Сабақ жоспары Анамның туған күні

Раздел Другое
Класс 3 класс
Тип Конспекты
Автор
Дата
Формат doc
Изображения Нет
For-Teacher.ru - все для учителя
Поделитесь с коллегами:

№3 Абай атындағы шағын орталығы бар жалпы білім беретін орта мектебі



Ашық сабақ

Тақырыбы: Анамның туған күні


Мұғалім : Капенова А.Н



ТАЛҒАР ҚАЛАСЫ

2015 -2016 оқу жылы

Сабақтың тақырыбы: Анамның туған күні.

Сабақтың мақсаты:

1. Білімдік:Оқушыларға жаңа тақырыптың мазмұнын аша отырып, жаңа сөздерді меңгерту;

2.Дамытушылық: Оқушылардың сөздік қорларын байыта отырып, білім, білік , дағдыларын арттыру.Оқушылардың тілдік қорын молайту.

3.Тәрбиелік: Оқушыларды бірін- бірі сыйлауға, құрметтеуге, қадірлеуге, бағалай білуге, сыпайлыққа,анасына деген сүйіспеншілік пен сыйластық қасиеттеріне тәрбиелеу.

Сабақтың түрі: Аралас сабақ.

Сабақтың әдісі: Сұрақ - жауап, түсіндіру, оқу, ән айту, тақпақ айту, топпен жұмыс, пікірлесу.

Көркектіліктер: интерактивті тақта, суреттер, слайд.

Сабақтың барысы: I.Ұйымдастыру кезеңі.

1.Амандасу

2.Кезекшімен жұмыс

3.Сұрақ-жауап:

Қазір қай мезгіл?

Қыс айларын ата.

Бүгін нешесі?

ІІ.Үй тапсырмасын тексеру

1.124 бет, 1-тапсырманы сұрау.

III.Сабақтың мақсатын,барысын айту.

ІV.Жаңа сабақты меңгеру.

Балалар,бүгін біз ана туралы көп сөз айтамыз, анамыөды қалай жақсы көретінімізді дәлелдейміз,сабақта жаңа сөздермен танысамыз,сөйлем құрастырамыз!Диалог бойынша жұмыс жасаймыз, шағын әңгіме құрастырамыз.Септіктер мен зат есімнің тәуелдік жалғауларын қайталаймыз.

Ана. Ана әлемдегі ең нәзік, мейірімді, әрі мықты, төзімді жан болып келеді.Аналарды құрметтеп,сыйлау керек. Сіздерге тек қана дүниенің жақсылығын, атқан таңның арайын, күн сәуленің шапағын тілейміз.

1.Жаңа сөздермен жұмыс.Оқушылар қайталап айтады. Қазақ тіліне тән дыбыстарды жуан ,жіңішке екендігін атап айтады.

1)не істеп жатыр? - что делает?

2)дайындалып жатыр? - готовится

3)сыйлық - подарок

4)тілек - пожелание

2.Жаңа сөздермен сөйлем құрастыру. .(Интерактивті тақтадан слайд көрсету)

V.Cабақты бекіту.

1.Оқулықпен жұмыс.Айтылым, оқылым мақсатында сынып оқушылары тақпақты мәнерлеп оқу сайысын өткізеді.

Айналайын, ана,

Туған күніңмен!

Сыйлайыншы саған

Дала гүлін мен.

Мерекелі күнің

Қандай тамаша!

Кеудедегі гүлің

Қалды жараса.

(Ә.Асылбеков)

2.Диалогты рольге бөліп оқыту. Оқушылар оқиды. Диалог бойынша көрініс қояды.

1)-Бұлар кімдер?

-Бұлар - Сайра мен Самат.

-Олар қайда?

-Олар үйде.

-Бүгін кімнің туған күні?

-Бүгін - аналарының туған күні.

-Олар не істеп жатыр?

-Олар дайындалып жатыр.

2 Жас ерекшеліне қарай диалогты оқыту.Мәтін бойынша, ұқсас шағын мәтін құрастыру.

Ал,енді балалар ана туралы қандай өлең білеміз?.

Дарынды оқушылар жаттап келген өлеңдерін мәнерлеп айтады.

Сыйқырлы сандық» ойыны

3)Қазір біз ойын ретінде ұяшықты ашып, септіктермен зат есімнің тәуелдік жалғауларды қайталаймыз.

Мұғалім сұрақ қояды, балалар сұраққа жауап береді.

VI.«Сергіту сәті."Қарлығаштар".

4.Тестпен жұмыс

1.Бүгінгі тақырыпқа сай сөзді таңда:

а)мектеп

б)балалар

в)мереке

2.Жуан дауысты сөзді тап:

а)ағаш

б)кітап

в)әдемі

3."Подарок"мына сөздің дұрыс аудармасын көрсет:

а)зат

б)сыйлық

в)мықты

4.Табыс септігінде септеліп тұрған сөзді тап:

а)ат

б)киімге

в)кітапты

5)Дұрыс буынға бөлінген сөзді көрсет:

а)ті-лек-тер

б)ана-шым

в)қал-ам

5.Балалар ана туралы қандай мақал- мәтелдер білесіңдер?

Ана туралы мақал-мәтелдер айтады.

VІІ.Қорытындылау..

1.Бүгін сабақта не өттік?

2.Анамызға не тілейміз?

3.Тақпақ.Ән.Өлең.

Қолын қатты тигізбей,

Кір көйлек кигізбей.

Иісін жуып аңқытқан,

Бұл кім?

Бәрі - Ана,

Ана!Ана!Ана!

VIII.Үй тапсырмасы:

126-127 бет

1-тапсырма жаттау,5-тапсырма жазу




© 2010-2022