Судың қасиеті

Тақырыбы: "Судың қасиеті" Мақсаты: Су, оның адам өміріне маңызы, оны қорғау туралы білімдерін нығайту, бала қызығушылығын арттыру ой - өрісін, есте сақтау қабілетін дамыту. Адамгершілікке,табиғатты қорғауға тәрбиелеу. Психологиялық жаттығу: "Теңіз толқиды" Жұмбақ Аяғы жоқ, қолы жоқ, Бірақ тыныш тұрмайды. Сақтамасаң қорын тек, Барша тіршілік құриды. (су) Балалар су тіршіліктің көзі екен сусыз тіршілік, өмір жоқ. Сулар мұхит теңіз, өзен, көл, бұлақ сулары болып бөлінеді. Судың қасиеттері. Су түсс...
Раздел Другое
Класс 1 класс
Тип Конспекты
Автор
Дата
Формат doc
Изображения Нет
For-Teacher.ru - все для учителя
Поделитесь с коллегами:

Тақырыбы: "Судың қасиеті"

Мақсаты: Су, оның адам өміріне маңызы, оны қорғау туралы білімдерін нығайту, бала қызығушылығын арттыру ой - өрісін, есте сақтау қабілетін дамыту. Адамгершілікке,табиғатты қорғауға тәрбиелеу.

Психологиялық жаттығу: "Теңіз толқиды"
Жұмбақ
Аяғы жоқ, қолы жоқ,
Бірақ тыныш тұрмайды.
Сақтамасаң қорын тек,
Барша тіршілік құриды. (су)

Балалар су тіршіліктің көзі екен сусыз тіршілік, өмір жоқ.
Сулар мұхит теңіз, өзен, көл, бұлақ сулары болып бөлінеді.
Судың қасиеттері.
Су түссіз, иіссіз, мөлдір, еріткіш, жұққыш.
2 стакан, су, сүт қасық су түссіз осыған бояғыш қоссаң түс пайда болады.
Су күйлерін еске түсірейік.

Жұмбақ
1 Жылт - жылт етеді,
Жылғадан өтеді.
(су - сұйық күйі)

суды ыдыстан ыдысқа құю,
параққа ең құйып көрсету.

2 Өзі судан жаралған,
Бірақ судан қорқады.
(мұз қатты күйі)

3 Көзге көрінгенмен,
Ұстасаң қолға ілінбейді.
(бу - газ күйі)

Су, тамаққа, тазалыққа, тұрмыста, өндіріске, шөптер, ағаштарға, жануарларға, құстарға, балықтарға да су керек.

Теңіз, өзен көлдердің суын іше аламыз ба?
Жоқ.
Неге?
Себебі оның құрамында улы заттар, химикаттар көп.
Олар суға қайдан келеді?
Завод, фабриканың қалдықтарынан.
Мынау не балалар?
Тұз
Бұл қайдан шығады.
Арал көлінен.
Адамдардың табиғатқа немқұрайлы қарауының салдарынан Арал енді өзімізге зиян келтіріп отыр теңіз түбінде жатқан тұз ауаға ұшуда. Бұл адамға, өсімдіктерге, жануарларға да зиян.
Аралдың кейпін кимеу үшін не істеу керек деп ойлайсыңдар.
Балалар жауабы: Суды тиімді пайдалану керек.
Ластамау, таза ұстау қорғау керек.

Тәрбиеші: Суды таза ұстау үшін біз қалай үлес қосып жатырмыз.
Балалар жауабы: Крандағы суды жауып жүріп қоқыс тастамауымыз керек.

Тәрбиеші: Жұмбақ жасырады
Желмен ұшып жетеді,
Желмен ұшып кетеді.
(бұлт)

Бұлт ертегісін драмалау. Қазақ халқы су тазалығын сақтауға көп көңіл бөлген су туралы қандай мақал - мәтел білесіңдер.

Тиым сөз.
Су ішкен құдыққа түкірме.
Суды шашпа.

Жаңылтпаш
Бұлақтар, бұлақтар, бұлақтар. бұлақтар.
Бұлқынған құр аттар.
Бұлақтар құраттар жет жылдам.
Бусанып шөл басын қыраттар.

Видео таспа қарау:
Бақаның келуі: Балалар мен өз қателігімді түсініп, сендерден кешірім сұрауға келдім. Енді мұндай қателік жасамаймын, сендерге таза су әкелдім. Тағы да сендер жақсы көретін сыйлығым бар.

Аружан: "Жарнама"
Шаршағаныңды басатын,
сарайыңды ашатын.
Су болмайды қашанда
Мөлдір судан асатын - деп бақа су әкеліп тұр екен.
Олай болса дәмін татып көреміз бе?
Рахмет, бақа тіршілік атаулыға су керек екенін ұмытпа?
Балалар: бақа сыйлығына ие болады.

© 2010-2022