Атадан қалған асыл сөз

Мақсаты:оқушылардың ана тіліне деген сүйіспенлігін арттыру,өз тілін дұрыс меңгеріп,ана тілін,дінін тарихын қадірлеуге қастерлеуге тәрбиелеу Көрнекілігі:қанатты сөздер,гүлдер ,шарлар,суреттер Барысы: Жүргізуші:Өте ертеде бір қадірлі шешен қария келте дүниеден көз жұмарда  қасына ұлын  шақырып : -Балам,мен ұзамай дүние саламын.Әкем қазына қалдырмады деп қамықпа.Ел ішінде қалдырып бара жатқан асыл мұра.Соны іздеп тап,қадірле ,қастерле,-дейді.Мұны естіген бала әке мұрасын  деп табынынан таусылып,е...
Раздел Другое
Класс -
Тип Рабочие программы
Автор
Дата
Формат docx
Изображения Нет
For-Teacher.ru - все для учителя
Поделитесь с коллегами:

Тақырыбы:Атадан қалған асыл сөз

Мақсаты:оқушылардың ана тіліне деген сүйіспенлігін арттыру,өз тілін дұрыс меңгеріп,ана тілін,дінін тарихын қадірлеуге қастерлеуге тәрбиелеу

Көрнекілігі:қанатты сөздер,гүлдер ,шарлар,суреттер

Барысы:

Жүргізуші:Өте ертеде бір қадірлі шешен қария келте дүниеден көз жұмарда қасына ұлын шақырып :

-Балам,мен ұзамай дүние саламын.Әкем қазына қалдырмады деп қамықпа.Ел ішінде қалдырып бара жатқан асыл мұра.Соны іздеп тап,қадірле ,қастерле,-дейді.Мұны естіген бала әке мұрасын деп табынынан таусылып,ел кезеді,таба алмайды.Ойы он саққа кеткен бала бір күні ел ішіндегі абзал қарияға келеді.

-Әкенің сөзі рас балм.Оның саған қалдырған мұрасы-тіл.Ол шешен адам ғой.Бәріміз сөйлеуді сенің әкеңнен үйрендік.Тілден қымбат қазына жоқ,--деп аталы сөздің шешуін айтады.

-Құрметті ұстаздар,оқушылар,ата-аналар!Сіздерді «Атадан қалған асыл сөз»атты сыныптан тыс шараны көруге шақырамыз.

-Ал сайысымыз бастар алдында әділ-қазылар алқасын таныстыруға рұқсат етіңіздер

Сайысымыз мынадай кезеңдерден тұрады

1.Сәлем сөздің атасы

2.Бәйге

3.Кім тапқыр

4.Салт -дәстүрді білесің бе?

5.Сөздің көркі мақал

6.сен маған-мен саған

Сонымен сайысымызды бастайық.Дайынбыз ба?

1.Сәлемдесу -игі дәстүр киелі

Сөзбен құрап,кейде шешер ішінен

Жақсы сөзге жан семірер қашанда

Жолданады сайыскерлер сәлемі.

Қатысушылар рет-ретімен өз таныстыруларын айтады,өз ұрандарын айтады.

2.Бәйге ойыны (сұрақтар)

Қасиетті тағам

Үш биді ата

Абылайдың шын аты кім?

Қазақтан шыққан алғашқы ғарышкер

Үш жүзді ата

Дарабоз атанған батыр

Қазақ балаларына алғаш мектепті кім ашқан

Қазақстан Мемлекеттік тілі

Ұстаз сөзінің синонимы

Жақсы сөзінің антонимы

Ұзындық өлшемдерін ата

Абайдың анасы

Қазақ халқының батыр қыздары

Шығыс елдерінің тойлайтын көктем мерекесі

Абайдың аса дарынды шәкірті

Мұсылман діні

Жердің табиғи серігі



© 2010-2022