Қазақ тілінен Өткен шақ. Жедел өткен шақ 7 сынып

Раздел Другое
Класс 7 класс
Тип Рабочие программы
Автор
Дата
Формат docx
Изображения Нет
For-Teacher.ru - все для учителя
Поделитесь с коллегами:

7

сынып

4 апта

25 күн

5 сабақ

1

Сабақтың тақырыбы

Өткекн шақ. Жедел өткен шақ .

2









Сабақтың мақсаты

Өткен шақтың жасалуы және түрлері жайлы тереңінен түсінуге материалдар негізінде бағыт беру.

Жаңа білімді игеру барысында білімнің түбіне терең үңіліп, өзінше ізденетін және сыныпқа жаңа идея ұсынып,өз ойын дәлелдей алатын тұлға қалыптастыру.

Мұғалім берген білім бағытын өз бетімен дамыта алатын білімді,ізденімпаз тұлға тәрбиелеу.

3







Оқу нәтижелері

Тілдік қоры мол, халықтың рухани байлықтарын қазына тұтатын,сөздің мән-мағынасын терең ұғынатын ,өз жауабын талқылауға қабілетті де ынталы , дұрыс шешім таба алатын, тапсырмаларды орындауда дұрыс бағыт ұстанатын оқушылар.


4



Түйінді идеялар

Өз білімін ,көшбасшылық қабілетін шыңдап,сабақ барысында қолдана алатын оқушы.

5

Бірлескен жұмысқа негізделген тәсіл

Топтық бағалау,диалог,постер.

уақыты

Мұғалімнің іс-әрекеті

Оқушының іс-әрекеті

3 мин

Ұйымдастыру.Сынып ахуалын "Жұбыңды тап" атты тренинг негізінде сынып ахуалын қалыптастыру.Етістік шақтары негізінде топқа бөлу

Оқушылар екі тең топқа бөлінеді. Екі топқа бірдей жануарлар атауы жазылған парақ беріледі сол сыңарыңды табу қажет. Ешкім сөйлеспейді,тек сол жануардың қимыл-әрекетін көрсетуге болады.Сыңарын тапқан оқушы үндемей басқаларды күтеді. Нақ осы шақ Мақсатты келер шақ, болжалды келер шақ

2 мин

Өткен материалды пысықтау. Тақтадағы кестені толтыру

Оқушылар кестені толтырады.

5 мин

Жаңа білімді игеру. Де Боненің алты қалпағы .

1 топ.Ақ қалпақ- \позитив\тақырып мазмұнын және пайдалы жағын түсіндіреді.

Ақ қалпақ- өткен шақ дегеніміз не-ережесін топтастыру арқылы тақтада көрсетеді.

2.128-жаттығуды орындайды,

Әр топтан көшбасшы шығып ойын постер негізінде түсіндіреді.

2.Қалғандары жаттығуды тақтада орындайды. Бір сөзге фонетикалық талдау жасау.

10 мин

2 топ.Сара қалпақ- тақырыпты жан-жақты талқылау,әшкерелеу. Сары қалпақ- жедел өткен шақтың жасалу жолы.130-жаттығуды орындап сөйлем құрап көрсету.

Әр топ жедел өткен шақ ережесін айтып,жаттығуды орындау арқылы жедел өткен шақтың жасалу жолын,қандай жұрнақтар арқылы жасалатынын түсіндіреді

7 мин

3 топ.Қара қалпақ- жағымсыз іс-әрекетті әшкерелеу.Қара қалпақ-129 жаттығудан жедел өткен шақты теріп жазып,талдау.Мәтіндегі жағымсыз әрекетті әшкерелеу

Топ жаттығуды орындайды және "Ұлы Отан соғысы" және "сатқындық " сөзін түсіндіру.Бір сөйлемге синтаксистік талдау жасау.

10 мин

4 топ.Қызыл қалпақ-ішкі сезім. Бұл топ жаңа тақырып бойыныша өздерін толғандыратын 5 сұрақ дайындап топтарға қояды.

2. Кластер құрып жауабын топтарға тақтада жазғызу.

Басқа топтарға тақырып бойынша өзін толғандырған сұрақтан қою.



5 топ. Жасыл қалпақ-оқушы шығармашылығы.Жасыл қалпақ- оқушылар бүгінгі сабақтан алған білімдерін ортаға салады..

2. 131-жаттығу. Етістіктерді тауып, бір сөйлемге морфологиялық талдау жаса

Жасыл қалпақ-шығармашылық.Топ өз түсінігін постер негізінде өлең шығару, сурет салау, сұхбат алу,ән айту арқылы түсіндіреді


5 мин

Көк қалпақ-бақылаушы, бағалаушы. Әр топ жауабын тапсырмаларын орындаған соң бағалап,дұрыс бағыт-бағдар береді.

Көк қалпақ топ тапсырмаларын зерделеп бағалайды Бағалау парақтарына топ бағаларын қояды.Өз тарапынан мін мен сын айтады.

3 мин

Рефлексия. "Екі жұлдыз,бір тілек".

Әр оқушы сабақтан алған әсері мен өз тілегін стикерге жазы оқиды ,тақтаға іледі


Үйге тапсырма: Ереже ,көркем әдебиеттен 3 сөйлем жазып,өткен шақтағы етістіктерді табу.

Оқыушылар ереже жаттап, тапсырманы орындайды



© 2010-2022