(Сабақ жоспары) Жаныңда жүр жақсы адам (6 сынып)

Раздел Другое
Класс -
Тип Другие методич. материалы
Автор
Дата
Формат docx
Изображения Нет
For-Teacher.ru - все для учителя
Поделитесь с коллегами:

Күні 03.02.14 ж 20-сабақ

Сабақтың тақырыбы: Мөлдір бұлақ - жасыл құрақ.

Мақсаты:
оқушылардың адам мен табиғат арасындағы үйлесімділік туралы түсініктерін дамыту

Міндеттері:
-оқушылардың табиғаттың тұтастығы туралы ұғымдарын кеңейту
-оқушылардың табиғатты сақтау, аялау сезімдерін дамытуға ықпал ету.
-табиғатқа сүйіспеншілікпен, мейірімділікке, қамқорлыққа тәрбиелеу

Шаттық шеңбері

Мұғалім оқушыларды шеңберге шақырады.Оқушылар мұғаліммен бір-бірімен сәлемдеседі. Балалар қосылып,сөзі Ш.Сариевтікі,әні С.Байтерековтікі «Аралдан ұшқан аққулар» әнін шырқайды.

Әңгімелесу
-Табиғаттың адам өміріне маңызы қандай ?
-Табиғат пен адам арасындағы үйлесімділік дегенді қалай түсінесіңдер?
- Табиғатқа өз қарым - қатынастарыңды қалай білдіресіңдер?

Мәтінмен жұмыс
Ақселеу Сейдімбектің «Бетпақдала» атты әңгімесін оқу ұсынылады. Әңгімені оқу барысында оқушылардың табиғатқа қарым-қатынасы туралы білімдері арта түседі.
-Хан жарлығы мен ел жұрт әрекеті табиғатты қандай жағдайға душар етті?
-Құнарлы жердің бетпақ далаға айналуының себебі неде?

Тапсырма
Оқушылар тапсырманы орындау үшін табиғат туралы білімдерін еске түсіріп ойланады.
Тапсырма: Табиғат тұтастығын сақтау жөнінде ұсыныстар айтып, оның мәнділігін дәлелдеңдер.

Оқу ақпараты
Оқулықта «Жер бетінде өлі және тірі табиғат бір-бірімен тығыз байланысты, өзара үйлесімде тіршілік етеді.Осы тіршіліктегі тепе теңдік бұзылса, табиғат апатқа ұшырайды.Оның зияны адам баласының өміріне қауіп тудырады.Сондықтан табиғат заңдылығын бұзуға болмайды.» деп ақпарат берілген.

Дәптермен жұмыс
1-тапсырма
Мәтінді оқыңдар.Табиға пен адам тұтастығын көрсететін теңеулерді жалғастырап жазыңдар.
2- тапсырма
Табиғаттарғы «Жасыл - достарға» арнап достық тілек жазыңдар

3- тапсырма

Құстарға,жыртқыш аңдарға, құрт- құмырсқаларға арнап «Мен сені қорғаймын...» атты шағын әңгіме жазыңдар

Жүректен жүрекке
Оқушылар кезекпен кезек шеңбер бойымен жиналып, ұсынылған сөйлемді өз ойларымен жалғасытырып айтады.
- Мен үшін табиғат маңызды, өйтені….











Күні 10.02.14 ж. 21-сабақ

Сабақтың тақырыбы: Мөлдір бұлақ - жасыл құрақ

Мақсаты: оқушылардың табиғаттаң тұтастығы туралы ұғымдарын кеңейту;

Міндеттері:
- оқушылардың адам мен табиғатарасындағғы үйлесімділік туралы түсініктерін кеңейту;
- оқушылардың табиғатты сақтау,аялау сезімдерін дамытуға ықпал ету.
-табиғатқа сүйіспеншілікке, мейірімділікке, қамқорлыққа тәрбиелеу.

Шаттық шеңбері
Мұғалім оқушыларды шеңберге шақырып, бір-бірімен сәлемдеседі.Оқушылар төмендегі ойды жалғастырып айтып шығады:
- Мен табиғатты аялап, сақтаймын.Табиғатты қорғамау…..

Тапсырма
Мәтінді оқыңдар.Түйінді бөліктерге бөліп мазмұнына сай ерекшеліктерін анықтап ат қойыңдар.

Түйіндеме

Адам баласы табиғат перзенті екенін әрдайым есте ұстап, табиғат анаға ерекше қарым-қатынас жасауының қаншалықты маңызды екенін, табиғаттың адамзат баласына сый-тарту шексіз екенін оқушылар оқулықта ұсынылған түйіндеме арқылы ұғынады.

Мәтінмен жұмыс
А.Сейдімбектің табиғат туралы ой-толғамын оқушылар оқып түсіну арқылы білімдерін тереңдете түседі.

