Білім беру жүйесінде оқушылардың зияткерлік шығармашылығын дамыту

Раздел Другое
Класс -
Тип Другие методич. материалы
Автор
Дата
Формат docx
Изображения Нет
For-Teacher.ru - все для учителя
Поделитесь с коллегами:

Білім беру жүйесінде оқушылардың зияткерлік шығармашылығын дамыту



Кашимова Каршыга Капсеметовна, [email protected]

ШҚО, Семей қаласы

«№38 жалпы орта білім беретін мектеп- лицей» КММ


«Еліміздің ертеңі бүгінгі жас ұрпақтың қолында,

ал жас ұрпақтың тағдырыұстаздардың қолында»

Н.Ә.Назарбаев


Мақсаты: Оқушылардыңзияткерлік-шығармашылық әлеуетін ынталандыру.

Міндеттері:

  • Қазақстан халқының тілін, мәдениетін, тарихын білу негізінде өскелең жас ұрпақтың бойында рухани-адамгершілік әлеуетті қалыптастыру;

  • Оқушылардың зияткерлік шығармашылығын мектеп жасынан дамыту, бала кезінен ғылыми ізденіс жұмыстарына қызығушылығын ояту.

«Ұлт тағдыры - ұрпақтан» деген. Жеткіншек ұрпақтың саналы азамат болып қалыптасуы бүгінгі күнде аса зор үміт күттірер жол болып отыр. ҚР білім беру жүйесін жетілдіру және сапалы деңгейге көтеруді алға тартып отыр. Өз жауапкершілігін сезіне алатын, өздігінен әрекет етуге және қабілетті қайшылықтарды ашуға мейілінше жетілген, оны түрлі өзгерістерге дамытуға қабілетті, шығармашыл, барлық іске сауатты тұлғаны тәрбиелеу басты мақсаттың бірі болып отыр.

Ұлы Абай өзінің қарасөздерінде (43 сөз) бала өмірге келгендегі қабілеттерін әрі қарай дамытуды, шыңдауды қажет ететінін, сонда ғана олар пайдаға асатынын айтып көрсеткен. Ал назардан тыс қалған қабілеттер бара-бара жойылып, жоқ болатынын айтқан.

Білім беру жүйесі - сабақтастығы бар білім беру бағдарламалары мен әр түрлі деңгей мен бағыттағы мемлекеттік білім беру стандарттары жүйесінің, оларды әртүрлі ұйымдастыру құқықтық формадағы, типтегі және түрдегі білім беру мекемелерінде іске асырушы тармақтардың, сонымен бірге білім беруді басқару органдары жүйесінің жиыны.

Қазіргі білім беру жүйесінің мақсаты - бәсекеге қабілетті маман дайындау. Мектеп - үйрететін орта, оның жүрегі - мұғалім. Ізденімпаз мұғалімнің шығармашылығындағы ерекше тұс - оның сабақты түрлендіріп, тұлғаның жүрегіне жол таба білуі. Ұстаз атана білу, оны қадір тұту, қастерлеу, арындай таза ұстау - әр мұғалімнің борышы. Ол өз кәсібін, өз пәнін, барлық шәкіртін, мектебін шексіз сүйетін адам.

Өзгермелі қоғамдағы жаңа формация мұғалімі - педагогикалық құралдардың барлығын меңгерген, тұрақты өзін-өзі жетілдіруге талпынған, рухани дамыған, толысқан шығармашыл тұлға құзыреті. Жаңа формация мұғалімі табысы, біліктері арқылы қалыптасады, дамиды. Нарық жағдайындағы мұғалімге қойылатын талаптар : бәсекеге қабілеттілігі, білім беру сапасының жоғары болуы, кәсіби шеберлігі, әдістемелік жұмыстағы шеберлігі.

Қазіргі кезде теорияда және практикада оқушылардың білім беруде зияткерлік- шығармашылық қабілетін дамытуға және танымдық әрекетінің белсенділігін арттыруға көп көңіл бөлінеді. Зияткерлік - адамның өмір шындығында өзін-өзі тануға ұмтылуы, ізденуі.

Зияткерлік-шығармашылық жаңаны сапалы құрудағы әрекет. Әрбір мұғалім өзінің оқушыларының жақсы оқығанын, мектепке қызығушылықпен, ынтасымен келгенін қалайды.

