Оқыту процесінде ақпараттық –коммуникативтік технологияны қолдану

Раздел Другое
Класс -
Тип Другие методич. материалы
Автор
Дата
Формат doc
Изображения Нет
For-Teacher.ru - все для учителя
Поделитесь с коллегами:

Қазақстан Республикасының Білім және Ғылым Министрлігі

Семей көп салалы колледжі









Баяндама


«Оқыту процесінде ақпараттық -коммуникативтік технологияны қолдану»

(Әдістемелік отырыста оқылған баяндама)





Дайындаған:

Жаратылыстану пәндерінің оқытушысы

Танбаева Н.С.




Семей 2015 жыл

Оқытуда ақпараттық -коммуникативтік технологияны қолдану


Қоғамды ақпараттандыру - бұл глобалды әлеуметтік процесс, өйткені қоғамдық өндіріс саласында қазіргі заманғы микропроцессорлық және есептеуіш техника, сонымен қатар ақпаратты алмасудың әртүрлі құралдары базасы негізінде жүзеге асатын басты қызмет түрі ақпаратты жинау, жинақтау, өңдеу, сақтау, тасымалдау және пайдалану болып табылады. Қоғамды ақпараттандыру қамтамасыз етеді: баспа қорында, ғылыми, өндірістік және басқа да қызмет түрлерінде шоғырланған, үнемі дамудағы қоғамның интеллектуалды потенциалын, қоғам өндірісінің барлық саласының дамуын көрсететін ғылыми, өндірістік ақпараттық технологияларын интеграциялау, еңбек қызметін интеллектуалауды белсенді түрде пайдалану; ақпараттық қызмет етудің жоғарғы деңгейі, қоғамның кез келген мүшесінің шынайы ақпаратты алу мүмкіндігі, көрсетілетін ақпаратты визуалдау, пайдаланылатын мәліметтер маңыздылығы. Ақпараттық жүйенің қандай да бір саласындағы, белгілі бір уақыт кезеңінде қоғамға қолайлы болатын, ақпараттың барлық массивін пайдалануға негізделген ашық ақпараттық жүйелерді пайдалану, қоғамды адамгершілікке және демократияландыруға жетелейді, оның мүшелерінің әл-ауқатының деңгейін көтереді.

Қоғамды ақпараттандырумен байланысты өтетін процестер тек қана ғылыми - техникалық прогрестің қарқынды дамуы мен адамның қызметінің барлық түрлерін интеллектуалдауға әсер етіп қана қоймай, сонымен қатар индивидтің шығармашылық потенциалының дамуын қамтамасыз ететін социумның сапалы жаңа ақпараттық ортасын жасауға мүмкіндік береді. Қазіргі заманғы ақпараттану процесінің басты бағыттарының бірі оқыту мен тәрбиелеудің психологиялық, педагогикалық мақсаттарын дамытуға бағытталған білімді ақпараттандыру - бұл білім саласын методология, зерттеу тәжірибесі мен қазіргі заманғы жаңа ақпараттық технологияларды (НИТ) оптималды пайдалануды қамтамасыз ету процесі. Бұл процесс ғылыми - педагогикалық ақпараттардың автоматтандырылған мәліметтер базасы ақпараттық - әдістемелік материалдар, коммуникациялық желілерді пайдалану негізінде білім жүйесін басқару механизмін жетілдіру; қазіргі заманғы ақпараттандыру кезеңінде оқитын жеке адам дамуы мәселелеріне сәйкес келетін оқыту мен тәрбиелеудің әдістері мен ұйымдастырушылық формасының мазмұны стратегиясын іріктеу мен методологисын жетілдіру; білімгерлердің интеллектуалды потенциалының дамуына, білімді өз бетінше алуды қалыптастыру, ақпараттық оқу, эксперименталды - зерттеу қызметін жүзеге асыру, ақпаратты өңдеуде әртүрлі жеке әрекеттерге бағытталған оқытудың әдістемелік жүйелерін жасау; оқушы білімінің деңгейін бағалау мен бақылауды жүзеге асыратын компьютерлік тестілеу әдістемелерін жасау және пайдалану. Өндіріске автоматтандырылған жүйелерді, программалық басқарудың микропроцессорлық құралдар мен құрылғылар, роботтар және өңдейтін орталықтарды ендіруге негізделген ғылыми-техникалық прогрестің дамуы қазіргі заманғы педагогикалық ғылым алдына маңызды мақсат қоюда - ақпараттандырумен байланысты қазіргі заманғы қоғам дамуының жаңа сатысына белсенді түрде қатысатын жас ұрпақты тәрбиелеу және дайындау. Жоғарыда айтылған мақсатты жүзеге асыру - қоғамның әлеуметтік тапсырысын орындау - түбегейлі түрде оқу орындарының перифериялық құрылғылары, оқу,

демонстрация құрылғылары бар электронды есептеуіш техникасымен қамтамасыз етілуіне байланысты.