Тапсырма
Табиғат аясында өзіңді өзің ұстай білу ережесінің жобасын тізіңдер

Шығармашылық жұмыс
Оқулықта шығармашылық жұмыс:
Өздерің тұратын жерлердегі табиғат үйлесімділігі сақталмай қамқорлықты қажет ететін жағдаяттарды шешудің жобасын жасап, жария етіңдер.

Оқу ақпараты

Қоршаған орта неғұрлым таза болса, адамның денсаулығы мықты, көңіл күйі көтеріңкі болады. Ауаның жер мен судың табиғи таза қасиеттерінің қолайсыз өзгерістерге ұшырауы - қоршаған ортаның ластануы. Олар адамның денсаулығына, өсімдіктердің өсуіне, жануарлардың тіршілік етуіне зиянын тигізеді.

Дәйексөз

Фариза Оңғарсыныованың

Таза болса, табиғат
Аман болар адамзат ! - деген нақыл сөзі дәйексөз ретінде ұсынылған

Өзіммен - өзім

Мұғалім оқушыларға ойға беріліп, қиялға шарықтатып, туған еліміздің, өскен жерімізді шарлап шығуға шақырады.Мұғалім оқушылардың туған жердің көркем де әсем табиғатына тамсанып қана қоймай, еліміздің экологиялық ахуалын қалай жақсартуға болатынын, қандай нақты шаралар жасау керектігін, өздерінің қандай нақты шаралар жасау керектігін өздерінің қандай ұсыныс немесе жоба ұсынатындай ойлануды тапсырады.

Дәптермен жұмыс.
4- тапсырма
Жойылып, құрып кету қаупі төніп тұрған табиғат атынан өтініш хат жазыңдар.
5- тапсырма
«Табиғатты қорғау және сақтау» жобасын жасап, жария етіңдер.

6- тапсырма

Табиғатқа байланысты айтылған тыйым сөздерді жазыңдар .Мағынасын ашып түсіндіріңдер.

Жүректен жүрекке

Оқушылар мұғаліммен бірге «Жүректен жүрекке» шеңберіне жиналады.
Оқушылар М.Мақатаевтің «Өмір сүрейік алмасып,» өлеңін оқиды.







Күні 17.02.14 ж. 22-сабақ

Сабақтың тақырыбы: Денім сау болсын десең…

Мақсаты:оқушыларға жан саулығының тән саулығының әсері туралы түсінік беру.

Міндеттері:

-оқушыларға адам денсаулығына ой тазалығы мен таза ниеттің әсері туралы түсінік беру;
-оқушылардың жағымды ойлай білу қабілеттерін дамытуға ықпал ету;
-өзіне және өзгеге адал болуға тәрбиелеу.

Шаттық шеңбері
Шаттық шеңберіне жиналып балалармен бірге сөзі Л.Ошаниндікі,әні А.Островскийдікі «Ешқашан күн сөнбесін» әнін орындайды.

Үй тапсырмасын тексеру:

Сұрақ-жауап әдісін пайдалана отырып тексеріп шығу.

Әңгімелесу
«Бірінші байлық- денсаулық» деп неліктен айтқан? Денсаулықты сақтаудың қандай жолдары бар? «Тәні саудың - жаны сау» дегенді қалай түсінесіңдер? Ал жан саулығының тән саулығына әсері бар ма? Деген сұрақтарды қойып әңгімелеседі.

Мәтінмен жұмыс
«Денсаулықтың он құпиясы» атты мәтінмен жұмыс істеп, оқушылардың денсаулықтың маңыздылығы туралы түсініктерін кеңейтіп, олардың қызығушылығын арттырады.

Тапсырма
Тапсырманы орындау оқушылардың адам денсаулығына ой тазалығымен, таза ниетіне әсері туралы түсініктерін пайымдауға мүмкіндік береді.
Денсаулық құпияларын өз пайымдауымен толықтырылып, ой қорытындысын жасаңдар.

Оқу ақпараты
Сабыр мен сенім, мейірімділік пен сүйіспеншілік адам денсаулығын жақсартуға ықпал етеді.Денсаулығың жақсы болса, көңіл күй де көтеріңкі болады.Деннің саулығы адамның өзіне және өзгеге адал болуынан, көңіл күйін басқара білуіне байланысты.Өзіне және өзгелерге деген адал сезім, ақыл - ой салауаттылықтың белгісі.

Жағдаяттарды талдау
Оқулықта берілген жағдаяттарды шешу оқушылардың алған білімдерін іс жүзінде қолдана білуіне жағдай жасайды.Оқушылар жағдаяттарды шешу арқылы күнделікті кездесіп жүрген жататын түрлі жағдаяттардың мәнін ұғынып, оны денсаулығына тікелей әсер ететін түсініп, ойланады, өз ойларын ортаға салады.

Дәйексөз
Әйтеке бидің «Сау дене, азат ақыл, адал көңіл - үшеуімен болады бақытты өмір….» атты нақыл сөзі сабақтың дәйексөзі ретінде берілген.Мұғалім оқушыларды дәйексөзбен таныстырып, деннің саулығы, ақыл, адалдық адам өмірі үшін қаншалықты маңызды екендігі мағынасын ашып түсіндіру арқылы ұғындырады.

