Алгоритм типтері (сызықтық, тармақталу және циклдік алгоритмдер)

Тақырып: Алгоритм типтері (сызықтық, тармақталу және циклдік алгоритмдер) Мақсат:Алгоритм типтері (сызықтық, тармақталу және циклдік алгоритмдер) тақырыбын түсіндіре отырып, оқушыларды күнделікті өмірдегі әрбір іс-әрекеттерінің алгоритімін құра білуге үйрету. Білімділік – оқушыларға алгоритмнің типтері туралы жалпы мағлұмат беру. Дамытушылық – Оқушылардың ойлауын, компьютерлік сауаттылығы мен іскерлігін, танымдық қабілетін, логикалық  сауаттылығын дамыта отырып, олардың  пәнге  деген қызығушылы...
Раздел Другое
Класс -
Тип Конспекты
Автор
Дата
Формат docx
Изображения Есть
For-Teacher.ru - все для учителя
Поделитесь с коллегами:
Алгоритм типтері (сызықтық, тармақталу және циклдік алгоритмдер)Алгоритм типтері (сызықтық, тармақталу және циклдік алгоритмдер)Алгоритм типтері (сызықтық, тармақталу және циклдік алгоритмдер)

Алгоритм типтері (сызықтық, тармақталу және циклдік алгоритмдер)

Нарымбекова Алия Рыскуловна

Сарыкемер орта мектебі

Информатика пән мұғалімі

Пән Информатика сынып 8 Күні 25.10.14 ж.

Тақырып: Алгоритм типтері (сызықтық, тармақталу және циклдік алгоритмдер)

Мақсат: Алгоритм типтері (сызықтық, тармақталу және циклдік алгоритмдер) тақырыбын түсіндіре отырып, оқушыларды күнделікті өмірдегі әрбір іс-әрекеттерінің алгоритімін құра білуге үйрету.

Білімділік - оқушыларға алгоритмнің типтері туралы жалпы мағлұмат беру.

Дамытушылық - Оқушылардың ойлауын, компьютерлік сауаттылығы мен іскерлігін, танымдық қабілетін, логикалық сауаттылығын дамыта отырып, олардың пәнге деген қызығушылығын, белсенділігін арттыру.

Тәрбиелік - оқушыларды тәртіптілікке, сабырлылыққа, еңбек сүйгіштікке, ұқыптылыққа тәрбиелеу.

Сабақ түрі: аралас

Сабақ типі: жаңа тақырыпты түсіндіру.

Құрал-жабдықтар: ДК, оқулықтар, дәптерлер, презентация.


Сабақ барысы


Сабақ кезеңдері

Бөлінген уақыт

Мұғалімнің іс - әрекеттері

Оқушылардың

іс - әрекеттері

І.Ұйымдастыру кезеңі.

2 мин

Амандасу. Оқушыларды түгендеу. Сабаққа дайындақтарын тексеру. Зейіндерін сабаққа аудару. Сабақтың мақсатымен таныстыру.

Орындарынан тұрып, амандасу, сабаққа зейіндерін аудару.

Түс арқылы топқа бөлу.

3-топқа бөлу.

ІІ.Үй жұмысын тексеру.

10 мин

Миға шабуыл

1.Алгоритм дегеніміз не?

2.Алгоритм тіл дегеніміз не?

3.Программа дегеніміз не?

4.Алгоритм орындаушысы дегеніміз не?

5.Алгоритм тілі дегеніміз не?

6. Алгоритм қай түрде берілген?

Алг есептеу

Арг х

Нәт у

Басы

y:= 5*х*х-4

Соңы

7.Қандай қызмет атқарады?

8.Қандай қызмет атқарады?

9.Қандай қызмет атқарады?



10.Қандай қызмет атқарады?

Жауаптар:

1. Алгоритм дегеніміз - информатиканың іргелі түсініктерінің бірі.

2. Алгоритмдік тіл дегеніміз- алгоритмдерді біріңғай, анық жазуға және оларды орындауға арналған белгілеулер мен ережелер жүйесі.

3. Программа дегеніміз - қандай да бір программалау тілінде жазылған алгоритм компьютерге қажетті командалардың жиынтығы.

4. Алгоритм орындаушысы дегеніміз - құрастырылған алгоритммен басқарға тиісті объект немесе субъект.

5. Алгоритм тілі - бұл

алгоритмдер мен оларды орындаудың біртекті және дәл жазбаларына арналған белгілер мен ережелер жүйесі.

