Қорғаныстағы, шабуылдағы сарбаздар (10-сынып)

Раздел Другое
Класс 10 класс
Тип Конспекты
Автор
Дата
Формат docx
Изображения Есть
For-Teacher.ru - все для учителя
Поделитесь с коллегами:

Сейітдәулет Елмұрат - «Берел орта мектебі» коммуналдық мемлеккеттік мекемесінің АӘД пәнінің оқытушы-ұйымдастырушысы, Шығыс Қазақстан облысы, Катонқарағай ауданы, Берел ауылы

Күні: 10-сынып

Қорғаныстағы, шабуылдағы сарбаздар.

Мақсаты: 1. Қорғаныстағы, шабуылдағы жауынгердің міндеттері, шабуыл кезіндегі іс-әрекеттері, атыс қаруын және басқа да құралдарды пайдалану реттерін меңгерту.

2. Балалардың өзіндік жауапкершілігін, белсенділігін арттыру, жаңа технология мүмкіндіктерін пайдалану мүмкіндіктерін дамыту.

3. Жауапкершілікке, Отанын, елін, жерін, халқын сүюге, Отан қорғауға тәрбиелеу, патриоттық сезімге баулу.

Барлық уақыты: 45 минут.

Сабақ өтілетін орын: Биология кабинеті.

Көрнекілік: «Алғашқы әскери дайындық оқулығы, интерактивті тақтадан суреттер», презентация

Сабақтың әдісі: сұрақ - жауап, түсіндіру, Венн диаграммасы, кестемен жұмыс, сөзжұмбақ

Сабақтың бөлімдері:

  1. Қорғаныстағы шабуылдағы жауынгердің міндеттері.

  2. Командирдің пәрменінен кейінгі іс-қимылдары.

  3. Бекіністерден өту және қорғау тәсілдері.

  1. Кіріспе кезең. Ұйымдастырушы кезең. Сыныпқа кіру, Қазақстан Республикасының ән ұранын орындау.Взвод командирі рапорт тапсыру, оқушыларды түгендеу, «Еркін тұр» пәрмені бойынша орындарына отырғызу.

  2. Негізгі кезең. Үй тапсырмасын тексеру. Бақылаушы-сарбаз. Сұрақтар қою.

1.Сарбаздың ұрыстағы міндеттері қандай

2.Бақылаушы қайда орналасады?

3.Бақылаушы жергілікті жерді қалай зерттейді?

4.Бақылаушының уақыты және оны кімге баяндайды?

Қорғаныстағы, шабуылдағы сарбаздар (10-сынып)Қорғаныстағы, шабуылдағы сарбаздар (10-сынып)

Бақылау журналындағы жазу формасы

Бақылау уақыты

Қайда, не байқалды?

Кімге, қашан баяндалды?

7 сағ 20 мин

Тастар, ағаштар, жеке бұталар

7 сағ 20 мин бөлімше командиріне баяндалады

ІІІ. Жаңа сабақ.

Сарбаз қорғаныста өз бөлімшесінің құрамында қимыл жасайды. Оның негізгі міндеттері- өз қаруын, жергілікті жерді, оқпана мен инженерлік бөгеттерді тиімді пайдалана отырып, басқа сарбаздармен бірлесе қарсыластың жаяу әскері мен танкілерін мүмкіндігінше көбірек жойып, шабуылдарына тойтарыс беріп, өз бекіністерін қорғап қалуы. Сарбаз қорғаныстағы өзінің орнын тек командир бұйрығымен ғана тастап кете алады. Қорғаныста әрбір сарбаз қарсыластың қайда тұрғанын және олардың атысты қай бағытты жүргізіп жатқанын білу керек. Қай кезде командир пәрменімен бойынша атысты бастау керек.Бөлімше командирінің орнын білу қажет.Содан кейін жатып ату үшін оқпана қазады. Егер мүмкіндігі болса, тізерлей және тұрып ату үшін оқпананы тереңдетеді.Тізеден ату үшін 60 см-ге дейін қазады, ал тұрып ату үшін 110 см-ге дейін тереңдету керек.Қорғаныстағы, шабуылдағы сарбаздар (10-сынып)

Тәуліктік күндізгі уақытында сарбаз өз қаруын және түнгі көру аспаптарын түнгі атысқа дайындайды.Түнде атысқа топпырақтан шымнан қалқа жасайды.Оқпана қазу үшін ұрыс барысында,сарбаз үздіксіз қарсыласқа бақылау жасайды және өз байқағандары бойынша командирге баяндап отырады.Бұл кезде оқпанадан шығуға болмайды.