Дәптермен жұмыс
1- Тапсырма
Әйтеке бидің «Сау дене, азат ақыл, адал көніл - үшеуімен болады бақытты өмір…» деген нақыл сөзінің негізінде өз ойларыңды жазыңдар.

Жүректен жүрекке
Оқушылар мұғаліммен бірге қол ұстасып, шеңбер құрады. Барлығы бірге қосылып, «Денсаулық- зор байлық. Жаны саудың - тәні сау» деп айтады.









Күні 24.02.14 ж. 23-сабақ

Сабақтың тақырыбы: Денім сау болсын десең…

Мақсаты: оқушыларға жан саулығының тән саулығына әсері туралы түсінік беру

Міндеттері:
-оқушыларға адам денсаулығына ой тазалығы мен таза ниеттің әсері туралы түсінік беру.
-оқушылардың жағымды ойлай білу қабілеттерін дамытуға ықпал ету;
-өзіне және өзгеге адал болуға тәрбиелеу

Шаттық шеңбері
Мұғалім оқушыларды шеңберге шақырады. Оқушылар бір-бірімен сәлемдескен соң, барлығы қосылып, «Мен ниетімнің таза, денсаулығымның мықты болуына ықыластымын» -деп айтады.

Түйіндеме
Денсауылықты сақтау мен нығайту адамның өз қолында. Денсаулықтың мықты, данының таза болуы адамның айналасындағы адамдарға қуаныш сыйлап, салауатты өмір салтын ұстануына да байлансыты.

Әңгімелесу

Әңгімелесу жүргізуге арналған сұрақтар салауатты өмір салтын ұстану, яғни жан тазалығы мен тән тазалығын сақтау үшін зиянды әрекеттерден аулық болу жағына қарай бағыттай отырып, оқушылардың сұрақтарға жауап берулеріне жағдай туғызады.
«Денсаулығың өз қолыңда» дегенді қалай түсінесіңдер?
«Салауаттылық - саулық негізі» деудің мәні неде?
Салауатты өмір салты не үшін керек?
«Сатып алған ауруға дауа жоқ» деген дегенді мысалдармен түсіндіріріңдер.

Мәтінмен жұмыс
«Зиянды әдеттер» атты мәтінмен жұмыс арқылы оқушылар зиянды әдеттерден адам денсаулығына қандай қауіп төндіретінін , зиянды заттарға тәуелді болудың мәнін түсінеді. Әрбір адам денсаулығының мықты болуын, ұзақ та белсенді өмір сүруін , ұзақ та белсенді өмір сүруін қамтамасыз ету үшін жасайтынын адамгершілік ұстанымдарына негізделген салауатты өмір салтын таңдағаны жөн екені айтылады.

Түйіндеме
Салауатты өмір сүру тек тән саулығына ғана емес, жан саулығына да байлансыты. Осы түйіндеменің мағынасынан оқушылар мықты денсаулық пен ұзақ өмір сүруді, өзін жақсы сезінуді қамтамасыз ететін салауатты өмір салтын ұстану үшін денені үнемі шынықтыру, дұрыс тамақтану, зиянды әдеттерден аулақ болу, жақсы әдеттерді игеру, ауыртпалықтарды жеңе білу, алғашқы көмек көрсету негіздерін білу, қоршаған ортаны қорғау, уакытты тиімді пайдалана білумен қатар ең бастысы ойың, ниетің таза болуын, өзіңді рухани - адамгершілік жағынан дамытуға талпынудың мәні зор екенін ұғады.

Тапсырма
Зиянды әдеттердің салдарын тізбелеп жазыңдар. Оларды болдырмаудың жолдарын ұсыңдар. Ұсыныстарыңды кесте түрінде беріңдер.

Дәйексөз
Мұғалім оқушылардан сабақтың дәйекісөзі ретінде Т.Карлейльдің «Дені сау адам - табиғаттың ең қымбат жемісі» атты нақыл сөзінің мағынасын оқушылардың қалай түсінетіндерін сұрайды.

Тапсырма
Нақыл сөздерді оқыңдар. Өздеріңе ұнағандарын таңдап алып, олардың мағынасын мысалдармен түсіндіріңдер.
1. Ердің саулығы - елдің байлығы

Қазақ мақалы

2. Денсаулықтың қадірін жастан білу - азаматтық борыш

М.Әлімбаев

3. Сырын мен білетін бірден-бір сұлулық - денсаулық.

Г.Гейне

4. Дені сау адам дегеніміз - табиғаттың аса құнды туындысы.

Т.Карлейль

5. Денінің саулығын тілегінің бірінші парызы - маңайының ауасын тазарту.

Р.Роллан
Шығармашылық жұмыс
«Жаны саудың - тәні сау» тақырыбында эссе жазыңдар» деген шығармашылық жұмысты оқушылар алған білім-біліктерін ой елегінен өткізе отырып, орындайды.

