• Преподавателю
  • Другое
  • Тізбектелген сабақтар топтамасына Бағдарламаның бір модулі қалай және неге енгізілген туралы бір рефлексивтік есеп

Тізбектелген сабақтар топтамасына Бағдарламаның бір модулі қалай және неге енгізілген туралы бір рефлексивтік есеп

Раздел Другое
Класс -
Тип Другие методич. материалы
Автор
Дата
Формат docx
Изображения Нет
For-Teacher.ru - все для учителя
Поделитесь с коллегами:

Аманжолова Сауле Шаяхметовна Мұғалім портфолиосы А есебі

№ 1 топ ІІІ деңгей

Петропавл қаласы 17.04.2014

Тізбектелген сабақтар топтамасына Бағдарламаның бір модулі қалай және неге енгізілген туралы бір рефлексивтік есеп (2000 сөз)

Оқыту үдерісін жақсартуға байланысты бірнеше инновациялық технологиялар қолданып жатқаны бәрімізге мәлім. Осының бірі, Қазақстан Республикасының оқыту жүйесіне Кембридж оқыту бағдарламасын кеңірек қолдану. Бағдарламаның негізгі мақсаты: оқыту үдерісін жақсарту мен оқу нәтижелерін жетілдіру. Яғни, білім беру жүйесінде оқытудың мақсаты - оқушының пәнді терең түсіну қабілетін дамыту, алған білімдерін сыныптан тыс жерде, кез келген жағдайда тиімді пайдалана білуді қамтамасыз ету. [МАН, 6 бет].

Оқыту нәтижесін жетілдіру мақсатында оқыту мен оқудағы жаңа тәсілдер модулін өз сабақтарымда үнемі пайдалана отырып, алдымдағы уақытта сабақтарыма қажет екенін түсіндім. Бұл модульді неге таңдадым? Таңдаған себебім, бұл модуль арқылы мен оқыту барысында тиімді тәсілдерді қолдану, оқушымды жүйелі ойлауға жетілдіру, шығармашылық және талантты жолдарын анықтау, өз пікірімен бөлісіп, сыни ойлауға сөйлеу тілін жетілдіруге үйретемін. Менің негізігі мақсатым: орыс тілді оқушыларымның ауыз екі сөйлеу тілдерін жетілдіру, сабақтағы алған білімдерін мектептен тыс жерде пайдалануды үйрету. Нәтижесінде оқыту мен оқудағы жаңа тәсілдер модулінің диалогтік әдісін пайдалану маңызды деп есептедім. Бұрынғы сабақтарда диалог құруда негізгі рөлді мұғалім-оқушы арасында қолданғанымды және жабық сұрақтар төңірегінде жұмыс жасағанымды түсіндім. Ал тәжірибеден оқушылар диалогқа сыныптастарымен түскенде жұмыс нәтижелі болатынын түсіндім. Теориялық тұжырымдамаларға сүйенсек, диалог арқылы, оқушы терең білім алады, диалогта мұғалім мен оқушылармен әңгімелесу - оқушының қызмет белсенділігі дамиды делінген. Ал Александер (2008) диалог түрінде оқыту оқушыларды ынталандыру және дамыту үшін әңгімелеу мүмкіндігін беретінін айтады. [МАН,29 бет]. Демек, диалог арқылы оқушылардың дамып келе жатқан идеяларымен жұмыс жоспарлауына түсінбеушілікті жеңуге көмектеседі деген пікірмен келісемін.

Тәжірибе барысында алынған теориялық білімімді сабақтарыма енгізу, оқыту жоспарымда жаңаша әдіс-тәсілдерді қолдану сонымен бірге, бағдарламаның негізгі жеті модуль бойынша сабақты жаңаша құрастыру, бағдарламаның негізгі идеяларын сабақтарымда ықпалдастыру менің басты мақсатым болды. Мектептегі тәжірибеде 5-сыныпта тізбектелген төрт сабағымды өткіздім. Бұл сыныпты алу себебім, бұл сыныптың белсенділігі жоғары болғандықтан, оқушылардың қазақ тілін игеруде ойлануына ықпал жасау. Ең бірінші сабақ барысында ынтымақтастық атмосферасын қалыптастырудан бастадым, себебі менің сабағыма қызуғышылық арттырады деп есептедім. Өткізіп жатқан сабақтарым нәтижелі болу үшін ынтымақтастық атмосферасын қалыптастырудан бастағанды дұрыс деп санадым. «Гүлшоғын» тренингісін орындау кезінде менің және балаларым алдында мынадай кедергі болды, олар өздері жайлы толық мәлімет айта алмады. Мүмкін, қазақ тіліндегі сөздік қорларының аздығынан, сенімсіздіктен, ұялшақтау болғандығына болды деп есептедім. Осы жерде мен балаларыма бағыттаушы бола алдым. Оқушыларды серіктестікте жұмыс жасауға шақырдым. Келесі күні «сағат тілімен» тренингісін өткізгенде, менің байқағаным балаларға бұл өте ұнады, өздерін жай сезінгенін байқадым. Өткендегі кедергілер байқалмағанын аңғардым, бір-біріне сенімсіздік болуы көрінбеді. Яғни, сыныпта ынтымақтастық атмосферасы бар жерде оқыту жүйесі алға басып, оқушы сабақта толық ашылып, өз білімін кеңейтуге, өз сыныптастарымен жақсы араласып, серіктестікте жұмыс жасау, мұғалім мен оқушы арасындағы түсінушілік қалыптаса бастағанын аңғардым. Осыдан түйгенім, тренингтер арқылы оқушылардың көңіл-күйлері жақсарады, сабаққа деген ынталары артады, қызығушылықтарының арта түседі.

