Ақын қонақтар 5-сынып

1. Мұхтар Әуезовтің өмірі мен қызметі туралы әңгімелеу.Қазақ халқының ХХ ғасырдағы ұлы жазушысы, ғалым, қоғам қайраткері Мұхтар Омарханұлы Әуезов 1897 жылы бұрынғы Семей (қазіргі Шығыс Қазақстан) облысына қарасты Шыңғыстау деген жерде, Абай туған өлкеде дүниеге келген. Өз әкесі Омархан да, атасы Әуез де ескіше сауатты кісілер болған екен. Олар Абаймен жақсы сыйластықты қарым-қатынаста болыпты. Білім сапарын ауыл мектебінен бастаған бала Мұхтардың кішкентай кезінен сусындап өскен рухани қазынасын...
Раздел Другое
Класс 5 класс
Тип Другие методич. материалы
Автор
Дата
Формат doc
Изображения Нет
For-Teacher.ru - все для учителя
Поделитесь с коллегами:

Пән мұғалімі: Молбаева Ж.М. Пәні : әдебиет Сынып: 5 а

Сабақтың тақырыбы: Мұхтар Әуезов «Ақын қонақтар»

Сабақтың мақсаты:

Білімділік: М.Әуезов жайлы мәлімет беру, «Абай жолы» роман эпопеясынан алынған «Ақын қонақтар» бөлімінің мазмұнын меңгерту.

Дамытушылық: Оқушылардың ойлау, есте сақтау, еркін сөйлеу, мәнерлеп оқу, әдебиетке деген қызығушылықтарын, шығармашылық қабілеттерін дамыту;

Тәрбиелік: Бала бойындағы жақсы, асыл қасиеттерді оқушылар бойына сіңіру, үлгі ету. Әже, Ана мен бала арасындағы сүйіспеншілікті сезіндіру.

Сабақтың түрі: Ашық сабақ

Сабақтың әдісі: Түсіндіру, сұрақ-жауап, жинақтау, ойын

Көрнекіліктер: М.Әуезов, А.Құнанбайұлының суреттері, топтастыру сызбасы

Сабақтың барысы:

І. Ұйымдастыру кезеңі.

  • Амандасу

  • Түгелдеу

  • Сабаққа дайындығын, құрал-жабдықтарын тексеру

  • Зейінін сабаққа аудару.

ІІ. Үй тапсырмасын тексеру.

1. «Күй» поэмасынан жатқа үзінді сұрау.

2. І.Жансүгіровтің «Күй» поэмасынан не және кім туралы білдіңдер?

ІІІ. Өткен сабақты бекіту.

Мұғалім: «Кәрі тарих - кәрі шежіре». Осындай дарын, өнер иелері өмірде болған, санамызда сақталғандығын айтып өту.

ІҮ. Ашық сабақ.

А) Кіріспе бөлім: сабақтың мақсатымен таныстыру.

Ә) Негізгі бөлім: жаңа материалды түсіндіру.

1. Мұхтар Әуезовтің өмірі мен қызметі туралы әңгімелеу.

Қазақ халқының ХХ ғасырдағы ұлы жазушысы, ғалым, қоғам қайраткері Мұхтар Омарханұлы Әуезов 1897 жылы бұрынғы Семей (қазіргі Шығыс Қазақстан) облысына қарасты Шыңғыстау деген жерде, Абай туған өлкеде дүниеге келген. Өз әкесі Омархан да, атасы Әуез де ескіше сауатты кісілер болған екен. Олар Абаймен жақсы сыйластықты қарым-қатынаста болыпты. Білім сапарын ауыл мектебінен бастаған бала Мұхтардың кішкентай кезінен сусындап өскен рухани қазынасының бірі - Абай өлеңдері. «Атам Әуез Абаймен дос еді. Ол кісі біз сияқты немерелеріне ақынның өлеңдерін де, аудармаларын да көп оқытатын. Әсіресе, Абай аудармаларын, Татьяна жанының нәзік сырын, оған Онегин жауабын жаттатқызатын», - деп қаламгер кейін өз естеліктерінде жазған.

1908 жылы Семейдегі қалалық училищеде, одан соң мұғалімдік семинарияда оқыған шақтарында ол орыс және шетел әдебиетінің туындыларымен молынан танысады. Мұның бәрі оның шығармашылықпен айналысуына үлкен себепші болған.

М. Әуезовтің тырнақалды туындысы- «Еңлік - Кебек» пьесасы 1917 жылы семинарияда оқып жүрген кезінде жазылған.

Болашақ жазушы, ғұлама ғалым Санкт-Петербург университетінде (1928 жылы аяқтаған), Ташкенттегі Орта Азия университетінде оқыған. 20-30 - жылдары жазушы қаламынан қазақтың байырғы өмірінің көрінісін бейнелеген көптеген әңгімелер туған, ал 20-жылдардың аяғына қарай «Қараш-Қараш оқиғасы» (1927) және «Қилы заман» (1928) повестері жазылған.