Тыныштық сәті
Мұғалім:
- Балалар, денелерінді түзу ұстап, бастарыңды жоғары көтеріп, ыңғайланып отырыңдар. Көздерінді жұмсаңдар да болады. Ауаны терең жұтып, еркін тыныс алыңдар. Өздеріңнің тыныс ауларыңды бақылап, бақытқа, махаббат пен тыныштыққа толы таза, шипалы ауаның тұла бойларыңа толғанын сезініңдер.

Дәптермен жұмыс

3-тапсырма.

Мәтінді оқыңдар.Ұйқының денсаулыққа пайдалы немесе зиянды жақтарын таратып айтыңдар.
Жүректен жүрекке
Оқушылар мұғаліммен бірге қол ұстасып, шеңбер құрып, көңілді қимылдармен өрнектей,сөзі С.Молдасанұлынікі ,әні Ф.Лұқпанованікі «Бала тілегі» әнін шырқайды.


Күні 3.03.14 ж. 24-сабақ

Сабақтың тақырыбы: Өмірің өз қолында.

Мақсаты: оқушыларға өмір, оның мәні туралы түсінік беріп, адамның өмірі өз қолында екендігін түсіндіру
Міндеттері:
- оқушыларға адам өмірінің маңыздылығы туралы түсінік беру;
- оқушылардың адамгершілік қасиеттерін дамытуға ықпал ету;
- еліне, халқына абыройлы қызмет етуге тәрбиелеу;

Шаттық шеңбері
Мұғалім оқушыларды шеңберге шақырады. Балалар бір-бірімен сәлемдеседі.

Барлығы қосылып,С.Бәйтерековтің «Өмір - өмір» әнін шырқайды.

Әңгімелесу

Әңгімелесу сұрақтары баланың тақырыпқа өзінің көзқарасын білдіріп, пікірін айта алуын жағдай жасайды.

Адам баласы не үшін өмір сүреді?
Өмір адамға несімен қымбат?
Сенің өмірдегі мақсатын қандай?
Өмір мәнін түсінуге ұмтылу қаншалықты қажет?

Мәтінмен жұмыс
Абайдың «Он жетінші» қарасөзін оқып түсіну арқылы оқушылар қайрат, ақыл, жүрек үшеуінің айтысын талдап, олардың адам үшін артықшылығы неде, адамның мәнді де мағыналы өмір сүруі үшін ненің жақсы, ненің жаманы екенін қалай ажыратқаны жөн, не нәрсеге мән беріп, нені басшылыққа дұрыс екенін байыптайды.

Оқу ақпараты
Адам деген атқа лайықты өмір сүру өз қолыңда.
Адам баласы өзін - өзі танып жинақтаған тәжірибесін ақылға салып,жүрек жылуымен іс жүзінде пайдалана білгені абзал.Басқа адамдармен өзара сыйластық,сүйіспеншілік, түсінушілікпен қарым - қатынас жасай білу ізгілікке жеткізеді.Өз бойындағы адамгершілік қасиеттерді дамыту арқылы адамның қоршаған ортаға деген көзқарасы орнығады,еліне қызмет етуіне бейімделеді.

Дәйексөз
Шәкәрім Құдайбердіұлының «Адамның жақсы өмір сүруіне үш сапа негіз бола алады, олар барлығынан басым болатын - адал еңбек, мінсіз ақыл, таза жүрек» деген нақыл сөзімен мұғалім оқушыларды таныстырып, оның мағынасын қалай түсінетіндерін сұрайды.

Тапсырма
Мәтіңді оқыңдар. Адамға жүктелген міндеттерге лайықты болу үшін құндылықтар мен адамгершілік қасиеттерді сипаттап жазып дәлелдеңдер.
Тапсырма дәптермен жұмыс түрінде орындалады.

Дәптермен жұмыс
1-тапсырма
Мәтіңді оқып, сұрақтарға жауап беріңдер.
- Жақсы адам болуға қандай қасиеттер көмектеседі?
- Қандай нәрседен бойыңды аулақ ұстауға керек?

2-тапсырма
Абайдың өлеңін оқып, оны көзқарас, себеп, мысал, жалпылау бірізділігін сақтай отырып талқылаңдар.

Жүректен жүрекке
Оқушылар қол ұстасып, шеңбер құрып, барлығы бірге «Мен өмірді сүйемін. Өмір мені қолдайды. Өмірім өз қолымда», - деп айтады.









Күні 10.03.14 ж. 25- сабақ

Сабақтың тақырыбы: Өмірің өз қолында.

Мақсаты: оқушыларға өмір, оның мәні туралы тусінік беріп, адамның өмірі өз қолында екендігін түсіндіру.

