Мақала Сын тұрғысынан ойлау

Раздел Другое
Класс -
Тип Статьи
Автор
Дата
Формат docx
Изображения Нет
For-Teacher.ru - все для учителя
Поделитесь с коллегами:

«Оқу мен жазу арқылы сын тұрғысынан ойлауды дамыту»

Қазіргі кезеңде білім берудің сапасын жақсарту, әдістемелік негізін өзгерту заман талабына сәйкес туындап отырған қажеттілік.Өйткені, мектептің әр күні көптеген ғылыми жаңалықтарға, терең әлеуметтік өзгерістерге толы. Бұрын оқу үрдісінде мұғалім басты роль атқарған болса, қазір оқушының белсенділік көрсететін уақыты туындап отыр. Сабақ мұғалімнің емес, оқушының іс-әрекетімен бағаланады. Бүгінгі мектеп оқушылары ертең өз жолында кездескен қиыншылықтарды жеңуге, өз мәселелерін өздері шешуге, саналы шешім қабылдауға дайын болуды үйрететін жаңа технологиялардың бірі - "Оқу мен жазу арқылы сын тұрғысынан ойлауды дамыту".

Мұғалімнің міндеті - баланың өзіне деген шығармашылық қабілетін дамыту,өзін тұлға ретінде сезінетіндей мүмкіндік ашу. Өзін тұлға ретінде сезінген бала әрқашан өмірде өз жолын таба алады.

Биылғы оқу жылынан бастап Қарабалық ауданында қазақ тілі пәні бойынша сертификатталған мұғалімдер арасында шығармашылық топ құрылды. Топтың құрылу мақсаты мұғалімдер өзара тәжірибе алмасып, өздерінің кәсіби шеберліктерін арттыру болып табылады. І және ІІ деңгейлі мұғалімдер коучинг өткізсе, ІІІ деңгейлі мұғалімдер ашық сабақ көрсетеді. Сондай коучинг-сессия сабағын мен өз мектебімде желтоқсан айында өткіздім, ал менің әріптесім ашық сабақ көрсетті. Коучинг-сессия сабағымның тақырыбын мен сын тұрғысынан ойлау технологиясына арнадым. Бұл тақырыпты таңдаған себебім, осы тақырып бойынша өздігінен білім көтерудемін. Өткізген коучинг-сессиямның мақсаты : Мұғалімдерге практикалық тапсырмалар беру арқылы сыни тұрғыдан ойлау дағдысын қалыптастыру, сабақта тиімді пайдалануына ықпал жасау. Күтілетін нәтиже: Қатысушылардың сыни тұрғыдан ойлау дағдысы қалыптасады, сабақта тиімді пайдалануды үйренеді.

Коучинг сабаққа келген әріптестерімді жылы қарсы алып, Кембридж бағдарламасы бойынша алған білімдерімді өздерімен бөлісіп, білген-түйгендерімді үйрететенімді және алдағы уақытта сабақтарына қолданып , іске асыру қажеттігін айтып өттім. Сабақты жағымды психологиялық ахуал қалыптастырудан бастап, «Сен қайдасың?» тренингін ұйымдастырып, өткіздім. Содан олар өздеріне ұнаған түсті стикерлерді алып, түс бойынша екі топқа бөлінді. Коучинг сабағымды мұғалімдердің қызығушылығын ояту мақсатында мен «Идеялар, ұғымдар, есімдер» себеті әдісімен бастадым. Әріптестеріме берілген үш сұрақ төңірегінде топ ішінде талқылап, негізгі түйінді идеяларды стикерге жазып, себет ішінен салу бойынша тапсырма берілді. Сондай-ақ көптеген тапсырмалар Блум Таксономиясына арналды. Барлық топ мүшелері топ ішінде тапсырмаларды қызу талқылап, өз ойларын білдірді. Рефлексияны сын тұрғысынан ойлау тақырыбына сай мен «Сөйлемдерді аяқта....»әдісін алдым. Әріптестерімнің айтқан пікірлерін тыңдай отырып, қалдырған сауалнамаларын оқи отырып, оларға осы коучинг сабағымның ұнағанын көрдім. Сабақта қолданған практикалық тапсырмалардың жүйелігі, реттілігі, бүгінгі коучингтен біраз нәрселер үйрендім» деген тамаша ойлар айтылды. Жалпы болашақта мен де өзіме мақсат қойдым:

-коучинг сабағымдағы тапсырмалар деңгейін жетілдіремін;

-ұйымдастыруда уақытты нақты пайдаланамын;

-коуч ретінде кәсіби деңгейімді көтеруде жан-жақты ізденемін.

