Урок по казахскому языку на тему Шал ақын (9 класс)

Раздел Другое
Класс 9 класс
Тип Другие методич. материалы
Автор
Дата
Формат docx
Изображения Есть
For-Teacher.ru - все для учителя
Поделитесь с коллегами:

Урок по казахскому языку на тему Шал ақын (9 класс)Урок по казахскому языку на тему Шал ақын (9 класс)Урок по казахскому языку на тему Шал ақын (9 класс)Урок по казахскому языку на тему Шал ақын (9 класс)Урок по казахскому языку на тему Шал ақын (9 класс)Урок по казахскому языку на тему Шал ақын (9 класс)Сабақ жоспары

1. Пән аты: Қазақ әдебиет

2. Сыныбы: 9

3. Күні, айы, жылы:

Сабақтың тақырыбы: Шал ақын

Сабақтың мақсаты:

Білімділік: Оқушыларға қазақ әдебиеті әлеміндегі өзіндік орны бар Шал ақын (Тілеуке Құлекеұлы) толғаулары туралы жан - жақты мәлімет беру, Ақынның жырларын оқу,мазмұнын түсіну, ақын поэзиясының құндылығын үғыну
Тәрбиелік: практикалық тапсырмалар орындату барысында ізгілік қатынасқа үйрету, адамды сүюге, өзін қадірлеуге, табиғатты сүюге, қорғауға, ерлікке, отансүйгіштікке, еңбексүйгіштікке, мейірімділікке, елін, жерін сүюге тәрбиелеу
Дамытушылық: Оқушылардың ой еркіндігін, эстетикалық сезімін ояту, өздігінен білім алып дами алатын тұлға қалыптастыру, шығармалардағы көркем сөз айшықтарын талдап, жүйелі мазмұндау арқылы тіл дамыту
Сабақтың типі: аралас сабақ.

Сабақтың түрі: дәстүрлі сабақ.

Сабақтың әдіс-тәсілі: мәнерлеп оқу, әңгімелеу,талдау.

Пәнаралық байланыс: тіл, тарих,география.

Сабақтың барысы:

І. Ұйымдастыру кезеңі: 1.Оқушылармен сәлемдесу.

2. Оқушылардың сабаққа қатысын тексеру.

3. Оқушылардың зейіндерін сабаққа аудару.

ІІ. Үй тапсырмасын тексеру:

Бұқар жырау шығармашылығы

ІІІ. Білім тексеру:

1. Жыраулар поэзиясы туралы түсінік.
2. Жыраудың толғаулары, көркемдік ерекшелігі

ІV Жаңа сабаққа дайындық

1.Сабақ тақырыбын тақтаға жазу

2.Сабақ мақсатын түсіндіру

V. Жаңа тақырыпты түсіндіру: Шал (Тілеуке) Құлекеұлы, Шал ақын (1748, бұрынғы Көкшетау облысы Азат темір жол бекеті - 1819, қазіргі Солтүстік Қазақстан облысы аумағы) - қазақтың төкпе ақыны.Әкесі Құлеке батыр Абылай ханның жақын серігі болған. Шалдың өлең, жырларынан өз дәуірінің өмір көріністері айқын аңғарылады. Бұлардың бәрінде дерлік жақсылық пен жамандық, әділдік пен зұлымдық, ынсап пен тойымсыздық, ақылдылық пен аңғалдық, ізгілік пен надандық, байлық пен кедейлік тәрізді кереғар жайттар кең қамтылып сөз болады («Ата-ананың кадірін», «Жігіт туралы», «Жігіттің өзін білем дегені», «Әйел сыны», «Қыздар туралы» тағы басқа). Шалдың енді бір алуан жырларында жас пен кәрі сипаттарынан тыс, моралдық, этикалық қатынастарда ұтымды бейнеленеді («Кәрілік туралы», «Жастықты көксегені», «Он бес деген жасым-ай», «Елу ердің жасы екен», «Жаманға дәулет бітсе ауа айналар», «Екі арыстан жабылса дәуді өлтірер», «Айтайын бір аз кеңес» тағы басқа)- Шал кезінде ел өмірінде елеулі орын алған айтыс-кағыстарға қатысып отырған. Бұлардан оның ұшқыр киялды тапқырлығы мен от ауызды, орақ тілді алғырлығы да мол көрінеді («Шал мен қыз», «Бәйбіше мен Шал», «Шал мен жігіт», «Шал мен келіншектер» тағы басқа). Бір топ жырлары «XVIII-XIX ғасырлардағы қазақ ақындарының шығармалары» (1962 ж.), «Үш ғасыр жырлайды» (1965 ж.), «Алдаспан» (1971 ж.), «ХV-ХVII ғасырлардағы қазақ поэзиясы» (1982 ж.), «Бес ғасыр жырлайды» (1984 ж.) жинақтарына енді.

Шал ақынТоптастыру әдісі


VІ. Түсінік тексеру: Шал ақыннң өлеңіне талдау жасау

Нәп/сің/ бір/ көк/жал /бө/рі/дей,/8

И/ма/ның /бағ/лан/ қо/зы/дай,/8

Е-гер/ ты/ю сал/ма/саң,/7

И/ма/ның/ды/ жеп/ ке/тер/7.

7-8 буынды

Ашу - дұшпан болғанда, нәпсі - жауың, а

Ақыл - тұрған алдыңда асқар тауың, а

Жүрекке ашу келіп толған шақта, б

Денеңнің біле алмассың ауру сауын. б

Егіз ұйқас

Иман - қой, ақыл - қойшы, нәпсі - бөрі,

Бөріге қой алдырмас ердің ері,

Таяқты қатты ұстап қойшы тұрса,

Жоламас ешбір пәле шайтан-пері.

VІІ. Жаңа сабақты бекіту:

1. Оқулықпен жұмыс.

  • Шал ақынның шығармашылығына тес құру

VІІІ.Сабақты қорыту:

1.Бағалау

2.Үй тапсырмасын беру.

Шал ақынның өмірі мен шығармашылығы


© 2010-2022