Жас полиглот атты сабақ жоспары

Раздел Другое
Класс 9 класс
Тип Другие методич. материалы
Автор
Дата
Формат docx
Изображения Есть
For-Teacher.ru - все для учителя
Поделитесь с коллегами:

"Жас полиглот"

Мақсаты: Оқушыларды өз бетінше ізденуге, ойларын еркін жеткізе білуге үйрету.Ой-өрісін,тілін, ойлау қабілетін дамыту. Шығармашыл белсенді тұлға тәрбиелеу.

Көрнекіліктер: интербелсенді тақта, мақал-мәтелдер жазылған карташалар, сызба, сандар.

Түрі: зияткерлік ойын.

Сабақтың барысы:

І. Ұйымдастыру кезеңі

- Тыңдаңыздар!Тыңдаңыздар!

Сайыстан тыс қалмаңыздар!

Мұнда қызық табылар,

Білім нұры шашылар.

Ақыл, тілі дамыған,

Үлгі алайық қыздардан!

-Құрметті ұстаздар, ата-аналар, оқушылар! Еліміздің болашағы тек қана білімді жастар екені даусыз. Осы мақсатпен 3-ші сынып оқушыларының арасында «ХХІ ғасыр көшбасшысы» зияткерлік ойынын өткізгелі отырмыз.

Қатысушы оқушылармен, әділ-қазылар алқасымен таныстыру.

- Сайыс 5 бөлімнен тұрады.

І бөлім - " Бәйге".

ІІ бөлім -"Полиглот".

ІІІ бөлім - "Білімпаз"

ІҮ бөлім - "Тіл өнері "

Ү бөлім - "Тапқырлық"

ҮІ бөлім - "Жорға"деп аталады.

- Әрбір дұрыс жауап үшін қатысушыларға 10 ұпайдан беріледі. Әр турдан кейін ұпайы төмен оқушылар шығып отырады. Ең соңында бір оқушы, яғни көшбасшысы қалу керек.Сонымен, қатысушыларға сәттілік тілей отыра, ойынымызды бастаймыз.

І бөлім "Бәйге" бөлімінде қатысушылар қойылған сұраққа тез және нақты жауап беруі керек.

  1. Қазақстан Республикасының мемлекеттік тілі. ( қазақ тілі)

  2. Қ.Р. ақшасы қашан енгізілді? ( 15.11.2003 ж)

  3. Басты байлық. ( денсаулық )

  4. 12 ай (жыл )

  5. Күйді орындаушы адам ( күйші )

  6. Заттың атын білдіретін сөз табы ( зат есім)

  7. Қазақша жылдың басы не? ( тышқан)

  8. 25 қазан қандай күн ?( Республика күні)

  9. Қ.Р. мемлекеттік рәміздерін ата.

  10. Жаңа әнұранның сөзін кім жазған?( Ж.Нажмиденов, Н.Назарбаев)

  11. Қ.Р. тұңғыш ғарышкері кім? ( Т.Аубакиров)

  12. Көру мүшесі не?

  13. 100 жыл ( ғасыр)

  14. Заттың қимылын білдіретін сөз табы? (етістік)

  15. 9 мамыр қандай күн?

  16. Абылайдың шын аты кім? ( Әбілмансұр)

  17. Осы жыл ненің жылы?

  18. Орман дәрігері? ( тоқылдақ)

  19. Жаңа әнұранның әнін жазған кім? ( Ш.Қалдаяқов)

  20. Қ.Р. тәуелсіздігі қашан жарияланды? ( 16.12.1991)

ІІ бөлім. Полиглот.

Жұмбақтардың шешуін тауып, жауабын қазақ, орыс тілдерінде айту.

  1. Мен - ақ қалам, ақ қалам,

Жазған сайын жоқ болам. ( бор - мел)

  1. Қарап тұрсаң өзіне,

сурет түсер көзіңе.

Ол суретің ұқсайды,

Дәл қазіргі кезіңе. ( айна - зеркало)

  1. Күні бойы сен оны

екі аяқтап басасың.

Жатар кезде өзіңнен

Аулақтатып қашасың. ( етік - сапоги)

  1. Күндіз бәрі қашады,

түнде аспанды басады. ( жұлдыз - звезда)

  1. Ағайынды бәрі.

Шықса жасыл,

Түссе сары. ( жапырақ - листья)

  1. Шидиген ұзын сирағы,

тастай керең құлағы.

Сөйтіп жүріп көп жерге,

Аспалы торлар құрады. ( өрмекші - паук)

  1. Жазда қыдырады,

қыста тынығады. ( аю- медведь)

  1. Жатып- жатып инелер,

жүгіріп жаныңа тез келер. ( кірпі - ежик)

  1. Қыста ғана болады,

ұстасаң қолың тоңады. ( қар - снег )

  1. Үй ішін аралап,

түнде көп жортады.

Қаптарды жарып,

Мысықтан қорқады. ( тышқан - мышь)

  1. Ән салады чемодан,

ішінде жүр көп адам.

Естімейді сөзіңді,

Сөйлесең де сен оған. ( теледидар - телевизор)

12.Өзі жап-жас, мұрты бар.

