«Топтық жұмыстарды ұйымдастырудың оқыту үшін тиімділігі»

Сабақтың тақырыбы: «Топтық жұмыстарды ұйымдастырудың оқыту үшін тиімділігі» Сілтеме: Слайд, нұсқаулық Жалпы мақсаты: Мұғалімдерге топтық оқыту туралы нұсқаулар беру. Мұғалімдердің іс –тәжірибесіне сүйене отырып, оқушыларды топтық оқыту арқылы оқыту тиімді педагогикалық тәсіл екендігін түсіндіру. Топтық оқытуды тәжірибеде қолданудағы тиімділігі туралы бағыт-бағдар бере отырып, сын тұрғысынан ойлауға үйрету.Әр түрлі ойлауды қажет ететін сұ...
Раздел Другое
Класс -
Тип Другие методич. материалы
Автор
Дата
Формат doc
Изображения Нет
For-Teacher.ru - все для учителя
Поделитесь с коллегами:


Сабақтың тақырыбы:

«Топтық жұмыстарды ұйымдастырудың оқыту үшін тиімділігі»

Сілтеме:

Слайд, нұсқаулық

Жалпы мақсаты:

Мұғалімдерге топтық оқыту туралы нұсқаулар беру.

Мұғалімдердің іс -тәжірибесіне сүйене отырып, оқушыларды

топтық оқыту арқылы оқыту тиімді педагогикалық тәсіл екендігін түсіндіру. Топтық оқытуды тәжірибеде қолданудағы тиімділігі туралы бағыт-бағдар бере отырып, сын тұрғысынан ойлауға үйрету.Әр түрлі ойлауды қажет ететін сұрақтар, проблемалар, ситуациялар төңірегінде ой қорыту, өздерінің ойларын пісіру.

Оқу нәтижелері:

Мұғалімдер:

  • Топтық жұмыс туралы мәлімет алады;

  • Топтық жұмысты ұйымдастыру арқылы оқушыларды сын тұрғысынан ойлауға үйретеді.

  • Тұйық, пәнге қызығушылығы жоқ оқушылардың ынтасын көтереді.

Түйінді идеялар: 1-сабақ

Уақыты

Топта жұмыс істеу не үшін қажет? Топтарды қалай ұйымдастыруға болады? Топтағы бірлескен жұмыстың нәтижесі.

Жаттығулар:

Сәлемдесу

Ойын: «Шуақты шеңбер»


Топқа бөлу


Топ ережесін шығару

Топтық жұмыс: «Жарнама»

Слайд

Сергіту сәті

I бөлім

топтық жұмыс

II бөлім

топтық жұмыс




Слайд

Эдвард де Боно «Ойлаудың 6 шляпасы»

Тапсырма:




Рефлексия


1 мин

2 мин


2 мин


4 мин

10 мин

2 мин

5 мин

5 мин

5 мин




2 мин

2 мин

5 мин





5 мин

Коучтың іс-әрекеті

Мұғалімдердің іс-әрекеті

Әріптестермен амандасу.

Жағымды психологиялық ахуалды қалыптастыру мақсатында мұғалімдерді «Шуақты шеңбер» жасап бір-бірінің арқаларына картошка егу жолдарын ұйымдастыру.

Жыл мезгілдеріне байланысты бөлу

Топ ережесін құрастыру ( әр топ мүшесінің жеке пікірі). Ұсыныстарын айтқыздыру.

«Қазақстанды шетелдіктерге таныстыру»

Топтық оқыту туралы слайд көрсету.

«Көңіл-күй кемпірқосағы» тұзды түрлі- түсті бормен бояп, көңіл-күй кемпірқосағын дайындау.

«Балауыз шамның» жану процесіне эссе жазғызу. (Бір уақытта жағу, бірге бастау)

I топ 5 жасар баланың көзқарасы ретінде

II топ діни қызметкер көзқарасымен

III топ шамның жану үдерісін философтардың (ғұламалардың) көзқарасымен жеткізу

IYтоп экология тұрғысынан, яғни экологтардың көзқарасымен

Yтоп дәрігерлердің көзқарасымен

YI топ жастардың көзқарасымен

Сыни ойлау туралы слайд көрсету.

