Разработка урока на тему Қазақ тілі-менің ана тілім

Раздел Другое
Класс -
Тип Конспекты
Автор
Дата
Формат doc
Изображения Нет
For-Teacher.ru - все для учителя
Поделитесь с коллегами:

Сабақтың тақырыбы: Қазақ тілі- менің ана тілім

Мақсаты: Қазақстан Республикасының Тіл мерекесі апталығына оқушылардың

азаматтық үлестерін қосқызып,олардың еліне, жеріне, Отанына, тіліне деген

құрметтерін шыңдау. Жеке тұлғаның санасына тіліміздің даналығын, ерекшелігін қалыптастыру.

Түрі: сыныптан тыс шара

Әдісі: әңгімелеу,топтастыру,түсіндіру,жинақтау.

Көрнекіліктер: компьютер,монитор,тақта.

Барысы: ұйымдастыру бөлімі

Кіріспе сөз

-Сәлеметсіздерме,оқушылар,қонақтар?! Бүгінгі ,,Қазақ тілі - менің ана тілім,, атты сыныптан тыс шарамызды бастаймыз. Ауданымызда Тілдер мерекесіне айлық өтіп жатыр.Біздің мектепте апталық өтуде.Осы шарамыз сол апталыққа деген үлестерің болады. ,, Әркім тілін сүйеді,

Қадірлейміз мұны біз.

Қазақ тілі киелі -

Мемлекеттік тіліміз,- дей келе тіл туралы заңдармен танысайық \1-слайд\.

Бұл қазақ тілі емес, бүкіл жер бетіндегі тілдер мейрамы деп есептеледі \2-слайд\.

-Міне, қазақ тілі-ең құдіретті, ең қасиетті, ең дана -тіл деген сөз сендердің жүректеріңде

жазылып тұру керек. Кезек өздеріңде.

-Тіл туралы жаттаған өлеңдерді жатқа айту.

-,, Мағынасыз сөз болмас,

Мақалсыз ел болмас,- дегендей, мақал-мәтел айту.

-

-Тіл туралы ойшылдарда қалам тербеген\3-слайд\

-Енді жас жазушыларға кезек берейік.Оқушылар өздерінің шығармаларын оқиды.

-Халқымыздың салтында үлкенге жол беру, орын ұсыну,үлкен алдында әдеп сақтау, ізетті болу, әдеппен сөйлеу, дөрекіленбеу, дабырламау,жеке адамның парызы болып қалыптасқан.,,Әдептілік,, өлең оқу.

-Сендерге өздерің сияқты оқушының оқыған өлеңін тыңдап көріңіздер.Болашақта осылай оқимын деген міндет қоятын шығар деп ойлаймын.

-,, Қазына бар бұл тілде,

Анам айтқан жыр-әнін.

Жоғалуы мүмкін бе,

Өлмейтұғын мұраның?!

Өшпейді еш уақытта

Ата-баба аңсары:

Қазақ тілі бақытқа

Жеткізеді баршаны!,,-деп аяқтаймыз.

-Балалар,сендерге көп-көп рахмет! Осындай үлкен мерекеге үлестеріңді қосып жатқандарыңа. Қонақтар сіздерге де зейін қойып тыңдағандарыңызға көп-көп рахмет!

Дипломмен марапаттау.



© 2010-2022