Құрмалас сөйлемнің тыныс белгілері 8-сынып

Раздел Другое
Класс 8 класс
Тип Тесты
Автор
Дата
Формат doc
Изображения Есть
For-Teacher.ru - все для учителя
Поделитесь с коллегами:

Бекітемін:

Пән: қазақ тілі

Пән мұғалімі:

Сулеева Шарбану

Күні,уақыты: 12.03.2015ж.

Сабақ ұзақтығы:

Сынып: 8 «А»

Сабақтың тақырыбы: Құрмалас сөйлемнің тыныс белгілері.

Сабақтың түрі: Жаңа білімді дамыту сабағы

Сабақтың модулі: Сыни тұрғыдан ойлау. Оқыту үшін бағалау және оқу үшін бағалау. Оқыту мен оқудағы жаңа тәсілдер. АКТ. Оқушылардың жас ерекшеліктеріне сәйкес оқыту және оқу. Талантты және дарынды балаларды оқыту.

Сабақтың әдіс - тәсілі: «Сұрақты қағып ал» , «Джиксо», «Алып шығу тәжірибесі» әдістері

Сабақтың мақсаты:

  • Құрмалас сөйлемге қойылатын тыныс белгілерді меңгереді.

  • Сауатты жазуға дағдыланады.

  • Құрмалас сөйлем туралы білімдерін одан әрі толықтырады және өмірде қолданады.

Оқу нәтижесі: 1.Алған білімдерін дамытады.

2.Топпен ынтымақтастық орнатады.

3. Өз білім деңгейлерін біледі

Ресурстар: Оқулық (оқу құралдары), «Сұрақты қағып ал», интербелсенді тақта, электронды оқулық, тест, «Екі жұлдыз, бір тілек»

АКТ мүмкіндіктері: Слайдтар, электронды оқулықтар, интербелсенді тақта

Бағалау түрі: 1. «Басбармақ» әдісі арқылы бағалау.

Сыныпты ұйымдастыру.

Сәлемдесу, түгендеу және зейіндерін бір ортаға тоғыстыру.

Уақыты

Жұмыстың түрі

Мұғалімнің іс-әрекеті

Оқушының іс-әрекеті

2 мин.

Ынтымақтастық атмосферасын қалыптастыру

Сыныпта ынтымақтастық атмосферасын қалыптастыру үшін оқушыларды шеңбер бойына жинау.

Құлақтарына тыныс белгінің түрлерін айту арқылы топқа бөлу.

Топтың атын жақсы жағынан сипаттауын ескертеді.

Оқушылар шеңбер бойына жиналып, топқа бөлінеді. Өз топтарының атын ерекше белгілерімен сипаттайды.

Блум таксаномиясы

Білу

Үй тапсырмасын сұрау.

5 мин.

«Сұрақты қағып ал» әдісі

Мұғалім әр топта өз қалауларымен үш оқушының ортаға шығып, шеңбер құруын сұрайды. Оқушылардың оқу қажеттіліктерін анықтайтын сұрақтар салынған қапшықты ортаға лақтырады.

Оқушылардың біреуі қапшықты қағып алып, ішінен бір сұрақты алып, жауап береді.

Түсіну




Жаңа сабақ

8 мин.

1. Электронды оқулық.

2.«Джиксо» әдісі .

1.Электронды оқулықтан тақырыпқа байланысты айтылымды қосып, тыңдатады.

2.Оқулықта тақырыпқа байланысты берілген мәліметті үш топқа бөліп, береді.

1.Оқушылар айтылымды тыңдайды.

2.Әр топ құрмалас сөйлемнің үш түріне қойылатын тыныс белгілердің қойылу жағдайларын оқиды, постер дайындайды. Келесі топтарға түсіндіреді.

Қолдану

10 мин.

«Үздік мақала» байқауы

Мұғалім талантты және дарынды оқушылардың санын арттыру мақсатында барлық топқа мақала жазуды тапсырады. Әр топтан бірінші болған үш оқушының жұмыстарын оқыту арқылы үздік мақаланы анықтайды.

Оқушылар қазіргі қоғамдағы әлеуметтік мәселелерге байланысты мақала жазады. Құрмалас сөйлемге қатысты тыныс белгілерін қояды.

Талдау

6 мин.

Оқулық бойынша тапсырма.

1.154- жаттығу. Мәтіннің тыныс белгілерін қойып көшіріп жазу. Синатксистік талдау жасау.

Мұғалім бағыт -бағдар береді.

1.Оқушылар тыныс белгісін қойып мәтінді көшіріп жазады. Сөйлемдерге синткасистік талдау жасайды.

Жинақтау 5 мин.

«Алып шығу тәжірибесі» әдісі

Тест дайындау.

Мұғалім өткілген тақырып бойынша тест дайындауын ұсынады.

Әр топ бес сұрақтан тұратын тест дайындайды, келесі топтарға тесттерін ұсынады.

Бағалау

4 мин.

Диалогтік қарым -қатынас жүргізу.

Оқушылардың тыныс белгілердің маңыздылығын, бағасын сұрайды.

Оқушылар тыныс белгілердің не үшін өмірде қажеттілігін, маңыздылығын бағалайды, сұрыптайды.

1 мин

Үй тапсырмасы:

Міндетті деңгей:
155-жаттығу.

Мүмкіндік деңгей: М.Әуезов туралы естеліктерді жинау, тыныс белгілердің қойылу жағдайын талдау.

Тапсырманы мұғалім түсіндіреді.

Оқушы күнделікке жазып алады.

2мин

Бағалау:

«Басбармақ» әдісі

Формативті бағалау арқылы жиынтық бағасын қояды.

Оқушылар өзін -өзі бағалайды.

2мин

Рефлексия

«Екі жұлдыз, бір тілек» әдісі арқылы сабақтан алған әсерлерімен бөліседі.

Тапсырмалар орындалып болғаннан кейін мұғалім оқушыларға скиперлерді үлестіреді және сол қағаздарға оқушылардың бүгінгі сабақтан әсерлерін және келесі сабаққа ұсыныстарын жазуды тапсырады.

Оқушылар сабақ соңында көңіл күйлеріне қарай скиперлерге сабақ жөнінде өз пікірлерін жазып көрсетеді.

















Рефлексия

Бүгінгі сабақта оқушылар құрдастарымен бірлескен жұмыс жүргізе білді. Олар өз сыныптастарымен «оқу қоғамдастығын» құра алды. Сыныптағы жоғары деңгейлі оқушыларым қандай қиын, таныс емес әдістерді қолданған кезде де табандылықпен орындай алды. Ал төмен деңгейлі оқушыларым жаңа стратегияларды қолдануда да, кері байланыс беруде де кедергіге ұшырап отырды.

Келесі сабақта ескеретін мәселе:

  • Оқушыларға жаңа стратегияларды жиі қолдану;

  • Сабақта рефлексия жаза білмеген оқушыларға түсінікті болу үшін жақсы жазылған рефлексияны оқып беру.

Құрмалас сөйлемнің тыныс белгілері 8-сынып












© 2010-2022