Қоғамның еңбекке жарамды халқының жоғары кәсіптік бөлігінің интеллектуалды қызметінің өнімі болып табылатын, ақпараттық ресурстарды барлық жерде пайдалану, жас ұрпақтан творчес белсенді резервті дайындау қажеттілігін анықтайды. Сондықтан жаңа ақпараттық технологиялар құралдарын пайдалану оқыту дамытудың, оқушының жеке дамуына әсері мол. Сонымен қатар индивидтің шығармашылық потенциалын дамыту, оқушының өз қызметінің нәтижесін талдай білуін қалыптастыру, қойылған мақсаттарына жетудің жолдары мен әдістерін таңдау стратегиясын жасау болып табылады.

Оқу процесін интенсификациялау, оның тиімділігі мен сапасын көтеру мақсатында жаңа ақпараттық технологиялар құралдарын тиімді пайдаланылуын анықтауға бағытталған, психологтік-педагогикалық және әдістемелік құралдармен қамтамасыз етілу маңызды мәселенің бірі.

Жоғары оқу орнының негізгі мақсаты - жаңа ақпараттық кеңістікте актуалды педагогикалық міндеттерін шешу мен қажетті біліммен қаруланған, инновациялық процестерді басқару үшін компьютерлік техниканы пайдалана алатын жаңа типті мамандарды дайындау. Бұл мақсатқа жету төмендегі міндеттерді орындаумен байланысты:

  • Педагогикалық оқу орнында оқу - тәрбие процесінің интеллектуалды ақпараттық жүйесін жасау, яғни жоғары оқу орнының ақпараттануының мақсаттары мен міндеттерін түсіну, әдістемелік, ұйымдастырушылық және техникалық жасақталуын қамтамасыз ету;

  • келесі сұрақтар бойынша барлық мамандықтардың педагогикалық мамандарының біліктілігін жоғарылату мен дайындау; компьютерлік техниканы пайдалану, математикалық модельдеу мен программалауды, жаңа ақпараттық технологиялар негізінде магистранттар, аспиранттар, докторанттарды дайындау, жоғары оқу орнынан кейінгі біліктілігін көтеру;

  • программалық құралдар жасау, стандартты қолданбалы программалар пакетін меңгеру, эксперттік жүйелерді жасау, педагогикалық міндеттерге қатысты білімгерлерді дайындауды қамтамасыз ететін оқыту материалдарын жасау;

  • жоғары оқу орны сапасын бағалаудың ұлттық жүйесі негізінде үздіксіз бағалау мониторингін ұйымдастыру; оқыту сапасын бағалау жүйесін жасау және жоғары оқу орын рейтингісін анықтау(лицензиялау, аттестация, мемлекеттік аккредитация, рейтинг); білім сапасын бағалаудың жоғары оқу орын жүйесін жасау;

  • ақпараттану құралдарын жоғары оқу орнында, жатақханада және мекен-жайында тәрбиелеу процесінде пайдалану;

  • қазіргі заманғы ақпараттық технологиялар мен телекоммуникация құралдарын білімгерлер мен оқытушылардың ғылыми-зерттеу жұмысында қолдану; білімгерлердің шығармашылық ой санасын дамыту;

  • оқу, педагогикалық, дипломдық практикаларында білімгерлер болашақ педагогтарды дайындауды басқаратын жүйелер жағдайында жұмыс істеуді үйрену;

  • үнемі компьютерлер паркін, видеотехника және байланыс құралдарын жаңарту; материалдық техникалық қамсыздандыру мен ақпараттық технологиялар орталығын сервистік қызмет етуді ұйымдастыру;

  • сырттай оқитын білімгерлер үшін ара қашықтықта оқытуды енгізу;

  • жоғары оқу орын сайтын ұйымдастыру.