Міндеттері:
- оқушыларға адам өмірінің маңыздылығы туралы түсінік беру;
- оқшылардың адамгершілік қасиеттерін дамытуға ықпал ету;
- еліне, халқына абыройлы қызмет етуге тәрбиелеу;

Шаттық шеңбері
Оқушылар мүғаліммен бірге шеңберге жиналады. Бір-бірімен сәлемдеседі. Барлығы қол ұстасып, бірге «Біз өмірді сүйеміз. Өмір бізді қолдайды», - деп айтады.

Әңгімелесу
Оқушылардың «өмір» қүндылығы жөніндегі білімдерін жинақтау
мақсатында сұрақтар ұсынылған:
Адам өмірі мәнді болу үшін не істеу керек?
Адам өмірінің маңыздылығына рухани байлық қалай әсер етеді?
Еліңе, халқына абыройлы қызмет ету дегенді қалай түсінесіңдер?

Мәтінмен жұмыс
Қ.Қайсеновтің «Елдің иесі сендерсіңдер, қарақтарым!» атты өнегесін оқып түсіну оқушылардың өмірдің мәнін пайымдауларына үлкен әсер етеді.
Мәтінмен жұмыс жүргізу арқылы оқушылар келешек өмір жолдары турасында ойланып, бағыт бағдар алады.

Дәйексөз
Жақсылық көрсем өзімнен,
Жамандық көрсем өзімнен.
Тағдыр қылды дегенді,
Шығарамын сөзімнен, - деген С. Торайғыровтың нақыл сөзі сабақтың дәйексөзі ретінде берілген.
Мұғалім сабақтың дәйексөзіне оқушылардың назарын аудара отырып, оның мағынасын оқушылардың қалай түсінетіндерін сұрайды.

Тапсырма
Даналық сөздерді оқыңдар. Түйінді ойлар негізінде өздеріңе қажетті кеңестерді тұжырымдаңдар.

Өкінішке душар етпейтін іспен ғана айналыс. Өзің білмейтін істен аулақ жүр. Бірақ білуге тиісті нәрсенің бәрін білуге үйрен. Сонда тыныш өмір сүресің.
Пифагор

Ұйықтар алдында өткен күнде өзіңнің не істеп, не тындырғаныңды ой елегінен бір өткізбей тұрып, көзіңді жұмба.
Пифагор

Ұзақта жемісті өмір сүру құпияларының бірі - әр кеште ұйықтар алдында барлық адамдардан кешірім сұрау.

Эсташ Ленобль

Тапсырма
Өлеңді оқып, өмірдің мәні туралы өз ойларыңды түйіндеп айтыңдар. Өлеңнен өздеріңе ұнаған шумақтарды жаттап алыңдар.

Түйіндеме
Түйіндеме оқушыларға өмірдің мағыналы болуы үшін қандай адами қасиеттер қажет екендігі жөнінде мағұлмат береді.
Биік мақсат, табандылық, өзіңе деген сенімділік, адалдық - өмірдің мағыналы болуының алғышарттары.

Өзімен-өзім

«Мен кіммен?», « Мен мақсатым не?», «Менің өмірдегі орным қандай?» деген сауалдар төңірегінде ойлануды ұсынады.

Шығармашылық жұмыс
«Менің қолымнан бәрі келеді» деген тақырыпта шығарма жазыңдар» деген шығармашылық жұмыс оқушылардың ойларын жинақтап , алған білім біліктерін іс жүзінде көрсете алуларына септігін тигізеді.

Дәптермен жұмыс
4- тапсырма
Криптограмманы шешіңдер.

Жүректен жүрекке
Оқушылар қол ұстасып, шеңбер құрып, барлығы бірге «Мен өмірді сүйемін. Өмір мені қолдайды. Өмірім өз қолымда», - деп айтады

Оқушылар бірге қол ұстасып, шеңбер құрып, Ш.Сариевтің төменде берілген өлеңін айтады.

Өмір деген тұрмайды: Қап - қарадан.

Өмір деген тұрады: Ақ - қарадан,

Ақ - қара, екі арасын ашып өтіп,

Арымен өз бақытын тапқан Адам !





Күні 17.03.14 ж. 26-сабақ

Сабақтың тақырыбы: Шындық шыңы - ақиқат

Мақсаты:
оқушылардың төменгі сыныптарда шындық туралы білген ұғымдарын кеңейтіп, ақиқаттың құндылық ретіндегі мәнін түсіндіру.

Міндеттері:
-адами қарым қатынастағы бүкпесіз шынайылық, қоршаған ортадағы шындық пен ақиқат туралы түсінік беру.
-оқушылардың шындықты жасырмай айта алу, өтірік пен шындықтың ара - жігін дұрыс ажырата білу біліктіліктерін дамытуға ықпал ету.
-оқушыларды шындыққа, адалдыққа шынайылыққа тәрбиелеу

Шаттық шеңбері
Сыныптағы бір оқушы немесе мұғалімнің өзі оқулықта берілген «Мұрат етіп шындықты» атты өлеңді мәнерлеп оқиды. Әрбір оқушы шындық туралы өз түсінігін өлең мазмұнына қарай қысқаша айтып шығады.Мұғалім шындықты мұрат ету, ақиқатқа жүгіну сияқты өлең жолдарын түсіндіреді.

