Бағдарлама Әйгілі тарихи тұлғалар

Раздел Другое
Класс -
Тип Другие методич. материалы
Автор
Дата
Формат doc
Изображения Нет
For-Teacher.ru - все для учителя
Поделитесь с коллегами:

.


Курстың мақсат - міндеттері:

Ел тарихын әйгілі тұлғалар арқылы зерделеу - қазақтың дәстүрлі таным - түсінігінде ертеден қалыптасқан үрдіс.Қазақтың қария сөздерінде , яғни, шежірелік зердесінде тарих ұдайы жеке тұлғалардың өмір дерегі арқылы танылып отырды. Қоғамның саяси - әлеуметтік , мәдени - рухани ахуалы ұдайы жеке тұлғалар болмысы арқылы көрініс табады. Содан да болуы керек , қазақтың дәстүрлі философиялық пайымдауында өмірді өзгертуден бұрын, алдымен, адам санасын шындауға көбірек мән беріледі.Дәл осы сияқты шежірелік дәстүрде де қоғам дамуының жалпы ахуалынан бұрын , алдымен адам туралы мағұлмат беру басты нысана болып отырады.

Сабақтың жүргізілу әдісі:

Дәріс, пікірталас сабақтары.

Біліктер:

  • оқушының материалмен өз бетімен жұмыс жасауы;

  • алған білімін талдап, жүйелеу .




Түсінік хат

Ел тарихын тарихи тұлғалар арқылы зерделеу - қазақтың түрлі таным - түсінігінде ертеден қалыптасқан үрдіс. Қазақтың қария сөздерінде , яғни, шежірелік зердесінде тарих ұдайы жеке тұлғалардың өмір дерегі арқылы танылып отырады. Қоғамның саяси - әлеуметтік , мәдени - рухани ахуалы ұдайы жеке тұлғалар болмысы арқылы көрініс табады. Содан да болу керек , қазақтың дәстүрлі философиялық пайымдауында өмірді өзгертуден бұрын , алдымен адам санасын шыңдауға көбірек мән береді. Дәл осы сияқты шежірелік дәстүр де қоғам дамуының жалпы ахуалынан бұрын , алдымен адам туралы мағұлмат беру басты нысана болып отырады.

Қазақтың шежірелік зердесінде адам - тарихтың негізгі тұлғасы, ал адам сапасы - тарихтың қозғаушы күші. Әрбір адам әкесі мен шешесінің перзенті ғана емес , сонымен бірге этностың да бір бөлшегі. Яғни, шежірелік зердеде этнос тарихы жеке адамнан тыс қарастырылмайды , керісінше адам әулетінің өмірбаяны ретінде қарастырылады.

Тарихи тұлға дегеніміз - жағдайға байланысты және жеке басының сапасына қарай танылғандар деп келетін жалпылама анықтама белгілі. И.А.Ильиннің сөзімен айтқанда , халық шашырап жатқан ұлы тобыр. Ал, оның күш - қуаты шоғырланып, өзін - өзі халық ретінде айғақтауы үшін тұтастануы қажет, құқық еркі мен мемлекеттік рух белгілі бір тарихи тұлғалар арқылы көрініс табуы керек. Халық та бір нөсер жауынды аңсаған шөл дала сияқты , дана көсемге қашанда зәру. Платон айтқандай, дана тұлға патшалық немесе патша дана тұлға болғанда дүние шырайнала түспек.



Оқу - тақырыптық жоспар

Сабақ

реті

Тақырыбы

Уақыты

Қысқаша мазмұны

1

Тұмар ханша (570-520)

Күнгей түркі - сақ халықтарының байырғы заманда ел билеген атақты әйел патшаларының бірі.

2

Мыңзықұлы Еділ ( Аттила) қаған (410-453)

Батыстағы ғұн империясының аты аңызға айналған әйгілі билейшісі, адамзат тарихында өзіндік орны бар тарихи ірі тұлға.