Шабуылға өтер алдында қарсылас әдетте атыстық дайындық жүргізеді, кейде ядролық соққы жасауы да мүмкін.Ядролық жарылыс жарығын байқаған сәтте оқпананың түбіне бетті жерге

қаратып дереу жата қалу керек.Ядролық соққы толқыны өткеннен кейін қарсылас шабуылын тойтаруға дайындалу керек.Егер оқпанаға танкілер жақындаса, сарбаз оны 15-20 метр қашықтыққа келгенше күте тұру керек, ыңғайлы сәтті тауып, танкінің шынжыр табаны астына танкіге қарсы гранатты лақтыру керек.Егер танкіге оқ тимей оқпанаға тақап келсе,сарбаз оқпанадан атып шығып оның неқұрлым осал жеріне қайтадан гранатаны лақтыру керек.Танкіні жойғаннан кейін, оның артында келе жатқан жаяу әскерді жояды.Жақын қашықтықтан танкі, пулеметпен көздеу атысын жүргізе алмайды. Оқпана қабырғалары танк өткеннен кейін құламайды.Қарсылас жаяу әскері оқпанаға 30-40метр жақындаған кезде, сарбаз оларға қарсы гранаттар лақтырып, оларды өз қаруынан атып жояды.Егер қарсыластың жекелеген сарбаздарына қорғаныстың алдыңғы шебіне шығуға мүмкіндік туса, сарбаз оларды атыспен, гранатпен,сондай-ақ сүңгі және дүмбімен жояды.Айналып өтіп келе жатқан не тылдан шабуыл жасаушы қарсыласқа қарсы атыс жүргізуге ыңғайлы болу үшін сарбаз қосалқы оқпана немесе байланыс жолдарындағы ұяға орналасу керек.

Шабуылды ұрыс кезіеде сарбаз бөлімше құрамында әрекет етеді.Сарбаз іс-әрекетінің, қимылының табысты болуы оның шабуылға дайындығына байланысты.Бөлімше командирінен тапсырма алып, сарбаз бөлімше мен взвод шабуылының объектісін және шабуылдағы қарсылас қимылын, шабуыл бағытын, бөгеттерден өту тәртібін және шабуылдағы қозғалысты нақты түрде елестете алуы тиіс.Түнде шабуылға дайындалған кезде сарбаз бұдан басқа қозғалыс бағытындағы жерді зерттейді, өзіне түнде бағдар болуы мүмкін жергілікті жер заттарын есте сақтайды және азимут бойынша қозғалыс бағытын зерттейді.Түнде көздейтін автоматтары мен пулеметтері бар сарбаздар өз қаруларын тексереді.

Шабуыл басталғанға дейін қажеттілікке байланысты сарбаз қарсыласқа атыс жүргізеді, «Шыбуылға дайындал!» пәрмені бойынша ол қаруды оқтайды. «Шабуылға,алға!» пәрмені бойынша сарбаз оқпанадан тез секіріп шығып, жүгіріспен немесе жеделдетілген адыммен алға қозғала бастайды, бұл кезде ол алдыңғыларға теңеле отырып, тізбекте бекітілген арлықты сақтауы тиіс. Қарсыласқа ұрыс алаңында бақылау жасауға және көздеу атыс жүргізуге мүмкіндік бермеу үшін сарбаз өз қозғалысын қарсыласқа оқ атумен үйлестіреді.

Ядролық жарылыс ұшқынын байқаған сәтте, жергілікті жер бедерлері мен жергілікті заттарды пайдалана отырып, жарылысқа қарама-қарсы жаққа басын қойып, бетті жерге қаратып, тез жата қалу керек.Соққы толқынынан осылайша қорғануға болады. Соққы толқыны өткеннен кейін дереу тұрып, жауынгерлік міндетті орындауды жалғастыру керек.

Қарсылас иеленген орға 25-30 м-ге дейін жақын келгенде саррбаз өз қаруын сол қолға ұстап, қозғалысын тоқтатпай, орға қол гранатын лақтыру керек.Алғы шептегі аман қалған қарсыласты сарбаз орға түспей оқпен немесе сүңгі пышақпен жояды. Шабуыл барысында сарбаз ұрыс алаңын үнемі бақылап, өз байқағандары туралы командирге баяндап тұрады.Нысананы көрген сәтте сарбаз оны атыспен, ең алдымен, пулемет пен гранатамен зеңбірек есептобын жояды.

Жер үсті қарсыласымен ұрыс жүргізе отырып, сарбаз қарсыластың төмен ұшқан ұшақтарына қарсы атыс жүгізуге дайын болу керек. Ашық жерде оларға қарсы атыс жатып, тізерлей немесе тұрған күйде жүргізіледі. Тірек ретінде жақын жердегі жер заттары қолданылады.Бөгеттерден сарбаз арнайы өтпелер арқылы өтеді. Сымды бөгеттерден, қол астындағы заттарды пайдалану арқылы өтеді.

