3 сынып өзін-өзі танудан сабақ жоспары+презентация

Күні: Пәні:Өзін - өзі тану Сыныбы:3 - сыныпСабақтың тақырыбы: «Өзіңді де, өзгені де аяла» Сабақтың мақсаты: Балалардың “Мейірімділік” адамгершілік құндылығы туралы түсініктерін кеңейту.Міндеттері:Өзіңді өзгені аялаудың адам өміріндегі маңыздылығын түсіндіру; өзіне, өзгелерге аялы, сыйлы қарым - қатынастарын дамыту; сүйіспеншілікке, қамқорлыққа, мейірімділікке тәрбиелеу.Көрнекі құралдар: оқулық, дәптер,слайд.Сәлемдесу:Жарқырап күн де ашылды,Күн нұры түгел шашылды.Қайырлы күн қонақтарБіз әдепті б...
Раздел Другое
Класс -
Тип Презентации
Автор
Дата
Формат rar
Изображения Нет
For-Teacher.ru - все для учителя
Поделитесь с коллегами:

10-САБАҚ

Күні:

Пәні:Өзін - өзі тану

Сыныбы:3 - сынып
Сабақтың тақырыбы: «Өзіңді де, өзгені де аяла»
Сабақтың мақсаты:

Балалардың "Мейірімділік" адамгершілік құндылығы туралы түсініктерін кеңейту.
Міндеттері:
Өзіңді өзгені аялаудың адам өміріндегі маңыздылығын түсіндіру; өзіне, өзгелерге аялы, сыйлы қарым - қатынастарын дамыту; сүйіспеншілікке, қамқорлыққа, мейірімділікке тәрбиелеу.
Көрнекі құралдар: оқулық, дәптер,слайд.
Сәлемдесу:
Жарқырап күн де ашылды,
Күн нұры түгел шашылды.
Қайырлы күн қонақтар
Біз әдепті баламыз.
Қайырлы күн ұстазым,
Біз көңілді боламыз
Шаттық шеңбері:
Оқушылар мұғаліммен, бірге шеңбер құрып тұрады.
-Сәлеметсіңдер ме, балалар?
-Қане, бәріміз шеңбер бойлай, тұрайық.
Қане қане тұрайық
Үлкен шеңбер құрайық
Оң жақтағы көршіге,
Сол жақтағы көршіге
Күлімсірей қарайық
Көкке қолды созайық
Бір - бірімізден озайық
Құшақтасып әр кез де
Тату - тәтті болайық
Көңіл күйлерің жақсы болсын
Ойланайық, пікірлесейік:
А р а
З и я н
А л ғ ы с
А д а м
Д а у ы л
Мұғалім сабақ тақырыбының мәнін түсіндіру мақсатында «Сөз жұмбақ» шешу жүргізіледі.
1. Ағаш кесетін құрал.
2. Темекі адам денсаулығына.....
3. Ризашылық білдіру дегеніміз не?
4..... - тіршілік иесі.
5. Өте күшті жел.
• Аялау деген сөзді қалай түсінесіңдер?
• Сендерді кімдер аялайды? Ал өздерің ше?
- Балалар, бүгін сабақта «Өзіңді де, өзгені де аяла» деген тақырыпта әңгімелесеміз.
Иә, балалар, аялау дегеніміз ата - ананы, достарды, үлкен - кішіні, қоршаған ортаны желеп - жебеу, оларға жанашырлықпен қарау, жақсылық жасау.
Мәтінмен жұмыс:
-Оқушылардың аялау туралы пікірлерін білу мақсатында әңгімелеу жұмысы ұйымдастырылады.
Оқушы әңгімелеп береді.
" Жанашыр"
Бірге оқитын құрбыларымен доп ойнап шаршаған Дастан үйіне қайтып келе жатты. Кенет ол көшенің бұрылысында кедір - бұдыр жолға қайта - қайта сүрініп - жығылып, сенделіп жүрген қыз баланы көрді. «Соқыр ма өзі, машина басып кетеді - ау» деп ойлады Дастан.
Жүгіріп қыздың қасына келді.
- Жолдан былай шық, - деді Дастан, қыздың қолынан ұстай алып, -
әне, машина келе жатыр. Өзің неғып жүрсің?
- А - а - дасып кеттім! - деді қыз бала өксіп.
- Қайда тұрушы едің?
- Көзі жоқ балалар үйінде. Сен кімсің?
- Мен Дастанмын. Қорықпа, үйіңе апарып саламын.
Ақбөпе жетім еді. Ол зағип балалар үйінде тұратын. Сонда оқиды. Өзі ән салады. Дауысы қандай әдемі, күміс қоңырау сияқты. салып ойнап жүріп көшеге шығып кеткенін өзі де аңғармаған.
Артынан достары:
- Ақбөпе, Ақбөпе! - деп шарқ ұрып іздеп, айқайлағанымен таба алмай қойған болатын.
Дастаннан әуелде сескеніп қалған Ақбөпенің бірте - бірте бойы үйренді. Енді ол қолын созып, жаңа досының қайратты кекілін, таңқы танауын, қалқиған құлағын сипады. Сонан соң жақындап, иығымен түйістіріп, бойын өлшеді. Екеуінің бойы бірдей екен. Екеуі әңгімелесіп, зағип балалар үйіне келе жатты.
- Мен ғарышкер боламын, - деп қояды Дастан мұрнын маңыздана тартып.
- Мен әнші болғым келеді, - дейді Ақбөпе, ұяла сөйлеп, жымиып.
Міне, олар Ақбөпенің үйіне келіп те қалды. Ақбөпенің келгенін сезген балалар қатты қуанды.
Ақбөпені де, Дастанды да құшақтап, орталарына алды. Бірі билеп, бірі сырнай тартты.
Шаршағанын ұмытып, Дастан үйіне ерекше көңілмен қайтты.
Дастан, Дастан, келіп тұр! - деп, көпке дейін қол бұлғап қалды, оның жаңа достары.
-Оқушылардың аялау туралы пікірлерін білдіруге жетелейтін сұрақтар:
• Дастанның қызға аяушылық сезімін неден аңғаруға болады?
• Дастанды балалар не үшін мақтан тұтты деп ойлайсыңдар?
• Осы әңгіме мазмұны бойынша қандай ой қорытуға болады?
Балалардың жауаптарын мұғалім толықтырады:
- Дұрыс айтасыңдар, аялау өзіңе қуаныш сыйлайды.
Сергіту сәті:

