5-сынып Ашық және қысаң дауыстылар ашық сабақ

Раздел Другое
Класс 5 класс
Тип Другие методич. материалы
Автор
Дата
Формат doc
Изображения Есть
For-Teacher.ru - все для учителя
Поделитесь с коллегами:

Мерзімі: 03.02.2016ж Пәні: қазақ тілі Сыныбы:

Сабақтың

тақырыбы

Ашық және қысаң дауысты дыбыстар

Сілтеме

Мұғалімдерге арналған нұсқаулық, ғаламтор мағлұматтары,

5-сыныпқа арналаған оқулық,слайд

Оқыту мақсаты

1. Оқушыларға дауысты дыбыстардың жіктелуін оқушылардың өздерін қатыстыра отырып түсіндіру, фонетика саласы туралы лингвистикалық білім беру, жаттығу жұмыстары арқылы бекіту.

2. Оқушылардың ойлау әрекеттерін дамыта отырып, ой-пікірлерін толық жеткізе білуге дағдыландыру, материалдар арқылы дүниетанымдарын кеңейту.

3.Топтық жұмыс арқылы ынтымақтастыққа тәрбиелеу.

Оқу мақсаты

1.Дауысты дыбыстар туралы толық ақпарат алады.

2.Ментальды карта арқылы дауысты дыбыстарды анықтайды.

Оқу нәтижелері

Дыбыстар жайлы түсінік алады.

Талдап, салыстыру арқылы жұмыс жасайды;

Деңгейлік тапсырмалар арқылы өз білімдерін бағалай алады.

Негізгі дерек көздер мен құралдар

АКТ, постер мен маркер, стикерлер.

Сабақтың

әдіс-тәсілдері

Блум таксономиясы, топтастыру, АКТ, интерактивті тақта, тірек-сызбалар.

Оқыту модулі

Мұғалімнің

іс-әрекеті

Оқушы іс-әрекеті

Кіріспе

2мин

Топқа бөлу

Амандасу.

Психологиялық ахуал құру.

Айдай арайлап,

Күндей күлімдеп,

Жұлдыздай жарқырап,

Қазақ тілін бастаймыз!

Топқа бөлу:

1топ:Ашық дауыстылар.

2.Қысаң дауыстылар

Оқушылар екі топқа бөлінеді.

Білу. Үй тапсырма

сын сұрау.

3мин.

Сыни тұрғыдан ойлау

1.Фонетика қандай ғылым, ол нелерді зерттейді?

2.Дыбыс жасауда біздің қандай мүшелеріміз қатысады?

3.Қазақ әліпбиі туралы не білеміз?

4.Тілдің қатысына қарай дыбыстар қалай бөлінеді?

5.Жуан дауыстыларды атаңдар?

6.Жіңішке дауыстылар ше?

Әр топ оқушылары өздеріне қойылған сұрақтарға дайындалып, жауап береді.

Үй тапсыр

масын бағалау

Оқыту үшін бағалау

Топтар бір-бірін қол көтеру арқылы бағалайды

Жаңа тақырып

қа дайын

дық

АКТ

Бұрынғы білімдерін пайда-

ланып, ауа - өкпеден кедер-

гісіз шығып, үннен ғана тұра-

тын дыбыстарды дауысты дыбыстар дейтінін еске түсіреді

Мақсатты қою кезеңі

Сыни тұрғыдан ойлау

Бүгінгі тақырыпты үйрену үшін біз алдымызға қандай мақсат қоюымыз керек деп ойлайсыңдар?

Балалар бүгінгі тақырыптың атын болжап, сабақтың мақсатын қоюға талпыныс жасайды.

Түсіну

Жаңа тақырып

10мин

Топпен жұмыс.

Диалог арқылы оқыту.

Сыни тұрғыдан ойлау.

Дарынды балалар

ды бақылау

Дауыстылардың жақтың қатысына қарай ашық және қысаң болып бөлінетінін түсіндіріп, оқушыларға топпен жұмыс істету.

«Ашық дауыстылар» тобы.