Мұхтар Әуезов - қазақ драматургиясының негізін салушылардың бірі, ол- тарихи тақырыптарға арналған ондаған пьесалардың авторы.

Қаламгердің есімін әлемге мәшһүр еткен ең басты туындысы - «Абай жолы» атты 4 кітаптан тұратын тарихи роман-эпопеясы.

2. Тақырып пен идея туралы әдеби білім беру.

Көркем шығармада жазушы көтерген мәселені тақырып деп атайды.

Көркем туындының идеясы дегеніміз - жазушының өзі көтеріп, көркем бейнелеген әлеуметтік мәселелер, адамдар тағдыры арқылы айтпақ ойы, танытпақ шындығы.

  1. М.Әуезов шығармаларының ең биік шыңы - «Абай жолы» романы. Бүгін осы шығарманың үзіндісімен танысамыз.

-Сендер Абай туралы не білесіңдер?

-Оған жас кезінен өлең - жыр әңгімені кім айтқан?

-Абай кімнің тәрбиесінде болған?

Абай Құнанбаев - қазақтың ұлы ақыны. Мұхтар Әуезов - қазақ халқының ұлы жазушысы бүкіл әлемге, бізге Абайды танытқан.

Балалық шағы Шыңғыстау бөктерінде өткен, жастай өлең - жырға құмар болған Абайдың ұстаздары - әжесі Зере, шешесі
Ұлжан. Мұхтар Әуезовтың атасы - Әуез балаға Абайдың өлеңдерін жаттататын.

Жас кезінен балалық шағы бір жерде өткен, Мұхтар Әуезов қолжазбаларды жинап, көп жылдан соң өзінің ең үлкен жұмысын «Абай жолы» романын жазып, бүкіл дүние жүзіне Абайды танытты.

Ү. Сабақты қорыту, түсінгендерін тексеру:

1. «Жасырылған сұрақтар» ойыны арқылы сұрақтар беру.

2. Мәтіннің мазмұны бойынша бөлімдерге бөліп, тақырып қою.

А) Абайдың науқас күйі немесе бала Абай

Ә) Зере мен Ұлжанның әңгімесі

Б) Құтты қонақтардың жырлары

В) Ақын Барластың сыйлығы

3. Мәтіндегі кездесетін ауыз әдебиетіне қатысты жанр түрлерін тапқызу: ескі заман жырлары, өсиет, әңгіме, қисса, ертегі, аңыз.

4. Бала Абай бойындағы жақсы қасиеттерді сипаттау: алғыр, зерек, өнерсүйгіш, білімді, ақылды.

5. Оқушыларға үш деңгейлі тапсырма беріледі.

Тапсырмалар

І

  • Әдебиет сөздігінен портретке анықтама беру. Жас Абайдың кескін-келбетін жазушы қалай суреттеген? Мұқият қараңдар, оның портретінде қандай өзгеріс болған, ол ненің әсері?

- Әңгімеден Абайдың кескін - келбетін тауып, өз бетіңше оқып, түсіну керек.

- Мәтінді оқы. Сұраққа жауап бер:

  1. Биыл Абай неше жасқа толды?

  2. Денесі бойы қандай?

  3. Беті, шашы қандай еді?

ІІ

  1. Абайдың ендігі ермегі нелер, досы кімдер?Абайдың қарт әжесі Зере, өз анасы Ұлжанқандай абзал қасиеттерімен көрінеді? Суретке қарап, суретші қарт әже Зеренің мейірімділігін, жас Абайдың ынта - ықыласын, көрсете білді ме?

  2. Мәтінді оқып, мазмұнын айту. Әңгіме? Әңгімеші деген кім?

  3. Сұраққа жауап беру:

  1. «Басқа бір ермек, бөлек бір дос тапты...» Олар кімдер?

  2. Абай биыл нені бағалады?

  3. Әжесі қандай әңгімеші еді?

  4. Абай ауырғанда, әжесінен не сұраған?

ІІІ

  1. Шеше - ана туралы мақалдарды еске алыңдар? Қазақ ертегілерін, әңгімелерін, жырларын қисса - дастандарын Абайға кім айтқан?

  2. Мәтін бойынша жұмыс : Абай әжесінен ертегі айтып беруді қалай өтінді?(оқы). Ертегілердің атын дәптерге жазып ал.

  3. Сұраққа жауап бер:

  1. Абай әжесінен қандай ертегілерді тыңдады?

  2. Әңгіменің тақырыбы, идеясы неде?

  3. Ұлжан қонақтарды неге жібергісі келмеді?

  4. Абай шешесіне ризашылығын қалай көрсетті?

Төмендегі тірек схема толтырылады.

Абайдың портреті

Бала Абайдың кескін - келбетін жазу

Бала Абайдың рухани байлығы





ҮІ. Оқушылардың білімін бағалау.

ҮІІ. Үйге тапсырма.

1. М.Әуезовтің өмірі мен қызметі

2 « Ақын қонақтар»туралы түсінік.



© 2010-2022