М. Әуезов Ақын қонақтар әңгімесі

Раздел Другое
Класс 5 класс
Тип Другие методич. материалы
Автор
Дата
Формат docx
Изображения Нет
For-Teacher.ru - все для учителя
Поделитесь с коллегами:

1.Пән аты: Әдебиет

2.Сыныбы: 5

Сабақтың тақырыбы: Мұхтар Әуезов « Ақын қонақтар»

Сабақтың мақсаты:

1.Білімділік: оқушыларға Мұхтар Әуезовтің өмірі мен шығармашылығы,

тақырып пен идея туралы, « Ақын қонақтар» сюжеті жайында әдеби білім беру.

2.Тәрбиелік: оқушыларды ізгілікке, мейірімділікке тәрбиелеу.

3.Дамытушылық: оқушылардың дүниетанымдарын кеңейту.

Сабақтың типі: аралас

Сабақтың түрі: дәстүрден тыс сабақ

Сабақтың әдіс-тәсілі: баяндау, сұрақ-жауап, әңгімелеу, түсіндіру, мәнерлеп оқу

Сабақтың көрнекілігі: М. Әуезовтің портреті, шығармалары

Пәнаралық байланыс: қазақ тілі, Қазақстан тарихы.

Сабақтың барысы:

І.Ұйымдастыру кезеңі.

ІІ.Үй тапсырмасын тексеру:

  1. І. Жансүгіров өмірі мен шығармашылығы туралы түсінік.

  2. «Күй» поэмасы туралы ойтолғау жазу(оқиды)

ІІІ. Білім тексеру:

І. Жансүгіров «Күй» поэмасы бойынша

Сұрақ жауап:

  • « Күй күшті тауды тасты бұзатұғын» деген ақынның ойын сендер қалай дамытар едіңдер?

  • «Нар идірген» аңызын білетіндерің бар ма?

  • Поэма өздеріңе қалай әсер етті?

  • Қылқобыздың зарлы үнін поэмадан таба аласыңдар ма?

ІV Жаңа сабаққа дайындық

1.Сабақ тақырыбын тақтаға жазу

2.Сабақ мақсатын түсіндіру

V.Жаңа тақырыпты түсіндіру.

1. Мұхтар Әуезовтің өмірі мен қызметі туралы әңгімелеу.

Қазақ халқының ХХ ғасырдағы ұлы жазушысы, ғалым, қоғам қайраткері Мұхтар Омарханұлы Әуезов 1897 жылы бұрынғы Семей (қазіргі Шығыс Қазақстан) облысына қарасты Шыңғыстау деген жерде, Абай туған өлкеде дүниеге келген. Өз әкесі Омархан да, атасы Әуез де ескіше сауатты кісілер болған екен. Олар Абаймен жақсы сыйластықты қарым-қатынаста болыпты. Білім сапарын ауыл мектебінен бастаған бала Мұхтардың кішкентай кезінен сусындап өскен рухани қазынасының бірі-Абай өлеңдері. «Атам Әуез Абаймен дос еді. Ол кісі біз сияқты немерелеріне ақынның өлеңдерін де, аудармаларын да көп оқытатын. Әсіресе, Абай аудармаларын, Татьяна жанының нәзік сырын, оған Онегин жауабын жаттатқызатын», - деп қаламгер кейін өз естеліктерінде жазған.

1908 жылы Семейдегі қалалық училищеде, одан соң мұғалімдік семинарияда оқыған шақтарында ол орыс және шетел әдебиетінің туындыларымен молынан танысады. Мұның бәрі оның шығармашылықпен айналысуына үлкен себепші болған.

М. Әуезовтің тырнақалды туындысы- «Еңлік - Кебек» пьесасы 1917 жылы семинарияда оқып жүрген кезінде жазылған.

Болашақ жазушы, ғұлама ғалым Санкт-Петербург университетінде (1928 жылы аяқтаған), Ташкенттегі Орта Азия университетінде оқыған. 20-30 - жылдары жазушы қаламынан қазақтың байырғы өмірінің көрінісін бейнелеген көптеген әңгімелер туған, ал 20-жылдардың аяғына қарай «Қараш-Қараш оқиғасы» (1927) және «Қилы заман» (1928) повестері жазылған.

Мұхтар Әуезов - қазақ драматургиясының негізін салушылардың бірі, ол- тарихи тақырыптарға арналған ондаған пьесалардың авторы.

Қаламгердің есімін әлемге мәшһүр еткен ең басты туындысы - «Абай жолы» атты 4 кітаптан тұратын тарихи роман-эпопеясы.

2. Тақырып пен идея туралы әдеби білім беру.

Көркем шығармада жазушы көтерген мәселені тақырып деп атайды.

Көркем туындының идеясы дегеніміз - жазушының өзі көтеріп, көркем бейнелеген әлеуметтік мәселелер, адамдар тағдыры арқылы айтпақ ойы, танытпақ шындығы.