Ашық дауыстылар туралы түсіндіреді.

Мысал келтіреді.

«Қысаң дауыстылар» тобы.

Қысаң дауыстылар туралы түсіндіреді.

Мысал келтіреді.

Сергіту сәті 2мин

Видео көрсетілім

«Көңілді күн»

Қолдану

Бекіту

6мин

Жұппен жұмыс.

Дарынды балаларды

бақылау.

1.Оқулықпен жұмыс

246-жаттығу

Мәтіннен ашық дауысты дыбыстарды бір бөлек, қысаң дауысты дыбыстарды бір бөлек теріп жазыңдар.

Жаңа та

қырыпты бағалау

13мин

Оқыту үшін бағалау

2.Әріпті жұмбақты шешу,

жауабына фонетикалық талдау жасау.

1.Ұлжан да өлең жаттады,

Ұлан та өлең жаттады.

Қай әріптен басталған,

Екеуінің аттары?

(Ұ-дауысты,жуан,қысаң)

2.Кітапта бар, дәптерде жоқ,

Үйірмеде бар, сабақта жоқ .

(І-дауысты, жіңішке,қысаң)

3.Өрде өскен өрікті,

Өмірсерік көріпті,

Сөйлемдегі қай әріп,

Бірнеше рет келіп тұр.

(Ө-дауысты, жіңішке,ашық)

4.Әтеште бар, тауықты жоқ,

Әріпте бар, дыбыста жоқ.

(Ә-дауысты, жіңішке, ашық)

3-тапсырма
Көп нүктенің орнына тиісті әріптерді қойып толықтырып жазу.

  • Өс..мдік, Жолб..рыс, ..р..мші.., сез..м, жолд..с, б..ст..қ, ас..қ, үй..рм.., к..рме.

  • Өсімдік,жолбарыс,өрімші, сезім, жолдас, бастық, асық, үйірме, көрме

4-тапсырма.

Семантикалық карта

5- тапсырма.

Мына өлеңдегі ашық дауыстылары бар сөздерді бір бағанға, қысаң дауыстылары бар сөздерді бір бағанға,екеуі аралас келген сөздерді бір бағанға бөліп жазыңыз.

6.«КІМ ЖҮЙРІК?» ойыны. Көңілді шумақтар

1. «УА!»-десіп отырар

Кейде үлкендер білсеңдер.

«УА!»-дан тағы сөз туар,

Кері оқып көрсеңдер.

«...!» болады ол сөзің

Екі әріптен тұрады-

Көріп жүрген күнде өзің

Балықшының құралы.

«...»-сүйікті тамағың,

Теріс оқып қарағын:

Кейде ұйқыда көретін

«...» боп шығар жаңағын.

Жауабы:

1.Ау

2.Сүт-түс

7- тапсырма.

Қосарланып жазылатын сөздерді толықтырып жазыңыздар.

Ауызша дауысты дыбыстарды талдаңдар.

Үлгі: ана

-Үш дыбыс, үш әріп

-Екі дауысты(а,а), бір дауыссыз дыбыс бар(н)

-А- жуан, ашық, дауысты дыбыс.

-Н - үнді дауыссыз дыбыс

-А-на бір буынды сөз, а- ашық буын, на - ашық б.

-Ана тасымалданбайды.

-Ана екпін соңғы а дыбысына түседі.

Бағалау

2мин

Оқыту үшін және оқуды бағалау

Бағаны өзін-өзі бағалаудан алған нәтижелерімен салыстырып, баға қояды.

Рефлексия

5 мин

Кері байланыс

Өз ойларын айтады.

Смайликтер арқылы сабақты бағалайды

Үйге тапсырма

  1. мин

1.Ереже жаттау.

2.245 -жаттығу

Үй жұмысын күнделікке жазып алады









Невский орта мектебі









5-сынып Ашық және қысаң дауыстылар ашық сабақ

Өткізген: Қазақ тілі мен

қазақ әдебиеті пәні мұғалімі:

Кайталова А.Д.

2015-2016 оқу жылы



© 2010-2022