Әңгімелесу
Сабақтың тақырыбын ашу үшін оқулықтағы «Ойланайық пікірлесейік» атты айдармен берілген мына сұрақтар төңірегінде әңгіме жүргізіледі.
-Шындық дегенді қалай түсінесің ?
-Кез келген істің растығын қалай анықтауға болады?
- «өтірік өрге баспаспас,шындық түпте жатпас» дегенді қалай түсінесіңдер?

Оқу ақпараты
Әр адам әділдікті өмірінің басты бағдары етеді.Күнделікті тұрмыстағы, өмірдің әр қилы қалтарыстарындағы көптеген жағдайлардың байыбына зер сала отырып, қандай да болсын мәселенің анықтығын шындық арқылы шешуге болады. Шындықты бағалап, айта білу адамгершілікті көрсетеді. Адамның ойы мен сөзінде алшақтық болмауы үшін қажетті қасиеттің бірі - шыншылдық.

Мәтінмен жұмыс
Оқушылардың танымдық белсенділігі мен іскерлік әрекеттерін дамытып, олардың шындық пен ақиқат туралы түсініктерін мәтін оқу арқылы дамытуды көздейтін бұл әдістің сабақтағы орны ерекше. «Сөздің атасы мен анасы» атты оқуға ұсынылған мәтінді мұғалім интонациялық кідіріспен, үлкен ықылыспен оқып береді.

Тапсырма
Оқушылар үнтаспаға қосылып Ф.Оңғарсынованың «Шындық» атты өлеңін айтады.Мұғалім оқушыларға «шындық - шаң - құзда, жолы да тайғақ» деген өлең жолдарын өз пікірлерімен дәйектеуге көмектеседі.

Дәйексөз

Сабақ әрі қарай оқулықтағы нақыл сөзді талдаумен жалғасады.Мұғалім «шырағы» сөзіне баса назар аударады.Шырақ дегеніміз отпен тең. Ол дауыл соққан сайын лаулап өрши түседі,ал шындық та от сияқты ашылған сайын нақтылана беретін адамға қажетті құндылық екендігін оқушыларға түсіндіреді. «шындық шырағы дауыл соқсада өшпейді»

Ғ. Мұстафин.

Жағдаятты талдау
Оқушыларға үш түрлі жағдаяттық тапсырмалар ұсынылады.Әр жағдаяттың шешімін талқылау барысында балалар өзін және өзгелерді бағалауға, адамдармен жағымды өзара әрекеттестік құра білуге, қай кезде болмасын шындықты айта алуға үйретеді. Жағдаятты оқып, оқиғаны өз ойларыңша өрбітіңдер.

Жүректен жүрекке.

Оқушылар Н.Оразалиннің «Шындық» атты өлеңін мәнерлеп оқиды, олар ешкімді алдамау керектігі жөнінде бір-біріне тілек айтып, бір біріне деген ыстық ықыластарын білдіреді.









Күні 7.04.14 ж. 27-сабақ

Сабақтың тақырыбы: Шындық шыңы - ақиқат

Мақсаты: оқушылардың шындық туралы өткен сабақта алған білімдерін жалғастыру, ақиқаттың құндылық ретіндегі мәнін ұғындыру

Міндеттері:

- адами қарым- қатынастағы бүкпесіз шынайылық, қоршаған ортадағы шындық пен ақиқат туралы түсінік беру.
-оқушылардың шындықты жасырмай айта алу, өтірік пен шындықты ара жігін дұрыс ажырата білу біліктіліктерін дамытуға ықпал ету.
- оқушыларды шыншылдыққа, адалдыққа,шынайылыққа тәрбиелеу

Шаттық шеңбері
Оқушылар ортада шеңбер құрып, шындық пен ақиқатты білдіретін мағыналас сөздерді кезекпен айтады.Олардың адалдық, әділдік, бетке айту , тура сөйлеу тәрізді шынайылықты білдіретін сөзерді айтуы ықтимал.

Әңгімелесу
Оқушылардың өткен сабақтағы шындық туралы алған білімдерін толықтыра түсу үшін мына сұрақтар төңірегінде әңгіме жүргізеді.
Адам ақиқатқа не үшін талпынады?
Қандай қасиеттер адамды ақиқатқа жетелейді?
Ақиқатқа жету қандай жолдары бар деп ойлайсыңдар?

Оқу ақпараты
Мұғалім оқушылардың жауаптарын жинақтап тұжырымдайды. Сабақ ақиқат жөнінде айтылған оқу ақпаратын мұғалім өзі оқып береді.
Адамгершілікпен туындап, әділдікке ұласқан шындықтан көп нәрсенің ақиқатына көз жеткізуге болады.Ақиқат - адам түсінігінің өмір шындығының сәйкестігі болғандықтан , оның көтерер жүгі де ауыр.