  1. М. Әуезов шығармаларының ең биік шыңы - «Абай жолы» романы.Бүгін осы шығарманың үзіндісімен танысамыз.

-Сендер Абай туралы не білесіңдер?

-Оған жас кезінен өлең - жыр әңгімені кім айтқан?

-Абай кімнің тәрбиесінде болған?

Абай Құнанбаев - қазақтың ұлы ақыны. Мұхтар Әуезов - қазақ халқының ұлы жазушысы бүкіл әлемге, бізге Абайды танытқан.

Балалық шағы Шыңғыстау бөктерінде өткен, жастай өлең - жырға құмар болған Абайдың ұстаздары - әжесі Зере, шешесі
Ұлжан. Мұхтар Әуезовтың атасы - Әуез балаға Абайдың өлеңдерін жаттататын

Жас кезінен балалық шағы бір жерде өткен, Мұхтар Әуезов қолжазбаларды жинап, көп жылдан соң өзінің ең үлкен жұмысын «Абай жолы» романын жазып, бүкіл дүние жүзіне Абайды танытты.

«Ақын қонақтар»тақырыбын электронды оқулықтан тыңдату.

VІ. Оқушы ұғымын тексеру: Тақырыппен таныстық, енді жай жоспар құрып алайық. Келген қонақтар кім екен? (Барлас,Байкөкше)Оларды Абай отбасы қалай қарсы алды?

1. Абайдың бейнесі

2.Екі досы

3.Абайдың қызығы

4.Екі қонақ

Осы жоспар арқылы үш деңгейлі тапсырма беріледі.

Тапсырмалар

І-тапсырма:

  1. Әдебиет сөздігінен портретке анықтама беру. Жас Абайдың кескін - келбетін жазушы қалай суреттеген? Мұқият қараңдар, оның портретінде қандай өзгеріс болған, ол ненің әсері?

  2. Әңгімеден Абайдың кескін - келбетін тауып, өз бетіңше оқып, түсіну керек.

  3. Мәтінді оқы. Сұраққа жауап бер:

  1. Биыл Абай неше жасқа толды?

  2. Денесі бойы қандай?

  3. Беті, шашы қандай еді?

ІІ-тапсырма:

  1. Абайдың ендігі ермегі нелер, досы кімдер?Абайдың қарт әжесі Зере, өз анасы Ұлжанқандай абзал қасиеттерімен көрінеді? Суретке қарап, суретші қарт әже Зеренің мейірімділігін, жас Абайдың ынта - ықыласын, көрсете білді ме?

  2. Мәтінді оқып, мазмұнын айту. Әңгіме? Әңгімеші деген кім?

  3. Сұраққа жауап беру:

  1. «Басқа бір ермек, бөлек бір дос тапты...» Олар кімдер?

  2. Абай биыл нені бағалады?

  3. Әжесі қандай әңгімеші еді?

  4. Абай ауырғанда, әжесінен не сұраған?

ІІІ-тапсырма:

  1. Шеше - ана туралы мақалдарды еске алыңдар? Қазақ ертегілерін, әңгімелерін, жырларын қисса - дастандарын Абайға кім айтқан?

  2. Мәтін бойынша жұмыс : Абай әжесінен ертегі айтып беруді қалай өтінді?(оқы). Ертегілердің атын дәптерге жазып ал.

  3. Сұраққа жауап бер:

  1. Абай әжесінен қандай ертегілерді тыңдады?

ІҮ-тапсырма:

1.Барлас ақынның портретін тауып оқу. Барлас ақынның алғаш жырлаған жыры қай жыр, оны Абай қандай сезіммен қабылдады?

  1. «Жыр» , «Жыршы» деген сөздерді түсіндір.

  2. Сұраққа жауап беру:

  • Абай ауылына кімдер келді?

  • Қонақтарды Ұлжан қалай қарсы алды?

  • Ақын деген кім?

Ү-тапсырма:

  1. Ертеде ақындарды қалай қарсы алған?

  2. Абайдың қарт әжесі Зере, анасы ұлжан қандай рухани азық берді және нелерді білуіне жәрдем етті?

  3. Әңгіменің тақырыбы, идеясы неде?

  4. Ұлжан қонақтарды неге жібергісі келмеді?

  5. Абай шешесіне ризашылығын қалай көрсетті?

Қорытынды жасалады.

Төмендегі тірек схема толтырылады.

Абайдың портреті

Бала Абайдың кескін - келбетін жазу

Бала Абайдың рухани байлығы


VІІІ.Жаңа сабақты қорыту.

  1. Бағалау:

  2. Үй тапсырмасын беру:

1. М.Әуезовтің өмірі мен қызметі

2 « Ақын қонақтар»туралы түсінік.


© 2010-2022