Тақырыбы: БАНКТЕГІ НЕСИЕНІ АЛУҒА ҚАЖЕТТІ ҚҰЖАТТАРҒА ТҮСІНІК

Раздел Другое
Класс 12 класс
Тип Конспекты
Автор
Дата
Формат docx
Изображения Есть
For-Teacher.ru - все для учителя
Поделитесь с коллегами:

«БАНКТЕГІ НЕСИЕНІ АЛУҒА ҚАЖЕТТІ ҚҰЖАТТАРҒА ТҮСІНІК. ОЛАРДЫ ТОЛТЫРУ» ТАҚЫРЫБЫ БОЙЫНША ИНТЕРБЕЛСЕНДІ ТЕХНОЛОГИЯСЫНЫҢ ЭЛЕМЕНТТЕРІН қолдана отырып «БАНК ІСІ» ПӘНІНЕН ЖҮРГІЗІЛГЕН АРАЛАС САБАҒЫНЫҢ ӘДІСТЕМЕЛІК ӘЗІРЛЕМЕСІ

Сейдахметова Г.А. -

Алматы экономикалық колледжі

«Банк ісі» пәнінің оқытушысы

САБАҚ БАРЫСЫ


I.Ұйымдастыру кезеңі: Дәрісхананың сабақ өткізуге дайындығын және студенттердің қатысуын тексеру.

II.Өткен тақырыпты қайталау:

  • Сабақтың мақсаты мен жүру барысын айту.

  • Сайыс өткізу.

Бүгінгі аралас сабағымызды «Банктегі несиені алуға қажетті құжаттарға түсінік. Оларды толтыру» бойынша білімгерлерді жаңа білім қабылдауға және игеруге белсенділендіру және өз ойларын еркін жеткізу тақырыбына арналған және қабылданған теориялық білімдеріңді тәжірибеде қолдана білуге бейімдеу және белгілі бір дағдыны қалыптастыру мақсатында тәжірибелік сабақ өткізгелі отырмыз. Сабақ интербелсенді әдістерінің элементтерін қолдану арқылы жүргізіледі.


  • 1 - ші кезең «Бәйге» (әр топқа берілетін сөзге анықтама беріп және де мысал келтіру).Тақырыбы: БАНКТЕГІ НЕСИЕНІ АЛУҒА ҚАЖЕТТІ ҚҰЖАТТАРҒА ТҮСІНІК

1.Несие түйіні

2.Корпоративтік клиент

3.Несиелік желінің түрлері

4.Овердрафт

5.Маусымдық несие

6.Лизингтік несие

7.Сенім несиесі

8.Консорциалдық несие

9.Инвестициялық несиелер

10.Рамбурстық несие

11.Ломбардтық

12.Форфейтингтік несие

13.Факторингтік

14.Экспорттық


  • 2 - ші кезең:

Жаңа тақырыпты түсіндіру: Банктегі несиені алуға қажетті құжаттарға түсінік. Оларды толтыру.

Дәріс жоспар:

  1. Несиеге қажетті құжаттар

  2. Құжат реквизиттері

І.Корпоративтік клиенттерді несиелеуге қажетті құжаттар жинау несиелеу үрдісінің 1-кезеңінде жүзеге асады. Бұл кезенде клиент банктің несие менеджерімен сұхбаттасып, кеңес алғаннан кейін және несиелеу шартымен толық келіскен жағдайда банктің жасаған формасында құжатты немесе құжатсыз (компьютердегі арнайы бағдарлама) түріндегі несие алу үшін өтінішін және сауалнаманы толықтырады және несие лауға қажетті құжаттарды жинақтап банкке тапсырады. Қажетті құжаттардың тізімін несие менеджері клиентке тапсырады. Клиенттердің әр түрлі топтары үшін әр түрлі құжаттар пакеті әзірленуі мүмкін.

Жалпы банкке тапсыратын клиенттің құжаттары екі топқа бөлінеді: несиелік сараптама және заңды сараптамаға арналған құжаттар.

Клиенттердің әр түрлі топтары үшін әр түрлі құжаттар пакеті әзірленуі мүмкін. Мысал ретіндегі құжаттар пакетінің құрамына жататындар:

  • құрылтайшылық құжаттардың, жарғынын, жалға алу шарттарының, тіркелген куәліктерінің немесе пакеттерінің, жерді пайдалану құқығын куәландыратын құжаттарының нотариалды түрде куәландырылған көшірмесі;

  • кәсіпорын басшысының немесе кәсіпорын атынан несие алуға сенім білдірген тұлғаның төл құжаты және клиенттің несие алуға құқығын растайтын басқа да құжаттардың көшірмелері;

  • қаржылық есебі, яғни соңғы екі жылдық қарыз алушының балансы, қаржылық қызметінің есебі, ақша қаражаттарының қозғалысының есебі;

  • несиеленетін шаралардың рентабельдік деңгейін және оның қайтарылу мерзімін сипаттайтын техникалық-экономикалық есебі;

  • несиеленетін мәмілелерді растайтын келісімшарттар көшірмелері материялдық бағалылықтарды жабдықтауға және сатуға арналған шарттар, тауарлы-материялдық бағалылықтар шотының көшірмелері және т.с.с.