Алғашқы сабақты сынып оқушыларын топқа бөлуден бастадым. Топқа бөлудің мақсаты тапсырма бойынша өз ойларын талдау, өзінің пікірімен бөлісу, ынтымақтастық жұмысты жетілдіру болды. Топқа бөлгенде стикерлерді пайдаландым, стикерлерде тақырыпқа байланысты сөздер болды, сөздердің синонимі бойынша топ-топ болып отырды.

Жаңа сабақтың тақырыбын ашуға "Кітап - білім бұлағы"- деген дәйексөзді алдым. Оқушыларға ашық сұрақтар қойылды:

- Мектеп кітапханасына барасың ба?

- Бұл сурет қашан түсірілген деп ойлайсыңдар?

-Егер де сенде кітапхана болса, ол қандай болар еді? - деген жоғары дәрежелі сұрақтар қойдым. Үшінші сұрақ бойынша балалар жауап беруге қиналды. Жауаптары толық болмады. Сондықтан мен сұрақтарға жауап беру бойынша зерттеушілік әңгімені жүргіздім. Мерсердің зерттеуіне сәйкес, зерттеу жұмыстарын талдау барысында оқушылардың білім алуы, тыңдауы және сөйлеу барысындағы байланыс анықталды. Зерттеушілік әңгіменің тиімді жақтары оқушылар өз сыныптастарымен топқа бөлініп, ортақ сұрақ бойынша өз ойларымен пікір алмасып, бір-бірінің идеяларын талқылайды, ұжымдық, топтық білім мен түсінікті қалыптастырады. [МАН, 49 бет]. Осы әдістің нәтижесінде, балалар бір-бірінің жауаптарын тыңдап, бір-бірінің жұмыстарын толықтырды. Менің бақылауымдағы жүрген оқушыларым әрбіреулері өз ойларымен бөлісті, «Мектеп кітапханасы» тақырыбы бойынша постер жасап, әр топ кітапхананы кенейтуге қандай жолдар бар екенін құрастырды. Бірініші топ кітапханада жетпейтін оқулықтарды қалай жолын табу туралы мынадай дәлелдемелерді жазды: "басқа мектептермен тығыз байланыста болу керек", ал екінші топ оқушылары кітапханада жетпейтін оқулықтарды қалай жолын табу туралы мынадай дәлелдемелерді жазды: "бір-біріне жақын тұратын оқушылар, бір көшеде тұратын оқушылар оқулықтарымен алмасып тұру керек". Нәтижесінде топтық жұмыс түрі тиімді болды, келесі сабақтарды осындай оқыту әдісін пайдаланып, әрі қарай жетілдіру керектігін ескердім. Келесі сабаққа көздеген жұмыс түрі жұптық диалогты жетілдіру болды. Өйткені, бұрынғы сабақтарда бұл жұмыс түрін жасамаппын. Ал бұл әдіс арқылы оқушылардың серіктестікте жұмыс жасайтыны менің сыныбым үшін ұтымды деп есептеймін. Сабақта диалогтік оқыту әдісі арқылы сергіту сәтінде пайдаланған тиімді. "Қайда бардың? не алдың?" сұрақ-жауаптары бойынша, рөлдік ойындар арқылы сұраққа қысқа жауап беру, жан-жақты жауап беру мақсатын көздеген болатынмын. Нәтижесінде оқушылардың ашылуына, ойын жеткізуіне, сөздік қорының молая түскеніне көмектесетінін түсіндім.