Балалар шеңбер жасап тұрайық, өз бойларыңдағы жақсы қасиеттеріңді ой елегінен өткізіңдер, содан кейін өз аттарыңды атап өзіңнің жақсы қасиеттерің туралы кезек-кезек айтып беріңдер.

Жағдаяттарды талдау:
Оқушылар осы әдіс арқылы сабақта алған білімдері бойынша ойларын түйіндейді.
1. Аружанның кішкентай сіңлісі Алтынай дүниеге келді. Үйдегілер қуанышты. Туыстары жақсы тілектер айтып, Алтынайға әкелген сыйлықтарын беріп жатыр. Аружан бұған өкпелі. Алтынай өмірге келгенге дейін анасы өзін алдына алып, құшақтап аялайтын. Барлық сыйлық та, жақсы тілектер де тек өзіне айтылушы еді. Енді өзіне көңіл бөлінбегеніне ренішті.
• Аружанның қылығы дұрыс деп ойлайсыңдар ма? Неліктен?
• Сендер Аружанның орнында болсаңдар, не істер едіңдер?
2. Мұхит сабақтан келе жатып, шөп арасынан қыбырлаған бір нәрсені байқап қалды. Қараса, кіп - кішкентай мысық, үсті - басы су - су. Мұхитқа аянышты көзбен қарап, мияулап тұр. Мұхит мысықты аяп, үйіне алып келді. Оны орап, пештің жанына жатқызды. Жылы үйге кірген мысық маужырап ұйқыға кетті. Сәлден кейін есік қоңырауы сылдырлады. Ашса, көршісі Асылхан екен. Ол мысығын жоғалтып, таппай Мұхитқа келген еді. Пештің түбіндегі ораулы өз мысығын көріп, Мұхитқа күдікті көзбен қарап, мысығын құшақтап шығып кетті.
- Сендер Асылханның орнында болсаңдар, не істер едіңдер?
-Сендер Мұхиттың орнында болсаңдар, не істер едіңдер?
Дәйексөз:
Балаларға адамдарды, айналаны риясыз, шын көңілмен аялау қажеттігін ұғындыру мақсатында дәйексөздің мәні түсіндіріледі.
- Табиғаттың қай жаратылысын алып қарамайық, бәрі де адамдарды аялайды. Мысалы, нұрын төгеді, суын береді, ауасымен дем алдырады және олар осы жақсылығын міндет етпейді. Сондай - ақ адамдарды бөлмейді, бар жақсылығын бәріне бірдей көрсетеді. Адамдар да дәл солай жасауы тиіс. Сондықтан да халық «Аялауды табиғаттан үйрен» дейді.
Дәптермен жұмыс:
-Дәйексөздің мағынасын дәптерге жазу.
Қорытындылау:
Мұғалім бүгінгі сабақты қоржында берілген сөздерді пайдаланып түйіндейді.
Жүректен-жүрекке:
Мұғалім оқушыларға өзінде, өзгені де, айналасында аялауға даяр екендігін жүрек жылуларымен бөлісу арқылы білдіруді ұсынады.
- Аялау жылы, мейірімді жүректен пайда болады. Бәріміздің де жүрегіміз жылы, мейірімді. Сол жылылық пен мейірімді бір- бірімізден аямайық. Оқушылар оң қолдарын жүрек тұсына қойып, жылылығын түсіріп алмастай етіп екінші қолымен демеп. кезегімен оң жағында тұрған оқушының қолын қысады.

© 2010-2022