Оқылым бойынша жүргізілетін креативті оқыту әдістері

Раздел Другое
Класс 10 класс
Тип Другие методич. материалы
Автор
Дата
Формат docx
Изображения Нет
For-Teacher.ru - все для учителя
Поделитесь с коллегами:

Жанғазы Амангүл Бәкенқызы

Тараз қаласындағы физика-математика бағытындағы Назарбаев Зияткерлік мектебінің қазақ тілі мен әдебиетінің мұғалімі

Креативті оқыту әдістері


Бүгінгі заман талабына сай бәсекеге қабілетті жас ұрпақты тәрбиелеуде оқушыларға қажетті білімді меңгертудің тиімді жолдары мен әдіс-тәсілдерін іздеу,сол талапқа сай болу әр ұстаздың міндеті.

Қазіргі мұғалім оқушының жеке тұлғасын қалыптастыруда креативтіліктің қандай маңызы барын жақсы түсінуі керек. Креативті ойлау оқушының өмір жағдайларына тың көзқараспен қарап, өзіне тиімді, қажетті болашаққа сенім артатын шешімдер қабылдай білуіне ықпал етеді. Креативті ойлауды үйренуге, үйретуге болады ма деген пікір болуы мүмкін. «Мен болады» деп айтқым келеді. Креативті ойлау қабілетін дамытуда қазақ тілін оқыту мәселесімен байланыстыру оқушының сабаққа деген қызығушылығын арттырады деп ойлаймын. Өйткені қазақ тілін төменгі сыныптарда қызығыа меңгерген оқушылардың жоғары сыныптарға барғанда, қызығушылықтары төмендеп, селқостық пайда болатыны белгілі. Креативті оқыту әдістерін қазақ тілі мен әдебиетін оқытуда пайдалану оқушылардың креативті ойлау іскерлігін дамытумен қатар, қазақ әдебиеті туралы, жалпы әдебиетті оқу сауаттылығын, білімін арттыруға көмектеседі деп ойлаймын.

Пәнге деген қызығушылықты ояту үшін мұғалім сабақта оқушының ойлау белсенділігін оятатын әдіс-тәсілдерді үнемі қолданып отыруы керек. Сондықтан сабақта қолданылатын әдістерді таңдағанда, сабақты жоспарлағанда, мұғалім оны оқушының қажеттілігі мен қызығушылығын дамытатындай етіп таңдап, іріктеп отыруы керек.

Әдебиет сабағын жоғары сыныптарда оқыту дербестік сипатта жүруі тиіс. Яғни оқушы өз бетінше шығарманы оқып, өзі зерттеу, ізденіс жұмыстарын жүргізуі керек. Әрине, сыныпта шығарманы талқылауға оқушының өз зерттеу жұмыстарының қорытындыларын ұсынуға көбірек уақыт берген дұрыс. Бірақ бұл жұмыс оқытушыдан әрі тақырыпқа алдын ала дайындық жұмыстарын жүргізуді, оқушының шығармамен танысу жұмыстарын әдістемелік жағынан дұрыс құрылған тапсырма түрлері арқылы жүзеге асуын қамтамасыз ету арқылы іске асуы тиіс.

Онсыз шығарманы оқу да, шығармашылыұ әрекетті ұйымдастыру да мүмкін емес. Бірақ сабақ үстінде мұғалім тек бақылаушы және бағыттаушы қызметті атқару тиіс.

Енді жұмыс түрлері туралы айтып көрейік.

· Шығарма мпзмұнын қысқартып айту

· Шығармадан автордың көзқарасын жеткізетін тірек сөйлемдерді табу;

· Шығармадан талқылауға қажетті сөздер мен сөз тіркестерін теріп жазу;

· Етістіктің шақ түрлерін қолданысына көңіл аудару.

Шығарманы оқуда оқушыда уәждеме туғызатын тапсырма түрлерінің берілуіне көңіл бөлген дұрыс.

Мысалы:

· Мәтіндердің тақырыбын оқыңдар. Оғап қарап мәтіннің не туралы болуы мүмкін деген сұраққа божам айтыңдар.