Мәтінмен жұмыс
Берілген мәтінді сыныптағы бір оқушы асықпай, нақышына келтіріп оқиды.Балалар мәтінді оқып, үйрену арқылы оның мазмұнында айтылған ақиқаттың не екені, оның өмірге қалай келетіні және оның мәтінмен жұмыс жасау көрсетілген сұрақтарға жауап беріп, ақиқаттың пікірлер тоғысын туатын шындық екендігіне көз жіткізеді.

Шығармашылықпен жұмыс
Өлеңді оқыңдар. Өлеңнің мазұны бойынша «Менің түсінігімдегі ақиқат» атты шығарма жазыңдар.Оқушылардың ақиқат жөніндегі түсініктерін тереңдете түсу мақсатында оқулықта берілген М.Мақатаевтің «Ақиқаттың ауылы» атты өлеңін оқу ұсынылады.

Дәйексөз
Нақыл сөздердің мағынасын қалай түсінесіңдер?
Әділ болсаң - қараға - ақ, аққа - жақ,
Ұрпақтарың жақсы атыңды сақтамақ!

Ж.Баласағұни

Ақиқаттың ең сенімді белгісі - қарапайымдылық пен ашықтық
Жалғандық әрқашан қиын, түсініксіз және көпсөзді болады.

Л.Толстой

Тыныштық сәті.

Мұғалім:
- Балалар, денелерінді түзу ұстап, бастарыңды жоғары көтеріп, ыңғайланып отырыңдар. Көздерінді жұмсаңдар да болады. Ауаны терең жұтып, еркін тыныс алыңдар. Өздеріңнің тыныс ауларыңды бақылап, бақытқа, махаббат пен тыныштыққа толы таза, шипалы ауаның тұла бойларыңа толғанын сезініңдер.

Үйге тапсырма.
Оқушылардың өзіндік қызуғылықтарын арттырып, іскерліктерін бекіту үшін «Сен шындықты мойындай аласың ба?» тақырыбында тест ұсынылады.

Жүректен жүрекке.
Оқушылар бір-біріне жақсы тілек айтады. Тілектің мазмұнында міндетті түрде шындық пен ақиқатты білдіретін әдемі сөздер болуы керек.








Күні 14.04.14 ж 28-сабақ

Сабақтың тақырыбы: Жаныңда жүр жақсы адам

Мақсаты:

  • оқушыларға адамды жақсылыққа жетелейтін жақсы қасиеттер мен әрбір жақсы істердің шапағаты туралы түсінік беру

Міндеттері:
- оқушыларды адамдардың өзара қарым-қатынастағы ынта-ықылас, жан жылуы мен жақсылықты сезініп, бағалай алуға үйрету;
- оқушылардың қоршаған ортаға, айналасындағы адамдарға мейірімді қатынас жасай алу және жақсылықты түсіне білу дағдыларын дамыту
- оқушыларды сүйіспеншілікке , сезімталдыққа, сыпайылыққа тәрбиелеу

Шаттық шеңбері
Оқушылар дөңгелене шеңбер құрып төменде берілген өлеңді айтады.Мұғалім оқушылардан өз аталарын естеріне түсіп, атаның балаға деген ыстық махаббатын қалай сезінетіндіктен мына шумақта айтылған ойдың негізінде айтып берулерін сұрайды.

Әңгімелесу
Мұғалім төменде берілген сұрақтарға сәйкес адамдар арасындағы сыйластық, ыстық ықылас, мол мейірім, ізгі ниет, т.б рухани құндылықтарын ізгілікке бастап, жақсылыққа жетелейтіні туралы әңгімелейді.Ол адамның жанын жадыратып, жүрегін нұрға бөлу әр отбасындағы адамдардың біріне- біріне жан жылуын шашып, өзара сыйластық пен құрметтеу сезіміне байланысты болып отыратынына тоқталады.

Үй тапсырмасын тексеру:

Сұрақ-жауап әдісін пайдалана отырып тексеріп шығу.

Мәтінмен жұмыс
Оқу ұсынылған мәтінді мұғалім интонациялық талаптарына орай үлкен ықыласпен оқып береді.Мәтінмен жұмыс жасауда оқушылар қазақ халқының ұғымдарындағы «қасиет» сөзінің құдіретін, оның адам өміріндегі мәнін ұғынады. Әженің ауызынан шыққан төменде көсетілген қасиет туралы тәлімдік сөздердің әрқайсысын мұғалім мағынасын қарай түсіндіреді.

Дәйексөз
Мәтінде айтылған ойды жалғай түсу үшін оқулықта берілген Конфуцийдің төмендегі нақыл сөзінен оқушылар жақсы адамның қандай үлгі өнеге алуға болатынын өздерінің ой елегінен өткізеді.Олар сонымен бірге керісінше, жаман адамның бойын аулақ ұстау керектігін де ұғынады.

