Етістіктің шақтарын қайталау. Н. Ә. Назарбаев-ұлт көшбасшысы

Раздел Другое
Класс 10 класс
Тип Конспекты
Автор
Дата
Формат docx
Изображения Есть
For-Teacher.ru - все для учителя
Поделитесь с коллегами:

Етістіктің шақтарын қайталау. Н.Ә.Назарбаев- ұлт көшбасшысы.Етістіктің шақтарын қайталау. Н.Ә.Назарбаев- ұлт көшбасшысы.Етістіктің шақтарын қайталау. Н.Ә.Назарбаев- ұлт көшбасшысы.Сабақтың тақырыбы:

Етістіктің шақтарын қайталау. Н.Ә.Назарбаев- ұлт көшбасшысы.

Сабақтың мақсаты:

Білімділік: етістіктің шақ категориясы туралы түсініктерін бекіту, шақтық мағынаны білдіретін етістіктердің морфологиялық құрылымын ұғындыру.

Дамытушылық: етістіктің қолданыстағы маңызын, қызметін аша түсетін жаттығулар арқылы оның күрделі, ауқымы кең сөз табы екендігіне көз жеткізу;

Тәрбиелік: Елбасымыз туралы деректерді білу, ел үшін атқарып жатқан ісі туралы түсіну, тұрмыс- тіршілігін түсіне отырып, өзара қамқорлық жасауын үлгі ету.

Өту түрі: брейн- ринг жұптық ойыны.

Өту әдісі: сұрақ- жауап, түсіндіру, шығармашылық іздену.

Көрнекілігі: слайд, топшамалар.

Пәнаралық байланыс: әдебиет, математика.

Сабақтың өту барысы:

І.Ұйымдастыру кезеңі: сәлемдесу, түгендеу, сабаққа бейімдеу.

Ой қозғау.

Біліміңді байқап көр

1.Етістіктің шақтары дегеніміз не?

2.Шақтың қандай түрлері бар?

3.Осы шақ дегеніміз не?

4.Нақ осы шақ қалай жасалады?

5.Қалып етістіктерінің ерекшелігі неде?

6.Келер шақ деген не?

7.Келер шақтың қандай түрі бар?

8.Келер шақ қалай жасалады?


9.Өткен шактың қандай түрлері бар?

« Етістіктің шақтары мен әдебиет»

1.Жас қартаймақ, жоқ тумақ, туған- өлмек,

Тағдыр жоқ өткен өмір қайта келмек.

Басқан із, көрген қызық артта қалмақ,

Бір құдайдан басқаның бәрі өзгермек. (Абай)

2. Заманда басқан аяқ кейін кеткен,

Жасымай Алашына қызмет еткен.

Болса да қалың тұман, қараңғы түн,

Туатын бақ жұлдызына көзі жеткен. (С.Торайғыров)

3. Қалың орманның өрт шалған тұстары түскен тістің орнындай кетіліп, қап-қара болып опырайып тұр.

Көрінген бұтаны бой таса жасап, қалаға қарай жалғыз әйел келе жатыр. (Ғ.Мүсірепов.)

Мәтінмен жұмыс. «Н.Ә.Назарбаев- ұлт көшбасшысы»

Мәтінді оқи отырып, негізгі ой берілген сөйлемді тап, етістіктердің шағын анықта.

Н.Ә.Назарбаев 1940 жылы Алматы облысы, Қарасай ауданы, Шамалған ауылында туылған.

Орта мектепті бітіргеннен кейін, 1958 жылы Теміртау қаласында Қарағанды металлургия комбинатында жұмыс істейді. Қарағанды политехникалық институтын бітіргеннен кейін, 1970 жылы Теміртау қаласының партия комитетінде басшылық қызмет атқарды Өндірістік, экономикалық және әлеуметтік проблемаларды жетік білуі, халықпен тіл табыса алуы,көзқарасын дәлелдей білуі Н.Ә.Назарбаевтың қызметінің тез өсуіне жағдай жасады.

Н.Ә.Назарбаев 1979 жылы Қазақстан компартиясының хатшысы, ал 1984 жылы еліміздің Министрлер кеңесінің төрағасы болды. 1989 жылы Қазақстан компартиясының Бірінші хатшысы болып сайланды. Қазақстан өз тәуелсіздігін алды. 1990 жылы Қазақ КСР- ның Президенті болып сайланды. 1991 жылы желтоқсанда Н.Ә.Назарбаев бүкіл халықтың дауыс беруі нәтижесінде ҚР Президенті болып сайланды.

Тәуелсіз Қазақстанның іргетасын қалап, шекарасын шегелеп, болашаққа бағыт- бағдар берген тұңғыш Президенттің халық алдындағы еңбегі ұшан- теңіз.

Оқушылар жұп болып отырады.

ІІІ деңгейлік тапсырма беріледі.

І деңгей- қызыл тапсырмалар

ІІ деңгей- көк тапсырмалар

ІІІ деңгей- сары тапсырмалар.

«Жүйрік болсаң, шауып көр!»

Сары кәртішкедегі тапсырмалар.

