Презентация по музыке Табиғатқа қамқорлық 3 класс

Раздел Другое
Класс 4 класс
Тип Презентации
Автор
Дата
Формат docx
Изображения Нет
For-Teacher.ru - все для учителя
Поделитесь с коллегами:


Тақырыбы: Табиғатқа қамқорлық
Құндылық: Дұрыс әрекет
Қасиеттері: қамқорлық ,қайырымды,жақсылық
Класс -4 Оқушылар саны-20
Сабақ мақсаты: Табиғатқа қамқорлық дұрыс әрекет құндылығынан туындайтыны туралы түсініктерін кеңейту.
Міндеттері:
оқушыларға табиғатқа қамқорлық жасау әлем үшін маңызды екенін ұғындыру;
Оқушылардың қайырымдыдылық,қамқорлық қасиеттерін дамыту;
Оқушыларды бүкіл адамзатқа жақсылық жасауға тәрбиелеу. Ресурстар:
оқулық, дәптер
(аудио,видео жазбалар)
Сабақ барысы:
1.Ұйымдастырукезеңi: Сәлемдесу.
Оқу құралдарына назар аудару. 5Т
2.Тыныштық сәтi.
«Орманға саяхат» (3 мин)
Арқаңызды тік ұстап отырыңыз. Көзіңізді жұмып, терең тыныс алыңыз. Қазір біз орманға серуенге шығамыз. Өзіңіздің сынып есігіне қарай беттеп, есікті ашқаныңызды, дәлізбен өтіп, далаға шыққаныңызды елестетіңіз. Таза ауаны жұтып, шашыңызды желбіреткен желдің лебін және бетіңізді сәл-пәл қыздырған күн сәулесін сезініңіз. Орманға қарай жүре бастаңыз. Келе жатқанда абай болыңыз, жәндіктерді басып кетпеңіз. Бір минут тоқтап айналаға көз салыңыз. Гүлдердің біріне жақындап, еңкейіп, оның нәзіктігі мен жұқалығына зейін салыңыз. Оны иіскеңіз және хош иісін жұтыңыз. Айналадағы бар нәрсені бақылап, ары қарай жүре беріңіз. Гүлдер, гүлдер мен ағаштардың иісі, құстардың дауысы және жәндіктердің ызыңы. Орманға ендей түсіңіз, қараңызшы, ағаштар биіктей әрі қалыңдай түсті. Түбіне барып отырғыңыз келетін ағашты таңдаңыз. Ағашқа жақындаңыз да оны діңінен құшақтаңыз. Оның қуаттылығын сезініңіз, ондағы өмір қуатын сезінуге және ұғынуға тырысыңыз. Енді оның діңіне арқаңызды сүйеп отырыңыз. Көзіңізді жұмыңыз, терең тыныс алыңыз және қоршаған айналаның жым-жырт тыныштығына көңіл бөліңіз. Сіздің өз ағашыңыз бар екенін және кез келген уақытта оған келе алатыныңызды есте ұстаңыз. Ал қазір мектепке қайтуға дайындалыңыз. Келген жолыңызбен кері қайтыңыз, жолыңыздағы жәндіктерді басып кетпеңіз. Міне, мектептің алдына да келдік. Айналаңызға тағы бір қараңыз, таза ауаны терең жұтыңыз, есікті ашып, өз орныңызға қайтып келіңіз. Осы жым-жырттық, тыныштық, қанағат сезімін өзіңізде сақтаңыз. Көзіңізді ашып, күлімсіреңіз!
3.Үй тапсырмасын тексеру:
Тапсырма : Ә.Табылдиевтің «Ата өнегесі» әңгімесін төрт бөлік бойынша оқушыларға әңгімелету.
Ғалымбектің ауылға келуі.
Жолда.
3. Атажұрт
4. Игі іс.
-Атасы немересін неліктен жол үстіне тоқтатты?
-«Жол жүрсең жоралғыңды сақта» дегенді қалай түсінеміз?
-Атасы мен немересінің табиғатқа қамқорлығын қандай әрекеттен байқадыңдар?
-Ғалымбектің атасының іс әрекетінен біз не ой түйдік?
-Ғалымбектің атасының бойынан қандай жақсы қасиеттер көрініп тұр?
-Ғалымбек неге «нағыз кісі» болғысы? Сабақ барысын талдау:
4.Дәйексөз.
«Көзіңді қалдыр -бұлақ көзін аша жүр,ізіңді қалдыр- жақсы істен мұра шаша жүр,өзіңді қалдыр- бақша өсіріп жаса нұр.»
Халық даналығы
-Бұлақ көзін ашсаң неге көзің қалады?
-Жақсы іс жасасаң неге ізің қалады?
