Қазақ әдебиетіҚұдіретті Жер-Ана

Раздел Другое
Класс -
Тип Другие методич. материалы
Автор
Дата
Формат docx
Изображения Нет
For-Teacher.ru - все для учителя
Поделитесь с коллегами:

Құдіретті -жер ана

Табиғаттың басты байлығы-жер.Жер біздің қазынамыз,байлығымыз.Адамдар,жануарлар,өсімдіктер өз қорегін осы жерден алады.Қасиетті жер -ана алып күнді айналып жүретін жеті ғаламшардың ең құдіреттісі.Ата-бабамыз осы жер үшін сан ғасырлар бойы қан төгіп,басын қатерге тіккен.Адамның өмірі жермен тығыз байланысты.Жерден қасиетті,жерден киелі дүние жоқ.Яғни жер біздің өмір сүретін ортамыз.Жер адамның жарық дүниеге келгенде тербеткен бесігі.Адам өзінің туған жеріне деген шынайы сезімін суреттеумен,ойлы өлеңмен,сазды әуенмен жеткізеді.

Менің ойымша жерді күтіп,баптап,таза ұстау керек.Өйткені жер дархан көңілімен адамға бәрін бергісі келеді.Тіпті пайдалы қазбаларда жерден алынады.

Жер біздің асыраушымыз,екінші анамыз.Біздің тамағымыздың,киіміздің,тіпті оқу-құралдардың жасалуына жер-ананың көмегі зор.Адамдар мыңдаған жылдар бойы жерге қиянат жасап келе жатыр.Барлық адамадарға,өсімдіктерге,жануарларға нәр беріп,жаңа ұрпаққа өмір сыйлап отырған жер-анаға шексіз ризамын.Адамдар бір үзім нан үшін қырқысқан шақта оларды кешіруге болады.Алайда олар тұңғиық дүниеде бірге жүзіп келе жатқан ортақ кемені батыруға тырысқандарға кешірім жоқ!Оның мағынасы:өзің отырған түбірге балта шабу ақымақтық.

Еңбек адамды парасатқа жеткізеді.Жер қорек пен баспана берді.Ғылым алға жетеледі.Бірақ табиғатпен ойнауға болмайды.Жер-ананы,табиғатты өз анасындай құрметтей білген адам өз өмірінің мәнін түсіне алады

Жерден қасиетті,жерден киелі дүние жоқ.Жер бар жерде,ел бар.Жер-барлық жаратылыстың-думанды ортасы.Адамның су мен жер туралы ойлағаны-өзі туралы ойлағаны.

Олай болса ,Жер-анамызды күтіп,баптай білейік!!!

«Шобанақ»жалпы орта мектебінің 7-«А» сынып оқушысы

Сүлеймен Надыра

© 2010-2022