Білім берудің сапасын жақсарту мақсатында «Сын тұрғысынан ойлау» технологиясын өз сабақтарымда қолданып жүрмін. Сын тұрғысынан ойлаудағы меің басты міндетм і-оқу материалдарын оқушыға дайын түрде көрсету емес, оларды өздеріне іздестіруге мүмкіндік беру. Бұл тұста оқушылардың бойында өзіне деген сенімділік, ойын еркін жеткізуге , басқаның ойын сыйлауға, ынтымақтаса етіп жұмыс істеуге жағдай жасалады. Оқушы бұрын тек тыңдаушы болса, қазір ізденуші, ойлаушы, өз ойын дәлелдеуші.. Сабақта көптеген стратегияларды пайдаланамын: «Синквейн», «Миға шабуыл», «Ыстық орындық», «Инсерт»т.б. Бұдан мен осындай жұмыстың белсенді түрлерін қолдану маңызды екенін көрдім. Бұл тәсілдер тұлғаның шығармашылық , танымдық қабілеттерінің дамуына жағдай жасайды.

Біздің мектепте деңгейлік курстан өткен он мұғалім жұмыс істейді. Біз өз мектебімізде шығармашылық тобымызды құрдық. Жылдың басында жоспар құрып, сол жоспар бойынша жұмыс атқарып келеміз. Біз өзара сабақтарға қатысып,ой бөлісіп, әдістемелермен алмасып отырамыз. Шығармашылық топ арасында коучингтер өткізіліп отырылады. Мұнда біздер бір-бірімізбен оқу-оқыту тәжірибесімен алмасып, педагогикалық қуатты құралдарды меңгеріп, өз тәжірибемізде жаңа әдіс-тәсілдерді қолданамыз. Курс менің кәсіби өсуіме жаңаша серпін әкеліп, қызықты да жаңаша сабақ беруіме көмегің тигізеді деп ойлаймын. Бұл курстың маңыздылығы мұғалімдердің өзара ой бөлісіп, әдістеме алмасуына және ең тиімді әдістер мен стратегияларды пайдаланып, оқытудағы қиыншылықтарды жеңуге мүмкіндік беруде.











Сын тұрғысынан ойлау технологиясының мені қызықтырғаны баланың өзі ізденіп дәлелдеуі.Ол бұрын тек тыңдаушы болса,енді ізденуші,ойланушы,өз ойын дәлелдеуші,ал мұғалім осы әрекетте бағыттаушы, ұйымдастырушы.

«Оқу мен жазу арқылы сын тұрғысынан ойлауды дамыту» технологиясымен жұмыс жасау кезінде бұл сабақтар баланың танымдық белсенділігін арттыруға,өз бетінше білім алуға,шығармашылығын қалыптастыруға ықпал ететіндігін атап өтсем,оқушылыр-оқудың қызықты, ұжымды бірлесіп жұмыс жасауға үйрететіндігін,білімнің тереңдігі әрі тиянақтылығы артатындығын баяндайды.

Ұсынылған жеті модульдің ішінде мені «Сын тұрғысынан ойлау» модулі қызықтырды. Сын тұрғысынан ойлаудағы мұғалімнің басты міндеті-оқу материалдарын оқушыға дайын түрде көрсету емес, оларды өздеріне іздестіру ге мүмкіндік беру. Бұл тұста оқушылардың бойында өзіне деген сенімділік, ойын еркін жеткізуге , басқаның ойын сыйлауға, ынтымақтаса етіп жұмыс істеуге жағдай жасалады. Оқушы бұрын тек тыңдаушы болса, қазір ізденуші, ойлаушы, өз ойын дәлелдеуші, ал мұғалім болса, осы әрекетке бағыт беруші, ұйымдастырушы. Сабақта көптеген стратегияларды пайдалана мын: «Синквейн», «Миға шабуыл», «Ыстық орындық», «Инсерт»т.б. Бұдан мен осындай жұмыстың белсенді түрлерін қолдану маңызды екенін көрдім. Бұл тәсілдер тұлғаның шығармашылық , танымдық қабілеттерінің дамуына жағдай жасайды.

Біздің мектепте курстан өткен он мұғалім жұмыс істейді. Біз өз мектебімізде шығармашылық тобымызды құрдық. Жылдың басында жоспар құрып, сол жоспар бойынша жұмыс атқарып келеміз. Біз өзара сабақтарға қатысып,ой бөлісіп, әдістемелермен алмасып отырамыз. Шығармашылық топ арасында коучингтер өткізіліп отырылады. Мұнда біздер бір-бірімізбен оқу-оқыту тәжірибесімен алмасып, педагогикалық қуатты құралдарды меңгеріп, өз тәжірибемізде жаңа әдіс-тәсілдерді қолданамыз. Курс менің кәсіби өсуіме жаңаша серпін әкеліп, қызықты да жаңаша сабақ беруіме көмегің тигізеді деп ойлаймын. Бұл курстың маңыздылығы мұғалімдердің өзара ой бөлісіп, әдістеме алмасуына және ең тиімді әдістер мен стратегияларды пайдаланып, оқытудағы қиыншылықтарды жеңуге мүмкіндік беруде.



© 2010-2022