Жақсы адамды көргенде оған теңелу жайында ойлан да,ал жаман адамды көргенде өзіңді -өзің зертте

Конфуций

Оқу ақпараты
Адамзат баласының өзіне және өзгелерге жасағын жақсылығынан кейінгі ұрпақ өнеге-үлгі, ғибрат алады. Қоршаған ортаға, айналаңдағы адамдарға мейірімділікпен қарап, қолыңнан келгенше көмек қорсете алу адамшылықтың белгісі.Жақсы ниетпен айтылған бір ауыз сөз жүрегіңді тебірентіп жаныңды жадыратады.

Түйіндеме
Мұғалім оқушылардың назарын Базар жыраудың өлеңдеріне айтылған өнегелі сөздердің мағынасына үңілуге аударып, олардың есте сақтауға шақырады.Мұғалім өз сөзіне адам үшін туыс пен жанашыр ағайынның өмірдегі орны бөлек екендігіне зер салдырады. Өлеңдегі өзекті ойлардың түйіні қазақ халқының «төрт құбылаң сай болсын» деген тілегінің көрінісі екендігін мұғалім жеткізе білуі тиіс.
Жүректен жүрекке
Оқушылар шеңбер құрып тұрады.Олар өздерінің жанында жүрген жақсы адамды көз алдарына елестетіп, оларды қандай қасиетіне қарап жақсы адам деп ойлайтындықтарын кезекпен айтып шығады.

Сабақты қорытындылау
Мұғалім сабақта айтылған ойларды жинақтап, тұжырым жасау үшін төмендегідей сұрақтар қояды.
-адамдар арасындағы сыйластықтың қадірін неден көруге болады.
- «Жаныңда жүр жақсы адам» деп неге айтамыз?







Күні 21.04.14 ж 29-30 сабақтар

Сабақтың тақырыбы: Жаныңда жүр жақсы адам

Мақсаты:
-оқушыларға адамды жақсылыққа жетелейтін жақсы қасиеттер мен әрбір жақсы істердің шапағаты туралы өткен сабақта алған түсініктерін кеңейту.

Міндеттері:
- адамдардың өзара қарым қатынасындағы ынта ықылас, жан жылуы мен жақсылықтысезініп, бағалай алуға үйретуді жалғастыру
- оқушылардың қоршаған ортаға, айналасындағы адамдарға мейірім қатынас жасай алу және жақсылықты түсіне білу дағдыларын дамыту
-оқушылардың сүйіспеншілік,сезімталдық, сыпайылық, жақсыны сезіне білуге тәрбиелеу

Шаттық шеңбері
Оқушылар дөңгелек шеңбер құрып, «Әже туралы ән» өлеңін мұғаліммен бірге орындайды

Мәтінмен жұмыс
Мұғалім оқулықтағы «Оқып үйренейік» атты шартты белгімен берілген төмендегі мәтінді көркемдік тебіреніспен, интонациялық талаптар ға сай оқып береді. Әңгіме түрінде берілген бұл мәтін оқушылардың есту, тыңдау, әңгімелесу, түсіну қорыту тәрізді әрекеттерін дамытады. Мәтінге «Менің Әкем» атты О.Бөкейдің повесінен үзінді берілген.
-Автор әкесі жайында қалай тоғанады?
-Туған жердің адам сезіміне қандай әсері бар?
-Ұрпақ жалғасығы дегенді қалай түсінесің?

Шығармашылықпен жұмыс
Берілген өлең жолдарын пайдалана отырып «Маған қымбат жандар» тақырыбында эссе жазыңдар.
Алтын ұя - Отан қымбат
Құт-берекең-атаң қымбат
Аймалайтын анаң қымбат
Мейірімді апаң қымбат
Асқар тауың әкең қымбат
Туып өскен елің қымбат.

Дәйексөз
Жақсы деген кісінің
Алды арты бірдей жарық болар
Жақсы деген ісінің
Бас аяғы бірдей анық болар
Бөлтірік би

Мәтінмен жұмыс
Берілген өлеңді оқып, оқушылар адам өмірінің адаммен ғана көрікті, мәнді де сәнді екеніне көз жеткізеді,мұғалім оқушылардың ойын ұштап адам баласының табиғат берген құдірет күші туралы түсінік береді.

Тапсырма
Бұл тапсырма оқушы дәптеріне орындалады.Балалар төмендегі сөйлемдерді өз ойларынша әрі қарай жалғастырады.
Менің ойымша, жақсы адам болу үшін……………………………
Менің досым……………………………………..
Бәріненде менің жақсы көретінім адамның бойында……………………………..

Жүректен жүрекке
Жаныңда жүрген жақсы адам кім десек, біз ойланбастан анамызды айтамыз.Мұғалім ешқандай сезімнің ана махаббатына, ананың ыстық махаббатына тең келмейтінін айтып, жүректен жүрекке әдісін жүргізеді.Соңынан «анаға сәлем»әні орындалады.






© 2010-2022