Эссе Мемлекеттік тіл-бірлік бастауы

Раздел Другое
Класс -
Тип Другие методич. материалы
Автор
Дата
Формат doc
Изображения Нет
For-Teacher.ru - все для учителя
Поделитесь с коллегами:

Заявка

на конкурс эссе «Мемлекеттік тіл-бірлік бастауы» посвященный Дню языков народа Казахстана


  1. Эссе

  2. Добромирова Яна Витальевна, КГУ «Чаглинская средняя школа»

  3. СКО, Аккайынский район, а. Шагалалы, ул. Тимирязева д.6

  4. 87781681047, [email protected]





































Мемлкеттік тіл-бірлік бастауы

Қазақ - сөз қадірін өз қадірім деп білген халық. Кеңдігін де, елдігін де,кемеңгерлігі мен көсемдігін де сөзге сыйғызған жұрт. Оның тарихы да, тағдыры да, тәлімі мен тәрбиесі де, даналығы мен дала көңілі де сол сөзде жатыр. Қазақ тарихында сөздің орны ерекше. Бітпес даудың, бәтуасыз шудың келісімі де, шешімі де сөз болған. Сондықтан де сөзден өткен күш, құдірет жоқ[1,30 б].

Аумалы-төкпелі, алмағайып замандарды бастан кешкен халықтың өзіндік басқару жүйесі болды, ел қамын жеген ерлері, сөзін сөйлеп, жағдайын жайлаған шешендері, білімпаз билері болған. [3,41 б].

Қазақ тілім - өз тілім, ана тілім,

Абай, Мқхтарсөйлеген дана тілім.

Қастерлейді ұл-қызың мәңгі сені,

Болашағым, бақытым, дара тілім- бұл менің жадымда сақтаған ұраным.

Менің әкем - орыс, анам - қазақ. Әжем кішкентай кезімнен бастап менімен қазақша сөйлесті. Мен қазір қазақ тілін де, орыс тілін де жетік білемін. Ана тілім деп қазақ тілін есептеймін. Себебі, ес білгеннен бастап қазақ тілін естіп келемін. Қазақ тілі маған ана сүтімен дарыды, ол маған қымбат және ыстық. Біз отбасымызда қазақ тілінде сөйлейміз. Өзге ұлттардың мәдениетімен таныса жүріп, өзге ұлт өкілдеріне халқымның тілін, салт - дәстүрін, мәдениетін, әдебиетін үйрету мен үшін үлкен бақыт.

Ана тіліміз - жүректің терең сырларын, халықтың басынан кешкен дәуірлерін ұрпақтан - ұрпаққа жеткізіп, сақтап отыратын қазына.

Ел тәуелсіздігін тіл тәуелсіздігімен астастыра қарап, туған тілдің тұғырын биіктеу қамы қолға алынғалы да біраз уақыт болып қалды. «Қазақстан Республикасындағы тіл саясатының тұжырымдамасы», «Қазақстан Республикасындағы Тіл туралы Заң»сияқты стратегиялық маңызы бар құжаттардың дүниеге келуі осы бағытта жасалған оң қадамдар [5,103 б].
Тіл қарым-қатынас құралы. Адамның ой-өрісін, мәдени дәрежесін, ақыл-парасатын, рухани байлығын көрсететін айна. Тіл мәдениетінің өзектілігі әрқашан ескеріліп, қай халық болса да бұл мәселені айналып өткен емес. «Өнер алды - қызыл тіл» деп қазақ халқы да сөйлеу шеберлігіне үлкен мән берген. Қазіргі таңда тіл мәдениетінің көкейтестілігі арта түсті.
Қазақстан Республикасы Президентінің «Тілдерді қолдану мен дамыту бағдарламасында»: «Тілді дамыту - Қазақстан Республикасы мемлекеті саясатының аса өзекті бағыттарының бірі» , сондай-ақ «Мемлекеттік тілді оқытудың саны мен сапасына көңіл бөлу керек» делінген. Елбасы Н.Ә.Назарбаев: «Қазақстанның болашағы қазақ тілінде» - деп тұжырымдайды.
Ал қазақ халқының тіл келешегі мектеп оқушыларында.Тілді қастерлеу әрбір қазақстандықтың міндеті. Бұл- менің де міндетім. Мен қазірШағалалы орта мектебінде 9- сыныпта оқимын. Ұстаздарым менің болашағымнан зор үміт күтуде.

«Еліміз өз тәуелсіздігіне қол жеткізгеннен кейін, ана тіліміз - қазақ тілі мемлекеттік тіл болып бекітілді. Болашағымызды баянды етер қаруымыз тіліміз. Ана тілімізді құрметтейік!» - деп үнемі айтудан жалыққан емеспін.

Солтүстік Қазақстан облысы

Аққайың ауданы

«Шағалалы орта мектебі» КММ










ЭССЕ:«Мемлекеттік тіл - бірлік бастауы»







Жазған: Добромирова Яна Витальевна

9-сынып оқушысы

Жетекшісі: Аленова Қымбат Серікқызы

қазақ тілі мен әдебиет мұғалімі















Шағалалы ауылы

2015 жыл

© 2010-2022