Қорғаныстағы, шабуылдағы сарбаздар (10-сынып)Қорғаныстағы, шабуылдағы сарбаздар (10-сынып)Қорғаныстағы, шабуылдағы сарбаздар (10-сынып)

  1. Қорытынды бөлім. Сабаққа талдау жасау,түсінгендері бойынша қысқаша сұрау. Үйге тапсырма беру. Әнұран мен аяқтау. Бағалау, қоштасу.

Жаңа сабақты бекіту.

  1. Венн диаграммасы арқылы қорғаныстағы сарбаз бен шабуылдағы сарбаздың айырмашылықтары мен ұқсастықтарын көрсету.

    Қорғаныстағы сарбаз

    Шабуылдағы сарбаз

  2. көп нүктенің орнына керекті сөздерді жаздыру.

  1. Шабуылдағы жауынгер.......... пәрмені бойынша оқпанадан тез секіріп шығып жүгіріспен немесе жеделдетілген адыммен алға қозғала бастайды, алдыңғылармен теңеле отырып, аралықтарды сақтайды. (шабуылға, алға)

  2. Ядролық жарылыс байқалса жауынгер бетін.......... қаратып жатады (жарылысқа қарама-қарсы жаққа)

  3. Тізеден ату үшін оқпана тереңдігі................ см болу керек. (60)

  4. Жаудың оқпанасына жақындағанда жауынгер.................... м жерден гранат лақтырады. (25-30)

  5. Тұрып ату үшін ............... см оқпана қазылады. (110 см)

  6. Жауынгер қорғаныстағы орнын тек ..............бұйрығымен ғана тастап кете алады. (командирдін)

  7. Бақылаушының негізгі тасалайтын орны............(оқпана)

  8. «Аукцион» оқыта үйрету стратегиясы. (Әрбір сұрақты қояр алдында оқушылар сол сұраққа ставка қояды. Сұрақтарға тез, әрі жылдам жауап берген оқушыларға фишкалар немес жасанды купюра беріледі)

А) винтовкадан ату тәсілдері атысқа оңтайлану, шүріппені басу және тағы қандай тәсілдерден тұрады? (көздеу)

Б) атуға ең ыңғайлы жағдай (жатып ату)

В) жатып атуға ыңғайлануға винтовканы орнықтыру және не кіреді? (оқтау)

С) жатып атқан кезде винтовканың құндағын қай қолдың алақанына салып атады? (сол қол)

Д) көздеу - көздеуіш тағы не арқылы жүргізіледі? (қарауыл)

Г) шүріппені басар алдында неше секунд дем шығармай тұру керек? (7-10 с)

Ғ) шүріппені басу қай саусақпен жүзеге асырылады? (сұқ саусақ)

Ж) түнгі күзетте жатқан кезде жау жақтағы сөніп өшіп тұрған әлсіз жарықты бақылаушы жауынгер мен командирдің қайсысы бірінші көреді? (ешкім көрмейді)

З) оқпанада қорғаныстағы жауынгер жақындап қалған танкіге неше метр жерден граната лақтырады? (15-20 м)

Тест тапсырмалары.

1.Оқпана ұзындығы

А) 180см

Б) 160 см

В) 150 см

Г) 170 см

2. Оқпана ені

А) 60 см

Б) 70 см

В) 80 см

Г) 50 см

3. Оқпана тереңдігі

А) 20 см

Б) 30 см

В) 40 см

Г) 50 см

4. қорғанысқа арналған гранатаның ата

А) РКГ-3

Б) Ф-1

В) РТ-42

Г) РГД -5

5. сарбаз қарсыласына білдірмей жақындау үшін қандай іс - қимыл қолданады?

А) адыммен

Б) жүгіріп өту

В) жер бауырлап

Г) еңбектеп

6. сарбаз қарсыластың оғы астында қалай алға жылжиды?

А) еңкейіп

Б) еңбектеп жер бауырлап

В) қырынан жер бауырлар

Г) төрт тағандап жер бауырлап

7. танкіге қарсы жарылмайтын инженерлік бөгеттер

А) танкіге қарсы орлар

Б) бұталарды тікенді сыммен шалмалау

В) сым торлар

Г) сым қоршаулар

8. Ядролық қарудың негізі

А) токсиндер

Б) уран

В) улы заттар

Г) микробтар

9. 180 градусқа бұрылу үшін берілетін команда?

А) айнал

Б) артқа бұрыл

В) оңға бұрыл

Г)солға бұрыл

10. саптық адыммен қозғалыс жасау кезіндегі ақтың жерден биіктігі?

А) 20- 40 см

Б) 25-30 см

В) 15-20 см

Г) 30-40 см





© 2010-2022