• Преподавателю
  • Другое
  • Шығармашылық тақырыбы: «Өз Отанына деген махаббат мен патриоттық сезімді тәрбиелеу»

Шығармашылық тақырыбы: «Өз Отанына деген махаббат мен патриоттық сезімді тәрбиелеу»

Мақсаты: оқушының бойында мемлекеттік рәміздерге деген құрмет сезімін тәрбиелеу- патриоттық тәрбие беру.Шығармашылық тақырыбыма байланысты «Өзін - өзі тану» пәнін жүргізу барысында өзіндік бақылау әдістерін қолдандым. Мысалы, сабақтар бойынша әр тапсырманы талдау жасап отырдым. «Өзін - өзі тану» сабақтары оқушылардың білімдерін, дағдыларын, құндылықтар жүйесін дамытуда өте тиімді. Жалпы барлық сабақтарда дискуссиялық сұхбат тәсілі қолданылды. Оқушылар гүлдерге соңғы кезде ренжіткен адамдарыңа ке...
Раздел Другое
Класс -
Тип Конспекты
Автор
Дата
Формат docx
Изображения Нет
For-Teacher.ru - все для учителя
Поделитесь с коллегами:

Шығармашылық тақырыбы: «Өз Отанына деген махаббат мен патриоттық сезімді тәрбиелеу».

Мақсаты: оқушының бойында мемлекеттік рәміздерге деген құрмет сезімін тәрбиелеу- патриоттық тәрбие беру.

Шығармашылық тақырыбыма байланысты «Өзін - өзі тану» пәнін жүргізу барысында өзіндік бақылау әдістерін қолдандым. Мысалы, сабақтар бойынша әр тапсырманы талдау жасап отырдым. «Өзін - өзі тану» сабақтары оқушылардың білімдерін, дағдыларын, құндылықтар жүйесін дамытуда өте тиімді. Жалпы барлық сабақтарда дискуссиялық сұхбат тәсілі қолданылды.

18.11.2014ж 8-«А» сыныбында «Кешірімділік-көңіл кеңдігі» тақырыбы бойынша ашық сабақ өткізді. Оқушыларға кешірімділік туралы терең білім беру, кешірімді болудың пайдасы туралы түсіндірді. Оқушылар өз ойларын еркін айта біледі, өмірге деген көзқарасын қалыптастырылған. Оқушыларды кешіре білуге және кешірім сұрай білуге тәрбиелеу арқылы «Кешірім гүлін сыйлау» ойынын ұйымдастырды. Оқушылар гүлдерге соңғы кезде ренжіткен адамдарыңа кешірім сөздерін жазып бір-біріне сыйлады. «Мейірілімдік - асыл қасиет» шара өткіздім. Оқушылардың «жақсылық», «қамқорлық», «қайырымдылық» құндылықтары туралы түсініктерін кеңейту, жақсылық жасаудың адами қарым-қатынастағы мәнділігін түсіндіруге мысал келтіре отырып талдады. Белсене қатысқан сыныптар және оқушылар мақтау қағазымен марапатталды.

«Қаламның көзі» сурет көрмесін ұйымдастырдым, оқушылар мақтау қағазымен марапатталды.

«Өзін-өзі тану» пәнінен І жарты жылдық 2015 жылға әдістемелік, педагогикалық, психологиялық газет-журналдарды, қосымша анықтамаларды пайдалану үшін «Самопознание-KZ» журналына жазылдым.

Ұсыныс: Оқушыларды еліне, жеріне, өз тілі мен мәдениетіне , ұлттық құндылықтарына жеке қатынасын , өзіндік бағасын түйсінуін, қуаттап қолдауына үйрету.

Мақсаты: Дені сау, ұлттық сана сезімі оянған, рухани ойлау дәрежесі биік, мәдениетті, парасатты, ар-ожданы мол, еңбекқор, іскер, бойында басқа да игі қасиеттер қалыптасқан ұрпақ тәрбиелеу.

Өзін-өзі тану пәнінің

мұғалімі: Мұратова Г.Қ.



© 2010-2022