1 сынып Сен не істейсің

Раздел Другое
Класс 1 класс
Тип Рабочие программы
Автор
Дата
Формат docx
Изображения Нет
For-Teacher.ru - все для учителя
Поделитесь с коллегами:

Сабақтың тақырыбы: Сен не істейсің?

Сабақтың мақсаты:

Тірек суреттер бойынша кімнің не істейтінін айта алуды меңгерту. Тақырып бойынша етістіктерді болымды, болымсыз түрде айта білуге үйрету.

Күтілетін нәтиже:

Пәндік: тірек суреттер арқылы бос уақытта кімнің не істейтінін айта алу, тақырып бойынша белсенді сөздік қорды меңгеру, етістіктерді болымды, болымсыз түрде айта алуды меңгеру.

Тұлғалық: бос уақытын қызықты, пайдалы өткізе білу.

Жүйелік-әрекеттік: сабақ барысында меңгерген белсенді сөздік қор мен қарапайым үлгі құрылымдарды өзіне таныс өмірлік жағдаяттарда орынды қолдана алу.

Сабақ барысы:

I. Ұйымдастыру кезеңі

Оқушылардың сабаққа дайындығын тексеру. Оқушылардың көңілін сабаққа аударуды ұйымдастыру.

II. Өткен сабақ пен жаңа сабақты сабақтастыру

III. Жаңа сабақ

1-тапсырмадағы суреттер бойынша Ол теледидар көреді. Ол ән айтады. Ол кітап оқиды т.с.с. айтып үйренеді, сөйлемдерді тыңдайды, қайталайды, оқиды. БДҚ-дағы кесте пайдаланылады.

Ол сурет салады. Ол доп ойнайды. Ол ойыншық жасайды. Ол шаңғы тебеді. Ол дүкенге барады. Ол домбыра тартады.

2-тапсырмада берілген етістіктердің болымды/болым-сыз түрлерін сәйкестендіріп оқу арқылы сөздерді тағы бір рет қайталайды, дұрыс қолданылуын есте сақтайды. Оқушыларды екі топқа бөліп ойнатуға болады: бірінші топ болымды етістікті айтса, екінші топтың мүшелері оның болымсыз түрін айтуы керек. Сонан соң орындарын алмас-тыруларына болады. Мұғалім тақтаға топтың ұпайларын белгілеп отырса, қай топтың жеңгенін ойын соңында айтуға болады. Бекіту мақсатында БДҚ-дағы кесте пайдаланылады.

домбыра тартады домбыра тартпайды

сурет салады сурет салмайды

доп ойнайды доп ойнамайды

шаңғы тебеді шаңғы теппейді

ән айтады ән айтпайды

теледидар көреді теледидар көрмейді

кітап оқиды кітап оқымайды

дүкенге барады дүкенге бармайды

3-тапсырмада оқушылар берілген үлгі бойынша сөйлеп жаттығады. Оқушылардың сурет бойынша айта алу дағдылары қалыптастырылады. Сондай-ақ сөйлемдегі сөздердің орын тәртібін дұрыс сақтауға жаттығады.

Үлгі: V Ол демалыс күні теледидар көреді.

Х Ол демалыс күні шаңғы теппейді.

V Ол демалыс күні ән айтады.

Х Ол демалыс күні бояу бояды.

V Ол демалыс күні доп ойнайды.

Х Ол демалыс күні домбыра тартады.

V Ол демалыс күні дүкенге барады.

Х Ол демалыс күні кітап оқыды.

Осыдан кейін 4-тапсырмада берілген суреттер бойынша ойын ұйымдастырылады. Алдымен мұғалім оқушылардың назарын тапсырмадағы суреттерге аударады, сұрақтар мен жауаптар оқылады, сұрақ қою мен жауап беру тәртібі түсінікті болғаннан кейін оқушылармен ойнауға болады. Тақтаға үш оқушы шақырылады. Мұғалім оқушылардан Бірінші оқушы не істейді?

Ол жауап береді. Екінші оқушы не істейді? Ол сұрақ қояды. Үшінші оқушы не істейді? Ол қайталайды. Ажар, сұрақ қой. Сен демалыс күні не істейсің? Мен сурет саламын. Ол сурет салады. деп сұрайды, оқушылардың жауабын тыңдайды. Сонан кейін тақтаға шыққан үш оқушының біріншісі сұрақ қояды, екіншісі жауап береді, үшіншісі жауапты қайталайды. Бұл ойын оқушыларды сұрақ қой-ып, жауап беруге дағдыландырады, бір-бірін тыңдауға, айтқандарын есте сақтауға мүмкіндік береді.

Жазу дәптеріндегі тапсырмаларды орындау арқылы оқушылар оқулықтағы лексика-грамматикалық тапсырмаларды бекіте түседі.

IV. Жаңа сабақты қорытындылау.

Мұғалім оқушылар арасында жағымды психологиялық жағдай қалыптастыра отырып, сабақты аяқтайды.

VІІ. Үй тапсырмасы: 2-тапсырма. бет 82


© 2010-2022