Бірақ оқушылардың көбі білімге қызықпайды, оқуға өз еріктерімен ниеттенбейді. Оқушылардың білімге деген қызығушылықтарын арттыру үшін қандай педагогикалық тәсіл қолдану қажет? Егер оқушының білімге, оқуға қызығушылығы болмаса, онда оның жақсы оқуы мүмкін емес. Сондықтан оқушылардың қызығушылығын арттырып, дамытып және қалыптастырып отыру қажет.

Шығармашыл балалар тәуелсіздігімен, өзін-өзі ұстау тәртібімен, өзіндік ойлау қабілетімен, әркелкі шешім табуымен, өнертапқыштығымен ерекшеленеді. Мектеп оқушыларының қабілетін арттыру, білімге қызығушылығын, зияткерлік-шығармашыл деңгейге көтеру әр пән мұғалімдерінің атқаратын жұмыстарының бірі.

Зияткерлікқабілеттер:

  • тәуекелшілдікқабілет;

  • ойлау мен әрекеттеикемділік;

  • өзіндікидеяларынайтабілужәнежаңабірнәрсеніойлап табу

қабілеті;

  • бай қиял;

  • әркелкінәрселердіқабылдау;

  • жоғарыэстетикалыққұндылықтар.

Мектепте кез келген пәнді оқытуды жаңа тақырыпты меңгеру үшін оқытушы оқушының қызығушылығын арттыру үшін әртүрлі шаралар ұйымдастыру отыру қажет. Информатика пәні басқа пәндерге қарағанда оқушы үшін қызықты пән болып саналады, себебі сабақта дербес компьютерді қолданудың өзі оқушыға ұнайды. Бірақ, көптеген оқушылар дербес компьютерді тек ойын үшін қолдануды қалайды, ал оқушыларға компьютерді тек ойын үшін емес, жұмыс жасау үшін пайдалануды үйрету қажет. Сондықтан информатика сабағында да оқушылардың көзқарасы бойынша керек емес теорияны қабылдаулары қажет.

Осы мәселені шешу үшін дамыта оқыту әдістемесін байланыстыру керек. Оқушылар сабақта жігерлі жұмыс жасау үшін оқытудың белсенді әдістерін қолдануды талап етеді. Ондай әдіс оқыту процесінде оқушылардың белсенділігін арттыру мақсатында жоғары қызығушылығымен өзгешеленеді. Оқытудың белсенді әдісін сабақта қолданғанда оқушы есепті өз еркімен шешуді талап етеді. Оқушылардың өз беттерімен алған білімдері факт ретінде берілген білімге қарағанда ұзақ уақыт ұмытылмай естерінде сақталады.

Оқушылардың зияткерлік - шығармашылығын арттыру барысында информатика сабағында көбіне жобалау технологиясын қолдануға тура келеді.

«Жоба» сөзі информатика пәнінің оқытушыларына анағұрлым жақын. Информатикада жоба дегеніміз, жұмыстың нәтижесін презентациясымен қандай да бір проблеманы дербес түпкілікті зерттеу түсінігі - бұл әрине, компьютерлік бағдарлама. Бізге оқушыларды дербес ізденетін және зерттеу жұмыстарына үйрететін дағдыларға үйрететін жол табу керек, ол оқытудың себептерін арттыратын еді және оқушылардың бойында әлемнің тұтас көрінісін қалыптастыруға мүмкіндік береді. Жобалау қызметі - көрсетілген мақсатқа жетуге болатын тәсілдердің бірі. Жобалық білім беру жүйесі негізінде оқушылардың білімді өзіндік іздену процесі жағдайында шығармашылық қырынан меңгеру, яғни жобалау жатады. Жобалау өнімі - сөйлеу мәтіні, реферат, баяндама және т.б. ретінде келетін оқу жобасы.

Жобалық оқытудың өз мәнінде тұлғаға бағытталғандығы маңызды болып табылады, ол оқушыларға өзінің және өзгелердің тәжірибесінен үйренуге мүмкіндік береді. Бұл оқушылардың дүниетанымдық қызығушылығын арттырады, өз еңбегі нәтижесінен қанағат алуға мүмкіндік береді, оқуда жетістікке жету жағдайын жете ұғуға көмектеседі.

