ПрОқушы құзыреттілігін қалыптастырудың тиімді әдісі

Оқушы құзыреттілігін қалыптастырудың тиімді әдісі Елбасымыздың Жолдауында «Педагогтар құрамының сапасын арттыру – мұғалімдердің біліктілігін арттыруға талаптарды күшейту» деген болатын. Республика көлеміндегі педагогикалық шеберлік орталықтарында Кембридж тәсілдерін енгізуі жүзеге асырылуда. Дүниежүзіндегі көптеген мұғалімдердің іс-тәжірибесінен тұрақты орын алған оқыту жұмысын ұйымдастыру мен жоспарлаудың негізгі қағидаттарын қолдану орынды да нәтижелі екендігін дәлелдейтін фактілер бүгі...
Раздел Другое
Класс -
Тип Тесты
Автор
Дата
Формат doc
Изображения Нет
For-Teacher.ru - все для учителя
Поделитесь с коллегами:

Павлодар облысы, Ақтоғай ауданы, Жоламан ауылы «Ақтоғай ауданының Ақбидай негізгі мектебі» кмм-сінің қазақ тілі мен әдебиет пәні мұғалімі Мундуинова Асем Ерболатовна

Оқушы құзыреттілігін қалыптастырудың тиімді әдісі

Елбасымыздың Жолдауында «Педагогтар құрамының сапасын арттыру - мұғалімдердің біліктілігін арттыруға талаптарды күшейту» деген болатын.

Республика көлеміндегі педагогикалық шеберлік орталықтарында Кембридж тәсілдерін енгізуі жүзеге асырылуда.

Дүниежүзіндегі көптеген мұғалімдердің іс-тәжірибесінен тұрақты орын алған оқыту жұмысын ұйымдастыру мен жоспарлаудың негізгі қағидаттарын қолдану орынды да нәтижелі екендігін дәлелдейтін фактілер бүгінгі таңда ғылыми-педагогикалық әдебиетте жеткілікті деңгейде кездеседі.

Оқытудағы Кембридж тәсілінің теориялық негіздері - орта білім беру жүйесінде әлемдік жоғары деңгейге қол жеткізген анағұрлым танымал оқыту әдістемелері арасында сындарлы (конструктивті) теориялық оқытуға негізделген тәсіл кең тараған (Hattie, 2009).

Бұл Бағдарламаның басым бөлігі, түрлі тәсілдер қарастырылғанына қарамастан, сындарлы оқыту теориясы негіздерін қамтыған. Бұл теория оқушылардың ойлауын дамыту олардың бұрынғы алған білімдері мен жаңа немесе сыныптағы түрлі дерек көздерінен, мұғалімнен, оқулықтан және достарынан алған білімдерімен астастырыла жүзеге асады деген тұжырымға негізделеді.

Строундтің «Мектеп жұмысы мен оқушы жетістіктерін өрістетудегі негізгі тұлға - мұғалім» деген пікіріне сүйене отырып, мұғалім рөлінің бала бойынан көрінген дарындылықты шыңдаудың қаншалықты маңызды екені айқын.

«Елiмiздiң ертеңі - бүгiнгi жас ұрпақтың қолында, ал жас ұрпақтың тағдыры - ұстаздың қолында», - деп елбасымыз Н.Ә.Назарбаев айтқандай, жас буынның құзіреттілікті қалыптастырудағы білім-біліктіліктің дамуы ұстаздың шеберлігінде және оның сабақ барысында қолданған әдіс-тәсілдерінде болса керек.

Міне, сондықтан Кембридж тәсілдерін сабақта қолданутың маңызы зор. Ол 7 модульден тұрады: 1) білім беру мен білім алудағы жаңа тәсілдер; 2) сыни тұрғыдан ойлау; 3) білім беру үшін бағалау және оқуды бағалау; 4)білім берудегі АКТ-ны (ақпараттық-коммуникативтік технологияны) пайдалану; 5) талантты және дарынды баланы оқыту; 6) оқушылардың жас ерекшелігіне сай білім беру мен оқыту; 7) білім берудегі басқару мен көшбасшылық.