етпен сүтке ұмтылар,

тастамайды жылы үйде,

түкті тонын шұп-шұбар.( мысық - кошка)

13.Төрде жатып шалқиған,

дәу қарны қампиған. ( жастық-подушка)

14. еркін самғап ұшсын деп,

мәпелейміз, баптаймыз.

Бейбітшілік құсы деп,

Қайсы құсты атаймыз? ( көгершін - голубь)

15. жерде де мекен етеді,

көлде де мекен етеді. ( бақа- лягушка)

16. жұпар иісі еседі,

жайнап бақта өседі.( гүл - цветок)

17. көкпеңбек еді көктемде,

қызарды күзге жеткенде. ( алма - яблоко)

18. сыртта қапырық болып тұр,

үйде ол селкілдеп тоңып тұр. ( тоңазытқыш - холодильник)

19. жерге тырс- тырс тамады.

Сайға қарай ағады. ( жаңбыр-дождь)

20. жарға шығып ойнайды,

ойынға бір тоймайды.

Болса-дағы сақалы,

Секеңдеуді қоймайды. ( ешкі -коза)

21. мен жүгірсем - жүгіреді,

мен мүдірсем - мүдіреді ( көлеңке - тень)

22. сүрткен киімі тазарып,

өзі қалды тым арып. ( сабын - мыло)

23. күндіз де жүреді,

түнде де жүреді.

Аяғы жоқ, қолы жоқ,

Не жүрген жолы жоқ. ( сағат - часы)

24. отырмайды, тұра алмайды,

түзу жолда бұраңдайды. ( жылан - змея)

ІІІ бөлім - " Білімпаз". Кестенің атын, санын атап сұрақтарына жауап беру.

Жауап бере алмаған жағдайда қарсылас ойыншы сол сұраққа жауап бере алады.

10 Ақындар.

Ойлан, тап.

Табиғат .

"Ақындар".

10- Бес жақсы, бес жаман әдет туралы жазған ақынды ата.( Абай)

20- Кезінде "қазақ даласының жұлдызы" атанған ақын, жазушыны ата.

( Ыбырай)

30- Төрт жасынан бастап мектепке барған ақынды ата. ( Мағжан Жұмабаев)

"Ойлан,тап"

10- 2 сағат 15 минут неше минутқа тең? ( 120+15 )

20-Шанаға қосарланып жегілген екі ат 20 км жүріп өтті. Әр ат қанша км жүріп өтті? ( 20 км)

30- Сәуле, Әсет, Батыр - туыстар. Сәуле - Әсеттің қызы; Әсет- Батырдың ұлы. Сәуле Батырға кім болады? ( немере)

Табиғат

10- Ең алғашқы пайда болған өсімдікті ата ( балдырлар)

20- Бұл кітап өсімдіктер мен жануарлардың көптеген түрлерінен жер бетінен жоғалып, құрып кету қаупі төнгенін ескертеді. (Қызыл кітап)

30-"құс патшасы" деп қай құсты атайды? ( аққу)

ІҮ бөлім - "Тіл өнері."

Таңдаған тақырып бойынша мақалдарды айту. Көп мақал айтқан ойыншыға 10 ұпай. Тақырыптары: "Отан", " Еңбек", " Білім", " Жақсы, жаман".

Ү бөлім - "Тапқырлық".2 минут ішінде тиісті сандарды қою керек. Тігінен, көлденең қосқанда -15 саны шығу керек.

ҮІ бөлім - "Жорға"

1 минут ішінде берілген сұрақтарға жауап беру.

  1. Облысымыз қалай аталады? ( Павлодар)

  2. Оңтүстік астанамызды ата.(Алматы)

  3. Жер шарының үлгісі.( глобус)

  4. Қаламызда қандай пайдалы қазба бар? ( көмір)

  5. жер астынан фонтанша атқылайтын су? ( артезиан)

  6. Алғаш «Қазақ хрестоматиясын» жазған кім? ( Ыбырай )

  7. Атақты қазақ күйшісі? (Құрманғазы)

  8. Ұя салмайтын құс ( көкек)

  9. Есту мүшесі ( құлақ)

  10. Жеті күн (апта)

  11. Заттың сынын білдіретін сөз табы? ( сын есім)

  12. 30 тамыз қандай күн? (конституция күні )

  13. "Жақсылардың жақсысын" ата.(білім, еңбек)

  14. Алфавитте қанша әріп бар? ( 42 әріп)

15. Қазақстан бұлбұлын ата. (Бибигүл)

16.Атақты суретшіні ата. (Қастеев)

  1. Сәби жылағанда қандай өлең айтылады? ( уату)

ҮІІ. Қорытынды.

Жеңімпаз оқушыны анықтап қорытындылау.







Мұнайлы ауданы

Қызылтөбе лицейі





«Жас полиглот»

(сыныптан тыс шара)





Сынып: 9 «а,ә»

Өткізген: А.Джувбаева







2015 оқу жылы

Жас полиглот атты сабақ жоспары

Жас полиглот атты сабақ жоспары

Жас полиглот атты сабақ жоспары

© 2010-2022