АҚПАРАТТЫҚ ТЕХНОЛОГИЯЛАРДЫ АРНАУЛЫ ПӘНДЕРДЕ ҚОЛДАНУДЫҢ ТИІМДІЛІГІ

Раздел Другое
Класс -
Тип Другие методич. материалы
Автор
Дата
Формат docx
Изображения Нет
For-Teacher.ru - все для учителя
Поделитесь с коллегами:

АҚПАРАТТЫҚ ТЕХНОЛОГИЯЛАРДЫ АРНАУЛЫ ПӘНДЕРДЕ ҚОЛДАНУДЫҢ ТИІМДІЛІГІ


Барысов Жасұлан Жетпісбайұлы

И.Әбдікәрімов атындағы Қызылорда аграрлық техникалық колледжі



Аннотация

Бұл мақалада қазіргі оқыту процесінде кең қолданылатын жаңа технология мәселелері қарастырылған. Жаңа ақпараттық технологиялар білім алушылардың қызығушылықтарын туғызып, оларды ізденіске бағыттайды. Арнаулы пәндерді оқыту барысында ақпараттық-коммуникациялық технологияларын қолданудың маңыздылығы және тиімділігі көрсетілген.


Аннотация

В этой статье рассматриваются вопросы применения в учебном процессе новых инновационных технологий. Новейшие информационные технологии проявляют заинтересованность обучающихся и направляют их к иследованию.



«Қазіргі заман жас ұрпаққа технологиямен байланысты әлемдік стандартқа сай мүдделі жаңа білім беру өте қажет» деп Елбасымыз атап өткендей, жас ұрпаққа білім берудің жолында ақпараттық технологияны оқу үрдісінде пайдалану мен тиімділігін арттырудың маңызы зор.

Қазақстан Республикасының білім беруді дамытудың 2011-2020 жылдарына арналған даму бағдарламасында жоғары басымдылығы ретінде адам ресурстарын дамыту. 2020 жылға дейін Қазақстан білімді мемлекет, ақылды экономикаға және жоғары білікті жұмыс күші - білім беруді дамыту мемлекеттің экономикалық гүлденуінің негізі болуы керек деп айтылған. Осы стратегиялық жоспар қазіргі заманғы ғылыми техникалық үрдістің қарқыны білім беру жүйесінің алдына жаңа міндеттер қойып отыр. Ол өз жұмыс орнына және бүкіл техникалық тізбекте технологияның үздіксіз өзгерістеріне, жаңалықтарына биімделе алатын орындаушының тұлғасын қалыптастыру.

«Қазақстан-2050» стратегиялық бағдарламасының басым бағыттарының бірі - ұлттық білім моделін қалыптастыру тенденциясы мен Қазақстандық білім беру жүйесін бүкіл әлемдік білім кеңістігіне кіріктіруіне сипатталған білім беру саласы болып табылады. Қазір бүкіл әлем индустриялық қоғамнан интерактивті қатынас жасауға оны жүзеге асыратын техникалық мүмкіндіктерді дамытып отыра алатын ақпараттық қоғамға, яғни, негізгі рөлді ақпаратты алу, өңдеу, сақтау, тасымалдау, тарату және пайдалану істерін атқаратын жаңа қоғамға көшу процесі жүріп жатыр. Кәсіби білім беру үрдісінде оқытудың жаңа педагогикалық технологияларын пайдалану - оқушының шығармашылық потенциалын дамытуға, танымдық және экперименттік-зерттеушілік қабілетін арттыруға, олардың өз бетімен оқу, үйрену қызметінің мәдениетін қалыптастыруға мүмкіндік береді.

Егеменді еліміздің болашағы білім беру білімді де білікті оқытушылар мен саналы да сапалы түлектермен айқындалады.

Елімізде экономика және өндіріс салаларның қарқынды дамуына байланысты техникалық және кәсіби мамандарға деген сұраныс күн санап артып келеді. Қазіргі кезеңде елімізге өркениет әлемінің озық технологияларын меңгерген, заман талабына сай кәсіптік білімі бар, сапалы да білікті мамандардың қажеттілігі туындап отырғаны белгілі.