3

Домалақ ана (VI-VII ғғ.)

Қазақстанның Қңтүстік өңірінің біраз бөлігін алып жатқан тайпалардан тараған ұрпақтың арғы атасы Бәйдібек батырдың үшінші әйелі.

4

Айша бибі ( XI-XII ғғ)

Қараханидтер негізін қалаушы Қараханның қалындығы, қазіргі Тараз қаласының жанындағы архитектуралық әсем ескрткіштің иесі.

5

Шыңғысұлы Жошы хан (1187-1227 жж)

Моңғол шапқыншылығынан кейін Қыпшақ даласында құрылған жаңа мемлекет - Жошы ұлысының негізін қалаушы .

6

Тілеуқабылұлы Өтейбойдақ(1388-1478 жж)

Қазақтың әйгілі шипагер ғалымы, елдің әлеуметтік - саяси өмірінде жүйрік тарихшысы.

7

Сәбитұлы Асанқайғы (XIV-XV ғғ)

Ел ішіндегі шежіре сөздер мен күй аңыздарына қарағанда, Асанқайғы халық қамын ойлаған ақылгөй, көреген ғана емес, сонымен дәулескер күйші де болған.

8

Тоқтарбайұлы Қобыланды (XV ғасыр)

Аты аңызға айналған халық батыры.

Шыққан тегі - Қыпшақ, оның ішінде - Қара Қыпшақ.

9

Жәнібекұлы Қасым хан (1445-1518 жж)

Қазақтың ұлы хандарының бірі , Қазақ хандығының негізін салушылардың бірі - Жәнібек ханның ортаншы баласы.

10

Жалайыр Қосымұлы Қадырғали (1530-1605 жж)

Орта ғасырдағы қазақтың ғұлама ғалымы , атақты биі.

11

Сейтқұлұлы Жалаңтөс (1576-1656 жж)

Қазақтың әйгілі батыры, аса көрнекті қолбасшысы, Самарқанның әмірі.

12

Бұқар жырау (1668-1781 жж)

Қазақтың ұлы жырауы , 18 ғасырдағы жоңғар басқыншыларына қарсы қазақтың азаттық соғысын бастаушысы әрі ұйымдастырушысы атақты Абылай ханның ақылшысы.

13

Әскен( әжі) ұлы Әбілқайыр хан (1693-1748 жж)

Қазақтың Кіші жүзінің ханы, Аңырақай шайқасындағы қазақ қолының бас сардары , қазақ сұлтандарының кіші буыны - Үсектің ұрпағы.

14

Хангелдіұлы Райымбек (1705жылы туылған)

Жоңғар басқыншыларына қарсы күрескен қазақ батыры. Шыққан тегі Ұлы жүздің Албан тайпасының Әлжан руынан.

15

Уәлиұлы Абылай хан (1711-1781)

Қазақ халқының әйгілі ханы.Шыңғыс ханның тікелей ұрпағы, төре.

16

Тайманұлы Исатай (1791-1839 жж)

1836-1838 жылдары Батыс Қазақстанда болған халық көтерілісінің саяси көсемі, қайсар қолбасшысы, халық батыры.

17

Кенесары хан (1802-1847 жж)

Қазақ хандығының соңғы ханы, ұлт - азаттық күресінің әйгілі басшысы.

18

Аронұлы Сүйенбай (1815-1898 жж)

Қазақтың әйгілі ақыны , айтыс өнерінің майталман жүйрігі. Туған жері Алматы маңы , Жамбыл ауданына қарасты Қарақыстақ елді мекені.

19

Уәлиханов Шоқан (1835-1865)

Қазақтың ұлы ғаламы; ориенталист, тарихшы, фольклоршы ,этногроф, географ, ағартушы, демократ.

20

Балуан Шолақ (1864-1916)

Қазақтың халық компазиторы , ат ойынының түрлі тәсілін меңгерген өнерпаз , күш өнерін көрсеткен спортшысы, жауырыны жерге тимеген балуаны.