Диалогтің пайдасы зор. Өз сабағымда диалогтік оқытуды пайдалана отырып, жақсы нәтижеге жеттім деп ойлаймын. Оқушылардың сөздік қорының молайғанын байқадым. Өз сабақтарыма диалогтік оқыту әдісін қолдана отырып, оқушыларымды өз ойларын айтуға, өзінің пікірімен бөлісуге, тақырып ашарда жан-жақты нақты мәлімет беруді үйренетінімді байқадым. Александер (2004) сыныптағы диалог барысында оқушылардың идеялары екі жақта жүреді және осының негізінде оқушының білім алу алға жылжиды деп тұжырымдайды. Осыдан Александердің ойын назарға алып, екінші сабағымда жұптық диалог арқылы сыни тұрғыдан ойлауды дамыту мақсатында ассоциация әдісін қолдандым. Оның мақсаты балалар қаншалықты түсінетін, ойлайтынын анықтау болды. Таныстырылымда балаларға «Мектеп кітапханасы» сөзі жазылды, балалар туындаған ойларын дәптерге жеке жазып, кейін топта отырып өзара сұрақ қою, сұраққа жауап беру арқылы диалог жүргізді. Нәтижесінде «Мектеп кітапханасы» қандай болу керектігін, тақырып бойынша кіріспе сөзді диалог арқылы оқушылар ашты. "Кітап - білім бұлағы" бейне фильмнің көмегімен сабақта диалогтік оқытуды жалғастыру болды. Бейне фильмді көрсетудің мақсаты материалды толық меңгеру, оны түсіну болды. Талдау барысында сыныптың үлгерімі жақсы оқушылар өз түсініктері бойынша жазып алды, ал үлгерімі төмен оқушым өз сөздерімен материалды толығымен ашпады, бірақ менің және топтағы сыныптастардың көмегімен дәптерге түсінігін жазды. Топтық жұмыстың тиімділігін осы тұста да аңғардым. Бұл жұмыстың тиімділігі өзара көмек беру, бірін-бірі толықтыру, кері байланыс орнатудан байқалды. Оқушылардың жас ерекшеліктерін ескере келе, берілген тақырып бойынша постер құрастыруды тиімді деп енгіздім. Постерді қорғап болған соң, формативті бағалауды жүргізді. Яғни, «екі жұлдыз, бір тілек» тәсілі арқылы. Осы жерде топтар бір-біріне сыни бағалауды жүргізу арқылы, формативті бағалау түрін игере бастады. Яғни, өзара толықтыру, қорытынды шығару болды. Сабақтың аяғында жиынтық бағалау түрін қолдандым. Бұрынғы сабақтарда бағалаушы тек өзім ғана болып келдім. Сондықтан бағалауды өзгертуде оқушылардың сабақ барысында жасаған әрекеттерін, білім алуға қатысқан деңгейлері бойынша бағалады, бағалау арқылы мен әрі қарай оқушының дамуына, ынталануына көмектесу үшін басқа тәсілдерді қарастырдым.

Сөздер мен сөз тіркестерді аудару арқылы оқыту мен оқытудағы жаңа тәсілдер модулінің қалай оқыту керек әдісін қолдандым. Сыныпта оқуды үйрететін білім топтарын құрастырдым. Мақсатым оқушыларға тапсырманы тиімді және дұрыс орындаудың жолдарын қарастырып, игерту. Осы жерде олар мына факторлаға сүйеніп, тапсырма бойынша не істейді, қалай істейді, оны қалай бағалайтыны жайлы қарастырды.

Балалар жеке отырып сөздерді және сөз тіркестерді тақтаға қарап аударды, кейін жұптық, топтық өзара тексеру жұмысын жүргізді. Нәтижесінде әрқайсысы білім алуға үйренгенін, басқаларға көмек беруге машықтанғанын түсіндім. Өзін және басқаларды бағалауға үйренді. Екінші деңгейлік тапсырмасы топтық жұмыс түрде өтті. Топта мәтін бойынша тапсырмалар берілді. Берілген тапсырмалар жауапты орындауға, түсінігін қалыптастыруға бағыттылған. Мәтінге сұрақтарды қою арқылы мәтіннің мазмұнын ашу, негізгі ойды ашу бағытталды. Нәтижесінде балалар тапсырманы жақсы орындады. Балалар мәтінге сұрақтарды қою барысында байқағаным жоғары деңгейдегі сұрақтарды құрастырып, жауап беруге үйренді. Сұрақ қою ешбір кедергі кездеспеді. Бұрынғы сабақтарда жабық сұрақтармен жұмыс жасап келгенімді ұқтым. Нәтижесінде өзіме түйгенім жұптық диалогті барлық сабақтарда қолданып, жұптарды ауыстыру, сабақтан тыс тақырыптар бойынша диалог жүргізуді кеңірек пайдалану. Диалог арқылы сыни тұрғыдан ойлауды дамыту модулін оқыту мен оқудағы жаңа тәсілдер модулін сабақ барысында ықпалдастырдым.