Дәстүрлі сабақтарда қолданылған әдіс-тәсілдер жеке оқушының білім алуында тек қана оқулықпен шектелсе, жаңаша оқытуда оқушы бірлескен топтық жұмыста, ынтымақтастықта жұмыс жасай отырып, өзінің айтпақ ойын еркін жеткізе алады. Оқытудың жаңа әдіс-тәсілдерінде оқушы бір жауаппен шектеліп қана қоймайды, оның шешуші жолдарын анықтайды, идеяның көптігімен ерекшеленеді. Сондай-ақ, оқушының ізденушілік қасиеті де қалыптасады. Оқушы жауапты бір жақты қарамай, түрлі жағдаяттарға сүйене қарастырады.

Мерсер мен Литлтон (2007) өз еңбектерінде диалог сабақта оқушылардың қызығушылығын арттырумен қатар, олардың білім деңгейінің өсуіне үлес қосатынын көрсете алды. Сондай-ақ, Выготскийдің оқыту моделі оқушы диалог құру нәтижесінде білім алады деген болжамы өз тәжірибемде нақты көз жеткізе алдым.

Оқыту оқушылардың оқу үдерісіне белсенді қатысуы, жаңа тақырып пен өткен тақырып бойынша берілген сұрақтарға сыни тұрғыдан ойлауы арқылы жауап беруі, ойлау мен талқылаудың нәтижесінде жаңа тақырып туралы алған ақпаратты бағалап, талдап бере алатындай дәрежеде көрінгенде ғана мұғалім қойған мақсатына жете алады. Сол сияқты осы сын тұрғыдан ойлауы қарсы пікір айтуға, ұқсас шешім қабылдауға, топтастыруды, негізгі дереккөздерін бағалай отырып, соған сәйкес сұрақтар қоюды, болжамдар мен ұсыныстар айтуына ықпал ететін модуль түрі. Бұл модуль түрлері кембридждік тәсілдерден айқын көрінеді.

Брансша айтатын болсақ, «сыныптағы тіл қаншалықты қолданылса, соншалықты оқушылардың оқуына әсер ететіндігі» анықталды тәжірибе барысында. Выготскийдің оқушының диалог құру нәтижесінде білім алатыны да дәлелденді бұл жерде. Сонымен қатар, Мерсердің сипаттауынша, оқушылардың «пікір алмасу» барысында олар тең құқылы серіктес болатынына да көз жеткізілді. Бұған дейін үлгерімі төмен оқушы өзін сыныптастарынан, құрбыларынан төмен сезінсе, білімді бірлесіп алуда (пікір алмасуда) өзін басқалармен тең ұстайтын дәрежеге жету нәтижесі байқалды. Кембридж тәсілдерін сабақ үдерісінде қолданудың тиімділігі - 7 модульді кіріктіру арқылы оқушылардың өздігінен жұмыс жасай алуы. Оқушылардың ойын ашық жеткізуіне бұл оқытудағы жаңа әдіс-тәсілдер мен стратегиялар көп септігін тигізетіндігі анықталды.

Үшінші (базалық) деңгейлік курс төңірегінде игерген білім-білігіммен бөлісуде Ақбидай негізгі мектебі ұстаздарының қатысуымен семинар-тренинг өткізілген болатын. Мұндағы мақсат - ұжым көзқарасын сындарлы оқытуға бұру мәселесі, дәстүрлі оқытудан жаңа әдіс-тәсілдерге көшу жолдарын ашып беру, құзіреттілікке икемдеп, табысты оқытуға жағдай жасату еді. Тренинг барысында сергіту сәті; постер қорғау; «Карусель», «Екі жұлдыз, бір тілек» т.б. әдістері қолданылды. Пән мұғалімдерінің сабақтан алған әсері жағымды эмоцияларынан байқалды. Өз сабақтарында қолданатындарын айтты. Тренинг қызықты әрі есте сақтауға қолайлы әдіс-тәсілдердің сабақ барысында қолдануға болатындығын, сөйтіп, оқушының қызығушылығын арттыра алатындарына көз жеткізді.

А.Байтұрсынұлы: «Мұғалім әрдайым ізденісте болса ғана шәкірт жанына нұр құя алады» деген. Мұғалімнің ізденісі жаңаша оқытудың кепілі болса керек.


© 2010-2022