Конспект урока по казахскому языку на тему Менің сүйікті кітабым (6 сынып)

6 сынып Сабақтың тақырыбы:  «Менің сүйікті кітабым» Сабақтың  мақсаты:  Оқушылардың ауызекі сөйлеу қабілеттерін  қалыптастыру. Білімділік: «Менің сүйікті кітабым» тақырыбы бойынша  оқушылардың білімдерін толықтыру, тереңдету, мәтінді түсінуге, жаңа сөздерді дұрыс қолдана білуге үйрету, сөйлеу, сөйлесу дағдыларын жетілдіру . Дамытушылық: Ойлау, сөйлеу, есте сақтау, көру қабілеттерін дамыту. Өз ойларын еркін жеткізе білуге дағдыланту, ой түйіндеуге, шығармашылықпен жұмыс істеуге жұмылдыру. Танымды...
Раздел Другое
Класс -
Тип Конспекты
Автор
Дата
Формат doc
Изображения Нет
For-Teacher.ru - все для учителя
Поделитесь с коллегами:



Павлодар қаласындағы №11

мектептің қазақ тілі мен

әдебиеті пәнінің мұғалімі



Жолдасбекова Күлкен Жұмаханқызы


Сынып: 6 сынып

Сабақтың тақырыбы: «Менің сүйікті кітабым»

Сабақтың мақсаты: Оқушылардың ауызекі сөйлеу қабілеттерін қалыптастыру.

Білімділік: «Менің сүйікті кітабым» тақырыбы бойынша оқушылардың білімдерін толықтыру, тереңдету, мәтінді түсінуге, жаңа сөздерді дұрыс қолдана білуге үйрету, сөйлеу, сөйлесу дағдыларын жетілдіру .

Дамытушылық: Ойлау, сөйлеу, есте сақтау, көру қабілеттерін дамыту. Өз ойларын еркін жеткізе білуге дағдыланту, ой түйіндеуге, шығармашылықпен жұмыс істеуге жұмылдыру. Танымдық қабілетін арттыру.

Тәрбиелік: Оқулықты таза, ұқыпты ұстауға баулу.

Сабақтың көрнекілігі: суреттер, үлестірмелі материалдар, интерактивті тақта, слайдтар.

Сабақтың типі: жаңа білімді меңгерту

Сабақтың түрі: ұжымдық, топтық жұмыс

Сабақта қолданылатын әдіс- тәсілдер: сұрақ-жауап, топтастыру, кластер, жеке жұмыс, бес жолды өлең, ой қозғау, әңгімелеу.

Пәнаралық байланыс: тарих, әдебиет

Сабақтың барысы:

I. Ұйымдастыру кезеңі

а) Оқушыларды түгендеу

б) Кезекші сөзі

в) Сәлемдесу, бір - біріне сәттілік тілеу

Үй тапсырмасын тексеру. 1- тапсырма.19 бет

«Менің қаламым» өлеңін жатқа оқу., жаңа сөздерді жаттау.

2. Өткен тақырыпты тексеру мақсатында сөздік диктантын жүргізу.

Інім - младший брат

Қарындасым- младшая сестра

Ағам - старший брат

Туыс - родственник

Қадірлеу, сыйлау - уважать, ценить


3. Тест сұрақтарына жауап беріңдер. (Бір - бірін тексеру, бағалау)

1 Дұрыс жазылған сөзді табыңдар.

А) орталығы В) орталықы С) орталыгы

2 «Етістік » деп нені айтады?

А) дәптерін В) сөз табын С) ағасын

3 Үндестік заңы екі түрге бөлінеді ме?

А) иә В) жоқ С) білмеймін

4 Отбасы мүшелерін жасына қарай жазыңдар.

А) іні В) ата С) шеше Д) әпке.

5 Сызбаға сәйкес сөзді табыңдар.

Түбір + қосымша.

А) ана В) қарындас С) әкесі

ІІ. Жаңа тақырыпқа шығу. Қызығушылығын ояту.(3 минут)

Интерактивті тақтада сурет көрсетіледі.

Тыңдалым (мәтінді түсініп тыңдау)

Кітап

Кітап тек досың ғана емес, ұстазың,кеңесшің,ақылшың. Барлық ғылым, технология атаулының атасы. Кітапсіз өмірді елестету де мүмкін емес сынды. Әйтсе де онымен достасудан қашқақтап, әр парағын жұлып, қор қылып, шаң басқан сөрелерге тастауға болмайды. Ерінбе оқып көруге. Көп адамда бір күнде есепсіз әріптер саны ажыралмай жұтыла береді екен. Қызық мақалалар, жұмысқа қатысты кәсіби әдебиет, өзін дамытуға арналған мәтіндер бар.Мысалы мына мақалдарға назар аударайық.

«Кітап маған тақтан да қымбат». Абай.

«Жақсы кітап - ақылды адамның әңгімесімен бірдей.» Шекспир.

Сұрақтар:

  1. Сенің ақылшы досың бар ма?

2. Кітап ненің атасы?

3. Кітапсіз өмір сүруге бола ма?

4. Кітап туралы нелер көп?

5. Біз бос уақытта не істеуіміз керек?

Сергіту сәтін өткізу.

VI. Жазылым - Дәптермен жұмыс

1-тапсырма: Фонетикалық талдау жаса: 1 нұсқа - ағасы, 2 нұсқа -сіңлі

2-тапсырма: Жалғауларын жалғап, септіктерін анықта:

Жолдас..., әкем..., бауыры..., туыстар.., жездем..., атам... .

( -тың, -нің, -ға, -на, -мен, -ды, )

3. Сөздерді сөз құрамына қарай талдаңдар.

Туыстарымызға, достықтан, сыйлау, әжеме, атасымен


4. Ой толғаныс-«Бес жол өлең»

Тақырып - Кітап

Сын есім- 2 - қызықты, белгілі

Етістік - оқимын , жаттаймын, құрметтеймін

Сөйлем - Маған Абайдың кітабы өте ұнайды.

5. «Ой толғаныс сатысы -«Еркін жазу»

«Менің сүйікті кітабым» атты 5 минуттық эссе жазу

Үй тапсырмасы: 1. «Менің сүйікті кітабым» туралы презентация жасау .

VII. Рефлексия. Қорытынды.

Бағалау парағын тапсыру, бір-бірін бағалау.

Сонымен бүгін сабақта не білдік, нені үйрендік ?



© 2010-2022