· Оқиғаның басталуына қарап, оның немен аяқталуы мүмкін екеніне көңіл аударыңдар;

· Мәтіндерді қара. Олар не туралы деп ойласың? Өзіңе ұнаған мәтінді таңда.

· Сіз Тараз қаласына келдіңіз. Қалада бірінші рет болып отырсыз. Мына мәтіндедің ішінен қайсысы сізге көмектеседі деп ойлайсыз? Бірін таңдаңыз.

· Мына мәтіндердің ішінен болашақ мамандығыңа керек түрін тап.

· Мәтін ішінен Абайдың көзқарасы туралы жазылған мәтінді тап.

· Сіз М.Әуезовтың достары туралы баяндама дайындайсыз. Мына ақпараттардың ішішен өзіңізге керегін табыңыз.

Мәтінді оқу, түсіну, оқушының жеке оқырмандық тәжірибесіне де байланысты. Мысалы, оқушы оқып отырған шығарма жазылған дәуірі туралы тарихи оқиғаларды, жағдайды білмесе, ол шығарманы түсіне алмауы мүмкін.

Сондықтан кейбір тапсырма түрлерін осы бағытта алдын құру шығарманы терең түсінуге мүмкіндік береді деп ойлаймыз.

° Автор ойы мен өз ойыңды салыстыр.

° Автордың өз кейіпкерлеріне деген көзқарасын білдіретін үзінділерді табыңыз.

° Шығармада суреттелген адамдар арасындағы қарым-қатынас пен қазіргі адамдар арасындағы қарым-қатынасты салыстырыңыз (ата-ана мен бала, достар арасындағы, танымайтын адамдар арасындағы, үлкен мен кіші арасындағы, мұғалім мен оқушы арасындағы, аға мен қарындас арасындағы)

° Шығарма тек оқылып талданып қоймайды. Ол оқушылар арасында талқыланады. Шығарманы талқылау - әдебиетті оқытуда маңызды бөлік болып табылады. Ол белгілі бір дайындықты керек етеді. Дайындықсыз оның сәтті өтуі мүмкін емес. Тапсырма түрлері:

° Өзіңді кейіпкер орнына қой. Сен оның орнында болсаң, мына жағдайда не істер едің?

° Сіз осы оқиғаны көрдіңіз дейік. Оны ата-анаңа, досыңа қалай айтып берер едің?

° Шығармада саған қай бөлік, оқиға ұнады? Неге ұнады?

° Оның шығарманың жалпы мазмұнында, оқиғаның дамуында алатын орны қандай?

° Сіздің досыңыз осы жағдайға тап болды дейік. Сіз одан ең бірінші не туралы сұрар едіңіз? Оған қандай кеңес берер едіңіз?

Әдеби шығармаларды оқытуда оқушының уәжедемесін, белсенділігін туғызуда ойын түрлерін қолдану да өз нәтижесін береді.

1. «Кім көп оқыды?» ойыны. Карточкаға шығарманың аттары, ал екінші карточкаға жазушы, ақындардың есімдері жазылады. Топ шығарма мен авторларды сәйкестендіру керек.

Бұл ойынды басқаша ұйымдастыруға болады. Мысалы, кейіпкерлер инг шығарма атауларын сәйкестендіру түрінде түрлендіруге болады. Бұл, әрине, шығармашылық әрекетті оятпағанымен, керекті сөздер мен фразаларды қайталауға, сөздерді жаттауға көмектеседі. Ал ол сөз тарапынан талқылауға сөйлеуге дайындық қызметін атқарады.

2. «Ойлан, тап» ойыны. Мұғалім шығармадан бірнеше үзінділерді жазады. Оқушы оның қай шығармадан екенін табуы керек.

3. «Тізбек» ойыны. Екі командаға шығарманың мазмұны тізбекті түрде айтып шығу тапсырылады. Шығарма мазмұнын сақтай отырып, тез айтып шыққан команда жеңіске жетеді.

