Ату кезіндегі қауіпсіздік ережесі - АӘД пәнінен сабақ

Раздел Другое
Класс 10 класс
Тип Другие методич. материалы
Автор
Дата
Формат doc
Изображения Нет
For-Teacher.ru - все для учителя
Поделитесь с коллегами:

Сабақ тақырыбы: Қауіпсіздік ережесі

Мақсаты:

Білімділік: Оқушыларға атуды орындау ережесі мен қарумен жұмыс ережесін түсіндіру.

Тәрбиелік: Оқушыларды отансүйгіштік рухта, Отан қорғау жолында қиындықтарға мойымауға тәрбиелеу.

Дамытушылық: Атыс негіздері бойынша алған білімдерін жетілдіру.

Сабақ әдісі: Көрнекілік.

Сабақтың материалдық жабдықталуы: Пневматикалық мылтық.

Сабақ барысы.

І. Кіріспе-3 мин

Сапқа тұру, сәлемдесу, оқушылардың сабаққа даярлығын тексеру.

Қауіпсіздік ережесімен таныстыру.

ІІ. Үй тапсырмасын тексеру -12 мин

Мергендерден осы кезге дейінгі алған білімдері сұрақ-жауап арқылы тексеріледі.

1. Негізгі бөліктері мен механизмдерінің арналуы және құрылысы.

2. Бөліктері мен механизмдерінің жұмысы.

3. Қарудың сақталуы.

ІІІ. Жаңа сабақ - 21 мин

Қамтылатын сұрақтар:

1. Атуды орындау ережесі.

2. Қарумен жұмыс ережесі.

Ату кезіндегі қауіпсіздік ережесі

Пневматикалық мылтықпен жұмыс істегенде сақтық шараларын бұлжытпай орындау керек. Оқ ұңғы арнасынан 140 … 180 м/с жылдамдықпен ұшады және 150 м қашықтаққа дейін жетеді. Әрбір атыс алдында мылтықты сыртқы байқаудан өткізіп, бекіту винттерін қатайту керек.

Тыйым салынады:

1. Мылтық ты жетекшінің пәрменінсіз алуға және оқтауға.

2. Тіпті оқталмаған мылтықтың өзімен адамға, жан-жаққа, тыл жаққа көздеуге және бағыттауға.

3. Шүріппені көздеуге дейін және атыстан кейін қозғауға.

4. Оқталған мылтықты қараусыз қалдыруға.

5. Оқталған мылтықты атыс шебінен алып шығуға.

6. Мылтықты оқталған күйде сақтауға.

7. Тирде шулауға және назарды бөлуге.

8. Атыс аймағында бөгде адамның болуына.

Атқыш міндетті:

1. Атыс жетекшісінің барлық пәрмендерін орындауға.

2. Тіпті оқталмаған мылтықтың өзін тасымалдау және жөндеуден басқа кездерде ұңғысын атыс бағытында ұстауға.

3. «Ат» пәрменінен кейін ғана «Тоқтат» немесе «Атысты тоқтат» пәрменіне дейін атуға.

4. Мылтықтың жарамсыздығы туралы атыс жетекшісіне мәлімдеуге.

5. Атыс аймағында адам болған кезде атысты тоқтатуға.

6. Атыстан кейін мылтың оқсыздығын тексеруге.

7. Мылтықты күтіп ұстауға.

ІҮ. Жаңа сабақты бекіту -5 мин

Сұрақ-жауап.

Ү.Қорытынды - 4 мин

  1. Оқушылар білімін бағалау.

  2. Үйге тапсырма, орындауға нұсқау беру.


© 2010-2022