• Преподавателю
  • Другое
  • Қазақ тілінен Тәуелдік жалғаулы зат есімдердің септелуі тақырыбына сабақ жоспары

Қазақ тілінен Тәуелдік жалғаулы зат есімдердің септелуі тақырыбына сабақ жоспары

Раздел Другое
Класс 6 класс
Тип Конспекты
Автор
Дата
Формат docx
Изображения Нет
For-Teacher.ru - все для учителя
Поделитесь с коллегами:

Сабақтың тақырыбы: Тәуелдік жалғаулы зат есімдердің септелуі

Сабақтың мақсаты:

Білімділік: Зат есімдердің тәуелденіп те, тәуелденбей де қолданылатынын оқушылардың естеріне түсіру. Тәуелдеулі сөздердің септелуіндегі өздеріне тән жалғауларымен таныстыру;

Дамытушылық: Тәуелдеулі зат есімдерге ілік, барыс, табыс, жатыс, шығыс,

көмектес септік жалғауларын жалғап, сөз құрамына талдай білу

дағдыларын қалыптастыру.

Тәрбиелік: Тәрбиелік мәні бар көркем шығармалардан үзінділерді пайдалану

арқылы бауырмалдық, еңбекқорлық, кішіпейілділікке тәрбиелеу.

Сабақтың түрі: түсіндіру

Көрнекілік: қосымша тапсырмалар

Қолданылатын технология: СКТ

Сабақтың типі: жаңа сабақ

Сабақтың жоспары

І Ұйымдастыру

а) Психологиялық дайындық

Ей қазақтың ұланы,

Болғайсың дала қыраны.

Жер суын қорғау бабаңның,

Өлмейтін мәңгі ұраны.

ІІ Қызығушылығын ояту

Зат есімнің тәуелденуі деген не?

Тәуелдік жалғауларын атау.

ІІІ Мағынаны тану

1- жаттығуда қарамен жазылған сөздердің түбірі мен қосымшаларын табады.

2- жаттығудағы мәтінді оқып, тәуелденіп септелген зат есімдерді теріп жазады, олардың қай жақта, қай септікте тұрғанын айтады.

IV Сергіту сәті

«Ормандағы аю»

3- жаттығуда көп нүктенің орнына тиісті септік жалғауларын қойып, жұмбақтарды көшіріп жазады.

Шешуі: тоқылдақ, бұғы

4- жаттығуда мақалдардағы тәуелдік жалғаулы сөздерді тауып, септеп жазады.

V Ой толғаныс:

Өткенді пысықтау

Бауырым, балаң сөздерін септеу.

VI Үйге тапсырма:

107- беттегі 5-6 жаттығуды тапсыру.

Берілген сөздерді сөз құрамына талдайды. Қандай сөздердің түбірінде өзгерістер бар?


© 2010-2022