4. «Анықтама бюросы» ойыны. Қатысушылар мәтіндерді қарап шығып, туристерге керек ақпаратты айтып беру керек. Ақпарат әртүрлі болуы мүмкін. Қала туралы, дәріхана туралы, мұражайлар туралы. Ол тақырыпқа, сабақ мақсатына қарап өзгеріп отырады.

1. «Тілдің білгіштері» ойыны. Сөздер мен сөз тіркестері карточкаға жазылады. Оқушылар олардың аудармаларын тез айтып шығуы керек. Жылдам және дұрыс айтқан команда жеңеді.

Оқылым бойынша оқырман байқауын өткізуге де тиімді болып табылады.

Оқылған шығарма бойынша байқаулар өткізу түрлері:

1- Шығарманың жоспарын құрыңызщы

2- Есте қалған бір кейіпкерді суретте.

3 - Шығарма бойынша неліктен? Сұрағымен басталатын 5 сұрақ құрастыр.

4 - Кейіпкерлерді тыңда. Бұны кім айтты? Қашан айтты? Кімге айтты?

5 - Шығармадан үзінді тыңда. Оны әрі қарай жалғастыр.

6 - Шатасқан сөйлемдерді тап.

7 - Кейіпкерлер арасындағы қарым-қатынасты сатылы түрде көрсет. Олар төмендей ме, жоғарылай ма?

8 - Суреттер бойынша шығарманы қалпына ке лтір. Шығарма бойынша коллаж жаса. Шығармадан үзіндіні оқы, ойна.

9 - Шығармада берілген ең басты қауіпті, ең маңызды детальді ата.

10 - Шығармадағы оқиғаны дамытқан басты қайшылықты ата.

11 - Шығарманы өзің қалай аяқтар едің?

12 - Бұндай оқиға қазіргі уақытта орын алса, ол қалай аяқталар еді?

13 - Бұндай оқиғаның қазіргі уақытта болуы мүмкін бе?

14 - Оқиғадағы жазушы көңіл бөлген сюжетті тап.

15 - Мына суретті, оқиғаны көрсе, ақын, жазушы қандай сөз айтар еді деп ойлайсың?

Заман талабына сай сапалы білім алу мен білім берудың ыңғайлығын, жүйелігін қамтамасыз ету мақсатында оқушыларды белсенді әрекетке үйренуде мұғалім соған сай оқыту әдістерін де таңдай білуі қажет. Жүсіпбек Аймауытов айтқандай, «Мұғалімнің айналысатыны - үнемі қозғалып, өзгеріп, өркендейтін тірі адам болғандықтан, біркелкі әдістен табан аудармай, шектеліп қалуға болмайды. Сабақ беру үйреншікті жай шеберлік емес, ол - үнемі жаңадан жаңаны табатын өнер».

Оқытудың инновациялық әдіс-тәсілдерін қолдану арқылы ғана еткен еңбектің нәтижесін көруге болады. Өйткені, жалаң сөз еш нәтиже бермейді, оқушының зердесіне жетпейді.

Елбасымыз Н.Ә. Назарбаев халыққа Жолдауында: «Білім беру реформасы - Қазақстанның бәсекеге нақтылы қабілеттілігін қамтамасыз етуге мүмкіндік беретін аса маңызды құралдардың бірі. Бізге экономикалық және қоғамдық жаңару қажеттіліктеріне сай келетін осы заманғы білім беру жүйесі қажет» - дегенді ерекше атап өтті. Елбасымыз атап өткен осы заманғы білім беру жүйесі болашақ ұрпақты жан-жақты жетілдіретін, бәсекеге төтеп беруге қабілетті, сапалы адам етіп тәрбиелейтін білім беру жүйесі екені даусыз.

Пайдаланған әдебиеттер:

1) Айтжанова Қ. Қазақ әдебиетін оқытудың әдіснамасы. Оқу құралы Алматы «Ғылым баспа орталығы» 2002жыл.

2) Қазақ тілін оқытудың жаңа әдістері. Қазақ тілі пәнінен айтылым, тындалым, оқылым, жазылым дағдыларына арналған әдістемелік құрал. Көкшетау 2013 жыл.


© 2010-2022