Сабақ жоспары Шешендік сөздер

Раздел Другое
Класс 9 класс
Тип Конспекты
Автор
Дата
Формат docx
Изображения Нет
For-Teacher.ru - все для учителя
Поделитесь с коллегами:

Қазақ әдебиеті

9-сынып

Сабақтың тақырыбы: Шешендік сөздер

Оқыту мен тәрбиелеудің міндеттері:

а/білімдік: ауыз әдебиетінің бір түрі болып табылатын шешендік сөздер туралы толық мәлімет алуға шақырып,олардың құрылымы мен мазмұнына шолу жасау.

ә/тәрбиелік:,азаматтыққа шақыру,шешендік сөздердің мазмұны арқылы ішкі дүниесі сұлу әрі бай,жан -жақты дамыған тұлға етіп тәрбиелеу,ұлтжандылық пен отансүйгіштікке баулу;

б/дамытушылық:оқушылардың ойлау және сөйлеу қабілеттерін арттыру,жалпы қабілеттілікті дамыту,көркем ойлауды қалыптастыру;

Мақсаты: шешендік сөздердің мәнін аша білу,олардың ауыз әдебиеті үлгілеріне қатысты ерекшеліктерін таба білу және ойларын шешендік сөз үлгілеріне ұқсатып бере білуге тырысу.

Құрал -жабдықтар,көрнекі құралдар:

  • Билердің портреттері;

  • Шешендік сөздер жинағы;

  • Сюжетті суреттер;

  • Кестелер,сызбалар;

  • Кестелер,үлестірмелер;

  • Шығу парағы;

  • бағалау қағазы.

Сабақтың түрі : педагогикалық шеберхана

Әдіс- тәсілдер:сөздік,жаттығу,сұрақ -жауап,көрнекілік,талдау.

Сабақтың барысы:

І.Ұйымдастыру кезеңі

Оқушылармен амандасып,сабаққа қажетті оқу құралдарын даярлатып,сабаққа назар аудартамын.Бүгінгі сабақтың тақырыбы мен мақсатын айтып түсіндіремін.

ІІ.Өткен сабақты сұрап, бекіту.

Ауыз әдебиеті және оның түрлері туралы «Кім жылдам?» ойыны арқылы сұрақтарға жауап беру.

ІІІ.Жаңа сабақ

1.Мұғалімнің кіріспе сөзі.

Қазақ ауыз әдебиетінің ерекше бір жанры шешендік сөздер.Халқымыздың даналығының үлгісі шешендік сөздер ғасырлар бойы халық сынынан екшеліп өткен құндв мұра,асыл қазына.Қазақтың шешендік сөз тарихы Майқы билерден басталып,Жиренше шешен,Асанқайғы есімдерімен қатысты қалыптасып,өркендей түсті.Шешендік сөздің алғашқы үлгілерін халық ауыз әдебиеті туындыларынан,ертегі,аңыздардан ұшыратамыз.Халқымыздың осы асыл мұрасын өзге елдің атақты адамдары мен ғалымдарының жоғары бағалағанына тоқталып,оған мысал ретінде Радлов айтқан сөзді тақтадан көрсетемін.Одан кейін шешендік сөздердің терең ойға,ұтқыр шешімге,тапқыр логикаға құрылатынын айта кетіп,бірнеше сөздер мысалға келтіремін.

2.Жаңа сабақты игертуге арналған сұрақтар:

Шешендік сөздердің ерекшеліктері туралы оқулықтағы тақырыпшаны шолып шығу,түйгендерін жұп болып талқылайды.

3.Жаңа сабақты бекітуге арналған жұмыстар.

Төменгі сыныптарда жаттаған шешендік сөздерді естеріне түсіріп, жатқа айту.

  1. Шешендік сөз не туралы?

  2. Қандай жағдайға байланысты жазылған деп ойлайсыңдар?

  3. Автор қандай көркемдеу тәсілдерін қолданған?

  4. Автор «жаман» деген сөзді неліктен қайталаған?Ұйқас үшін бе әлде шешендік сөздің мағынасын ашу үшін бе?

  5. Осы шешендік сөздің тәрбиелік мәні неде?

4.Жұптық жұмыс тапсырмалары:

  • «Сөзден тәтті нәрсе жоқ» деген сөздің мағынасын түсіндір.

  • Шешендердің ердің құнын екі ауыз сөзбен бітіретіні неден байқалады?

  • Шешендік сөздің негізгі ерекшелігі нелер деп білесіңдер?

  • «Ұқпасқа айтқан сөз жетім» дегенді қалай түсінесіңдер?

  • Шешендік туралы қандай мақал- мәтел,нақыл сөздер білесіңдер?

Бұдан кейін оқушылар берілген шешендік сөздердің құрылысына әдеби талдау жасайды.Дәптерлеріне шешендік сөздердің тақырыбы мен идеясы,көркемдік ерекшелігі мен тәрбиелік мәні туралы талдау түйіндерін жазады.

5.Жаңа сабақты қорытындылау.

Топтық жұмыс тапсырмалары:

Жаңбыр жаумаса- жер жетім,

Басшысы болмаса -ел жетім,

Ұқпасқа айтқан сөз- жетім.

2.Тату болса- ағайын жақын,

Ақылшы болса -апайың жақын,

Бауырмал болса- інің жақын,

Инабатты болса- келінің жақын.

3.Алтын ұяң Отан қымбат,

Құт -берекең атаң қымбат.

Аймалайтын анаң қымбат,

Мейірімді апаң қымбат.

4.Ашу деген- ағын су,алдын ашсаң- арқырар.

Ақыл деген -дария,Алдын тоссаң- тоқырар.

Сөз қуған пәлеге жолығады,

Жол қуған олжаға жолығады.

5.Бай болсаң, халқыңа пайдаң тисін,

Батыр болсаң,жауға найзаң тисін.

6.Дау мұраты -біту,

Сауда мұраты -ұту,

Қыз мұраты- кету,

Жол мұраты- жету.

ІІІ.Сабақты қорытындылау.

Шешендік сөздер туралы нені білді және нені білгісі келетіндерін «Шығу парағына»толтырып береді.

Оқушылардың жауаптарын талдау,бағалау.

Үйге тапсырма:оқулықтағы тақырыпты оқу және хрестоматиядан ұнаған шешендік сөзді жаттап келу,басқаларына талдау жүргізу.



© 2010-2022