Техникалық және кәсіптік орта білім беретін оқу орындарында арнаулы пәндерді оқытудың сапасын арттыруда жаңа педагогикалық технологияларды, оның ішінде ақпараттық-коммуникациялық технологиялар мен оқытудың техникалық құралдарын пайдаланудың тиімділігі зор. Кәсіби оқытудың дидактикалық прициптерінің ішінде кәсіби жұмылдыру принципі ерекше маңызды рөл атқарады. Кәсіби жұмылдыру принципі - білім алушылардың кәсіпті, жаңа технологиялық құралдарды, процестерді жаңа мамандықты игеруде, біліктілігін арттыруда, білім мазмұны мен оқу үрдісін өз бетінше үйренуге жұмылдыру. Бұл принцип мақсаты - тек кәсіби дағдыларды игеру ғана емес, оны инновациялық түрде дамытып, жаңа техника мен технологияның ұйымдастыру тәсілдерін тиімді жетілдіру.

Ақпараттық-коммуникациялық технология электрондық есептеуіш техникасымен жұмыс істеуге, оқыту барысында компьютерді пайдалануға, модельдеуге, электрондық оқулықтарды, интерактивті тақтаны қолдануға, интернетте жұмыс істеуге, компьютерлік оқыту бағдарламаларын негізделеді. Ақпараттық-әдістемелік материалдар коммуникациялық байланыс құралдарын пайдалну арқылы білім берудің сапасын жетілдіруді көздейді.

Жаңа ақпараттық-коммуникациялық технология құралдарын оқу үрдісінде пайдалану - оқушының шығармашылық, интеллектуалдық қабілетінің дамуына, өз білімін өмірде пайдалана білу дағдылардың қалыптасуына әкеледі. Компьютерлік техниканың дидактикалық мүмкіндіктерін педагогикалық мақсаттарға қолдану, білім мазмұнын анықтауда, оқыту формалары мен әдістерін жетілдіруде, білім сапасын арттыруда жақсы әсерін тигізеді. Жедел дамып отырған ғылыми-техникалық прогресс қоғам өмірінің барлық салаларын ақпараттандырудың ғаламдық процесінің негізіне айналады. Ақпараттық-технологиялық дамуға және оның қарқынына экономиканың жағдайы, адамдардың тұрмыс деңгейі, ұлттық қауіпсіздік, бүкіл дүниежүзілік қоғамдастықтың өмір сүруі үшін жаңа жағдайларды қамтамассыз етуде ақпараттық-телекоммуникациялық технологиялар маңызды рөл атқарады.

Ақпараттық технологияларды пайдаланудың негізгі артықшылықтары мынадай:

  1. Олар оқушыларға тақырып шеңберінде немесе белгілі бір уақыт аралығында айтылуға тиіс мәліметтер көлемін ұйлғайтады;

  2. Білімге бір-бірінен үлкен қашықтықты орналасқан әртүрлі оқу орнында отырып қол жеткізуге болады;

  3. Оқыту жүйесінің көп деңгейлі жетілдіруі олардың таралымдалуы мен оқу материалының сапасын арттырады;

  4. Компьютердің көмегімен оқушы өз бетінде, сондай-ақ өзге оқушылармен топтасып бірге жұмыс істеуге мүмкіндік алады.

Оқушыларға қазіргі заманғы аудиовизуальдық және мультимедиялық оқыту құралдары тиімді әсерін тигізеді. Бұларға не жатады: сабақта электрондық оқулықтарды пайдалану, интерактивті тақтамен жұмыс жасау, мультимедиялық кабинеттерде оқыту. Оқушылар электрондық оқулықтарды пайдаланып, ондағы көрнекіліктерге, деректерге сүйене отырып, өздерінің ой-өрісін кеңейтіп, шынайы дерек көздерінен мәліметтерді жинауға дағдыланады. Сонымен бірге интернеттен қосымша материалдар іздеу, алынған материалдарды саралау, анализ жасау арқылы тарихи объектизм принципін ұстанып өз бетімен ізденуге дағдыланады. Білім беруді ақпараттандыру компьютермен, электрондық құралдармен жұмыс істеумен ғана шектелмейді. Оқытуға ақпарттар тұрғысынан қарау педагогика алдына көптеген мәселелер койып отыр. Білімді балаға қандай формада беру керек?

