тағына отырды. Бірақ бауыры Жүніс Темір әулетімен одақтасып ағасына қарсы шығуда. Есен Бұға ісіне қарсы одақтас іздеуде. Сонда жол тартсақ қайтеді?!

Керей (Азамат): Иә, көшсек көшейік. Сол жаққа көшіп барып, Ұлы жүзбен бірігейік.

Сұлтандар(Айдар, Азамат): -Біз дайынбыз бастаңыздар көшті. Біз сіздермен біргеміз.

Жәнібек(Айдар): Кереке, ұзақ жолға шыққалы тұрмыз. Өзіңіз бір бата беріңіз.

Керей (Азамат):

Жолыңды Алла қолдасын,

Жаманшылық болмасын.

Кесілмесін тұлпарыңның тұяғы

Қайрылмасын сұңқарыңның қияғы

Барған жерде құшақ жайып қарсы алсын

Жақсы адамдар, жайсаң жандар зиялы

Жалпақ емес, жақсы жермен танысқан

Алла жебеп ұшқан құспен жарысқан

Көңілің шат, ат көлігің арымай,

Отбасыңмен аман-есен табысқан

Әумин.

1-жүргізуші Дамир: Иә,сонымен Керей мен Жәнібек бастаған 200 мың адам Жетісуға бет алды.

2-жүргізуші Аяжан: Енді, ол туралы біздің топтың "Жиһангер" атты тарихшыларының сөздері мен ойларына құлақ түрсек.

Бірінші топ тарихшылар: Айкөркем, Айымгүл, Назерке, Айдана, Айгерім, Жансерік.

Айкөркем: Деректерге сүйенер болсақ, Әбілқайыр хан Дешті Қыпшақ аймағында өз жауларының балаларын жеңіп шыққан кезде Керей мен Жәнібек бағыну мен мойынсыну шеңберінен шығып, отанынан кетіп калғанды жөн көрді.

Айымгүл: Олар бабаларынан мұраға алған елден бас тартып, жат жерге апаратын жолға шықты. Мойындауға лайықты адамдар тобымен Моғолстанға апаратын жолды таңдап алды.

Назерке: 1991 жылы КСРО ыдырап, Одақтың құрамындағы елдер өз алдарына жеке мемлекет болып жатты. Солардың қатарында Қазақстан да болды.

Жансерік: 1990-1991 жылдары Қазақстанның Жоғарғы кеңесі «Тәуелсіздік пен мемлекеттің егемендігі туралы» заңды қабылдады.

Айгерім: Қазақстан КСРО құрамындағы елдердің арасында ең соңғысы болып Егемендігі туралы заңды қабылдады. Бұл заң 1990жылы 25 қазанда қабылданған Қазақстанның Егемендігі туралы Декларациямен бірге Қазақ елінің елдігін нығайта түсті.

Айдана: Адам өткенін жақсы білмей-болашаққа нық қадам баса алмайды. Тәуелсіз ел ретінде өткенімізді зерттеу, бұл күнге қалай келгенімізді білу біз үшін өте маңызды. Сонау 1465 жылы қазақтың ең алғашқы хандары Керей мен Жәнібектің қазақ хандығының туын тіккеніне міне биыл 550 жыл толып отыр.

Екінші топ тарихшылар: Асель, Әсем, Гүлдана, Айжарқын, Алтынгүл, Бегарыс.

Айжарқын: Сол уақытта Дешті Қыпшақты Әбілқайыр хан биледі. Ол Жошы әулетінен шыққан сұлтандарды көп мазалады. Жәнібек пен Керей одан Моғолстанға қашып кетті.

Әсем: Есен Бұға оларды шын ықыласпен қарсы алып, Моғолстанның Батыс шебін құрайтын Шу мен Қозыбасы округін берді. Әбілқайыр өлген соң Өзбек ұлысы бұзылып сала берді.

Гүлдана: Оның көп бөлігі Керей мен Жәнібек хандарға көшіп кетті, сөйтіп олардың төңірегінде жиналғандардың саны 200 мыңға жетті. Олар енді өзбек-қазақтар деп аталатын болды. Қазақ сұлтандарының билігі 870 жылдан басталды. 870 жыл қазіргі біздің жыл санауымыздың 1465-1466 жылдары.

Асель:

Біз қазақпыз

Ежелден-ақ қазақ болып аталған,

Қатал болды әр күн, әр түн, атар таң.

Күйдірсе де ызғарлы аяз, жалынды от

Ел боп келдік, қалып қоймай қатардан.

Керегімді алу үшін жаһаннан,

Бейімделдім заманыма жаңарған

Садақ тартып, оқ жонуды үйреніп,

Тәрбие алдым Тәлімі мол атамнан

О тәңірім танып білмей бізді жұрт

Әр түрлі атпен өздерінше атанған

Скифтер деп Герадот бізге ат берді

Ал парсылар-өз тілінше Сақ деді.

Бегарыс:

Иә, рас, бізді жұрт Сақ деді

Бұл жасалған ат ұлтымызға жат еді

Шеттегі жұрт не деседе шындығы

Бар қазақтың қазақ болар нақ тегі.