Ақпараттық қоғамда сапалы оқыту мәселесі бар және үздіксіз білім беру әрбір адам өмірінің бөлігі болып табылады. Базалық ақпараттық технологиялар актуалды. Оларға ақпаратты сақтау мен өңдеу технологиялары, офистік технологиялар, мультимедия технологиялары, геоақпараттық технологиялар, ақпаратты қорғау технологиялары, CASE - технологиялары, телекоммуникациялық технологиялар. Оқытудағы жоғарыда көрсетілген технологиялар ғылыми-техникалық прогресс этапында кең тараған:

  • электронды оқулықтар, оқу пособиялары, тренажерлер, зертханалық практикумдар, білімді тестілеу жүйелері түріндегі оқытушы жүйелер.

  • видеотехника, CD-ROM - ды пайдалану арқылы құрылған мультимедиа-технология базасы негізгі жүйелері.

  • оқыту процесі мен оқыту зерттеулерінде практикалық мәні бар интеллектуалды оқытудың экспертті жүйелері.

  • ақпараттық ресурстарға тікелей және қашықтықтағы мәліметтер базасы мен білім негізіндегі ақпараттық орталар;

  • электронды үстелді типография;

  • электронды кітапханалар;

  • геоақпараттық жүйелер;

  • әртүрлі қызметтегі ақпаратты қорғау жүйелері;

  • электронды поштамен жұмыс істеуді қамтамасыз ететін телекоммуникациялық жүйелер, телеконференция және әлемдік коммуникациялық желілерге шығу.

Ақпараттық қоғамның құрылу және оны құрайтын білімді ақпараттандыру мәселелері цивилизацияның тұрақты дамуы мәселелерімен тығыз байланыста қарастырылуы қажет. Білім беру жүйесінің моделі цивилизацияның тұрақты дамуы моделіне білімнің бейімделуін ескере отырып, қалыптасуы қажет, осыған байланысты болашақ ақпараттық қоғамның қажеттілігін өтеуге бағытталған білім беру жүйесінің дамуы мәселесі пайда болады. Тек қана білім жаңа ақпараттық мәдениеттің негізі бола алады; қазіргі кезде педагогтің, тәрбиешінің, мектеп мұғалімінің және жоғарғы оқу орнының оқытушысының ақпараттық мәдениетіне ерекше көңіл аудару керек.

Білімді ақпараттандыру мәселелері информатиканың қазіргі заманғы жетістіктерімен және олардың білім саласында пайдалану методолгиясымен анықталады. Осы жерде информатиканың үш деңгейін көрсетуге болады:

  • есептеуіш техниканың физикалық - программалық - ақпараттық құралдары және байланыс техникасы;

  • логикалық технологиялар;

  • қолданбалы-пайдаланушы ақпараттық жүйелер.

Жоғары оқу орынды ақпараттандыру біртұтас телекоммуникациялық ортаға негізделеді. Болашақ жүйелердің ерекщеліктері - білімгерлер мен педагогтар үшін көмек интеграциясы, сымдық және байланыстың радиоканалдар байланыстарын комплексті пайдалану, интегралды қызмет етудің сандық желілеріне өту болып табылады. Талшықты-оптикалық сымдар мен кабельді теледидар желілерін пайдалану техникалық базада сөзді, видеосигналды, мәліметтерді, қызметтік ақпаратты тасымалдауды және әрбір пайдаланушының жоғары оқу орны, қала, республика және әлемнің ақпараттық кеңістігіне кіруді қамтамасыз етеді. Мәліметтер қоры мен білім қорының бірігуі негізінде жоғары оқу орнының біртұтас ақпараттық ортасы қалыптасады, педагогикалық қызметтің әртүрлі облыстарында ақпараттық жүйелер жобаланады. Техникалық базаны жетілдіру қазіргі заманғы операциялық жүйелер мен ақпараттық технологиялардың білімгерлік - оқытушылар ортасына енуі, ара қашықтықта оқыту дамуымен қатар жүреді.


Әдебиеттер:


  1. Под редакцией д-ра пед. Наук проф. Полат Е.С. Новые педагогические и информационные технологии в системе образования.//Издательский центр «Академия».-Москва, 2000

  2. Ибраева Н.А. Педагогико-информационные технологии в дистанционном образовании.// Материалы Международной конференции.-Шывмкент,2003.



© 2010-2022