-Бақша өсірсең неге өзіңді қалдырасың?
Бәріміз қосылып айту.
2-рет ұлдарға, 2- рет қыздарға айтқызу.
5.Сергіту сәті.
Ағаш болып өсеміз,
Желмен жайқаламыз.
Жаңбыр болып жауамыз,
Күндей жарқырап,ашыламыз.
6.Әңгiмелеу
Бір жұлдызды құтқару (аңыз)
Теңіз жағасын жағалап келе жатқан бір кісі бір нәрселерді жерден алып теңізге лақтырып жатқан бір баланы көреді. Жақындағанда оның толқынмен жағаға шығып қалған теңіз жұлдыздарын құтқармақ болып жатқанын байқайды. Ал көкжиекке дейін созылып жатқан жаға болса, теңіз жұлдыздарына толып-ақ қалған екен.
-Сен не істеп жатырсың?-деп сұрайды әлгі кісі.
-Бұлар ертең су қайтқанға дейін жағада қалып қойса, өліп қалады ғой,-дейді бала таңырқап.
-Бұл ақымақтық қой!-дейді қызбаланып әлгі адам, -қарашы олар қаншама, жағада мың емес, миллионы жатыр. Бір өзің ештеңе өзгерте алмайсың, сенің осы жасап жатқан тірлігіңнің мәні бар ма?
Бала жерден келесі теңіз жұлдызын қолына алып, шамалы ойланып тұрып, былай депті:
-Менің жасаған тірлігімнің мәні мен маңызы өте зор, әсіресе … мына бір теңіз жұлдызы үшін.
-Бір кісі теңіз жағалап келе жатып не көрді?
-Теңіз жағасында бала не істеп жүр екен?
-Баланың тірлігінің теңіз жұлдызы үшін мәні неде ?
-Сен осы баланың орнында болсаң не істер едің?
-Осы аңыз бойынша қандай қорытынды жасауға болады?
7.Шығармашылық жұмыс, топтық жұмыс. Оқушыларды табиғаттың төрт негізі арқылы төрт топқа бөлеміз.Әр топ өз жобаларын ұсынады.
( күн,ауа,жер,су суреттері арқылы)
«Күн»тобы. «Табиғатты қорға,адамзат» жобасын жаса
«Ауа»тобы. «Мұнай полигонын жою» жобасын ұсын
«Жер» тобы. «Құмды дауылға тосқауыл» жобасын жаса
«Су» тобы. «Аралға араша» жобасын ұсын.
8.Топпен ән айту.
Ақбұлақ с.,ә. Б.Тәжібаев
Күндіз-түні бір тынбай
Дала кезген шапқылап
Құмар едім өзіңе
Бала кезден, Ақбұлақ
Әнге бөлеп маңайды
Асып-тасып жатасын
Ақ моншақтан аспанға
Шашу шашып жатасың
Сенің келіп жағаңнан
Анам талай су алған
Сенің келіп жағаңнан
Әкем атын суарған
Айналайын, Ақбұлақ
Асыр салғам жағаңда
Сенен артық өлкені
Бұл әлемнен табам ба!
Арудайын еркелеп
Мың бұралған, Ақбұлақ
Айдын көктен ғышық боп
Күнді ұрлаған, Ақбұлақ
Сен болмасаң қыр гүлі
Ашылмайды, Ақбұлақ
Саған деген құмарым
Басылмайды, Ақбұлақ
Сенің келіп жағаңнан
Анам талай су алған
Сенің келіп жағаңнан
Әкем атын суарған
Айналайын, Ақбұлақ
Асыр салғам жағаңда
Сенен артық өлкені
Бұл әлемнен табам ба!
Шексіз жатқан жерімді
Сүйіп келіп жатасың
Бойындағы барыңды
Үйіп беріп жатасың
Тынбай кезсем даламның
Атырабын, Ақбұлақ
Тұнығыңа ойымды
Батырамын, Ақбұлақ
Сенің келіп жағаңнан
Анам талай су алған
Сенің келіп жағаңнан
Әкем атын суарған
Айналайын, Ақбұлақ
Асыр салғам жағаңда
Сенен артық өлкені
Бұл әлемнен табам ба!
9.Үй тапсырмасы.
28-сабақ. «Табиғат-ана» деген ұғымның мағынасын түсін.
Дәптердегі 27-сабақ, 1-тапсырманы орындап келу
Табиғатқа тіл бітсе... ( ол адамдардан не өтінер еді?)
Сен табиғаттың өтінішін орындай алар ма едің?
10.Соңғы тыныштық сәтi.
(Тыныштық... бар жерде, тыныштық... бүкiл әлемде)
- Барлық айтылған жақсы ойларды жүрегіміздің түкпіріне апарып орналастырайық.
- Енді көздеріңді аша қойыңдар. Сабақ аяқталды.

© 2010-2022