Бағдарламаның негізгі идеясына сүйенсем, "Оқытуды үйрету" қозғаушы күші метатану болып табылады. Басқаша айтқанда, оқу да бар, бірақ сонымен бірге оқуды үйрету де бар. Менің ойымша адамдар ойлауға қабілетті және ойлау туралы ойлануға да қабілетті. Дәл осы жерде мұғалім өзінің сабақ беруіне емес, оқушылардың оқуға, өзі білім алуға дамытуды басты назарға алады. [МАН,32 бет]. Осыған орай төртінші сабақта сыни тұрғыдан ойлауды дамыту модулінің «инсерт» әдісін пайдаландым. «Инсерт» әдісі бойынша тақырып төңірегінде білемін, білгім келеді, білдім қорытындысын жасайды. Нәтижесінде сабақта нақты материалды игеруге, оқушы не білетінін, сабақта не білгілері келетіні жайлы пікірімен бөлісіп, сабақтың аяғында нені білді қорытынды жасайды. Бұл қадағалау парағы бір сабақ бойы толтыруға берілді. Бейне материалды көріп, білемін тармағы бойынша барлық оқушылар бұрын не білгендері жайлы ойларымен бөлісіп, кестені толықтырып жазды. Сабақты әрі қарай жалғастыру үшін нені білгісі келетін анықтау жұмысын жүргіздім. Осы жерде диалогтің көмегімен сабақтың келесі тапсырмалары талданды. «Инсерт» әдісі бойынша балалар сабақта нені білгісі келгені анықталды, өзара әңгімелесіп, ойларымен бөлісу арқылы сабақтың қорытындысы жасалды. Осыдан түйгенім оқушыларды әрдайым ойландыру арқылы жоғары нәтижеге жете алатынымды ескере келе, алдағы уақытта жаңа тәсілдерді игеремін.

Мерсер мен Литлон (2007) өз еңбектерінде диалог сабақта оқушылардың қызығушылығын арттыру, олардың білім алу деңгейіне өсуіне үлес қосатынды атап көрсетті. [МАН,39 бет]. Ал Выготский когнитивті дамудың, оқушылар өздерінің "жақын арадағы даму аймағында" жұмыс істесе, алатын білімдері жақсаратын атап көрсеткен. ЖАДА оқушы дамытатын дағды мен қабілеттер, өз бетімен жасай алмайтын тапсырмаларды бірлесе отырып, нәтижеге жету дегенді білдіреді. [МАН,39 бет]. Осы ойды мен тәжірибеден аңғардым. Топтарға орыс тіліндегі мәтінді аудару тапсырмасы берілді. Мәтінді аударуға кедергі болған, оқушылардың көбінде орысша-қазақша сөздіктері болмағандықтан, өз бетінше мәтінді аудара алмай отырды. Выготский теориясын есепке ала отырып, топтық жұмыс түрде үлгерімі жақсы оқушым өз қасындағы нашарлау оқушымен бірлесіп, аудармасын жасады.

Ал формативті бағалау жүйесі пайдалану арқылы, әрбір топ аударманың сапасына бағалауды жасады. Бағалау түрі оқушының терең білім алуын, оны ынталандыру мақсатында жүргізілді. Барлық балалар жұмыс істеді. Барнс (1971) Выготскийдің теориясын басшылыққа алып, сыныпта тіл қаншалықты қолданылса, оқушылардың оқуына соншалықты әсер ететінін айтады. Осы пікірді басшылыққа алып, сабақта диалогті жүргізу барысында:

- оқушылар өз ойларын білдіруге мүмкіндік алады;

- басқа адамдардың түрлі идеялары болатындығын түсінулеріне көмектеседі;

- өз идеяларын дәлелдеуге көмектеседі;

- мұғалім оқушы оқу барысында қандай деңгейде екендігін түсінуге көмектеседі.

