Такырыбы: Тазалык - саулык негізі (3-сынып)

Раздел Другое
Класс 3 класс
Тип Другие методич. материалы
Автор
Дата
Формат docx
Изображения Нет
For-Teacher.ru - все для учителя
Поделитесь с коллегами:

Ю.Сареми атындағы №107 мектеп-лицейінің қазақ тілі мен әдебиеті пәні мұғалімі Усманова Диера Ахмадшиковна.

Сабақтың тақырыбы : Тазалық-саулық негізі

Сабақтың мақсаты :

Білімділік мақсаты :

Оқушылардың салауатты өмір салты жайлы білімдерін тереңдету.

Дамытушылық мақсаты :

Оқушылардың жеке басының гигиеналық тазалығын сақтауын,өз денсаулықтарына жауапкершілікпен қарауға дағдыландыру.

Тәрбиелік мақсаты :

Оқушыларды денсаулықты сақтауға,тазалыққа, ұқыптылыққа тәрбиелеу.

Сабақтың көрнекілігі : слайд , суреттер

Сабақтың әдісі : сұрақ-жауап,түсіндіру

Сабақтың барысы

Ұйымдастыру кезеңі :

Оқушылармен сәлемдесу,түгелдеу, оқу құралдарын тексеру, сабаққа назарын аудару, топқа бөліп алу.

Үй тапсырмасын сұрау :

Жазуға берілген тапсырмаларды тексеріп шығу

Сұрақтар қою :

-қазақ тілінде неше сөз табы бар?

-етістік дегеніміз не?

-қалып етістіктерін атаңыз?

Жаңа сабақ

Оқушыларға сұрақ қою :

«Тазалық» дегенде нені түсінеміз?

Адам денсаулығы қоғам байлығы.Әрбір адам өз денсаулығын мықты болу жолдарын қарастыруы керек. Денсаулық дегеніміз-тән ақауының немесе аурудың болмауын ғана емес,сонымен бірге ол рухани ,физикалық,әлеуметтік саулық екен.

Сол үшін әрбір адам сау болуы үшін әр дайым таза жүруге міндетті.

1-топ .оқушылары денсаулыққа кері әсер ететін факторлар туралы айтады.Мысалы :

2.Дұрыс тамақтанбау

3.Тазалықты сақтамау

4.Зиянды заттарды қабылдау

5.Отбасындағы кері жағдай

2-топ оқушылары денсаулыққа дұрыс әсер ететін факторлар туралы айтады .Мысалы :

1.Дұрыс тамақтанбау

2.Қоршаған ортаның тазалығы

3.Дене шынықтыру

4.Жеке бастың тазалығы

5.Зиянды заттарды қабылдамау

1-тапсырма.

Оқушыларға орындары ауысқан мақалдар беріледі,олар мақалды дұрыстап оқып шығады

1-топтың мақлдары :

1. Тәні саудың ,жаны сау

2.Денсаулық - зор байлық

3.Дана көптен шығады,

Дәрі шөптен шығады

4.Бірінші байлық -денсаулық

5.Ауырып ем іздегенше,

Ауырмаудың жолын ізде

6.Ауру батпаңдап кіреді,

Мысқылдап шығады

2-топтың мақалдары :

1.Темекінің кермегі -еріккеннің ермегі

2.Арақ ішіп темекі шеккен -

Денсаулық түбіне жеткен

3.Ішің ауырса ,аузыңды тый,

Көзің ауырса ,қолыңды тый

4.Дені саудың жаны сау

5.Тазалық - денсаулық кепілі

6.Тазалық- денсаулық негізі

Денсаулық - байлық негізі

2-тапсырма.

Сөздерді септеу :

1-топ 2-топ

А.с денсаулық А.с тазалық

І.с денсаулықтың І.с тазалықтың

Б.с денсаулыққа Б.с тазалыққа

Т.с денсаулықты Т.с тазалықты

Ж.с денсаулықта Ж.с тазалықта

Ш.с денсаулықтан Ш.с тазалықтан

К.с денсаулықпен К.с тазалықпен

3-тапсырма

Талдау :

1-топ. Денсаулық-9 әріп, 9 дыбыс, 3 буын

Д- д-сыз,ұяң

Е-д- ты,жіңішке,ашық езулік

Н- д-сыз, үнді

С- д-сыз, қатаң

А- д- ты, ашық, жуан, езулік

У-д-сыз, үнді

Л-д-сыз, үнді

Ы-д-ты, жуан, қысаң, езулік

Қ-д-сыз, қатаң

2-топ. Тазалық- 7әріп,7 дыбыс, 3 буын

Т- д-сыз, қатаң

А- д-ты, жуан, ашық, езулік

З-д-сыз, ұяң

А-д-ты, жуан, ашық, езулік

Л-д-сыз, үнді

Ы-д-ты, жуан, қысаң, езулік

4-тапсырма

«Денсаулық» сөзінен қай топ көп сөз табу

Мысалы : (саулық,дауыс,уыс,лас,дау,сан,су,ақыл,асық т.б)

Сабақты бекіту :

1. етістік қатысқан сөйлем айт?

2.етістік дегеніміз не ?

3.тазалағыш құралдарын ата?

4.қалып етістіктерін ата?

Үйге тапсырма :

4-тапсырма. Суретке қарап сөйлем құрау.

Бағалау.


© 2010-2022