Блиц- турнир ойланбай жауап беру.

І топқа: №1. Сөйлемдегі етістікті тап, қай шақта? Елбасының сындарлы саясаты арқасында елімізде тыныштық пен татулық орнап отыр.

№2. Ауыспалы келер шақтың жұрнақтарын ата.

№3. -атын, -етін жұрнақтары қай шақтікі?

ІІ топқа: №1. Н.Ә.Назарбаев заманын таныған, болашағын болжаған ірі саясаткер.

№2. Мақсатты келер шақтың жұрнақтарын ата.

№3. -ып, -іп,-п жұрнақтары қай шақтікі?

ІІІ топқа: №1. Бүгінде Қазақстан кемел ел, ынтымағы жарасқан мемлекетке айналды.

№2. -ған, -ген жұрнақтары қай шақтікі?

№3. Ауыспалы өткен шақтың жұрнақтарын ата.

«Мықты болсаң, тауып көр!»

Көк кәртішкедегі тапсырмалар.

І топқа: №1. Мақалды етістікті қоя отырып аяқта, шағын анықта.

Есті бала ер жетіп,елдің қамын -------------- .

Ессіз бала кері кетіп, есерлігін -------------- .

№2 . Сөйлемге синтаксистік талдау.

Н.Ә.Назарбаев орта мектепті бітіріп, Теміртау қаласына Қарағанды

металлургия комбинатына жұмысқа тұрды.

№3.Өлеңнің тақырыбы мен мен авторын және өлеңдегі әдеби- көркемдегіш құралдарды табуы қажет.

Туырлығын -------- ,

Тоқым етсем деп едім,

Тақта --------- хандардың,

Төрде отырған ханымын...

ІІ топқа: №1. . Мақалды етістікті қоя отырып аяқта, шағын анықта:

Отызда орда ------------------ ,

Қырықта қамал -------------------- .

№2. «Теміртау» сөзіне математикалық талдау жаса.

№3. Өлеңнің тақырыбы мен мен авторын және өлеңдегі әдеби- көркемдегіш құралдарды табуы қажет.

Жақсы жігіт сөзіне сақ -----------.

Қыранның қырдан --------- баласындай.

ІІІ топқа: №1. . Мақалды етістікті қоя отырып аяқта, шағын анықта:

Екпей егін------ ,

Үйренбей білім ------ .

№2. Мына етістіктерді сөз құрамына талда: болды, сайланды, істейді,

атқарады, туылған, бітірген.

№3. . Өлеңнің тақырыбы мен мен авторын және өлеңдегі әдеби- көркемдегіш құралдарды табуы қажет.

Мен жазбаймын өлеңді ермек үшін,

Жоқ- барды, ертегіні --------- үшін.

Көкірегі сезімді, тілі орамды,

------- үлгі жастарға бермек үшін

Ойлы болсаң, озып көр!»

Қызыл кәртішкедегі тапсырмалар.

І топқа: №1. Осы шақта «Менің Қазақстаным» тақырыбына ойтолғау жаз.

ІІ топқа: №1. Келер шақта «Менің Қазақстаным» тақырыбына ойтолғау жаз.

ІІІ топқа: №1. Өткен шақта «Менің Қазақстаным» тақырыбына ойтолғау жаз.

Мұғалім сөзі: Еліміздің өтпелі де ауыр кезеңінде Елбасы көптеген әлеуметтік экономикалық және саяси реформалар жүргізіп, қоғамымызды тығырықтан алып шыға білді.

Тұтас мемлекетті қалыптастырды, басқару жүйесін реттеді, шекарамызды нығайтты, халықтың жағдайын түзеді.

Венн диаграммасы.

Ауыспалы осы шақ ұқсастықтары Ауыспалы келер шақ

Мысал ойлап жаз.



Жедел өткен шақ

Табыс септік

Нақтылау шылау

Жіктік жалғау


Сабақты бекіту.

«Сандар сөйлейді»

1940 1970 1979 1989 1990 1991

Сәйкестендіру тесті.

1.Ауыспалы осы шақ

А)етістік (-мақ, -мек, -бақ, -бек, -пақ, -пек)

(-шы, -ші) жіктік жалғауы

2.Мақсатты келер шақ

Б) етістік (-а, -е, -й) жіктік жалғауы

3.Бұрынғы өткен шақ

В) етістік (-атын, -етін, -йтын, -йтін) жіктеледі

4.Жедел өткен шақ

С) етістік (-ар, -ер, -р) жіктеледі

5.Ауыспалы өткен шақ

Д) етістік (-ды, -ді, -ты, -ті) жіктік жалғауы

6.Болжалды келер шақ

Ж) етістік (-ған, -ген, -қан, -кен), (-ып, -іп, -п) жіктік жалғауы

7.Ауыспалы келер шақ

З) етістік (-а, -е, -й) жіктік жалғауы

8.Нақ осы шақ

И) етістік (-ып, -іп, -п, -а, -й, -е) қалып етістіктері

Үйге тапсырма: Етістік тарауын қайталау.









© 2010-2022