21

Әлихан Бөкейханов (1870-1937 жж)

Көрнекті қоғам және мемлекет қайраткері , ғұлама ғалым, ұлт - азаттық қозғалаысының теориялық негізін салушы әрі көсемі, қазақтың тұңғыш саяси партиясын ұйымдастырушы және Алашорда үкіметінің төрағасы.

22

Мұңайтпасұлы Қажымұқан (1871-1948 жж)

Қазақтың әлемге әйгілі балуаны, классикалық күрестің асқан шебері. Шыққан тегі - Орта жүздің Қыпшақ тайпасының Алтыбас руынан.

23

Тынышбаев Мұхамеджан (1879-1937 жж)

Қоғам қайраткері , қазақтың тұңғыш теміржол инженері, тарихшы ғалым, Мемлекеттік Думаның депутаты, Қоқан автономиясының басшысы, Алашорда үкіметінің мүшесі.

24

Халел Досмұхамедұлы (1883-1937жж )

Аумалы - төкпелі заманда мұі мен зардың , айтыс пен тартыстың , өмір мен өлімнің бел ортасында жүрседе азаматтық тұлғасына дақ түсірмеген қазақ зиялыларының бірі, мамандығы дәрігер бола тұрсада , қоғам өмірінің сан салалы мәселелеріне араласқан көп қырлы дарын.

25

Шоқайұлы Мұстафа (1886-1941 жж)

Отаршылдықтың озбыр саясатына қарсы жүргізілген қоғамдық қозғалыс көсемдерінің бірі, Түркістан халықтары арасында тарихта тұңғыш рет демократиялық Еуропаның ортасында түркістандық саяси эмиграциялық қызметтің негізін қалаушы.

26

Қашаубаев Әміре (1888-1934 жж)

Қазақтың атақты әншісі. Туған жері - Шығыс Қазақстан облысының Абыралы ауданына қарасты Дегелең тауының алабы.

27

Рысқұлұлы Тұрар (1894-1938 жж)

Мемлекет және қоғам қайраткері , Әулие ата уезіндегі 1916 жылғы ұлт - азаттық көтерілістің ұйымдастырушысы және басшысы .

28

Сәтбаев Қаныш (1899-1964 жж)

Аса көрнекті қазақ геологы , қоғам қайраткері , Қазақ КСР Ғылым академиясынұйымдастырушысы және оның тұңғыш президенті, Қазақ КСР академиясының академигі , қазақтың меттологения мектебінің негізін қалаушы.

29

Марғұлан Әлкей ( 1904-1985 жж)

Қазақтың ғұлама ғалымы, Бүкілодақтық География қоғамының толық мүшесі, Қазақ КСР ғылым академиясының академигі , Қазақстанның ғылымға сіңірген қайраткері, профессор.

30

Момышұлы Бауыржан (1910-1982жж )

Екінші дүниежүзілік соғыстың даңқты жауынгері , халық қаһарманы , қазақтыі көрнекті жазушысы.

31

Қонаев Дінмұхамед (1912-1993 жж)

Аса көрнекті мемлекетжәне қоғам қайраткері , үш мәрте Социалисттік еңбек ері, Қазақ КСР Ғылым академиясының академигі, техника ғылымының докторы, КСРО , шет ел ордендері мен медальдерінің иегері.

32

Назарбаев Нұрсұлтан (1940 жылы туылған)

Тәуелсіз Қазақстанның тұңғыш Президенті .

33-34

Қорытынды






Пайдаланған әдебиеттер:


  1. Қазақ тарихы


  1. Қазақстан энциклопедиясы.



  1. «Елтұтқа» Мырзатай Жолдасбекұлы,Қойшығара Салғараұлы, Ақселеу Сейдімбек.



  1. « Көрекм суретті Қазақстан тарихы» I ,II, III, IV томдар



  1. «Аңыз адам» журналы




































© 2010-2022