Жобалау әдістері:

  • оқушыларға сол немесе басқа білімнің сомасын беру қажеттігі ғана емес, бұл білімді дербес қанша игеруге болады, жаңа танымдық және практикалық міндеттерді шешу үшін меңгерілген білімді пайдалана білу;

  • коммуникативтік қабілет пен дағдыны меңгерудің өзектілігі, яғни түрлі әлеуметтік рольдерді қолдана отырып түрлі топтарда жұмыс істеу (лидердің, орындаушының, т.б.);

  • көпшілік адамдармен араласу, түрлі мәдениеттермен, бір проблемаға деген түрлі көзқараспен танысу;

  • адамның дамуы үшін зерттеу әдістерін пайдалана білудің маңызы: қажетті ақпаратты, фактілерді жинау; оларды түрлі көзқарас тұрғысынан сараптай білу, қорытынды жасау.

Жобалық әдістемені қазіргі білім беруде пайдаланудың қажеттігі білім беру жүйесіндегі оқушының анағұрлым толыққанды тұлғалық дамуына, оны шынайы қызметке дайындаудың кезекті тенденциясына негізделген.

Информатикадан танымдық жұмыстарды жүргізу - информатикадан үйірме жұмыстары. Үйірме ─ сыныптан тыс жұмыстардың ең тиімді әдісі. Біздің мектепте «КомпьютерСтан» үйірмесі жұмыс жасайды. Оған 7-8 сынып оқушылары қатысады. Олар үйірмеде информатикадан алған білімдерін тереңдете түседі. Пән бойынша өтетін олимпиадаларға дайындалады, апталық қабырға газеттерін шығарады, пәндік апталықтарға, сайыстарға және конференцияларға дайындалады. Әр түрлі сөз жұмбақтарды құрастырып, оларды шешеді.

«Қазіргі заманда жастарға ақпараттық технологиямен байланысты әлемдік стандартқа сай мүдделі жаңа білім беру өте қажет» деп, Ел басы атап көрсеткендей жас ұрпаққа білім беру жолында ақпараттық технологияны оқу үрдісінде оңтайландыру мен тиімділігін арттырудың маңызы өте зор.

Ақпараттық - коммуникациялық технологияны оқу тәрбие үрдісіндегі қолдану оқушының өз мамандығына қызығушылығын арттырып, зияткерлік шығармашылық шабытын шыңдап, ғылыми көзқарасын қалыптастырып, мамандық сапасын арттырып, еңбек нарығындағы бәсекеге қабілетті мамандар даярлауда үлесі мол.

Абайдың: «Ұстаздық еткен жалықпас үйретуден балаға», - деген өлең жолдары еріксіз ойға оралады. Егер әр шәкірт өмірде бір кірпіш болып қаланып, ұстаздан шәкірт озып жатса, төккен тер мен адал еңбектің ақталғаны емес пе?! Қазіргі білім беру саласы қызметкерлерінің алдында тұрған басты міндет - «Жас ұрпаққа заман талабына сай білім беру» біз осыны мінсіз атқаруға тиіспіз.

Пайдаланылған әдебиеттер

Кітаптардан:

1.Балапанов Е.Қ., Бөрібаев Б. «Информатикадан 30 сабақ», «Жаңа информатикалық технологиялар». Алматы-2001 ж.

2.Халықова Қ.З. «Информатиканы оқыту әдістемесі», Алматы - 2000 ж.

3.Молодцов В.А.,РыжиковаН.Б. «Современныеоткрытыеурокиинформатики»,

РОСТОВ-на-ДОНУ-2002г.

Мақала мерзімдік (журнал, газет) басылымдардан:
1.Назарбаев Н.Ә. Қазақстан-2030: Барлық Қазақстандықтардың өсіп-өркендеуі, қауіпсіздігі және әл-ауқатының артуы: Ел Президентінің Қазақстан халқына жолдауы. Алматы: Білім, 1997,176б.
2.Қазақстан Республикасы 2015 жылға дейінгі білім беруді дамыту Тұжырымдамасы. Астана, 2004ж.
3.С.Назарбаева. Өзіңді өзің танып - білу бұл да ғылым. Егемен Қазақстан-2004ж.
4.«Информатика негіздері» журналы, 2012 жыл, №1,3,6



© 2010-2022