  • алашақ және берешек қарыздары туралы құжат (қарыздарының пайда болу себебі мен мерзімі және оны өтеу мерзімдері көрсетілуге тиіс);

  • басқа банктерден алған несиелер туралы мәліметтер (шоттар бойынша көшірме);

  • қамтамассыз ету мақсатында кепілге берілген мүлікке қарыз алушының меншік құқығын растайтын құжаттар;

  • несиені қайтаруға байланысты міндеттемені куәландыратын құжаттар;

  • қызметін жанарту бастаған, яғни қаржылық есептер және басқа да құжаттары жоқ кәсіпорынның бизнес жоспары.

Қажет жағдайларда банк қарыз алушыдан несиені қайтаруын қамтамассыз ететін басқа да құжаттар мен мәліметтерді талап ете алады. Сонымен қатар, банкпен тұрақты несиелік қатынаста болатын қарыз алушылар үшін кейбір құжаттар тізімі қысқаруы мүмкін.

Қарыз алушы банкке несие алуға өтініш жасаған уақытта, банк несиелеудегі оның мүмкіндігін алдын бағалау үшін сауалнама толтыруы мүмкін. Онда: фирманың жетекші мен қарыз алушының аты-жөні; қызметі және валюталық шот ашқан банктің аты және реквизиттері; негізгі құрылтайшылары; ол сұрайтын несиенің мақсаты, сомасы және мерзімі; соңғы есептік күнге берілген баланс құрылымы және басқа да көрсеткіштері.

ІІ.Қарыз алушының несиелік қабілетін бағалауда мынадай ақпарат көздерінің маңызы зор:

  1. Өтініш жасаушымен тікелей сұхбатасу, яғни банк қызметкері ссуда алуға өтініш жасау себептерін біле отырып, өтініш банктің несиелік саясатынан туындайтын талаптарына жауап беретіндігіне мән береді. Қарыз алушының тарихы, өнімінің және көрсететін қызметінің сипаты, шикізат көздері, жұмыскерлерінің біліктілігі турады ақпараттар жинайды. Бұл ақпараттар басқа жолдармен тексеріледі;

  2. Клиенттерінің несиелік қабілеті, олардың өткен уақыттардағы несиелерге қатынасы, шоттардағы қалдықтары және т.б. туралы ақпараттардан тұратын банк картотекасын жүргізу;

  3. Орында инспекция жүргізу;

  4. Қаржылық есебін талдау;

  5. Басқа бактермен контракт арқылы, қарыз алушының жабдықтаушылары арқылы, салық инспекциялары арқылы сырттай ақпатар көздері.

Шетелде клиенттердің несиелік қабілеті туралы ақпаратта жинауға маманданған және оны беретін арнайы фирмалар немесе агенттіктер бар. Қазіргі уақытта дамыған елдерде, банктерге келісімшарт негізінде қызмет көрсететін сондай бірнеше тәуелсіз ұйымдар жұмыс жасайды. Мысалға, фирма «Дан энд Брэд форд» 3 млн жуық АҚШ-тың, Канаданың, Данияның фирмалары туралы ақпараттар жинақтап, жалпы ұлттық және аймақтық анықтамаларда жариялайды. Біздің елімізде 2003 жылдан бері Несиелік бюро қызмет ете бастағанымен әлі банктердің, онымен ақпараттар алмасуы дұрыс жолға қойылған.

  • 3 - ші кезең:

«Банктегі жағдайлар» топтық зерттеу ойыны, АҚ «Халық банкі», АҚ «ЦеснаБанк» және АҚ «БанкЦентрКредит» командалары арасында өткізіледі. Бұл ойынның шарты студенттер шағын топтарға бөлініп, несие алу кезіндегі банктегі келеңсіз жағдайды шешу жолдарын талқылау және тиімділігін анықтау, уақыт (15-20) минут.

III. Сабақ нәтижесін қорытындылау: сабаққа белсенді қатысқан студентті және топ жеңімпаздарын анықтау.

IV.Бағалау.

V. Үй тапсырмасы: осы сабақта өтілген жаңа тақырып бойынша оқып келу.


ҚОЛДАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР ТІЗІМІ


  1. С.Құлпыбаев, Қ. Қ. Ілиясов; Қаржы оқулығы 2009 жыл.

  2. С.Б.Мақыш «Банк ісі» Алматы «Жеті жарғы» 2009 жыл.

  3. Н.Н. Хамитов «Банк ісі» Алматы экономика 2006 жыл.

  4. Р.Ж.Қалғұлова «Екінші деңгейлі банктегі бухгалтерлік есеп» Алматы, 2005 жыл.



© 2010-2022