Алтынгүль: Керей мен Жәнібек 1465-жылы алғашқы Қазақ хандығын құрды, қазақтың мемлекеттілігінің тарихы сол кезден бастау алады. Бәлкім ол бүгінгі шекарасындағы, бүкіл әлемге осынша танымал әрі беделді, осы ұғымның қазіргі мағынасындағыдай мемлекет болмаған да шығар. Бірақ ең маңыздысы, сол кезде оған негіз қаланды, біз-бабаларымыздың ұлы істерінің жалғастырушыларымыз. Бүгінде біздің еліміз барлық таяу мемлекеттермен көпғасырлық достық жане тату көршілестік дәстүрлерін сақтап отыр. Осы қарым-қатынасты әрдайым сақтағанымыз жөн.

2-жүргізуші Аяжан: Олай болса, Қазақстанымыздың тарихшыларының пікірін тыңдасақ... Назарларыңызға видеоролик ұсынамыз!

Видеоролик көрсетіледі

1-жүргізуші Дамир: 1465-1466 жылдары Керей мен Жәнібектің Батыс Жетісуды құтты мекен етіп, Шудағы Қозыбасындағы қазақ хандығының ұлттық туын тігіп, Орда құруы ең алдымен, көшпелі қазақтардың ел болып, еңсе көтерсек деген ынта-үмітін жүзеге асырды.

2-жүргізуші Аяжан: Екіншіден, суы мол, топырағы құнарлы, жер жаннаты Жетісу жері қалың қазақтың мақтанышына айналды.

Жер ұйықты іздеген Асан Қайғы бабамыз Жетісуда болған кезде: «Жетісудың ағашының басы жеміс екен»десе, екі сұлтан келіп орналасқан жер Шу туралы:«Ей, Шу, атыңды теріс қойыпты. Мына ну қамысың елді ешбір жұтқа бере қоймас»деген екен.

Ғасырдың құрдасы,

Ақындар жырлаған,

Көненің сырласы.

Тарихты тыңдаған.

Шежіре шертеді,

Көшесі,әр тасы,

Ғажайып ертеңі,

Жетісу алқасы.

1-жүргізуші Дамир: Тобымыздың студенттері атынан өлең жолдарын жолдаймыз

Ардақ:

Жәнібек, Керей сұлтандарым бастаған

Ата-бабам азаттықты аңсаған

Бөлініп шығып Әбілқайыр елінен

Дербес елдің құрылуына жол ашқан.

Көшіп барып Моғолстан еліне

Қоныс теуіп, Шу өңірі жерінде

Қиындықтың бәріне де мойымай

Туын тікті Қозыбасы төрінде

Гүлнұр:

Ең басты маңызды іс әрі мәнді

Қуанышпен қарсы алу нұрлы таңды

Сайладық Қазақстан Президенті деп

Назарбаев Әбішұлы Нұрсұлтанды.

Ата заңды қабылдап тоқсан бесте,

Шықтық бір көтеріліп дөң белеске

Содан бері Ата заң негізінде

Қаншама заң өмірге келді емес пе?!

Нұрайна:

Абылай хан саясаты құбылмалы,

Жоңғар, Қытай, Ресей үш алыпты.

Олардың бірін шауып, бірін арбап.

Елінің бостандығы, еркіндігі, ойға алғаны.

Атасының ізгі жолын жалғаған,

Патша елімен күресуге бар өмірін арнаған.

Наргиз:

Зайырлы мемлекетпіз көп ұлтты

Таңдаған демократиялық бағытты

Ұлттар достастығы мен ел бірлігі

Саясатты ұстаймыз бір қалыпты

Көздегені, мақсаты басты арманы

Егеменді елінің жақсарғаны

Болашағын болжамдап алдын-ала

Қазақстан 2030-ды жоспарлады.

Саттагүл:

Тарихта Есімханда болды ескі жол

Тұсында Қасымханның бар қасқа жол

Бүгінде бар Нұрсұлтанның кең даңғылы

«Нұрлы жол-болашаққа бастар жол»

Нұрлы жолмен біз алысқа барамыз

Даму үшін бірліктен қуат табамыз

Тоныкөк абыз кеткендей айтып өсиет,

Қазақ елі мәңгілікке ел боп каламыз.

Зубаира:

Шығымды аттай бәйгеде оза шапқан

Күн-күн сайын қарыштап алға басқан

ТМД елдерін артқа тастап

Гүлденген Мәңгілік ел-Қазақстан.

Сейілді күмән бұлты ойындағы

Жігер күші артты елдің бойындағы

Қазақстан-2030 жоспары кезеңімен

Мезгіліне жетпей-ақ орындалды.

Назгүл:

Халық баға береді әділ хан деп

Бар қазақтың алғашқы ханы болған

Керей ханның билікте орны ерек.

Бізге жеткен тарихта көп бар дерек,

Өз тұсында әр ханның орны бөлек.

Төле бидей данадан тәлім алған

Хан Абылай қазаққа болды керек.

Лена:

Қара бұлт төніп қазағымның басына

Жоңгарлар шапты,елімді менің зарлата,

Ауыл көшіп, ата-баба жерінен,

Тоз-тоз болып, босқындарға айнала.

Қазақ елі зор зұлматқа тап болды,

Ұлт ретінде жоқ болуына аз қалды.

Ащы зар мен ауыр мұңы елімнің,

Еркіндікпен ерлік рухын шындады.

2-жүргізуші Аяжан: Сонымен біздің тарихи кеш аяқталуына аз-ақ қалды. Жақсы әуенмен көңілдеріңізден шыға отырып, ақ дастарханға шақырамыз.

Видеоролик көрсетіледі.

© 2010-2022