Ашық тәрбие сағаты Көрікті көктем аруы

Раздел Другое
Класс 2 класс
Тип Другие методич. материалы
Автор
Дата
Формат docx
Изображения Нет
For-Teacher.ru - все для учителя
Поделитесь с коллегами:

05.03.2016 ж

«КӨРІКТІ КӨКТЕМ АРУЫ»! САЙЫСЫ
Тақырыбы: «Көрікті көктем аруы».
Білімділік: Қыз балалардың жан дүниесіндегі көркемдік талғамын қалыптастыру.
Дамытушылық: Балалардың танымдық және шығармашылық қабілетін, эстетикалық талғамын, шеберлігін дамыту.
Тәрбиелік: Көпшілік алдында өзін - өзі ұстай білуге, әдептілікке, мейірімділікке, сұлулыққа тәрбиелеу.
Жүргізуші: Армысыздар, құрметті әріптестер, аяулы ата - аналар, көрікті қыздар. Көктемнің алғашқы 8 - наурыз мерекесі құтты болсын!
Өмірдің иесі сен ғана ғазиз ана,
Келтірген дүниеге нелер дана.
Анасыз батыр да, жоқ ақын да жоқ,
Өмірдің алтын кілті сонда ғана.
Деп жырлағандай бүгінгі 2 сынып оқушыларының « Көрікті көктем аруы» қыз сыны сайысына қош келдіңіздер!
Қыз сыны, қыз өнері, қыз әдебі,
Тал бойына жарасқан күлкі әлемі.
Бір көріп таң қалдырмай сахнада,
Өмірде сақталсыншы бұл әдебі - деп ару қыздарымызды ортаға қошаметпен шақырайық.
Ер балалар қыздарды ортаға алып секіреді. Қоржыннан реттік нөмірлерін суыру.

Жүргізуші: Өнерпаздар өнерін салыстырып,
Бәйге үшін терлетер шабыстырып.
Әділдікті қолдайтын баға беріп,
Жіберейік әділқазыларды таныстырып.
Жүргізуші әділқазы алқаларымен таныстырады.

Сайыс 6 - бөлімнен тұрады.
1. Таныстыру. «Сәлем - сөздің атасы» - деп аталады, әр ару өзін - өзі таныстырады. Бұнда аруларымыздың көркемдігі және сырт сымбаты, жүріс - тұрысы сынға түседі. (5 мин)
2. «Өнерлі өрге жүзеді» Бұл бөлімде аруларымыз өз өнерлерін көрсетеді.(ән айту, би билеу, мәнерлеп оқу . өнерлерін көрсетуге болады.)
3. «Шеберлік шыңға жеткізер» түсті қағаздан ою қиып, әдемі етіп жапсыру.

4. «Қыздарға әсемдік жарасады» Сән үлгісін көрсету.Міндетті түрде қазақ киім көрсетілуі тиіс.
5. «Дәм - думан». Бұл бөлімде дайындап алып келген тағамды қалай жасағанын айтып қорғау.

6. «Бәйге» салт - дәстүр, әдет - ғұрып, жөн - жоралғы жөнінде сұрақтарға жауап беру.

Жүргізуші: Сайысымыздың алғашқы бөлімі «Таныстыруға» кезек берейік.
Өнер қуып арулар өтер дейміз,
Бір басына өнері жетер дейміз.
Сайысқа түскен қыздар кезектесіп,
Өздерін таныстырып өтер дейміз.

(Қыздар өздерін таныстырады.)

Жүргізуші:

Жадырап сәуле бейне күн дидары.
Бұлбұлдай дауысыңмен ән силашы,
Күй тартып, би де биле, өлең оқы
Аруға қай өнер де жарасады деп,- ендігі кезекте « Өнерлі өрге жүзер» бұл бөлімде аруларымыз өз өнерлерін көрсетеді.

Жүргізуші:

Ою - өрнекті қию
Сымбатына сай киім жарасатын,
Аспандағы айменен таласатын.
Өнеріне сәні сай келіп тұрған,
Аруларға қызығып қарасын деп, - келесі сайысымыз шығармашылық қолөнер сайысы.Әр ару қызымыз қазақ халқының ою - өрнегін қияды.

3. «Шеберлік шыңға жеткізер» түсті қағаздан ою қиып, әдемі етіп жапсыру.

(5 минут уақыт беріледі.)

Жүргізуші: Аруларымыздың жасаған жұмыстары дайын болғанша ер балаларымыздың аналарға арнаған әнін тамашалайық.( Альфараби,Мансұр,Сержан)

Аяқтағаннан соң әр жасалған жұмысқа баға беріледі.

Жүргізуші:

Сұлулық табиғаттан басталады,
Көктеммен олар бірге шаттанады.
Бәйшешектей құлпырып, гүлдей жайнаған.
Сүйкімді қыздарымызды ортаға шақырамыз.

4. «Қыздарға әсемдік жарасады» Сән үлгісін көрсету.Міндетті түрде қазақ киім көрсетілуі тиіс.(Әр ару қазақтың ұлттық киімін көрсетеді. Қатысушылардың сән үлгісіне ерекше мән беріледі)

. 5. «Дәм - думан». Бұл бөлімде дайындап алып келген тағамды қалай жасағанын айтып қорғау.

6. «Бәйге» салт - дәстүр, әдет - ғұрып, жөн - жоралғы жөнінде сұрақтарға жауап беру

«Білімді мыңды жығар, білекті бірді жығар» демекші, сайысымыздың келесі . «Бәйге» кезеңінде қыздардың салт - дәстүрге , , әдет - ғұрып, жөн - жоралғыға байланысты білімін сынайық.

Жүргізуші: Әділқазылар әділ бағасын бергенше ұлдарымызбен қыздарымыздың әнін тамашалайық.

Ән: Хор
Балалар аналарына гүл шоқтарын сыйлайды.
«Жүзден жүйрік мыңнан тұлпар» демекші бүгінгі сайысымызды таразылап әділ бағасын береді деген оймен келесі сөзді әділқазылар алқасына береміз. Жеңімпаздарды марапаттау.
Би билеп ән мен күйде аяқталды
Уақытта біраз жерге таяп қалды
Көктеммен қоса келген
Ару қыздар, аналар мерекесі аяқталды.
Құттықтау сөз кезегін ата - аналарға ұсыну.


© 2010-2022