Оқушылар арасындағы ынтымақтастықты дамыту

 Оқушылар арасындағы ынтымақтастықты дамыту. Іскерлік ойын.   Мақсаты:  адамдармен қарым – қатынаста кездесетін негізгі феномендермен таныстыру. Міндеттері: 1.     қарым – қатынасқа кедергі жасайтын факторлармен таныстыру, 2.     топтағы қарым – қатынасты жақсылау; 3.     мінездегі этикалық нормаларды дамыту     Құндылық:   ДҰРЫС ӘРЕКЕТ ЖАСАУ            І.  Құрметті оқушылар,  біз өмірдегі әр түрлі мәселелерді, өз мінезімізді, іс-әрекетімізді бағалап, өз қарым-қатынасымызды білдіруді үйреніп кел...
Раздел Другое
Класс -
Тип Конспекты
Автор
Дата
Формат docx
Изображения Нет
For-Teacher.ru - все для учителя
Поделитесь с коллегами:

Оқушылар арасындағы ынтымақтастықты дамыту.

Іскерлік ойын.


І. Құрметті оқушылар, біз өмірдегі әр түрлі мәселелерді, өз мінезімізді, іс-әрекетімізді бағалап, өз қарым-қатынасымызды білдіруді үйреніп келеміз. Осы қарым-қатынастарымызға сын көзбен қарау үшін мына бір ертегіні тыңдап талқылауға саламыз.

Ерте, ерте, ертеде патша мен патшайым өмір сүріпті. Олар 10 жыл бірге өмір сүріпті, бірақ олардың баласы болмапты. Бір күні патшайым жалғыз өзі қыдырып жүргенде, бір малшыны көріп, оған ғашық болыпты. Сол күні түнде патшайым өзінің қымбат заттарын жинап, малшыға кетпекші болыпты. Жолда оны есіктегі күзетші тоқтатып, патша кешкісін еш кімді сыртқа шығармауға бұйрық берген деп айтады. Патшыйым күзетшіге бар дүніесін беріп, шығып кетіпті.

Түн бойы жүгіріп, таңға жақын малшының жанына барыпты. «Мен саған бір көргеннен ғашық болдым, әрқашан жаныңда қалу үшін келдім» - деп айтыпты. Малшы оған « Сіз патшаның әйелісіз, ал мен малшымын, сіздің теңіңіз емеспін. Сіз патша сарайына қайтыңыз,»- деп айтыпты.

Патшайым қайтып келіп, болған оқиғаны патшаға айтып беріпті. Патша оның көз жасын сүртіп, тамақ ішуге шақырыпты.

Талқылау үшін сұрақтар:

  • Кімдердің арасында кикілжің жағдай бар?

  • Кикілжің жағдайдың себебі неде?

  • Бас кейіпкерлер қандай әдістерді пайдаланды?

ІІ Сот. «Кім кінәлі?»

Ертегі мазмұны бойынша кім кінәлі екенін анықтау.

Оқушылар үш топқа бөлінеді.

  1. топ - патшайымды айыптаушылар

  2. топ малшыны айыптаушылар

  3. топ патшаны айыптаушылар

Төмендегі жоспар бойынша айыптауды ретке келтіреді:

  • кім айыпталады

  • не себептен

  • айыпталушының іс-әрекеті, қоғамға әсері

  • қандай жаза қолданасыз

Айыпталып болғаннан соң, айыптаушы қорғаушыға айналады. Қорғау үшін төмендегі жоспар беріледі:

  • кімді қорғайды

  • айыпталушыны тыңдау

  • айыпталушының іс әрекетіне не себеп болды

  • қорғау үшін сөз

ІІІ Рефлексия.


  • Ойында не жеңіл, не қиын болды?

  • Айыптаушы ролі кімге ұнады?

  • Қорғаушы ролі кімге ұнады

  • Не ұшін?

  • Сізге өмірде кімнің ролінде көбірек болуға тура келеді?








© 2010-2022