АКТ модулін пайдалана отырып, таныстырылым берілді. Таныстырылым бойынша оқушылар өзара бір-біріне сұрақ қойып, жауап қайтаруды мақсат қойылып, таныстырылымның негізгі идеясын табу, тақтаға жазу тапсырмасы болды. Бірінші кезекте таныстырылым бойынша топта отырған оқушылар не байқады, не жайлы таныстырым болды өзара талқылау жұмысын жүргізді. Осы жерде біраз қиындықтар туындады, себебі таныстырылымда әртүрлі тақырыпты көздейтін суреттер болды. А.В.С. оқушылары сұрақтарға жауап беруге белсенді қатысты. Осы жерде мен жоғары деңгейдегі сұрақтарды пайдаландым. Жоғары деңгейдегі сұрақтар қойылғанда, оқушылар ақпаратты белгілі бір жолдармен қолдануға, қайта құруға, кенейтуге, бағалауға және талдауға тиіс болады. Оқушылардың білім алуына қолдау үшін сұрақ қоюдың түрткі болатын, сынақтан өткізу және бағыттау сияқты сұрақтар пайдалануға болады.[МАН,41б].

Таныстырылымның негізгі идеясы «Мектеп кітапханасы» болды. Диалогтік оқыту әдісін бағалау мақсатында бағалаудың формативті, жиынтық бағалау әдіс-тәсілдерін қолдандым. Формативті бағалаудың жүргізу мақсаты өзін сабақта қаншалықты нәтижелі болды, не сәтті, не сәтсіз болғаны ойын қорытындылайды. Формативті бағалауда мынадай ой жазылды"бүгін мен барлық тапсырмаларды дұрыс орындадым, енді барлық оқушылар белсенді болса екен" деген ой жазылды, осыған орай мен жеке, топтық тапсырмаларды даярлауым керек екенін ой түйдім. Осы таныстырылымда сәтті болғаны оқушылар өзара сұрақтар бойынша пікірімен бөліскені. Диалогтік оқыту әдісін деңгейлік тапсырмаларды орындаумен жалғастырдым. Тапсырма сөздердің орнын тауып, сөйлемдерді дұрыс құрастыру болды. Бұл тапсырманы орындауда кедергілер болған жоқ. Негізінен өзін және топта отырғандарын бір-бірін тексеру жұмысы болды. Ол жұмыс сәтті болды. Қорытынды жасау арқылы рефлексия парағын толықтыру болды. Оқыту мен оқудағы жаңа тәсілдер модулін сабақтарыма кіргізе отыра, диалогтік оқыту әдісін пайдалану нәтижесінде:

-оқушылар тақырып бойынша сындарлы сөйлеуге ынталары қалыптасады;

- сабаққа деген қызығушылықтар оянады;

- өзара сөйлеу, тіл қорлары жетіледі;

- оқушылардың сыни тұрғыдан ойлауы қалыптасады;

- өзара бір-бірін үйретуге, басқа оқушылардың идеяны қолдауға, бір-бірін тыңдауға үйрету, өз ой-пікірін толық және мазмұнды, бір-бірін сыйлауға бағытталған.

[МАН, 41 - бет].

Қорыта айтқанда, орыс тілді оқушылар болғандықтан диалог арқылы сөздік қорларын кеңейттім, диалогтік оқыту арқылы сыни ойлауды қалыптастырдым, соңғы сабақтарымда шығармашылық жұмысты жазуға ешбір қиындық туындамады.

Мен рефлексивті есебімді қытай философы Конфуцийдің ілімімен: "Маған айт, мен оны ұмытамын, көрсет, мүмкін есімде сақтаймын, мені қызықтыр, мен сонда түсінемін" - деп қорытындылайтын болсам, жоғарыда айтып кеткен модульді өз сабақтарыма енгізіп, жан-жақтан қарастырып, үнемі қолданып жүрсем, нәтижесінде диалогтік оқыту әдісі арқылы балаларды қызықтыру, не жайында айтылып жатқаны түсіну бойынша түсінік қалыптастыру болып табылады. Осыны ескере отырып, әрбір сабақ балаларға түсінікті, қызықты болу үшін біз үнемі жаңаша сабақты өткізіп, ой қозғалысында болу тиіспіз.

Алдағы уақытта жоспарлайтыным: Диалог арқылы оқыту әдісін сабақта оқушылардың қызығушылығын арттыру, сабаққа қызығушылықтарын арттыру үшін сабақта рөлдік ойындар тапсырмаларын даярлаймын, сабақта ынталандыруды жүргізу, яғни, формативті бағалауды жалғастыру, бірін-бірі оқыту бойынша қалай оқу керектігін үйретуді әдісін пайдаланып, сабақта қолдану, бағдарламаның мазмұнын игеріп қана қоймай, оқуға деген өз қабілеттерін дамыту, әр тапсырмада сыни ойлауды жетілдіру.



© 2010-2022