6.Алгоритм түрде

7.Деректерді енгізу, шығару

8. Есептеуіш әрекет

9.Алгоритм бас және соңы

10.Шартты тексеру

ІІІ.Жаңа тақырыпты түсіндіру.













10 мин

Алгоритм құрылымына қарай оны келесі типтерге бөлуге болады:

Сызықтық алгоритмдер. Сызықтық алгоритм қарапайым командалар тізбегінен тұрады. Әрекеттердің тізбектей орындалуын сипаттайтын алгоритм - сызықтық алгоритм деп аталады.

Тармақталу алгоритмі. Күнделікті өмірде алгоритмдер негізінен тармақтарға бөлінеді. Бұл тармақтардың орындалуы шарттың орындалуына байланысты болады. Тармақталу алгоритмінде біріншіден, арифметикалық теңсіздік түрінде берілген

логикалық шарт тексеріледі. Егер шарт орындалса, алгоритм бір тармақ бойынша (1-ші серия) , ал егер орындалмаса, екінші тармақ бойынша (2-ші серия) орындалады.

Циклдік алгоритмдер. Көптеген алгоритмдерде белгілі бір әрекеттер бірнеше рет орындалады. Математикада, есеп шығару барысында айнымалы мәні өзгеруіне байланысты бір теңдеудің көмегімен бірнеше рет есептеледі. Алгоритмнің белгілі бір бөлігі бірнеше қайталанатын болса, ондай процессті цикл деп атайды. Қайталанатын бөлігі бар алгоритмдер циклдік алгоритм деп аталады. Циклдік алгоритмдер қолдану арқылы программаны қысқа да нұсқа жазуға болады. Қайталану бөлігіне қайталану (циклдік) командалары қолданады. Қайталану саны белгілі немесе белгісіздігіне байланысты циклдар екі түрге бөлінеді. Қайталану саны белгілі болса, ондай цикл арифметикалық, ал егер белгісіз болса, итерациялық деп аталады.

ІV. Бекіту.

16 мин.

Тапсырма -1:

Тармақталу алгоритміне мысал келтеріп, оған блок-сызба құрыңдар.

Тапсырма - 2

Математика оқулығынан алгоритмге мысал табыңдар. Сол бойынша блок-сызба құрыңдар.

Тапсырма - 3

Дені сау мысықтың баласы күніне 8 сағаттан кем емес уақыт ойнайды. Марғау деген мысықтың дені сау екенін анықтайтын алгоритм құрыңдар.

Тапсырма - 4

72 санына келтірілген төмендегі алгоритмнің нәтижесі қандай?

Басы

21-ді қос

75-ті алып таста

Егер алынған нәтиже 10-нан кіші болса, онда 15-ті қос, ал егер 10 үлкен болса, 2-ні алып таста

Нәтижені жарияла

Соңы

Келтірілген алгоритмге блок-сызба құрыңдар.

V. . Жаңа түсінікті тексеру:

Құзырлылық тапсырма


2 мин


Р/с

Сұрақ

Жауап

1

Алгоритм типтері 4-ке бөлінеді.

Иә/Жоқ

2

Орындау тәсіліне байланысты тармақталу командасы толымды және толымсыз болып екі түрге бөлінеді.

Иә/Жоқ

3

Тармақталу алгоритмін алгоритмдік тілде өрнектегенде егер, мұнда, өйткені, соңы деген түйінді сөздер қолданылады

Иә/Жоқ

4

Есептеу процесі бөліктерінің қайталанып орындалуын цикл деп атайды

Иә/Жоқ

5

Қайталану командасын алгоритмдік тілде жазу үшін әзірше, цикл, цикл түйіні деген түйінді сөздер қолданылады

Иә/Жоқ

Ескерту: (неге иә, неге жоқ деп жауап бергендеріңді түсіндіріңдер):......................................

...................................................................................................................................

VI. Қорытындылау


2 мин.

әр топ өздеріне берілген алгоритм бойынша түсінгенін баяндайды.

1-топ сызықтық алгоритм

2-топ тармақталу алгоритмі

3-топ циклдік алгоритм

Рефлексия. Сабақ бойынша өз пікірін бағалау парағына түсіру

Кері байланыс

Алгоритм типтері (сызықтық, тармақталу және циклдік алгоритмдер)

VIІ. Үйге тапсырма:

2 мин

Алгоритм типтері (сызықты, тармақталу және циклдік алгоритмдер)


VIІІ.

Оқушылар еңбегін бағалау

1 мин

Бағалау парағы арқылы оқушылар өздерін бағалайды




© 2010-2022