«Қазақстан – біздің Отанымыз». «Жіктік жалғау»

Сабақтың мақсаты: Білімділік: жаңа тақырыпты жаттығулармен меңгерту; жіктік жалғау туралы түсінік беру; сөздік қорларын молайту; Дамытушылық: мәтін арқылы ауызекі тілде сөйлеуге дағдыландыру; жіктік жалғауды қолданыста пайдалануға жаттықтыру; Тәрбиелік: Отанға, туған жерге деген сүйіспеншіліктерін арттыру. Көрнекілігі: оқулық, тақта.Сабақтың типі: білім беру, ауызекітілде сөйлету Сабақтың формасы: ұжымдық жұмыс Сабақтың түрі: аралас сабақ Сабақтың барысы: I. Ұйымдастыру (амандасу, түгендеу, саба...
Раздел Другое
Класс -
Тип Рабочие программы
Автор
Дата
Формат docx
Изображения Нет
For-Teacher.ru - все для учителя
Поделитесь с коллегами:

6-сынып.
Сабақтың тақырыбы: «Қазақстан - біздің Отанымыз». «Жіктік жалғау».
Сабақтың мақсаты:
Білімділік: жаңа тақырыпты жаттығулармен меңгерту; жіктік жалғау туралы түсінік беру; сөздік қорларын молайту;
Дамытушылық: мәтін арқылы ауызекі тілде сөйлеуге дағдыландыру; жіктік жалғауды қолданыста пайдалануға жаттықтыру;
Тәрбиелік: Отанға, туған жерге деген сүйіспеншіліктерін арттыру.
Көрнекілігі: оқулық, тақта.
Сабақтың типі: білім беру, ауызекі тілде сөйлету
Сабақтың формасы: ұжымдық жұмыс
Сабақтың түрі: аралас сабақ
Сабақтың барысы:
I. Ұйымдастыру (амандасу, түгендеу, сабақ жоспарымен таныстыру)
II. Жаңа сабақ
1.Мұғалім: Балалар, бүгін біз өзіміздің сүйікті Отанымыз Қазақстан туралы сөз қозғаймыз. Әр адамның туған жері, Отаны болады. Біз Қазақстанда туып-өстік, сондықтан Қазақстан- біздің Отанымыз! Мақалға назар аударайық. (Оқу,мағынасын түсіндіру).

«Туған жердей жер болмас,
Туған елдей ел болмас»

Сабақтың тақырыбы: Қазақстан-біздің Отанымыз.
2.Жаңа сөздер беру:
а) құрлық-суша
жазық дала-равнина
шөл-пустыня
аймақ-край
қорық-заповедник
белес-преграда, трудность


3. Қазақстан картасымен жұмыс.
- Мына ұлан-байтақ мемлекет қалай аталады?
- Қазақстан Республикасы жер шарының қай бөлігінде орналасқан?
- Қазақстан жері қандай?
- Қазақстан қандай мемлекет?

4. Мәтінді оқып, мәтін бойынша бір-біріңе сұрақ қойып, жауап беріңдер.
Қазақстан - біздің Отанымыз
Қазақстан Республикасы-Еуразия құрлығындағы мемлекет. Қазақстанның жері кең-байтақ және өте бай. Табиғаты әр алуан. Мұнда жазық дала да, орман да, тау да, өзен де, көл де, шөлді аймақтар да бар.
Қазақстанның тарихы талай мыңдаған ғасырларды қамтиды, жері шежірелі. Әлемге әйгілі тарихи ескерткіштер, табиғаты көркем қорықтар, демалыс орындары көптеп кездеседі.
«Медеу» мұз айдыны, «Шымбұлақ» спорт кешені халқымыздың мақтанышы болып саналады.
5. Кесте арқылы жіктік жалғау туралы түсінік беру.
1. Зат есім сөздердің жіктік жалғау арқылы түрленуі зат есімнің жіктелуі деп аталады.
2. Жіктік жалғаулары үш жақ бойынша жекеше, көпше түрде жалғанады.
3. Жіктік жалғауы есім сөзге және етістікке жалғанады.

ЖІКТІК ЖАЛҒАУ
ЖЕКЕШЕ КӨПШЕ
I жақ -мын,-мін,-пын,-пін,-бын,-бін I жақ -мыз,-міз,-пыз,-піз,-быз,-біз
II жақ -сың, -сің II жақ -сыңдар, -сіңдер
II жақ -сыз, -сіз II жақ -сыздар, сіздер
III жақ --- III жақ ----

III. Жаңа тақырыпты бекіту тапсырмалары.
1-тапсырма. «Бала», «оқушы» сөздерін жіктеңдер.
2-тапсырма. Сөз тіркестерін дұрыс құраңдар.
Еуразия ------------ Президент
табиғаты --------------- кездеседі
шөлді ------------------ қорықтар
ғасырларды ----------- ескерткіштер
тарихи ------------------ құрлығы
көркем ---------------- әр алуан
көптеп ---------------- аймақтар
тұңғыш --------------- қамтиды

2-тапсырма. Сөздердің синонимін табыңдар.
Әр алуан-
Көркем-
Аймақ-
Туған жер-
Тұңғыш-
4-тапсырма. Оқулықпен жұмыс.

3-тапсырма. Көп нүктенің орнына тиісті жалғауларды қойып, көшіріп жазыңдар.(68-бет)
IV. Сабақты қорыту:
V. Үйге тапсырма: 67-бет. Сөздікті жаттау.
VI. Оқушылардың жауабын, білімін бағалау.



© 2010-2022