Сипаттама беріледі.

Әр топ өз түсіне қарай «Көктем» тақырыбын сипаттайды.

АҚ (ақ бұлттар)- фактілер, цифрлар,мәліметтерді таза күйінде беру.

Қызыл (от)- ішкі сезім,эмоция жіне интуицияны білдіру.

Қара (тұман) -негативті ойлау, мыс: бұл орындалмайды, себебі...

Сары (күн)- ашықтықты, позитивті және конструктивті ойлар.

Жасыл- жаңа идеялар ағымын тудыратын шығармашылық ойлар.

Көк (аспан)-жоғары деңгейдегі жалпы көзқарастарды білдіреді қортындылайды.

«Бүгінгі сабақтан алған әсерлерің» жайлы эссе жазу.

Сергіту сәтін орындайды, жақсы көңіл-күймен сабаққа ынталанады.


Жыл мезгілдеріне

байланысты қыс, жаз, көктем, күз, күншуақ, жер ана болып 6 топқа бөлінеді.

Қатысушылар топтасып, тиімді жұмысты қамтамасыз ететін ережелер жүйесін құрастырады

Топ мүшелері жарнаманы талқылап, макетін немесе суретін постерге салып қорғайды.

Түрлі- түсті бормен тұзды бояп, көңіл-күй кемпірқосағын жасайды.

Бетховеннің «Мелодия слез» әуенімен балауыз шамның жану процесін бақылап эссе жазады. Жазғандарын оқиды.






Топтар түрлі- түсті қағаздарды алу арқылы шляпаларды бөліп алады.

Топпен бірігіп отырып тапсырманы орындайды



Музыка әуенімен эссе жазады

Бірлескен жұмысқа негізделген тәсіл:

Мұғалімдерге сыныпты шағын топтарға бөліп жұмыс істету. Топтық оқыту арқылы сын тұрғысынан ойлауға үйрету.

Мұғалімдерге топтық жұмыс бойынша алдыңғы сабақ туралы еске салып, қосымша нұсқаулық қолдану.

Дерекөздер:

3_L3W1D1_Шағын топтарда жұмыс істеу жөніндегі нұсқаулық

4_L3W2D1_Социограмма жасау жөніндегі нұсқаулық

Топтық жұмыс туралы нұсқаулық

Топтық жұмыстарды орындау

Жаттығулар:

1.«Қазақстанды шетелдіктерге таныстыру» топтық жұмыс

Қазақстанды шетелдікке таныстыру үшін не істер едіңіз?

2. «Көңіл- күй кемпірқосағын» дайындайды.

3. «Балауыз шамның жану процесін» бақылап эссе жазады.

4.«Бүгінгі сабақтан алған әсерлерің» жайлы эссе жазу.

Оқуға арналған тапсырма:

Мұғалімге арналған нұсқаулық

Топтық жұмыс жөніндегі нұсқаулық

Топта жұмыс істеуді бастайтындарға арналған нұсқаулық

Коучтің жазбалары:

Жыл мезгілдеріне байланысты топқа бөлу. Аудиторияда дұрыс ахуал орнату үшін «Шуақты шеңбер» жасап бір-бірінің арқаларына картошка егу ойынын жүргізу.

«Жеке», «жұптық», «топтық», «ұжымдық» формалары өздерінің педагогикалық тәжірибелерінде қалай қолданып жүргендігі туралы ой бөліседі.

Топ ережесін құрастыру ( әр топ мүшесінің жеке пікірі). Ұсыныстарын айтқыздыру.

Ортақ ережені постерге жазып іліп қою.

Топтық оқыту туралы слайд көрсету.

«Қазақстанды шетелдіктерге таныстыру» топтық жұмыс. Топ ережесіне сүйене отырып жұмыс жасау. Қазақстанды шетелдікке таныстыру үшін не істер едіңіз?

Эдвард де Боно «Ойлаудың 6 шляпасы» Топтық жұмыс. «Көктем» тақырыбын сипаттайды.

(Топтық жұмыс туралы нұсқаулық беру әр топқа.)

Коучинг сабағының соңында «Бүгінгі сабақтан алған әсерлерің» жайлы эссе жазу.



© 2010-2022