5 класс сабақ жоспары

Раздел Другое
Класс 5 класс
Тип Рабочие программы
Автор
Дата
Формат docx
Изображения Нет
For-Teacher.ru - все для учителя
Поделитесь с коллегами:

5 сынып

Сабақтың тақырыбы: Мектеп

Мақсаты: 1. Оқушылардың мектеп туралы түсініктерін кеңейту.

2. Сұрақтарға жауап беру арқылы оқушылардың қисынды ойлау, сөйлеу қабілеттерін арттыру

3. Ата-анаға, жолдастарына, мұғалімдерге деген ізгі ниеттерін қалыптастыру.

Сабақтың түрі: ашық сабақ (аралас)

Әдіс-тәсілдер: сұрақ-жауап, түсіндіру, сөйлем құрау

Көрнекілігі: мектеп суреті, интерактивті тақта, компьютер, оқулық, жұмыс дәптері.

І. Ұйымдастыру кезеңі

ІІ. Үй тапсырмасын тексеру: ереже, сөздік сұрау

ІІІ. Жаңа тақырыпты түсіндіру. Грамматикалық тақырыпты тірек сызба бойынша түсіндіру.

5-тапсырма. Ережемен танысып, есте сақтау.

Заттың жалпы санын білдіретін сан есім есептік сан есім деп аталады. Қанша? неше? деген сұрақтарға жауап береді. Мысалы: бес қабат, алты кабинет.

Сын есімнің күшейтпелі шырайы

Сындық белгінің бір нәрседен өте артық не өте кем екенін білдіретін шырайдың түрі күшейтпелі шырай деп аталады. Күшейтпелі шырай күшейткүш буын арқылы жасалады. Мысалы: үп-үлкен, жап-жарық.

VІ. Бекіту.

1-тапсырма. Жаңа сөздермен танысып, сөздерден сөз тіркестерін құраңдар.

1. Сөздер мен сөз тіркестерінің мағыналарын түсіндіру, сөздік дәптерлеріне жазу.

2. Сөздерді дұрыс айтуға дағдыландыру:

а) мұғалімнің мәнерлеп оқуы;

ә) оқушылардың дауыстап қайталауы;

б) оқушылардың тізбектеп оқуы.

3. Сөздерден сөз тіркестерін құрау.

4. Сөйлемдер құрау.

ұғым - понятие

мәңгі - вечно

белсенді - активный

сауатты - грамотный, образованный

мәдениетті - культурный

міндет - обязанность

Оқылым

2-тапсырма. Мәтіннің мазмұнын айтып беру.

Мектеп

«Мектеп» деген сөз араб тілінен шыққан. «Оқу орны» деген ұғымды білдіреді. Әрине, сендердің алғаш оқуға барған күндерің мәңгі естеріңде қалатыны сөзсіз.

Алғашқы қоңырау соғылды. Мектеп директоры, ата-аналар құттықтап, жақсы тілектер айтты.

Мектепте «Оқушыларға арналған ереже» бар: жақсы оқу, үлгілі болу, қоғамдық жұмысқа белсене қатысу. Осы ережені оқушы орындаса, келешекте сауатты, білімді, мәдениеттә болады.

Міне, бұл-мектептің ең басты міндеті.

3-тапсырма. Өлеңді мәнерлеп оқу. Өлеңде не туралы айтылған?

Мектеп-ана

Гүл толы қала, дала да, Қадірлі мектеп, бұл мектеп,

Гүл толы бүгін омырау. Оқыған ата-анамыз.

Шақырып мектеп-анаға, Атыңды сенің құрметтеп,

Соғылды тұңғыш қоңырау. Әрқашан еске аламыз.

Сүйеміз мектеп-ұлы ана,

Партаңды, карта, тақтаңды.

Ержетіп талай ұланың,

Еңбегін ел мақтады.

Жазылым

4-тапсырма. Сөйлемдерге сұрақ қойып жазу.

Бүгін күн жылы. Аспан ашық. Біздің мектептің алды таза. Сынып терезелерінің алдында ағаштар өсіп тұр.

Мектеп алдында балалар футбол ойнап жүр, қыздар оларға қарап тұр. Біздің мектептің ауласы кең. Біздің үй мектептен алыс емес.

VI. Сабақты қорытындылау.

VII. Үй тапсырмасы. Ережені жаттау. Мысалдар келтіру.


© 2010-2022