Ақпараттық технологияға негіізделіп жасалған білім беру формасы - мәтінді блоктарға бөлу, тезарус (сөздік), фрейм (В.Ф.Шаталовтың тірек сызбасы), ұғымдар кестесі, гипермәтін т.б. болып табылады. Қазіргі оқыту үрдісінде оқушының оқу-танымдық қызметін, білім алу, оқыту әдістерін жетілдіру қажеттігі сезілуде. Педагогикада «Визуалдық білім» термині пайда болып, кәсіптік білім беру мазмұнында бейне, модель, шартты белгілердің үлес салмағы артып, үйреншікті мәтіндер ығыстырылуда. Адам шартты белгілермен жұмыс істей білу керек. Осыған байланысты жеке тұлғаның ақпараттық мәдениеті деген сұрақ туады.

Ақпараттық мәдениет дегеніміз - ақпарат теориясы саласынан білімінің болуы және ақпараттармен жұмыс істей білу. ХХ ғасырдың екінші жартысында педагогикада «медиа-білім» бағыты қалыптасты. Ол оқушылардың бұқаралық ақпарат құралдарымен жұмыс істеп үйренуін зерттейді. Басты міндеттері: оқушыларды қоғамдағы ақпараттық технологиялар көмегімен қарым-қатынас жасауға үйрету. Дамыған елдерде ол үшін арнайы пәндер оқытылады. Мазмұны: қарым-қатынас, байланыс туралы ұғым, белгілер жүйесі, ақпаратты көрсету, көпшілік қолданатын байланыс құралдары, компьютерлік сауаттылық, ақпарат беретін жаңа технологияларды меңгеру, компьютер мен басқа электрондық құралдар көмегімен ақпарат ала білуге дағдыландырып, қарапайым бағдарламалар жасауға үйрету. Ақпараттық-коммуникациялық технологиялардың оқу үрдісінде қолданылуына байланысты оқыту әдістеріне, түрлеріне, мазмұнына өзгерістер енгізілді.

Білім беруді ақпараттандыру - дидактикалық процеске, оқытушы мен оқушының іс-әрекеттеріне де өзгеріс енгізуде. Оқушы алуан түрлі, өте көп ақпараттармен жұмыс жасайды. Оларды біріктіріп, автоматты түрде меңгеріп, процестерді модельдейді, оқу іс-әрекетін өз бетімен жасайды. Ал оқытушы оқушыларды жан-жақты зерттеп, оның білімі мен даму бағытын бақылап отырады.

Оқытудың техникалық құралдарын пайдалану оқытудың сапасын арттыруда оқу тәрбие қызметін басқаруды интенсивтендіру мен оптималдандырудың жаңа принципті мүмкіндіктерін ашады.

Жаңа ақпараттық технология құралдарын негізгі пәндердің кіріктірілген сабақтарында пайдалану - оқушының шығармашылық, интелектуалдық қабілетінің дамуына, өз білімін өмірде пайдалана білу дағдыларының қалыптасуына әкеледі. Компьютерлік техниканың дидактикалық мүмкіндіктерін педагогикалық мақсаттарға қолдану, білім мазмұнын анықтауда, оқыту формалары мен әдістерін жетілдіруде оң әсерін тигізеді.

Пайдаланылған әдебиеттер тізімі


  1. Қазақстан Республикасының «Білім туралы» Заңы

  2. Көшімбетова С. «Оқу-тәрбие үрдісінде оқытудың инновациялық әдіс тәсілдерін пайдаланудың педагогикалық шарттары» - Алматы, 2008 жыл

  3. Бұзаубақбаева Қ.Ж. «Жаңа педагогикалық технологиялар», Тараз. ТарМУ - 2003

  4. Оқу-тәрбие үрдісінде ақпараттық-коммуникациялық технологияны қолдану қажеттілігі - 2008 жыл

© 2010-2022