Статья Тіл (9 класс)

Раздел Другое
Класс 9 класс
Тип Статьи
Автор
Дата
Формат doc
Изображения Нет
For-Teacher.ru - все для учителя
Поделитесь с коллегами:

«ТІЛ - ұлттың болашаы»

Тіл - халқымыздың сарқылмас қазынасы, сан ғасыр жүріп өткен жолымыздың шежіресі. Тарам-тарау тарихтың көрінісі. Сондықтан да тәуелсіздік туын көкке көтерген әрбір елдің саясаты ана тілінің тұғырын тиянақтап, мәртебесін биіктетуден басталады. Осы орайда Елбасы Н.Ә.Назарбаевтың: «Біз барша қазақстандықтарды біріктірудің басты факторларының бірі - еліміздің мемлекеттік тілін, барлық қазақтардың ана тілін одан әрі дамытуға бар күш - жігерімізді жұмсауымыз керек» деген ұлағатты сөзі әр сауатты адамның санасына үлкен ой тастары анық.

Ана тіліміздің орасан байлығы мен қуаты, кемелдігі мен кеңдігі ешқандай талас тудырмайтын ақиқат. Мемлекеттік тілдің қазіргі қоғам өміріндегі маңызы мен салмағы күннен-күнге арта түсуде.

Тәңірдің - адам баласына сыйлаған ең ұлы сыйы - тіл! Адам баласы тәңір тартуын өз қолына алғаннан кейін бір қауымы оны өсіріп өркендетті. Бір қауымы - қолда бар алтынның қадіріне жете алмай тоздырды. Өсудің де, өшудің де себептері көп, осы себептердің ең бастысы - тіл мәселесі.

Қазақ тілі - батыс түркі тілінің қыпшақ тармағына жатады. Бұл тармаққа кіретін тілдер - қарақалпақ, ноғай, татар, башқұрт, қырғыз, қырым татары, қарайшай, балқар, құмық және тағы басқа тілдер.

Қазақ тілі - өзіндік әдеби, ғылыми және саяси жазу нормасы қалыптасқан бай тіл.

Қазақ тілінің тарихы әртүрлі тарихи кезеңдерді бастан кешкен қазақ халқының тарихымен тығыз байланысты.

Қазір жер шарының өмір мәселеріне қарап отырсақ әр қайсы тіл өзінің билік көлемін, ықпал аумағын бөлісу үшін қиян-кескі шиеленіс жүргізуде. Бұл мәселені әр түрлі топ әр түрлі түсіндіреді: ақпарат мәселесі, идеология мәселесі, мәдениеттер қақтығысы, түтінсіз майдан т.б. Бірақ, осы майдандарда тіл - құрал ретінде де, идеология ретінде де ең алдыңғы жолда жүреді.

Тіл - бір ұлттың ар-намысы ретінде - тәуелсіздігі. Бір топ қауымның қолданыс құралы ретінде - еркіндігі мен үстемдігі. Осы анықтамалардан сырт тіл шын мәнінде, тұтас жүйе, өсіп-өнуші тірі организм. Не өркендейді, не өледі.

Мемлекет тілі мәртебесі бар тіл, сол елдің жер аумағына парапар ықпал аумағы бар тіл деп есептелінеді.

Қазақ хандығы кезінде хандарымыз қазақ тілінде жарлық шашқан, билеріміз қазақ тілінде билік айтқан, батырларымыз қазақ тілінде ұрандап жорыққа аттанған, жырауларымыз қазақ тілінде жырлаған, әншілеріміз қазақ тілінде ән салған. Қысқасы қазақ тілінің іргетасы сол ғасырларда қаланған.

Қазақ тілінің қалыптасу және даму жолында ерен еңбек сіңірген Ыбырай Алтынсарин, Абай Құнанбаев, Ахмет Байтұрсынов сынды аяулы ағаларымызды ұмытпай, естен шығармағанымыз абзал.

Өте бай, сылдырлаған бұлақтай, балдан тәтті тілімізді, ата - бабаларымыз қадірлеп, мәпелеп бізге жеткізген. Сондықтан мемлекетіміздің әр азаматының міндеті уранын түсірмей, күндей нұрын шашып ұрпақтан - ұрпаққа жеткізуі.


© 2010-2022