Планирование «Отаншылдық – ұлы қасиет»

"Описание материала: Сабақтың тақырыбы: «Отаншылдық – ұлы қасиет» Сабақтың мақсаты: Қазақ халқының, ұлтымыздың тарихын, салт – дәстүрін сыйлауға, білуге тәрбиелеу. Еліміздің тәуелсіздігін сақтауға, егемен еліміздің төл белгілері, рәміздері – Туды, Елтаңбаны және Әнұранды сыйлап, қастерлеуге баулу. "Тәуелсіз еліміз – Қазақстан Республикасының кемел келешегін айқындап, жарқын болашақ құратын ұрпақты отансүйгіштікке, патриотизмге, адамгершілікке, өз елінің адал азаматы болуға тәрбиелеу. Сабақтың ...
Раздел Другое
Класс -
Тип Рабочие программы
Автор
Дата
Формат docx
Изображения Нет
For-Teacher.ru - все для учителя
Поделитесь с коллегами:

«Ставрополка орта мектебі» ММ



Сыныптан тыс іс - шара:

«Отаншылдық - ұлы қасиет»

Тәуелсіздіктің 20 жылдығына арналған



өткізген: Құдарбекова З.Қ.





Сабақтың тақырыбы: «Отаншылдық - ұлы қасиет»

Сабақтың мақсаты: Қазақ халқының, ұлтымыздың тарихын, салт - дәстүрін сыйлауға, білуге тәрбиелеу.Еліміздің тәуелсіздігін сақтауға, егемен еліміздің төл белгілері, рәміздері - Туды, Елтаңбаны және Әнұранды сыйлап, қастерлеуге баулу. Тәуелсіз еліміз - Қазақстан Республикасының кемел келешегін айқындап, жарқын болашақ құратын ұрпақты отансүйгіштікке, патриотизмге, адамгершілікке, өз елінің адал азаматы болуға тәрбиелеу.

Сабақтың көрнекілігі: Қазақстан картасы, таңбалар, суреттер, үлестірмелер

Дөңгелек үстел отырысының барысы:

Жүргізуші:

  • Сәлеметсіздер ме, құрметті ұстаздар, оқушылар! Бүгін бізде «20 жұлдызды күндер» іс - шарасы: «Отаншылдық - ұлы қасиет»

Біздің дүниеде бір ғана Отанымыз бар, ол - тәуелсіз Қазақстан.

Отан, Отан!!! Сен болмасаң нетер ем?

Мәңгілікке бақытсыз боп өтер ем!

Қазақстан Республикасына деген әрбір азаматтың мақтаныш сезімі мереке кезінде қалай болса да шалқитындай реті бар.Ата - бабаларымыздың ғасырлар бойы аңсап өткен Тәуелсіздікке қол жеткізгелі бері еліміз талай -талай асқарлы асуларды бағындырды. Қазақстанды бүгінде әлем жұртшылығы дамыған ел ретінде таниды. Елімізде халықтар достығы жақсы сақталып келеді.Біз туған мемлекетіміздің тәуелсіздігін баянды етуге, қуатын арттыруға, оның игілігіне, халықаралық қоғамдастықты абыройының өсуіне адал қызмет етуге парыздымыз. Қазір Қазақстан - көп елдермен терезесі тең, елдік рәміздері анық, мәртебесі беделді мемлекет.

Сіздерге ақын М.Мақатаевтың «Отан туралы» өлеңін

Әмір оқып береді.

Отан туралы

Мен оның түнін сүйем, күнін сүйем,

Ағынды өзен, асқар тау, гүлін сүйем.

Мен оның қасиетті тілін сүйем,

Мен оның құдіретті үнін сүйем.

Бар жәндігін сүйем қыбырлаған,

Бәрі маған: «Отан!»- деп сыбырлаған

Жаным менің,

Кеудемді жарып шық та,

Бозторғайы бол оның шырылдаған!

Отан! Отан!

Бәрінен биік екен,

Мен оны мәңгілікке сйіп өтем.

Отанды сүймеуің де күік екен,

Отанды сүйгенің де күйік екен...

Жүргізуші:- Енді, Отан деген не?

Отан - адамның туып - өскен жері. Біздің Отанымыз, атамекеніміз - Қазақстан Республикасы. Біз бәріміз өз Отанымызды сүйеміз. Меніңше, өз Отаның, туған жерін сүймейтін адам жоқ. Қанша ұлы адамдар, ақындар, сазгерлер сүйікті Отанына тамаша өлеңдер, әндер арнаған.

Құрметті оқушылар, өз ойымызды ортаға салайық

Виолетта: Әр адамда Отан бар. Отан, туған жер, атамекен - біз туып - өскен жер. «Отансыз адам - ормансыз бұлбұл» дейді халқымыз. Менің Отаным -Қазақстан Республикасы. Мен кіші Отаным - Ставрополка ауылы. Менің ұлтым - украин, бірақ мен «Отаным» деп Қазақстанды санаймын, себебі мен осында туып өстім.

