Ашық сабақ «Қазақ халқының киіз үйі және оны жабдықтау»

Раздел Другое
Класс 9 класс
Тип Конспекты
Автор
Дата
Формат docx
Изображения Есть
For-Teacher.ru - все для учителя
Поделитесь с коллегами:

Ашық сабақ «Қазақ халқының киіз үйі және оны жабдықтау»Сабақтың тақырыбы: «Қазақ халқының киіз үйі және оны жабдықтау»

Сабақтың мақсаты:

Білімділік: Оқушыларға ежелгі түрік халықтарының киіз үйі, оның бөліктері туралы түсінік беру, қиіз үйінің ыңғайлылығы, оның жабдықтары туралы түсіндіру.

Коррекциялық: Ұсақ қол маторикасын дамыту, сөздік қорын молайту, тілін жетілдіру, назар аудару, ойлау қабілетін дамыту.

Тәрбиелік: Сауатты болуға тәрбиелеу, қазақ халқының тарихын құрметтеуге үйрету, адамдардың еңбегін қадірлеуге үйрету.

Сабақтың өту әдісі: Сұрақ - жауап, түсіндіру, әңгімелеу, тест.

Көрнекілігі: суреттер, киіз үйі, тал шыбықтары, тал, терек, тест.

Сабақтың барысы:

І. Психологиялық дайындық

Күніміз жарқын болсын,

Аспанымыз ашық болсын.

Деніміз сау болсын,

Атамыз бен анамыз аман болсын.

ІІ. Үй тапсырмасын сұрау.

Бөлмені жөндеу жұмыстары.

Сұрақ - жауап өткізу.

А) біз жылдың қай мезгілінде бөлмені жөндеу жұмыстарымен айналысамыз?

Ә) жөндеу жұмыстары үшін бізге қандай құралдар қажет?

Б) әктеп, сырлау үшін қандай құрал - жабдықтар керек?

В) жұмыс барысында қандай техника қауіпсіздік ережелерімен санитарлық - гигиеналық ережелерді сақтаымыз керек?

- Демек, оқушылар біз сіздермен бірге үйді, бөлмелерді жөндеу бойынша түсінікке ие болдық.

ІІІ. Жаңа сабақ.

  • Оқушылар айтыңдаршы, Біздің тәуелсіз Республикамыз Қазақстанда қандай ұлт өкілдері жасайды?

  • Осы ұлттар ішінде қайсысы түркі халықтарыв ұлтына жатады?

  • Демек, өзбек, түрік, қазақ, ұйғыр, қырғыз, қарақалпақ халықтары түркі халықтарының қатарына жатады.

Түркі халықтары ежелде киіз үйлерде жасаған. Бүгінгі сабағымызда қазақ халқының киіз үйі, оның жабдықтарымен танысамыз. Мынау қазақ халқының киіз үйі.

Киіз үй - мал баққан қөшпелі халықтапрдың қысы - жазы отыратын өте қолайлы және төзімді баспанасы. Қыста жылы, ал жазда салқын болады.

Көлеміне және сыртқы кейіпіне қарай әртүрлі болып келеді. Қиіз үйінің негізгі қаңқасын - киіз үйдің сүйегі деп аталады. Олар - кереге, уық, шаңырақ, есік немесе сықырлауық. Бұл сүйектер көлеңкеде кептірілген талдан, немесе теректен жасалады. Киіз үй жасаудың өзіндік ерекшеліктері бар.

Оны тек шебер үйші жасайды. Киіз үйді тігу оңай емес. Алдымен керегені жаяды. Керегенің биіктігі екі метрден болады. Осыдан кейін шаңырақты көтереді. Қазақтың өмірінде шаңырақты маңызы зор. Шаңырақ - үй мағынасында да пайдаланылады. Оны «Қара шаңырақ» деп атайды. Ұл бала әке шаңырағының иесі, мұрагері болып саналады. Киіз үйдің басқа сүйектері ескерсе, жаңартады. Ал шаңырақты жаңартпайды. Әдетте шаңырақты үй иесі, ер адам көтереді. Үлкен киіз үйлердің шаңырағын ат үстінде тұрып бақанмен көтерген.

Бақан - бір ұшын екі аша етіп жасаған екі сырық. Содан соң уықтарды шаңшыған. Үйықтың кереге басына байланатын жағы жалпақтау болып келеді. Және сол жерді тесіп бау өткізеді, оны «Уық бау» деп атайды. Шаңырақтан кейінгі ерекше қастерленетін бөлшегі - босаға. Ол табалдырық пен маңдайшадан тұрады. Ал, есіктің екі жақтау ағашын «Таяныш» дейді. Оған сықырлауық орнатылады. Түндік - шаңырақты, киіз есік сықырлауықты жауып тұрады.

IV. Сабақты пысықтау

Өтілген сабақ бойынша сұрақ - жауап өткізу.

  • Сіздермен бүгінгі сабағымызда немен таныстық?

  • Киіз үйдің қолайлығы туралы айт.

  • Киіз үйдің бөліктерін (сүйегін) айтып бер.

  • Киіз үй қандай жабдықталған?

V. Тест.

Өтілген сабақ бойынша оқушылар білімін бағалау.

  1. Киіз үй сүйегі қандай жабдықталады?

А) шырша

Б) емен

В) тал

2. Ортада айқастырыла орналасқан шаңырақ бөлігі қалай аталады?

А) уық

Б) тіреуші

В) күмбез пішіндес күлдіреуіш

3. Сандық, кебеже және шкаф арасында айырмашылық барма?

А) бар

Б) жоқ

В) сәйкестік әр жерде кездеседі

4. Адалбақан қандай қызмет атқарады?

А) уықты тіреу үшін

Б) киім ілу үшін, шаңырақты көтеру үшін

В) сандық үшін

VI. Оқушыларды бағалау.

Оқушыларға берілген тест сұрақтарының жауаптарын тексеру.

VII. Сабақты қорытындылау.

Оқушылар бүгінгі сабақта сіздер қазақ халқының киіз үйі және оның жабдықтарымен таныстыңыздар. Қазіргі кезде киіз үйде ешкім тұрмайды. Бірақ ұлттық мерекелерімізде, ас беру тойларында киіз үй тігу дәстүрге айналған. Сол тарихымызды ұмытпау үшін мемлекетіміз қалаларында киіз үйден жасалған қымыз ханалар көп.

VIII. Үйге тапсырма.

Киіз үй және оны жабдықта.

  • Сонымен бүгінгі сабағымыз аяқталды.

  • Қощ сау болыңыздар!



ОҚО білім, жастар саясаты және тілдерді дамыту басқармасының «Сайрам көмекші мектеп-интернаты» коммуналдық мемлекеттік мекемесі





Әлеуметтік тұрмыстық бағдарлау пәнінен

9 - «А» сынып үшін арналған бір

сағаттық ашық сабақ жоспары


Тақырыбы:











Әлеуметтік тұрмыстық бағдарлау

пәні мұғалімі: Юсупова Сайяра Махаматовна

© 2010-2022