Әдебиет Ақтамберді жырау 9-сынып

Раздел Другое
Класс 9 класс
Тип Рабочие программы
Автор
Дата
Формат docx
Изображения Нет
For-Teacher.ru - все для учителя
Поделитесь с коллегами:

Пәні: Қ/қ ә/ті. Сынып: 9. Күні:---------------. Бекітемін ------------------. С. Мажитова.

Сабақтың тақырыбы: Ақтамберді жырау
Сабақтың мақсаты: Білімділік: Оқушыларға Ақтамберді жырау туралы мәлімет бере отырып, білімін, сауатын тереңдете оқыту
Тәрбиелік мәні: Білім мен тәрбиені ұштастыра отырып, татулыққа,отансүйгіштікке, жырау бойындағы өжеттілікке тәрбиелеу.
Дамытушылық мәні: Баланың ой - өрісін, есте сақтау қабілетін жыр арқылы дамыту.
Сабақтың көрнекілігі: Плакат. «Қазақ тілі мен әдебиеті» журналы. Карта.
Пәнаралық байланыс: Тарих, география.
Сабақтың әдіс - тәсілі: Сыни тұрғыдан ойлау, ой толғау.
Сабақтың барысы: 1. Ұйымдастыру кезеңі
1. Қызығушылықты ояту
● Ой шақыру
● Топтастыру
Мағынаны тану
Ой толғаныс
Ой шақыру
1. Жыраулар поэзиясының құндылығы неде?
2. Жыршы дегенге қандай ұғым бересіз?
3. Қандай жырауларды білеміз?
4. Жыршы мен жыраудың айырмашылығы неде?
5. Асан қайғының қасиеттілігі неде?
6. Шалкиіз жырау кім? Шалкиіз жырының басты тақырыбы неде?
Топтастыру.
Жыраулар: Асан қайғы, Доспамбет, Үмбетей, Жиембет, Қазтуған, Шалкиіз, Ақтамберді, Шал ақын

Мағынаны тану.

Сарыұлы Ақтамберді (1675 - 1768) атақты жырау, қолбасшы батыр, қоғам қайраткері. Ұлы жүздің Ошақты

руынан. Әкесі Сары мен шешесі Сырбикеден жалғыз туған. Жыраудың «атадан жалғыз туғанның жүрегінің бастары сары да жалқын су болар» деуінде өз өмірінің шындығы бар.
Қазақ тарихындағы аласапыран кезеңде өмір сүрген Ақтанберді «дұшпаннан көрген қорлығым, сары су болды жүрекке. Он жетіде құрсанып, қылыш ілдім білекке. Жауға қарай аттандым, жеткіз деп, құдай, тілекке» деп, өзі айтқандай, он жеті жасында ақ қолына қару алып, ел қорғауға аттанады.
Жыраудың ақындық даңқымен балуандық, батырлық даңқы қатар шығады. Орта Азия хандықтарымен, қалмақтармен арадағы ұрыстарға қатысып алғашқы кезде жеке басының ерлігімен, соңынан қолбасшылық қабілетімен көзге түседі. Сақа батырлар санатына қосылған кезде атақты «Ақтабан шұбырындының» куәгері болады.
Осы кезде ол жоңғар басқыншыларына қарсы ұлт азаттық күресін ұйымдастырушылардың және жеңісті жорықтарға дем берушілердің бірі ретінде танылады.
Жоңғар мемлекеті талқандалып, шығыстағы бұрынғы жау қолында қалған жерлер босатылған кезде сонда қайта қоныс аударған қазақтарды ата мекеніне біржола орнықтыру жолында Ақтанберді айтарлықтай роль атқарады. Өзіне қараған руларды отырықшыландырмақ болып, арық, тоған қаздырады, егін ектіреді.
Ақтанберді шығармалары негізінен нақылдық толғаныстар түрінде болып келеді. Олар көшпелі қазақтардың ой арманымен, мақсат мүддесімен астасып жатады. Жыраудың «Түйе мойнын тұз кесер», «Күлдір күлдір кісінетіп», «Жылқыдан асқан мал бар ма?» тәріздес әйгілі толғауларынан қазақ халқының мінез құлық ерекшеліктері, болмысқа өзіндік көз қарастары анық аңғарылады. Мал атаулының, оның ішінде жылқы түлігінің көшпелілер өміріндегі орыны жайында өз тұстастары арасында дәл Ақтанбердідей толғаған ақын жоқ. Ол жылқыны тіршілік көзі, жігіттің көркі деп есептейді. Әсіресе, батырдың жан серігі, жауға мінер тұлпары ретінде мадақтайды.

Ақтамберді жырау кім ? деген сұрақтың жауабын өздерің табасыңдар, ол үшін 2 топқа тапсырма. Кітаппен жұмыс. 1-топқа кітаптағы мәліметтерді пайдаланып, тірек сызба құрап, жазған сызбаны қорғау. Айтылмаған мәліметтерді айтып, толықтырамын.
-Келесі 2 топқа бірдей тапсырма . 1топқа «Күлдір, күлдір кісінетіп» , 2 топқа «Жылқыдан асқан мал бар ма? » өлеңдерімен жұмыс.Өлеңдерді мәнерлеп оқу. Өлеңнің тақырыбы мен идесын табу, өлеңнен ұнаған шума5ына өз пікірін білдіру, өлеңді құрылысына қарай талдау.


Ой толғаныс. Эссе жазу. «Мәңгі өлмейтін асыл мұра».

© 2010-2022