Жүргізуші: Жақсы, Виолетта, рахмет! Енді тақтадағы өлең жолдарына назар аударайық! «Отан - сенің ата - анаң» дегенді қалай түсінесіңдер?

Расмия: Отан - біздің ата - анамыз. Қазақстанда біз бақытты өмір сүреміз. Мектебіміз бар, онда бізге оқуға жақсы жағдай жасалған. Полиглот болу, яғни, көп тіл білу - заман талабы. Мен үш тілді игеріп жүрмін. Орыс тілі - ресми тілі , қазақ тілі - мемлекеттік тіл, ағылшын тілі - әлемдік тіл. Қазақстаным ата -анам сияқты, сондықтан мен оны бағалаймын, қадірлеймін. Келешекте Отанымды алға дамытуға өз үлесімді қосамын.

Жүргізуші:Рахмет!

Келесі бір жол «Отан - тарих, Отан - тіл», кәне, кімде қандай ой бар?

Шамгүл: Біздің Отанымыз - Қазақстанның да көне тарихы бар. Мен Елімнің тарихи тұлғаларын білемін, олар - Абылай хан,Кабанбай, Бөгенбай батырлар және Шыңғыс, Құнанбай сұлтандар. Сонымен бірге қазақтың көне қалалары туралы да білемін. Олар - Отырар, Түркістан, Тараз.Отырар қазір жоқ. Түркістанды қазақтар «Екінші мекке» дейді.

Жүргізуші:Рахмет, Шамгүл.

Құрметті оқушылар! « Өнер алды - қызыл тіл» - деген мақал. «Отан - тіл» дегенді қалай түсінесіңдер?

Айымгүл: Менің Отанымның мемлекеттік тілі - қазақ тілі. Ол Алтай тілдік тегіне, Түркі тілдер тобына жатады. Оны зерттеген ғалымдарды білемін. Олар В.В. Радлов, В.В Бартольд, Ғ. Айдаров, Н. Сауранбаев. Мен мемлекеттік тілді сүйіп оқимын, себебі, ол - менің ана тілім, оны білу - Қазақстанның әр азаматына міндет. Мемлекеттік тіл маған келешегім үшін қажет. Оны терең білу - біздің борышымыз.


Жүргізуші:Рахмет!

Енді, Отаншылдық - бойынша ойымызды ортаға салайық!

Света: Отаншылдық, отансүйгіштік - қасиетті ұғымдар. Мен Отанымның отаншыл адамдарын білемін. Қазақтың үш жүзін біріктірген - Абылый хан.

Үш билер - Төле би, Әйтеке би, Қазыбек би.

Отан үшін жанын берген Әлия Молдағулова және Мәншүк Мәметова. Олар - Отанын шын сүйген адамдар. Мен де олар сияқты отаншыл боламын. Отаным үшін адал еңбек етемін.

Жүргізуші:Рахмет!Мемлекеттік рәміздер

Он алтыншы желтоқсан -

Елдің ұлы мейрамы,

Жаңа шыққан көктемдей,

Жаз күніндей жайдары.

Арымыздай тап - таза,

Жанымыздай шуақты.

Көтерілді биікке

Қазақстан байрағы.

  • Балалар, желтоқсан айының 16 - сы күні қандай мейрам?

  • Дұрыс, Қазақстан Тәуелсіздігіне 20 жыл. Тәуелсіздігіміздің басты белгісі, ол - мемлекеттік рәміздеріміз.

1992 жылы 4 -маусымда Президент «Қазақстан Республикасының мемлекеттік Туы, Елтаңбасы, Әнұраны» туралы Заңға қол қойды.

Рәмізім-елдігімнің белгісі,

Білу керек бала дағы ең кіші.

Рәміздерім-әнұран, ту, елтаңба,

Рәміздерді жатқа білген жөн кісі.

Қазақстан Туы

Көк аспандай көкпеңбек

Қазақстан жалауы.

Көк емес ол тектен-тек-

Елдің ашық қабығы.

Ақ ниеті - алтын күн,

Асқақ арман-қыраны.

Жалауы бұл-халқымның,

Мәртебесі, мақтаны.

Елтаңбасы елімнің

Елтаңбасы елімнің

Неткен әйбәт, әдемі!

Тұнығындай көңілдің

Ортада-аспан әлемі.

Құт, береке, шаңырақ,

Орын алған ол төрден.

Қанатты қос арғымақ.

Екі жақтан көмкеркен.

Тәуелсіздік жолында

Талай-талай тер тамған...

Билігім өз қолымда,

Еркіндігім-Елтаңбам.

Әнұран

Әнұраным-жанұраным,

Айтар әнім-сөйлер сөзім.

Туған жерім-сағынарым -

Мың қайталап айтам мұны.

