Қорқыт ата - 6 сыныпқа арналған ашық сабақ жоспары

Раздел Другое
Класс 6 класс
Тип Конспекты
Автор
Дата
Формат docx
Изображения Есть
For-Teacher.ru - все для учителя
Поделитесь с коллегами:

Қорқыт ата - 6 сыныпқа арналған ашық сабақ жоспарыҚорқыт ата - 6 сыныпқа арналған ашық сабақ жоспарыҚорқыт ата - 6 сыныпқа арналған ашық сабақ жоспарыҚорқыт ата - 6 сыныпқа арналған ашық сабақ жоспарыҚорқыт ата - 6 сыныпқа арналған ашық сабақ жоспарыҚорқыт ата - 6 сыныпқа арналған ашық сабақ жоспары6 сынып

Сабақтың тақырыбы: «Қорқыт ата»
Сабақ мақсаты:

  1. Білімділік: Оқушыларға сегізінші ғасырда өмір сүрген түркі халықтарының атақты ақыны, күйші Қорқыт туралы
    білім беру.

  2. Дамытушылық: Қорқыт баба туралы аңыздарды, деректерді өз бетінше оқып, танысу арқылы зерттеушілік, шығармашылық
    дағдыларын дамыту. Ауызекі сөйлеу қабілеттерін дамыту.

  3. Тәрбиелік: Өз елінің тарихына деген сүйіспеншіліктерін арттыру. Оқушылардың эстетикалық сезімін оятуға, өнер адамдарын қадірлей білуге тәрбиелеу.

Сабақтың әдіс - тәсілдері: сұрақ - жауап, түсіндіру, мәтінмен жұмыс, ой қозғау.
Сабақтың көрнекілігі: Қорқыт атаның портреті, қобыздың суреті, үлестірмелі парақтар

Сабақтың типі: жаңа сабақ

Пәнаралық байланыс: тарих, музыка

Сабақ барысы:

І. Ұйымдастыру кезеңі.

Сәлемдесу, оқушыларды түгелдеу, сабаққа дайындықтарын тексеру;

ІІ. Ұй жұмысын тексеру. Сұрақ-жауап

Мақал-мәтелдерді жаттап келу

  1. Өнерлі қол - бақытқа жол.

  2. Өнер алды, қызыл тіл.

  3. Өнерлі өрге жүзер.

ІІІ. «Ой қозғау». Жаңа тақырыппен танысу

Жаңа тақырыпты бастамас бұрын, дәптерлеріңді ашып, бүгінгі күн мен жаңа тақырыпты жазып алыңыздар.

Қорқыт ата

Сөздікпен жұмыс - дәптерге сөздердің аудармасын жазып алу

(мұғалім сөздерді оқып, тақтаға жазғызады, сынып хормен мұғалімнің артынан қайталайды, кейін әрбір бала қайталап шығады)

Аңыз - легенда

Мәңгілік - вечный

Кітап - книга

Ақын - поэт

Атақты - знаменитый

Өмір - жизнь

Жаңа сабақты түсіндіріп болғаннан соң, балаларға мәтінді тізбектеп оқыту. Керекті жерлерін жазғызып алу.

Қызығушылықты ояту: (Тақтадан қобыздың суреті көрсетіледі)
- Тақтадан не көріп тұрсыңдар?
- Музыкалық аспап.
- Қандай музыкалық аспап?
- Қазақ халқының ұлттық аспабы - қобыз.
- Қобыз туралы не білесіңдер?

Мұғалімнің сөзі: Жақсы, осы қобыз деген музыкалық аспапты алғаш рет жасаған Қорқыт атамыз туралы әңгімелесеміз. (Тақтадан Қорқыт ата портреті көрсетіледі).
- Қорқыт ата - VIII (8) ғасырда Сырдария өзенінің бойында бұрынғы Жанкент қаласы маңында өмір сүрген батыр, атақты ақын, асқан күйші. Ол туралы көптеген аңыздар сақталған. Ел аузындағы аңыздарда Қорқыт ата мәңгі өлмейтін өмір іздеуші, мәңгілік өмір үшін күрескер ретінде айтылады. Бірақ ол өмірінің соңында өлмейтін нәрсе жоқ екен деген пікірге келеді. Өзі өлгенмен артында күйлері, ұлғатты сөздері қалады. Ал әдебиет тарихында деректі түрде Қорқыт ата кітабы бар. Қорқыт ата кітабын VIII ғасырларда және одан да бұрын туған аңыздардың жинағы деуге болады. Кітапта қазақ халқының құрылуына тікелей қатысы бар, тарихта белгілі оғыз тайпаларының тағдырына байланысты оқиғалар баяндалады. Күйлері: «Қорқыт», «Аққу», «Желмая», «Ұшардың ұлуы» т. б.

Сергіту сәті - физикалық жаттығулар

IV. Тақтамен жұмыс.

Оқушылардың бірі тақтаға шығып Қорқыт атаның нақыл сөздерін жазады, қалғандары дәптерлеріне көшіріп жазады.

  1. Ана үшін бала - екі көздің сыңары.

  2. Ата даңқын шығарып, өзінің тегін қуған балаға ешкім жетпейді.

  3. Өтірік сөз өрге баспайды.

Кроссворд шешу

  1. Қазақтың ұлттық музыкалық аспабы. (қобыз)

  2. Қорқыт ата кітабында көрсетілген қазақ тайпасы (оғыз)

  3. Қорқыт ата қай өзеннің жағасында туып-өскен? (Сырдария)

  4. Қорқыт атаның күй

  5. «Легенда» сөздерінің аудармасы. (аңыз)

  6. «Танымал» сөзінің синонимі (атақты)

1 Қ

о

б

ы

з

2 о

ғ

ы

з

3 с

ы

р

д

а

р

и

я

4 а

қ

қ

у

5 а

ң

ы

з

6 а

т

а

қ

т

ы





V. Жаңа сабақты бекіту (сұрақ-жауап)

1. Бүгінгі сабақта қандай күйшімен таныстық?
2. Қорқыт қай жерде дүниеге келген?
3. Қорқыт кім болған?
4. Қорқыт қандай аспап жасады?

Класстер толтыру

Қорқыт

ата


VІ. Үйге тапсырма

«Қобыз» аспабының суретін салып келу

VІІ. Бағалау



© 2010-2022