Теңге

Шыныменен Алла рақым берді ме?

Қазағымның көз жасын ол көрді ме?

Мәңгілікке жасай берсін теңгеміз

Қолды жаймас, кезегіне келді ме?

Жүргізуші: Қазақстан өз Президентін Ұлы тұлға деп мақтана алады.

Президент

Шықты тарап ой данадан,

Бері қарады жұлдыз беті.

Өзі қалап, сайлап алған,

Елімнің бар Президенті.

Жүргізуші: - Біздің тәуелсіздігімізді білдіретін тағы нелер бар?

(Валюта, елорда, президент, рәміздер, Астана )

Бүгін 20 жұлдыздардың бірі «Астана күні» Астана туралы слайдтар.

Туған халқымыз тәуелсіздік алды.Тарихымыздың беттеріне 1991 жыл алтын әріптермен жазылды.

Ал қазіргі таңда Қазақстан Республикамыз Тәуелсіздігіне 20 - жыл толды.

Тәуелсіздіктің 20 жылы тарихта өз ерекшеліктермен қалды. Осы атаулы жылдарға толығымен тоқталып өтсек.

1991 жылы қазан айында тұңғыш қазақ ғарышкері Тоқтар Әубәкіров ғарышқа ұшты.

1992 жылы 2 -ші наурыздан бастап БіріккенҰлттар Ұйымына толық құқылымүшесі

1993 жылы, 13-қарашада төл теңгеміз дүниеге келді.Ал,2006 жылы қарашада қолданысқа жаңа үлгідегі теңгелер енгізілді.

1994 жылы 30-маусымда қазақ халқының екінші қыраны-ғарышкер Талғат Мұсабаев ағамыздың аспан көгіне 6 айлық сапарға аттанғанын мақтанышпен айта аламыз.

1995 жылы ақыл - ойдың данышпаны, қазақ халқының дана ақыны Абай Құнанбаевтың туғанына 150 жыл толғанын ЮНЕСКО көлемінде атап өттік.

1995 жылы 30- тамызда Ата Заңымыз қабылданды.

1996 жылы 16 желтоқсанда Алматыда Тәуелсіздік ескерткіші ашылды.

1997 жылы Астана Ақмола қаласына көшірілді.

1997 жылы «Жалпы ұлттық татулық пен саяси қуғын-сүргін құрбандарын еске алу жылы» болып белдгіленді

1998 жылы мемлекеттік органдарда мемлекеттік тілдің қолданылу аясын кеңейту туралы үкімет қаулысы шықты.

1998 жыл «Халық бірлігі мен ұлттық тарих жылы»болды.

1999 жыл «Ұрпақтар бірлігі мен сабақтастығы жылы» болып белгіленді.

2000 жыл «Мәдениетті қолдау жылы» болды.

2002 жыл «Денсаулық жылы»деп белгіленді.

2003-2004 жыл «Ауыл жылы» болып саналды.

2005 жыл Дүниежүзі қазақтары үшін құрылтай болды.

2006 жылы Қазақстандағы Пушкин жылы болды.

2006 жыл Ресейдегі Абай жылы деп саналды.

2006 жылы 6-қаңтарда әнін Шәмші Қалдаяқов, сөзін Н.Ә.Назарбаев жазған «Менің Қазақстаным» атты ҚР жаңа мемлекеттік әнұраны бекітілді.

2007 жылы «Қазақстандағы Германия жылы» болып жарияланды

2008 жылы «Украинадағы Қазақстан жылы» болып жарияланды

2010 жылы ҚР ЕҚЫҰ Саммитіне төрағалық етті.Осы саммитте Астана декларациясы қабылданды.

2011 жылы жетінші қысқы Азия ойындары және Ислам саммиті болып өтті.

Жүргізуші: Еліміздің егемендік алуы, халқымыздың тарихында жаңа дәуірдің бетін ашты, бүкіл қоғамдық өмірімізге жаңа леп, серпін ала келді. Ол баршамыз бейбіт өмірде, еркіндікті аңсаған ақ ниет, ақ тілеумен өзіміз тіккен ортақ шаңырағымыздың тәуелсіздігі.

Қазақстанның болашағы жастардың қолында демекші болашағымыз үшін аянбай еңбек етіп, қазақ елін бар әлемге паш етуге бар күшімізді салайык.Ата баба мұра етіп қалдырған қазақ жері мен егемендігін қорғап, бірлік туын биікке көтерейік. Отанымыз тыныштықта, еліміз бейбітшілікте болып, күн сәулесі бақыт нұрын шашсын.

Тәуелсіз - Қазақстаным

Туыңды биік ұстадың,

Көтерді халқың уақыттың қатал қыспағын.

Көшіңді бастап бақытты болашағыңа,

Жасай бер, жаса, Тәуелсіз Қазақстаным!

Тәуелсіздіктің 20 жылдығына арналған


© 2010-2022